Тақырыбы:«ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕЛЕФОНИЯ. "SIP-ТЕЛЕФОН" ҚЫЗМЕТІ »
Дайындаған: Дәрменбай Б.Е.
162 топ студенті
Жетекші: Дошанова К.А.
Шымкент қаласы
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕЛЕФОНИЯ / "SIP-ТЕЛЕФОН" ҚЫЗМЕТІ
"SIP-Телефон" қызметі – бұл Интернеттің көпшілік қолданатын желілері арқылы жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон байланыс қызметіне қосылуға мүмкіндік беретін жаңа қызмет.
SIP-телефония – деректерді жіберу саласында жаңа жетістіктерді пайдалану және (NGN) жаңа буын желілерінің негізгі құрамы болып табылатын телефонияның ең жаңа түрі.
SIP (Session Initiation Protocol) – мәтіндік, аудио- және бейнедеректерді жіберу қызметін қосатын пайдаланушылар арасында интерактивтік сеанс орнататушы протокол. "SIP-Телефон" қызметіне қосылу кезінде Сізге "ASTEL" АҚ - "SIP-номер" атты нөмірлік сыйымдылығынан телефон нөмірі беріледі. SIP-нөмір нақты бір жерге бағынышты емес және клиент оны әлемнің кез келген нүктесінде Интернет желісі арқылы телефон байланысы қызметіне қоса алады.
"SIP-Телефон" қызметіне қосылу үшін: Интернет болуы керек; клиент жағына SIP-телефон аппараты немесе VoIP шлюз, немесе мамандандырылған бағдарлама орнатылуы керек.
SIP-Телефон Аппараты – бұл қарапайым телефон сияқты пайдаланылатын телефон, бірақ Интернет желісі бойынша байланыстарды қабылдайды және жүзеге асырады.
VoIP шлюз – балама телефонды қосуға қажетті құрылғы. Мамандандырылған бағдарлама – компьютерге қосылған микрофон және құлаққап немесе телефон гарнитурасын пайдаланып, қоңырау соғу және телефон қоңырауларын қабылдауға мүмкіндік беретін бағдарлама.
"SIP-телефония" қызметін пайдалану кезінде Сіз жылдам әрі жеңіл қалалық телефон желісінің жетіспеуі сияқты мәселелерді шешесіз, сонымен қатар алыс байланыстарға кететін шығын көлемін азайта аласыз. Бір рет қолданатын дыбыс арналарының саны қажеттілікке және телефон желісіне байланысты болады. Телефон нөмірлернің саны бірнеше болады және ол Сіздің талабыңыз бен мүмкіндігіңізге тәуелді.
Қазақстан желілік даму және ұялы байланыс тарифі индексі жөнінен Sip телефония 50 елдің қатарына енді
Дүниежүзілік Экономикалық Форумның (ДЭФ) ғаламдық есебінде жарияланған мәліметтерге сәйкес Қазақстан желілік дайындық индексі бойынша 2012 жылғы есеппен салыстырғанда 12 сатыға жоғарылап, тізімдегі 144 елдің ішінен 43-ші орынға ие болды.
КАЗАХСТАН12 Сәуір, 01:56
Осылайша, Венгрия (44-ші орын) мен Чехия (42-ші орын) елдерінің арасына орналасты және ТМД елдері ішінде ең жоғары көрсеткішке ие болды.
Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ресей аталған көрсеткіш бойынша 54 орында тұр. ДЭФ рейтингісінде Финляндия 1-ші орынға көтерілсе, Сингапур өзінің 2-ші орнын сақтап қалды, ал Швеция 3-орынға төмендеді.
Желілік дайындық индексі елдегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) даму деңгейі бойынша анықталатындығын және бірнеше көрсеткіштен құралатындығын атап өткен жөн. Бұл көрсеткіштердің көпшілігінің осы жылы айтарлықтай өскені байқалады.
Мысалы, ұялы байланыс абоненттерінің саны жөнінен Қазақстан 11 орынға көтерілді (еліміздегі 100 тұрғынға 156 мобильдік нөмірден келіп отыр, ал көшбасында тұрған Гонконгте әр 100 тұрғынға 215 телефон нөмірінен келеді). Интернет желісін пайдаланушылар саны жөнінен Қазақстан 62-ші орынға көтерілсе, ұялы байланыс қызметінің арзандығы жөнінен 42-ші орынға табан тіреді. Ал, кеңжолақты мобильді интернет абоненттерінің саны жөнінен 29-шы сатыға көтерілді.
Өткен жылы жарияланған есеп көрсеткіштерімен салыстырар болсақ, Қазақстан жоғарыда аталған көрсеткіштер бойынша 40-ншы, 78-нші, 64-нші және 113-нші сатылардан көрінген болатын.