Дәстүрлі емес сабақтар - білім сапасын арттырудың тиімді құралы
Дәстүрлі емес сабақтар - білім сапасын арттырудың тиімді құралы
Қазіргі кездегі оқытудың дәстүрлі емес түрлеріне технология оқыту мақсатына осы жүйенің меңгерілуіне - алын ала жоспарланған жүйені жүйелі іске асыруға бағытталган іс-әрекеттердің барысы және оның нәтижесіндегі көрсеткіш. Ең алдымен педагогикалық технодлгия жоспарлау, педагогикалык технологияның нақты шарттарын таңдау болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Дәстүрлі емес сабақтар - білім сапасын арттырудың тиімді құралы»
Дәстүрлі емес сабақ дәстүрлі сабақтан тағы да қандай айырмашылықтар бар: мұғалімнің іс-әрекеті.
Дәстүрлі емес сабақта студенттерға нақты БІД дамыту мақсаты арқылы, болатын психикалық процестерін (ойлау, зейін, ес) дамытады, онда сабақ рәсмі педагогикалық техникалық функцияныатқарады. Дәстүрлі емес сабақ мұғалім студенттердің жан-жақты оқу іс -әрекеттерін басқарып, оларды өз еркін бетімен жұмыс жүргізуге, үйретеді шығармашылық ойлауын қалыптастырады. Мұғалімнің студенттерды ұйымдастырмайды осы оқу үрдісінің қатысушысы болады, ол студенттерға көмек етеді, көрсетеді, түсіндіреді, естеріне түсіреді; кейбір кезінде өзі де қателеседі; студенттермен ақылдасады; керек кезінде мұғалім өзі әр түрлі педагогикалық жағдайларды жасайды; студенттердің ынталандыраду, сенім білдіреді, қызықтырады, оқу мативтерін қалыптастырады, беделін көтерер. Осы немесе басқа мұғалімнің іс-әрекеттерінің негізі – оқу үрдісін тұтас және бағытталған тұрғыдан ұйымдастыру.
Дәстүрлі емес сабақ үстінде студенттің да позициясы өзгереді. Дәстүрлі емес сабақ бала мұғалімнің тапсырмаларын орындап отыратын оқытудың объектісі болады, сабақта артық сөз айтуға тиім салынады,. Көбінесе мұғалім сабақты өзі жүргізеді, ал студенттер оның тапсырмаларын ғана орындағаннан сабақта ынталары төмендейді. Осындай жағдайда студенттің жеке тұлғалығы дамымайды, алған білімдері көбінесе күр жаттау, мұғалімнен қорққаннан болады. Сондықтан дәстүрлі емес сабақта алған білімдерін көбі тез уақытта ұмтылады. Осы себептен, студенттердегі сабаққа деген қызығушылығының төмендеуі пайда болды.
Дәстүрлі емес сабақта студенттің жағдай мүлдем басқа. Дәстүрлі емес сабақ студенттің жағдайы мүлдем басқа. Дәстүрлі емес сабақ оқушы – оқыту үрдісінің субъектісінің - белсенді іс-әрекеттін, шығармашылықтын, ізденімпаздықтың иесі. Ол оқушы емес, ол білімді алдымен бірге өзін-өзі дамытуға бағытталған адам. Сабақтын идеясы, қызығушылығы дәстүрлі сабақта мұғалімнен болса, дәстүрлі емес сабақ оқушыдан, білімді игеру үрдісі оқу үрдісіне айналады. Сабақтын мақсаты: алған теориялық білімдерін іс-әрекет, белсенділік, шығармашылық арқылы игеру.
Дәстүрлі емес сабақ мұғалім мен студенттің арасындағы қарым қатынас та мүлдем өзгереді. Дәстүрлі емес сабақта мұғалім мен студенттің арасындағы қарым қатынас авториторлық қарым қатынас (стиль) жиі кездесетін болса. Дәстүрлі емес сабақ қарым қатынасы өзгередістуденттермен ресми қарым қатынас жасалмайды, бұнда студенттермен «тен» тұрғыдан қарым қатынас жасайды. Мұғалім қарым қатынас дәстүрден тыс түрлі формаларын іздестіреді, сабақта топтық, ұжымдық оқыту түрлері жиі қолданылады. Осы жағдайда мұғалімнің педжагогикалық позициясы, шығармашылығы үлкен роль атқарады. Студенттердің іс-әрекеттерін белсенділікке айналдыру үшін, ол өзі сабақтқа студенттермен мең болып қатысады, сабақтың «ішінен» оның жағымды, жағымсыз жақтарын көреді, керек кезінде өз ұсыныстарын студенттердің көңіл-күйлеріне тізбей айтады, түзейді, көмек етеді. Сонымен дәстүрлі емес сабақта мұғалімнің авториторлық позициясы жойылады да, оның орнына іскерлік қарым қатынас позициясы орындалады.
Қазіргі заманға сай оқытудың негізгі түрі дәстүрлі емес сабақ болса, онда мектептін орта буында қолданылатын дәстүрлі емес сабақтардын көптүрлілігіне тоқтап кетейік. Соңғы жылдары мұғалімдердің дәстүрлі емес сабақтарға қызығып, жиі өткізетін тағы да себептердің бірі – оқытуда оқу – тәрбие мақсаттарды тиімді және интенсивтік шешуге арналған жаңа педагогикалық қарым қатынастар.
Бұрынғы кезде әр сабақ оқушы үшін бұрында көрмеген, естімеген жаңа ақпарат болса, қазіргі студенттерды қызықтыру өте қиын. Қазіргі студенттер сабақты (тақырыпты) өтпеседе, көөп нәрсені теледидар, компьютер т.б. естіген, терең білімдерді болмаса да, «естідім», «бәлемін» деп, мұғалімді тыңдамайды осы тұрғыдан қарағанда дәстүрлі емес сабақ өзінің ерекшеліктерімен мектепте қажет те, тиімді де әдебиет мұғалімі.
Ойын элементтерін қолдану арқылы қазіргі кезеңдегі оқытудың түрлері.
Ойын баланын іс-әрекетінің негізгі түрлерінің бірі. Ойын-баланың әлеуметтік ортадағы табиғи қарым қатынастың түрі, әлемді тану жолы, өмірлік тәжірибені жинау жолы, қоршаған ортаға, жанындағы адамдарға, құбылыстар мен өздік көзқарасты қалыптастыружолы. Ойын арқылы өмірде кездесетін әр түрлі жағдайларды ойластыруға, олардан өтуге, өзіне қажетті қарым қатынас жасауға үйренеді. Көптеген жетістіктері мен қатар ойынның әдістемелік мүмкіндіктер де аз емес:
Ойын – оқытуды ынталандырудың күшті ынтасы;
Ойын арқылы пәнге деген танымдық қызығушылығы жиі орнатылады;
Ойын барысында баланын психикалық процестері (зейін, есте сақтау, ойлау, елестету) тез дамиды.
Ойынның «эмоционалдық» жоғы алған ақпараттарды «өмірлендіруге» көмек етеді, оны қызықты оқыған айналдырады. Ойын кезінде пассивті балалар да өз орнын тауып, ойынға қатысуға тырысады.
Ойын баланын шығармашылығын дамыпты үшін жағдай жасайды.
Ойын кезінде бала өзі ізденеді, ойынға қатысушыларға қызығушылығын білдіреді, өзінде бар қабілеттері мен мүмкіндіктерге назар аударады.
Белгілі педагогы Д.Б. Эльконит ойыннын құндылығын осылай бағалаған: «Ойын бала үшін өте маңызды, ойында бала басқалардың көмегісіз өзінде бар табиғи мүмкіндіктерін көріп, үйренеді». Бұл реалдық әлемде, ортада, уақытта, жануарлар мен адамдарға арасында өзін-өзі бағыттау, өзін-өзі зерттеп, көру тәсілі. Ойын арқылы бала біздің символдық әлемімізде тұруға үйренеді. Әдістемелердің байқауынша ойынға оқу ойыннан 2 жағы көзге түседі:
диолы (тікелей қарым қатынас, сөз, әңгіме), 2) елестетілген жағдай оқытуда ойынның дидактикалық, рөлдік, іскерлік ойындары қолданылады.
Дидактикалық ойындар – студенттерға сабаққа ойын арқылы
Рөльдік ойындар студенттердің дүниетанымының, эмоционалдық көңіл-күй қалыптастырады; оқу материалы сырттай ғана емес, іштей білуге көмек етеді, студенттердің жалпы мәдениеттілігін, коммуникативтік қарым қатынастарын қалыптастырады. Рольдік ойындар көбінесе бастауыш және орта жастағы студенттермен өтеді. Рольдік ойындарды қолданудың ең тиімді сабағы қазақ әдебиеті сабағында қолдануға болады. Онда, мұғалімнің шығармашылығына қарай сабақта кейіпкерлердің дауыстары мен сөйлеу, әрекеттерін көрсету, көрінісі көрсету, музыкалық аспаппен ойнау т.б. арқылы сабақты түрлендіріп, оның білімділік мақсатын орындайды.
Қазіргі студенттер теледидарға бейім, сондықтан, соңғы жылдары оқыту үрдісінде түрлі теледидарлық ойындарды қолдауда мұғалім студенттердің сабаққа дейін қызығушылықтарын арттырады, білім көлемін кеңейтеді. «Лидер ХХІ века», «Таңғажайып аланы», «Алтын сақа», т.б. ойындар қазіргі студенттерға өте жақын түсінікті, қызықты теледидарлық ойындарды қолдану кезінде мұғалім көбінесі ойын шарттарын бұзбайды өз тапсырмаларын енгізеді. Осы типті ойындарды барлық сабақтарда қолдануға болады. Мысалы 9 сыныптағы әдебиет сабағында:
Теледидарлық ойындар жеке пән, немесе пәндер бойынша өтеді, соңғы жылдар мектеп аралық ойындар да өтетін болды.
Дидактикалық ойындар оқыту үрдісінде кеңінен пайдалана отырып оқытудың, тиімділігін арттыруға болады. Ол студенттердің сабаққа деген ынтасын оятып, танымдылық белсенділігін арттыруға үлкен жол ашады. Дидактикалық ойындарға материалды таңдап алу кезінде мынадай жайыттарға есепке алу қажет:
ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері;
білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлығы;
Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.
сыныптағы бағдарлама материалға, оның ішінде нақты сабақтын мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек;
тапсырмалардың біртіндеп күрделенуін қамтамасыз ету, ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал ету қажет;
ойындардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілмен орындауын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал ету керек;
Дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті.
Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.
Дидактикалық ойындар таңдауда нәтижелері объективтің тұрғыдан бағалауы тиіс.
Дидактикалық ойындартаңдауда оқытудың білімділік тәрбиелік және
дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық – ынталандыру жағына сүйену керек. Айтқанда олар:
студенттердің жас ерекшеліктері, білім, іскерлік және дағдынын көлемі, студенттердің даму деңгейі мен психологиялық жай – күйі.
Оқып-үйренілетін материалдың сипаты мен мазмұны, сол сабақтың мақсаты;
Нақты ойын жағдайындағы ерекшеліктері;
Осы өлшемдерге сәйкес мысалы бастауыш сыныптарда түрлі
дидактикалық ойындарды қолдануға болады, математика сабағында: санамақ-ойындар жанылпаш ойындар, жұмбақ ойындар: «Тізбек», «Поезд», «Орынды тап», «Мынау кімнің үйі?», «Дүкен», «Керекті санды қой», «Қасқыр мен қой», «Теңге алу», «Орамал тастамақ», «Аң патшасы» т.б. Осы және көптеген мұғалімнің шығармашылық әрекеттеріменшығарған ойындар арқылы студенттердің білімсанасына тез жетіп, есінде ұзақ сақталады, студенттердің білім, іскерлік, дағды сапасына тиімді әсер етеді.
Дәстүрлі емес сабақтардың технологиясы
Білім беру саласында соңғы жылдары оқыту технологияларды оқыту үрдісінде пайдалану мәселелері кен түрде талқыланып жатыр. Белгілі ғалым Г.Ф. Селевко дәстүрлі емес сабақтарды технологиялық тұрғыдан қарастырды ұсынады. Ол «дәстүрлі емес сабақ – оқытудың классикалық түрлерінің негізінде жетілген стандарттан тыс әдісі – тәсіл дейді. Осы концепциясына сүйенгенде - дәстүрлі емес сабақ – оқытудың жаңа технологиясы деп атауға болады.
Оқытуды технологизацияландыру дегеніміз – ең алдымен әр сабақта зарым қатынас педагогикалық жағдайды орнатып, оқытушылар мен студенттердің арасына гумандық – жеке даралық көңіл күйін жоғары деңгейге жеткізу тура келеді. Жаңа қарым қатынастын негізгі мазмұны – оқу үрдісіндей қарым қатынас қолайлы жайлы болып студенттердің білім санасын арттырадындай болады осы технологияны орта және жоғары сыныптарда іске асыруға болады жолы – Ш.А. Оснонашвилидің гумандық технологиясы С.Н. Лысенкованның анықтамалық басқару, В.Ф. Шоталовтың тірек сигналдарға сүйеніп оқыту, В.В. Фирсовтың саралап оқыту және осындай басқа технологияларды негізге алып, оқыту үрдісі технологияландыру қажет.
Орта және жоғарғы саыныптарда жиі қолданылатын оқыту технологияларды атап кетсек, оқыту технологияларды атап кетсек, түрлері, мен іске асыру жолдары аз емес, ал олардың оқытудағы тиімділігі – мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар - соңғы жылдарындағы білім беру жүйесін ақпараттандыруға, оқытуда компьютер, интернетті қолдануға байланысты. Ақпараттық технология туралы Г.К. Селевко былай деген: «кез келген педагогикалық технологиялары – ақпараттық технологиялары немесе оның негізін ақпарат және оның дамуы құрайды». Бірақ іс-тәжірибеде басқа да ұғым жиі кездеседі мұнда информациялық технологиялық деңгейі – барлық арнайы техникалық ақпараттарды (аудио, видио, кино т.б.) оқыту үстіне қолдану. Осы ұғым оқыту үрдісін ақпараттандыруға дәл келеді. Ал олардың ішінде ең тиімдісі – оқытуды ұйымдастыруда – компьютерлік технологияларды қолдану. Компьютерлік технологиясы бағдарламасы оқытудың технологиялық компьютерді қолданудың негізінде оқытуды дамыта отырып, нұсқаларын ашады; студенттерға білім беру үрдісі компьютер арқылы өтеді.
Компьютерді оқыту үрдісіне кен пайдалану интерактивтік оқыту деп атайды, оның негізгі заманға сай ерекшелігі – мұғаліммен оқушы заманға сай «компьютерлік» диолы жүргізеді компьютерді сабақтын барлық кезендерінде қолдануға болады: жаңа білімді хабарлау, бекіту, білімді тексеру. Сабақта компьютер бір неше функцияны атқарады; мұғалімдік (білім беруді, оқу құралы (дәптер, оқулық, қалам) оқу объектісі (нені оқыды) қарым – қатынас жасаушы ұжым (оқшы – компьютердегі материал), бос уақытын ұйымдастырушы орта компьютерлік технологияны қолдануда қойылатын мұғалімнің алдына қойылатын
оқу үрдісін (пәндер, сыныпты) дұрыс ұйымдастыру;
студенттер белсендіру және үлестіру жұмыстарын ойластыру: тәртіп туралы нұсқау беру, отыратын орындарын ойластыру, компьютерлік жүйені құру т.б.
студенттерге жеке дара бақылау жүргізу, қажет кезінде көмек ету.
информатика мен есептеу техниканың негізгі ұғымдарын жете білу;
компьютердің функционалдық мүмкіндіктерін;
тексттік редактормен жұмыс істеу жүйесін;
компьютердің алгоритмдерін, тілі мен бағдарламалау программаларын.
Компьютерлік сабақты өткізу бір кезегінен түрады:
І –мұғалім қажетті оқу материалын дайындайды;
ІІ – мұғалім сабақтын үлгісін жасайды;
ІІІ – мектептің компьютерлік бағдарламашы мұғалімнің ұсыныстары бойынша сабақтын компьютерлық бағдарламасын жасайды;
ІV – мұғалім жасалған компьютерлік сабақтын үлгісін қарап, керекті ұсыныстарын кірізеді;
V - компьютерлік сабақты өткізу.
Компьютерлік сабақтарды қазіргі мектепте өткізу мүмкіндік бар бірақ
мұғалімдер ондай сабақты өткізуге әлі дайын емес, оның негізгі себебі – компьютерді, оның мүмкіндіктерін жете білмейтіні. Студенттер үшін компьютерлік сабақ тиімді және заманға сай болу керек.
Қазіргі оқыту үрдісінде тиімді оқытудың технологиялардың бірі – тиімді сабақтардың негізіндеоқыту. Оқу материалы көлемі жыл сайын көбейіп жатыр, ал оқуға бөлінген уақыт жетіспейді, ал оқуға бөлінген уақыт жетіспейді, осы тұрғыдан қарағанда А.А. Окупев ұсынған технология сабаққа бөлінген уақытты ұқыптықолдану әр мұғалімге қажет. Технология дәстүрлі сабақтың негізіне сүйеніп, сабақта әр түрлі тиімді әдістемелерді қолдануды көздейді, оған:
- пәнаралық байланыстарға сүйену арқылы сабақты интеграциялану;
- зерттеулік жұмыс негізінде өткізілетін сабақтар; зерттеу «мозговой штурлі», реферат, пікір беру.
- дәстүрлі емес әдістерді қолдануға сүйенген сабақтар
- қоғамдық қарым – қатынастарды қолданып өткізген сабақтар; дебат, пресс – конференция, пікірталас, телебағдарлама...
- тәрбие сағаттардың элементтерін қолдану: КВН «Что где, когда», «Таңғажайып аланы» т.б.
Қазіргі кездегі оқытудың дәстүрлі емес түрлері «Педагогикалық технологиялар- бұл білімнің басымды мақсаттары мен біріктірілген пәндер мен әдістердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ мазмұнын, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында студенттің дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды». Қазіргі заманғы ғылыми-техиикалык үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдында мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Жаңалықты ендіруге даярлык бұл, ең алдымен, стратегиялық және технологиялық өнделген білімділік кұжаттардың болуы. Аталған жұмыстағы ең негізгі өзекті мәселесі қазіргі таңда ғылымға мықтап енген «жаңа педагогикалық технология» ұғымына әр түрлі түсініктемелер берілген. Дегенмен, барлық анықтамалардың басты ортақ негізі бар, бұл біздің ойымызша келесі, түсіндірмелерден айқан көрінеді. Педагогикалык технологияның негізі болып педагогикалык - психологиялық және әлеуметтік ғылым жетістіктері, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибеде, халықтың педагогика, отандық және шетелдік педагогиканың өткенінің барлық жақсы жинақталғаны негіз болып табылады, яғни педагогикалық технология жеке түлганың қасиеттерімен орташаланады, бірақ онымен анықталмайды. «Педагогикалық технология» деген түсінік «Окыту әдісінен» кеңірек.
Қазіргі кездегі оқытудың дәстүрлі емес түрлеріне технология оқыту мақсатына осы жүйенің меңгерілуіне - алын ала жоспарланған жүйені жүйелі іске асыруға бағытталган іс-әрекеттердің барысы және оның нәтижесіндегі көрсеткіш. Ең алдымен педагогикалық технодлгия жоспарлау, педагогикалык технологияның нақты шарттарын таңдау болып табылады. Ол тұлғаның жеке ерекшеліктеріне және студенттердің жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін іс- кимылды, сондай-ақ олардың дайындығының шарттарын таңдауды талап етеді. Білім беру ісіндегі жаңа педагогикалык технологияның мақсаты, бағыты, сипаты Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болуына, ұлттық білім беру ісін әлемдік білім беру жүйесіне кірігуіне тығыз байланысты.
Сондықтан казіргі заманғы студенттердің ойлау белсенділігін кеңінен дамытып білімді өзіндік жаңарту мен толықтыруға, оларды теориялык және тэжірибелік міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті, ғылым мен техиканың кең канат жайған кезеңінде ғылыми таным әдіснамасы өте зор маңызға ие. Сондықтан оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны енгізудің жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, жаңа педагогикалық технологияны енгізудің алғы шарттары мен жолдарын көрсету қажет. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың білім мең ғылым қызметкерлерінін III съезінде білім сапасын арттыру жөнінде тұжырымды ой айта келіп мүғалімдерге де үлкен міндеттрді жүктегені мәлім. Ендеше келешекте Казақсатанның қарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі оқушы - ертеңгі азамат болғандықтан педагогикалық технология- оқыту мақсатына жетудің ең тиімді жолы болып табылады.
Оқу- тәрбие үрдісін жаңартып, білімін сапасын арттыру мұғалім құзырындағы жауапты іс. Білім алу, шеберлікке, іс - әрекет дағдыларына үйрету мен меңгеру барысы және адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы- оқыту болып табылады.
Осы жоғарыда айтылған сөздің астарында қаншама керемет ой мен болашаққа жетелейтін үлен сенім мен үміт жатқаны мәлім. XXI ғасыр жан-жакты дамыған, білімді өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына зор үлес қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр. Олай болса осы жұмысымды тәмамдауда бір ауыз сөзбен аяқтағым келеді "Уақыт өтіп бара жатыр дегенге үйреніп алғанбыз, уақыт өтпейді, уақыт түр. Өтіп бара жатқан сіз бен біз. Сондықтан қоғамды дұрыс жолға салмай, болашақты дұрыс дайындамай бекер өтіп кетпейік", демекпін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Конституциясы А.,2001.
«Білім туралы», Қазақстан Республикасының заңы. Астан- 2004. Назарбаев Н.Ә. «Еркін елдің ертеңі- кем ел білім мен кенен ғылымда».
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2030», «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы «Кітап», 1998ж.
Қазақстан Республикасының 2015 жылңға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы Егемен Қазакстан 28 желтоқсан 2003ж.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты А-2002.
Т. Қазыретэлі «Мектепте тарихты окыту әдістемесі», А-2004.
Т. Тұрлығұлов «Мектепте Қазақсатан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі», А-2003.