Білім беру жүйесіндегі электронды оқытуды пайдалану
Білім беру жүйесіндегі электронды оқытуды пайдалану
Әлемнің барлық білім беру жүйесінде электронды оқыту жүйесі енгізілген, жаңа экономика мен қоғам аумағында ақпараттық технологиясыз елестету мүмкін емес. Адамзат өмірін жақсартуға бағытталып жатқан жаңа технологиялар қарқыны мамандардың да осы үдеріске тез бейімделіп, әрекет етуін талап етеді. Білім беру саласында да осындай өзгерістер кең етек алып, дамып келеді. Білім берудің жаңа парадигмасы ретінде электронды оқыту тіркесін жиі естиміз. Соңғы кездерде электронды білім беру орта мектепте қолданыла бастады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Білім беру жүйесіндегі электронды оқытуды пайдалану»
ӘОЖ 378.018.43 (574)
С.Авдарсолқызы¹, М. Авдорсолқызы
(С.Д.Асфендиров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті¹, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Алматы қ. )
Білім беру жүйесінде электронды оқытуды пайдалану
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ
тағдыры ұстаздың қолында» Н.Ә.Назарбаев
Андатпа: мақалада білім беру жүйесінде оқушыларға сапалы білім беру және оларды дамыту үшін электронды оқытуды пайдалану мұмкіндіктері қарастырылады.Сонымен бірге, электронды оқытудың дидактикалық және әдіснамалықнегіздерінің қысқаша анализі, өзекті мәселелер, білім беру үдерісінде электронды оқытуды қолданудың тиімді жақтары мен кемшіліктері қарастырылады.
Тірек сөздер: электронды , ақпараттық, технология, ресурс, жүйе, құрылғылар, материал.
Әлемнің барлық білім беру жүйесінде электронды оқыту жүйесі енгізілген, жаңа экономика мен қоғам аумағында ақпараттық технологиясыз елестету мүмкін емес. Адамзат өмірін жақсартуға бағытталып жатқан жаңа технологиялар қарқыны мамандардың да осы үдеріске тез бейімделіп, әрекет етуін талап етеді. Білім беру саласында да осындай өзгерістер кең етек алып, дамып келеді. Білім берудің жаңа парадигмасы ретінде электронды оқыту тіркесін жиі естиміз. Соңғы кездерде электронды білім беру орта мектепте қолданыла бастады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Жарлығымен 2010 ж. 1-ақпанында бекітілген Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарында барлық орта білім беру жүйесін одан әрі ақпараттандыру мен электронды оқытуды жаппай енгізу бағдарламасы анықталған болатын. 2011-2020 жж. Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында адамзаттық ресурстардың әлуетін арттыру мақсатында білім беруді түбегейлі жаңартудың басым бағыты болып электрондық оқыту аталған. Электрондық оқытуды 2015 жылға дейін республика орта мектептерінің 50%-ына, ал 2020 жылға дейін 90%-ына енгізу жоспарланды.
ЮНЕСКО ұлттық жүйелерді жаңарту мен дамытуда незізгі рөлді электронды оқытуға (e-learning) береді. Білім беру дағдарысының салдарын төмендету үшін, білім алушыларды білім берудің жаңа мәнеріне бағдарлау үшін олардың біліктері мен машықтарын дамытатын e-learning технологиясы ең тиімді ретінде анықталды. Дамыған елдерде (Филляндия, Норвегия, Сингапур және т.б.) Е-learning-ті жаңашыл іс-әрекеттің машықтарын дамытуға көмектесетін негізгі әдіс ретінде мемлекеттік деңгейде қарастырады[1].
Электронды оқыту - (E-learning ағылшын сөзінен шыққан, толық атуы Electronic Learning) электрондық оқыту жүйесі, ақпараттық көмек, электронды технологиясы кезінде оқыту. ЮНЕСКО мамандары аныктамасы: «e-Learning —Интернет және мультимедиа көмегімен оқыту».
Электронды оқытуға мыналар жатады:
электронды материалдармен өзбетінше жұмыс істеу, компьютерді КПК, ұялы телефонды, ДВД- күй табақ ойнатқышты , теледидарды жүйелі қолдану;
өшірілген(аумақ) білім берушіден (оқытушы) кеңес, баға алу, өзара қозғалыс алшақтығының мүмкіндігі;
қолданушы таратылған әлеуметтік байланыс құру жалпы виртуалды оқу іс-әрететінің жүргізілуі;
Электронды оқу материалдарын тәулік бойы өз уақытында жіберу; электрондық оқыту материалын және технологиясын айрықшалау;
Барлық кәсіпорын жетекшілері мен құттықтаушы топтар қазіргі ақпараттық технологияларды меңгеру және ақпараттық мәдениетті жоғарылатып, қалыптастыру;
Жаңартылган педагогикалық технологияны кеңінен тарату және игеру;
Оқу веб-ресурстарының мүмкіндігін дамыту;
Кез келген уақытта қазіргі жаңа білімнің орын алу, әлемнен кез келген деректер табу мүмкіндігі;
Психофизикалық даму ерекшеліктерімен жоғары білім беру тұлғаның қол жетімдігі.
Электронды оқыту жүйесінің ақпараттық платформасы білім беру үрдісін автоматтандыруға мүмкіндік береді: оқушылар контингенті мен кадрлық құрам жұмысын, оқу үдерісін, білім беру ұйымының ісін жүргізу мен есебін жүргізуді жеңілдетеді[2].
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты ақпараттық технологияларды қолдану, АКТ қолдана отырып білім сапасын көтеру, АКТ көтеру – педагогтар мен оқушылардың құзыреттілігін көтеру, білім беру ресурстарының цифрлік мұрағатын құру, цифрлік оқу-әдістемелік материалдарға кіру, алмасу және сақтауды жақсарту бойынша іс шаралар әзірлеу болып табылады.
Білім беру жүйесіне электронды оқытудың (E-learning ) артықшылығы мынадай:
оқуға арналған ыңғайлы орын мен уақыт;
білімді терең меңгеру;
оқытушылармен тығыз байланыс;
жеке оқыту кестесі;
ақша мен уақытты үнемдеу.
Электронды оқыту жүйесін енгізу нәтижесіне жататындар:
Әлемдік білім беру ресурстарына әр мұғаліммен оқушылар деректер алуға қамтамасыз ету;
электронды журналдарды, кітапхананы, мұғалімдер бөлмесін, электронды жоспарланған, хаттарды ата-аналарға ескерту, барлық білім беру ұйымдарды автоматтандыру;
Оқушыларды оқыту үшін ата-аналар бақылау;
Электронды білім беру ресурстарының дамуы;
Білім беру ұйымдарында электронды оқытуды жүзеге асыру.
Жүйеге бірыңғай кіру ҚР БжҒМ-нің Қазақстандық білімдік порталы арқылы қамтамасыз етіледі. Кірігу веб-қызмет көрсетулер, xml-стандарттар және т.б. арқылы Жүйенің ішкі жүйесі мен ҚР БжҒМ-нің Қазақстандық білімдік порталы деңгейінде жүзеге асырылуы тиіс.
E-Learning жүйесінде иерархияның үш деңгейі:
Бірінші деңгей – бұл облыстық тораптардан ақпарат жинақталатын және Қазақстан Республикасында білім беретін барлық деңгейлердегі ұйымдарды басқаруды жүзеге асыратын Жүйенің орталық торабы.
Екінші деңгей – бұл белгілі бір облысқа жататын БҰ-ға қызмет көрсететін серверлерді орналастыру нүктесі болып саналатын облыстық серверлердің алаңы. Осы деңгейде облыстық БҰ-дан ақпарат жинақталады да білім беруді басқарудың облыстық мекемелерінің порталында жарияланады.
Үшінші деңгей – бұл жүйеде қажетті АҚТ инфрақұрылымы мен БҰ-дың жұмыс істеу жасақтамасы бар деңгей.
Тікелей мектеп аумағында сервер орналастырылған жағдайда мектеп деңгейінде келесі жүйелер ашылған болуы тиіс:
Мектептің порталы;
Мектепті басқару жүйесі (SMS);
Сынып бөлмелерін басқару жүйесі (CRMS).
Оқу үдерісін басқару жүйесі (LMS);
Тестілеу жүйесі (TSM);
Оқушылардың дене қызметі мен психологиялық денсаулығының электрондық мониторингтік жүйесі;
Ақпараттық-анықтамалық жүйе (IMS).
Мектепті басқару жүйесі (School Management System, бұдан әрі қарай – SMS) – бұл мектепті басқару үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама.
Мектепті басқару жүйесі келесі негізгі модульдерді енгізеді: құжаттар; жоспарлар; статистика; бухгалтерия; тамақтану; кесте; электрондық журнал; электрондық күнделік; электрондық кітапхана; тестілер; тәрбие жұмысы; сауалнама жүргізу; дәрігерлік бөлме; қатынас.
Білімдік үдерісте басқарудың тікелей қатысушылары болып мектепті басқару жүйесін негізгі пайдаланушылар саналады: директор; оқу жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасары; тәрбие жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасары; мұғалімдер; сынып жетекшілері; оқушылар; ата-аналар; кітапханашылар; дәрігер қызметшілері; SMS басқарушылары [3].
Сыныпты басқару жүйесі (Classroom Management System, бұдан әрі – CRMS) – бұл мұғалімге сабақтардың барысын толық бақылау жасауға, мультимедиалық кабинетте сабақтарды жүргізу бойынша негізгі міндеттерді: басқаруды, бақылауды және оқушылармен қарым-қатынас жасауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама.
CRMS мұғалімнің жұмыс орнынан оқушылардың жұмысын бақылау мен басқаруды, олардың өзара әрекеттестігін және шынайы уақыттағы аудио- мен бейне мәліметтерді жеткізуді қамтамасыз етеді, сабақ уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Басшы тағайындаған логин мен құпия сөздің көмегімен мұғалімнің жүйеге кіруі. Жүйедегі оқушылардың авторлануының көмегімен оқушының сабаққа қатысу мәртебесін есепке алу. CRMS кез келген (мәтіндік, графикалық, аудио-, бейне және т.б.) форматтың файлдарын қолдауды қамтамасыз етеді, Ғаламторға шыға алады және оқытудың әр түрлі әдістерін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді: жұптағы, топтағы жұмыс, дербес және жапай сауалнама, топтық талқылау және б. Мұғалім тарапынан бақылау оқушы үшін байқаусыз түрде және оны негізгі оқу іс-әрекетінен алаңдатпастан өтетін болады[4].
Сонымен қорыта келе білім беру саласына электронды оқыту (E-Learning) – жүйесін енгізу мемлекетіміздің білім сапасын жетілдіруге көмектеседі балаларымыздың жарқын болашағына жасалған маңызды қадам.
ӘДЕБИЕТ
[1] Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» - [Электрондық ресурс]. [http://adilet.zan.kz/rus/search/docs/dt]
[2] Бершадский, А. М. Применение мобильных технологий в региональной системе дистанционного образования Текст. / А. М. Бершадский, И. В. Савиных, А. А. Косов // Открытое образование. 2005. - № 6. - С. 45-51.
[3] Бескровный, И. Homo Mobiles: шаг в сторону матрицы Текст. / И. Бескровный // E-Learning World. 2004. - № 4. - С. 25-31.
[4] Бовт, В. В. Мобильное обучение Электронный ресурс. // Центр проектирования контента: сайт.[2005]. URL: http://cpk.mesi.ru/news/2005/ release008/10.ppt.
С.Авдарсолқызы, М. Авдорсолқызы
Использование электронного обучения в системе образования
Аннотация: В статье рассмотрены вопросы качественного образования для учащихся в системе образования и возможности использования электронного обучения для дальнейшего развития. А так же, приведен краткий анализ дидактического и методического основ электронного обучения, рассмотрены основные вопросы, преимущества и недостатки использования электронного обучения в учебном процессе.
Summary: In the article the questions of quality education for students in the education system and the possibility of using e-learning for further development. And also, the brief analysis of didactic and methodological foundations of e-learning, considers the main issues, advantages and disadvantages of using e-learning in the educational process.
[1] Message From The President Of The Republic Of Kazakhstan N. Nazarbayev to the people of Kazakhstan. January 17, 2014 Kazakhstan way – 2050: common goal, common interests, common future [Electronic resources]. [http://adilet.zan.kz/rus/search/docs/dt]
[2] Bershadsky, A. M. the Use of mobile technologies in the regional system of distance education Text. / A. M. Bershadsky, I. V. Savinykh, A. A. Kosov // open education.2005. - № 6. - Р. 45-51.
[3] Bloodless, I. Homo Mobiles: step to the side of the matrix Text. / I. Beskrovny // E-Learning World. 2004. - № 4. - Р . 25-31.
[4] Bovt, V. V. Mobile learning Electronic resource. // The design center content of the site.[2005]. URL: http://cpk.mesi.ru/news/2005/ release008/10.ppt .