Тірек білім, білік, дағдылар | Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп осы сабақпен логикалық көпір құру |
Басталуы | 3 мин. 3 мин. | Ой сергіту жаттығуы және топ құру: Жұмбақтар: 1.Қанша тетік тізілген, саусағыңды сезінген. Барлық сенің ойыңды компьютерге енгізген. (пернетақта). 2. Өзі темір, жаны жоқ. Ақпаратты сақтап таратқан. Жұртты өзіне қаратқан. (компьютер) 3. Компьютердің айнасы, бағдарыңды таңдашы. Сурет, сөзін көрсетіп, тиер саған пайдасы. (монитор) 4. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі. Түсі оның сұр, құйрығы ұзын. Қалай деп аталады оның аты. (тінтуір) Жұмбақ шешуіндегі құрылғы атауы және оның қызметі жөнінде не білетіндерін сұрау. Алдыңғы білімді еске түсіру, пысықтау(жеке, жұпта, топта, ұжымда) Күтілетін нәтижені анықтау. - Бүгінгі тақырып жөнінде не білесіңдер? - Тағы не білгілерің келеді? | А 4 қағазына пернетақта, компьютер, монитор, тінтурі, сканер деп жазылған куветкалар топ атауы ретінде қолдануға болады. Стикерлер немесе, дәптерге кесте толтырады |
Негізгі бөлім | 5 мин. 13 мин. 10 мин. 6 мин. | Ой қозғау сұрақтары: жеке, топта, ұжымда ауызша жауап береді: -Компьютердің пайда болуы адам өміріне қандай өзгеріс әкелді? -Компьютермен бірге қандай жаңа мамандықтар пайда болды (1-сурет)? -Компьютердің негізгі құрылғы-ларының қызметін айтып бере аласың ба? (2-сурет) Оқулықпен жұмыс. 1,2,3 – суреттер мазмұны жөнінде шағын топтарда ой бөліседі. Оқулықта берілген теориялық ақпаратпен танысады. Топтық тапсырма: Компьютер – ұғымына топта өз анықтамаларын құрастыру және құрылғылардың қызметін ролдік ойын түрінде көрсету. Компьютерде жұмыс жасау ережелері: -оқулықта берілген ережелермен танысып, әңгімелейді. Әр топ осы ережеге қосымша өздерінің 1 ережесін ойлап қосады. Оны таңба түрінде ұсынады. Дәптермен жұмыс: Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы жеке орындау. | оқулық Компьютер құрылғыларының кеспе суреттері. |