Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру-Ата- бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп өз отанын сүюге елін халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашық тәрбие сағаты»
Ашық тәрбие сағаты: «Тәуелсіздік-туымыз»
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.
Барысы: 1-жүргізуші. Армысыздар,құрметті ұстаздар, ата-аналар және қадірменді қонақтар!
Мен қазақпын,биікпін, байтақ, елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім!-деп Тұманбай Молдағалиев ақынымыз жырлағандай биыл тәуелсіздік алғанымызға 27 жыл толып отыр.
2- жүргізуші: Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27-жылдығына арналған «Тәуелсіздік туымыз» атты ашық тәрбие сағатымыз қош келдіңіздер!
1-жүргізуші Жиырма жеті жыл, азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық дегендей
Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз.
2-жүргізуші: Хор «Қазақстан Республикасының Әнұраны»
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. Қарсы алған уақытты
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
1-жүргізуші: Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық, 27-жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.
Руфат Тәуелсіздік тускен жоққой аспанан
Тарихы оның тым әріден басталған
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай Боздақ қара жерге жастанды
Құндыз Отаным мекенім асыл ардағым
Көк майса шалғын, айдынды сулар жан-жағың
Жасампаз жолда дамушы елім мәңгілік
Самғай бер көкте, қазағым менің талмағың
Қуандық Тәуелсіздік елдеміз
Қуанамыз күнде біз
Ата-баба қалдырған
Қазақтың біз батырымыз сенсеніз
Сандуғаш Жазалаушы қара құрттай қаптады,
Қазағымды қырып жойып таптады.
Сонда елімнің ұл-қыздары ардақты
Қарсы шығып ел сенімін ақтады
Нұржан Қазақстан менің Отаным
Атыңды әнге қосамын
Шарықтап өсіп, дами бер
Білімімен үлес қосамын
1-жүргізуші: Күй: Құс қайтару Орындайтын: Батыр Анар
2-жүргізуші: Тәуелсіздік! Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан нелер оқиғалар өтпеді! Халық қамы үшін қан кешіп, құрбан болған ерлеріміз қаншама!
Өткен ғасырдағы, үстіміздегі ғасырдың басындағы қанды шайқастар, ірілі-ұсақты небір көтерілістер ,ең ақырғысы тарихқа «Желтоқсан оқиғасы» деген атпен енген, кейіннен «Желтоқсан» ұлт-азаттық көтерілісі деген бағаға ие болған.1986жылғы жастар мен студенттердің жанкештілігі ,тәуелсіздікке қан төгіссіз бейбіт жолмен қол жеткізу үшін арпалысқан ел ағаларының ерен ерліктері халық санасынан өшер ме?!
1-жүргізуші: Тарихымызда ерекше орны бар, бәріміз куәсі болған халқымыздың қасреті мен ар намысына, соны мен бірге мақтанышыма айналған бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. (1 минут үнсіздік)
Би: Қазақ би
2-жүргізуші: «Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан , Отанымыздың тәуелсіз,еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады.Бүгінге біз –қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда.
1-жүргізуші: «Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 27 жыл толады.
Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарына алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевта Қазақстанның 27- жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамыз.
Альмира Тәуелсіздік еліміз
Мәңгі жаса жеріміз
Тәуелсіздік жасаған
Аға әпкелеріміз
Самат Екі жақтан көмкерген
Тәуелсіздік жолында
Талай талай тер тамған
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім Елтаңбам.
Ержан Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
Құт береке шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанаты қос арғымақ
Ән: 6 «в» сынып «Көк тудың желбірегені»
2-жүргізуші: Тәуелсіздік –тәңірдің сыйы. Ол оңайлықпен келген жоқ бізге. Тәуелсіздігіміздің 27 жыл ішінде егемендік пен елдіктің береке мен бірліктің, ынтымақтың туын жоғары көтере білдік. Ендігі мақсат- Тәуелсіздігіміздің көздің қарашығындай сақтап, басқа қонған бақытты бағалай білу. Тәуелсіздік құтты болсын!