kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жас информатиктер" сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Жас информатиктер" сайыс сабақ. 7 сыныпқа арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жас информатиктер" сайысы»

Күні: 27.02.2015ж.

Сыныбы: 7 «В»

Тақырыбы:  «Жас информатиктер» сайысы


      Мақсаты:
      Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін бақылау, пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту және қатысушылар арасынан жігерлі, білімді және компьютерлік сауаттылығы жоғары топты анықтау.
       Дамытушылық: Оқушыларды өзара жарыстыра отырып, ойларын жинақтай білуге үйрету, компьютерлік сауаттылығын дамыту.
      Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше еңбектенуге, ізденуге, жауапкершілікке, өзін ұстай білуге тәрбиелеу.
      Көрнекілік құрал: интерактивті тақта, слайд, қабырға газеті, плакаттар.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ       

Ата – салт, баба дәстүр жолыменен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар, әділ қазылар мен келген қонақтар. Біздің информатика сабағында «Жас информатиктер» сайысына қош келдіңіздер!

Ең алдымен сіздерге осы сайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Әділ халқым берсін әділ баға
Өнері мен өренін салыстырып
Төрағасы, төбе билер, жюрилер
Әділетпен кеңес құра біліңіздер

Ал енді әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Оқу тәрбие ісінің меңгерушісі: Ақмарал Қисақызы

  2. Тәрбие ісі жөнінің ұйымдастырушысы: Фарида .

  3. Математика, физика, информатика пәні бірлестігінің жетекшісі: Бисенова Жаннат


Сайыс барысы: Сайысқа 2 топ қатысады. Сайыс 6 кезеңнен тұрады.


Жоспары:

  1. Таныстыру кезеңі

  2. «Кім жылдам» кезеңі

  3. «Қатені тап» кезеңі

  4. «Мақал сөздің мәйегі» кезеңі

  5. «Ғажайып алаң» кезеңі

  6. «Маржан сөз» пікір сайыс кезеңі

І кезең. Таныстыру кезеңі

Кәне оқушылар енді өзімізді әділ қазылар мен қонақтарға таныстырып, бір–бірімізге сәттілік тілей отырып ойынымызды бастайық.


 Алдағы  біз баратын бағыт  анық,

Озат жан  екеніңді тағы  таныт

Информатика  әлеміне  аяқ  басып,

Компьютер тілінде  біз  жарысалық.


ІІ кезең «Кім жылдам». Бұл кезеңде әр топқа 15 сұрақ және 2 минут уақыт беріледі. Әр топ өз орнында сұрақтарға жауап береді. Кезкелген топ мүшесі сұраққа жауап бере алады. Әр сұрақтың бағалануы – 1 ұпай.

1-Топқа

1.Ақпараттың ең кіші өлшем бірігі? (1 бит)

2.Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы? (Басып шығарғыш (принтер)

3. Экран мен көздің арақашықтығы? (60-70см болу керек)

4. сурет салуға арналған программа? (Paint)

5.Алдыңғы символды өшіру үшін? (backpace)

6. «Ақпарат » сөзінде неше байт бар (7 байт)

7.Құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығаруға арналған программа? (Microsoft  Word)

8. informatio сөзі латынның тілінен аударылғанда не деген мағынаны білдіреді? (Ақпарат)

9. 1 Гбайт нешеге тең? (1024 мбайт)

10.Компьютердің негізгі құрылғыларын ата? (жүйелік қорап, пернгетақта, монитор)

11.   Кез келген іс-әрекеттің рет-ретімен орындалуы не деп аталады? (Алгоритм)

12.   Компьютердің миы. (процессор)

13.   Интернетке қосылу құрылғысы? (модем)

14.   Алгоритм сөзі қай ғасырда шықты? (ІХғасырда)

15.   Бүкіл дүниежүзілік өрмек. (интернет) 

2-Топқа.

1. Ақпараттың  ең  кіші өлшем  бірлігі? (бит)

2. «Компьютер» сөзінде неше байт бар? (9 байт)

3. Ақпаратты компьютерге енгізуге арланған құрылғы?  (пернетақта)

4. Компьютер жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе)

5.Қағаздағы кескінді түсіріп, экранға шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы? (мәтіналғы, (сканер))

6.Пернетақта неше блокқа бөлінеді? (4)

7.Алғашқы есептеу құралы? (саусақтар)

8. Microsoft  Word қандай редактор? (мәтіндік редактор)

9.Баспа құрылғыларының түрін ата? (матрицалық, сия бүрккіш, лазерлік)

10.1 Мб нешеге тең? (1024 кбайт)

11.Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым? (информатика)

12.Меңзердің оң жағында тұрған символды өшіретін перне? (delete)

13. Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы. (Модем).

14. Компьютер ауруы (вирус)

15.Латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдары білдіретін informatio сөзінен шыққын сөз? (ақпарат)

 

III-кезең «Қатені тап» сайысы.

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.

І топ.

Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын.

ІІ топ.

Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Суретке мәтін қоспаймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын.

IV-кезең: «Мақал мәтелдер  орталығы» 

Өнегелі өрелі ұлымыз  бар,

Намысы таудай дара қызымыз  бар.

Ұлттық рухы өлмеген ұрпақтары,

Ұлылықтың қыр-сырын  ұғыныңдар.

Бұл    кезеңде топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал - мәтелдер беріледі, осы мақал - мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын  нұсқаларын  табу қажет.

1 - топ: 

   1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

(Жігіттідосынақарап, бағала)

   2. Байт битен құралады

(Теңге тиыннан құралады)

  3. Антивирусы күштіні – Вирус ала алмайды

(Досы күштіні – жау алмайды)

 4. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады

     (Айдағаны бес ешкі, ысқырғы жер жарады)

2 - топқа: 

 1. Білмесең, «анықтама»- дан сұра

(Білмесең білгеннен сұра)

 2. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы оданда жақсы

(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас

  (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)   

4.  Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім

(Аттың сыры, иесіне мәлім)


 «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермейік»
«Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік»,-деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі кезеңімізге көшейік.

V.кезең: «Ғажайып алаң» кезеңі. Бұл кезеңде оқушылар тақтада тұрған шарларды жару арқылы сұрақтарға жауап береді. Әр топтан кезекпен кезек оқушылар шығып шарды жарады. Әр сұраққа 10 ұпайдан беріледі. Сұрақтар үш бөліктен тұрады: Информатика, тарихы, ғалымдары.


ИНФОРМАТИКА

10 –Ақпарат ұғымы (мәлімдеу, баяндау, хабарлау).

10–Информатикаға анықтама бер. (Ақпараттық процестерді зертейтін ғылым информатика деп аталады).

10 –Компьютердің құрылғыларын атаңыз? (Бейне сұрақ)

10- Компьютерден өшірілген құжаттар қайда сақталады? (корзина (себет))


ТАРИХЫ

10 – Алғаш есепшот қай ғасырларда пайда болды? (XVI-XVIIҒ.)

10 –1843 жылы Бэббидж машинасына бағдарламасын жазған қай ғалым? Бейне сұрақ (Ада Лавлейс)

10 –Бұл құралдың дәл қашан пайда болған уақытын осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда, оның жасы 2 мың-5 мың жылдар шамасында, ал пайда болған жері Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді? Бұл құрал қазір қалай аталады? (Есепшот)

10- АҚШ-тағы алғашқы автоматты компьютер: ұзындығы 17 м, салмағы 5 тонна. Құрастырушысы Говард Айкен. Атауы, жылы? Дұрыс жауабы: МАРК-І. 1944ж.


ҒАЛЫМДАРЫ

10 - Компьютердің атасы. (Чарльз Бэббидж) Бейне сұрақ

10 -1642 жылы 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)

10 -1673 жылы арифметикалық машина шығарған . Ол кім? (неміс математигі Лейбниц)

10- Паскаль тілін қай ғалым және қаншасыншы жылы ұсынған? (Никлаус вирт  1968-1971ж.) 

VI кезең:

Ойын толқын айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста – деп, «Маржан сөз» пікір сайыс кезеңін бастайық.



ХХІ ғасырдың басы адамзаттың индукциялық эрадан ақпараттық эраға өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты ақпаратты ала білу, оны өңдеу және күнделікті пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ал ақпаратпен жұмыс істеудің незізгі құралы болып компьютер пайда болды. Алайда, жаңа ақпараттық технологияларды өте шапшаң қарқыны қоғамда кез келген жерде адамдардың жұмысын жеңілдету үшін компьютерді пайдалануға әкеліп соғады. Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе күн пайда болып, олардың  даму үрдісі үздіксіз ғылыми техникалық үрдіске айналып отыр. Дегенмен компьютердің де пайдалы және зиянды жақтары бар.

Бұл кезеңде екі топтан үш-үш оқушыдан 6 оқушы қатысады. Пікір сайыс тақырыбы «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?»

1.   «Компьютердің пайдасы» Үкімет тобы

2.   «Компьютердің зияны» Оппозиция тобы


Бүгінгі біздің резолюция: «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?» деген пікірталасты 7в сынып оқушылары талқыламақшы. 

Ал, ендеше пікірталасқа қатысушы екі фракцияны қарсы алайық. Қошемет!

(Екі фракция шығады.)

Пікірталас ережелері:      

Пікірталас кезінде екі фракция да

-           өз ойларын баяндаған кезде бір - бірімен мәдени сөйлесуге,

-           сұрақтарға нақты жауап қайтаруға,

-       сұрақтарға сыйластықпен жауап беруге,

-       бір-бірін ренжітпеуге,

-       қарсы фракцияның ойын кекетпеуге,

-       берілген уақыттан аспауға міндетті.

Сонымен пікірталасымызды  бастайық. Алдарыңызға  «компьютер пайдалы» позициясын ұстанатын  Үкімет тобының 1-спикерін шақырамын. Дильназ ханым сөз кезегі өзіңізде. Сізге баяндауға 5 минут уақыт беріледі.


ІІІ Қорытынды.
Ашық пікір – сайысымыздың қорытынды сәті де келіп жетті. Бүгінгі сайыстағы басты міндет әр топ өз ойларын шебер де, дәлелді етіп жеткізе білуде болатын. Әр топ өз ойын қаншалықты дәлелді де, нақты етіп жеткізгені туралы қорытынды сөз кезегін әділ қазылар мүшелеріне береміз.
1. Жюридің пікірі – таласқа деген көз қарасы.
Сөз соңында айтарымыз қоғамның қарқынды дамуы көбіне оның біліммен және мәдениетімен анықталады. Біз жастар ақпараттық мәдениетті сауатты адам болуға ұмытылуымыз керек. Сондықтан ХХІ ғасырда біз ұстанатын қағида «Білім бүкіл өмір бойыңа» болуы шарт. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға мыңда бір рахмет!



Ү бөлім. Қорытынды. «Үздік информатик» атанған оқушыны анықтап, марапаттау.

Сайысқа түскенменен топ балалар,
Ішінен жүйрік шыққан, орын алар.
Ендеше бүгінгі өткен сайыстың да,
Бабы мен бағы жанған тобы да бар
Олай болса, ортаға шақырайық
Есімін баршаңызға танытайық
Ерекше білімі мен білігі үшін
Алғыс айтып, қошемет танытайық.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жас информатиктер" сайысы

Автор: Досибаева Айгерим Махабатовна

Дата: 21.12.2016

Номер свидетельства: 371972

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) ""Жас информатиктер" интеллектуалды жарыс саба?"
    ["seo_title"] => string(45) "zhasinformatiktierintielliektualdyzharyssabak"
    ["file_id"] => string(6) "313805"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459536672"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "«Жас-информатиктер»  атты сайыс "
    ["seo_title"] => string(30) "zhas-informatiktier-atty-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "103805"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1402637626"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Жас информатиктер"
    ["seo_title"] => string(19) "zhas_informatiktier"
    ["file_id"] => string(6) "384812"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485598627"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "«Жас информатиктер» сайыс"
    ["seo_title"] => string(25) "zhas-informatiktier-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "317880"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1460458758"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "К??ілді информатиктер"
    ["seo_title"] => string(23) "kon-ildi-informatiktier"
    ["file_id"] => string(6) "286684"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1454389268"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства