Просмотр содержимого документа
««Мамандық – өмір таңдауы»»
Жәнібек колледжі
(зияткерлік ойын)
Дайындаған: А.У.Аймурзин
Жәнібек, 2016ж.
Сабақ тақырыбы:«Мамандық – өмір таңдауы»
Сабақ мақсат міндеті:
Мамандықтың қазіргі таңдағы рөлі.
Кәсіпкерлердің кәсібінің жемісі.
Жұмыспен оқудың айырмашылығы.
Аудан жастарының жұмыспен қамтылуы
Түрі: зияткерлік ойын Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, компьютер, видео жоба
Құрметті студенттер және ұстаздар бүгінгі «Мамандық – өмір таңдауы» атты зияткерлік ойынсабағымызға қош келдіңіздер!!! Жалпы адамзат өміріндегі информатика саласы кең, жан-жақты дамып келеді. Біз бүгінгі жобалық шарамыздың өту барысында тобымызды 4-ке бөліп ұйымдастырдық.
«Dr.Web» тобы (4 студент)
«Everest» тобы (3 студент)
«M.S.D.К» тобы (4 студент)
«USER» тобы (4 студент)
Әр топтағы студенттер жоба бойынша оператор, тілші, видеомонтаждаушы, дыбыс операторы деген сияқты рөлдерге еніп өз жұмыстарын атқарды.
«Dr.Web» тобы ЭЕМ операторы мамандығы бойынша бітіріп кеткен түлектердің жұмыс орындарын аралап танысты.
«Everest» тобы «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстары» орталығына барып аудан жастарының жұмысқа орналасуы туралы ақпарат жинақтады.
«M.S.D.К» тобы жеке кәсіпкерлерге барып кәсібі туралы мәлімет алмасты, ой бөлісті.
«USER» тобы БҚО кәсіпкерлер палатысының басшысы Басиров Жасұлан мен кездесіп компьютер мамандығының маңыздылығы туралы сұрақтарын қойып ой бөлісті.
1-ші болып өз жобасын «USER» тобы қорғайды.
Біздер «USER» тобының студенттері:
тілшілер - Гатауова Альфия, Бөкенбаев Темірлан.
фотограф - Бақытқали Бақытжан,
оператор - Темешов Бекарыс
Жеке кәсіпкер Басиров Жасұлан Мендіханұлына апталықтың мақсаты бойынша сұхбаттасуға бардық. Ол бізді жылы қарсы алып, сұхбаттарға нақты жауаптарын берді де, өз тәжірбиесімен бөлісіп, бізге ақыл-кеңесін берді.
Жасұлан Меңдіханұлы экономист мамандығын аяқтап, жеке кәсібін ашуға кірісіп, сол бағытта жұмыс жасап жатыр. Оның экономист мамандығын таңдаған себебі, анасы және ағасы экономист болғандықтан сол мамандыққа қызығушылық танытқан. Кәзіргі кезде Жасұлан Мендіханұлының тауып жаткан қаражаты 100 мыңнан бастап 300 мыңға дейін жеткен, сол тапқан қаражатымен отбасын асырап жатыр, сол жұмысына өзі риза. Экономист оқуын оқығанына өкінбейді, керсінше мақтан тұтып айтады.
Қазіргі оқып жатқан студенттерге берген ақылы жеке кәсіп ашқыныз келсе математика пәнің жақсы білген дұрыс. Жеке кәсіп ашқанда табыс тұрақты болмайды дейді. Осы алған сұхбаттымыз өте жақсы өтті
2-ші болып өз жобасын «M.S.D.K» тобы қорғайды
Біздер «M.S.D.K» болып, жобаны қорғауға топ құрадық. Осы топты құраған мақсатымыз Жәнібек ауданы бойынша Компьютер мамандығын жетік білетін аға - апаларымыздан ақыл кеңес алуға бардық. Тобымыздың бұлай аталу себебі құрамындағы төрт студенттің есімдерінің бас әріптерін алдық. Біздер өзіміздің компьютер мамандымызға байланысты фотосалондағы фотограф Асқар Омаровтан сұхбат алатын болғанбыз, бірақ ол кісінің өзі болмағандықтан жолдасы Омарова Анаргуль Нигметоллаевамен сұхбаттастық. Сұхбаттасу барысында бізге ұнағаны өзінің ақыл кеңесін беруі, боллашақта осы компьютер мамандығы өте керек екенін өзіміздің жейтін нанымыз үшін, ерінбей, ынтамен, үздік оқу керектігін айтты.
Анаргүль Нигметоллаеваның негізгі өзінің оқыған бухгалтер мамандығы ұнамаған соң, жолдасымен бірігіп қазіргі кезде Жәнібек ауданы бойынша жалғыз қызмет көрсетіп отырған жеке кәсіпкерлер. Олар ең бірінші жұмыстарын 1994 жылы Зенит фотоаппаратымен бастап, кейін несие алып жалғастырған.
Тобымызды ұйымдастырушы- Шынтемиров Қанат,
Тілші- Шакқалиева Сезім,
Оператор – Султашева Марьям,
Монтаж жасаған – Рахметов Данияр.
Осы компьютер апталығы бойынша оздырылған шарада жобамызды жақсы қорғап шықтық деп ойлаймыз.
3-ші болып өз жобасын «Dr.Web» тобы қорғады.
Жоба бойынша берілген тақырып: 2015 жылғы бітіріп кеткен түлектерден сұхбат алу.
Біздің бірінщі студентіміз: Құжатов Райымбек Абзалович 2015 жылы Жәнібек колледжін қызыл мен бітірген. Аудандық прокуратура бөлімінде өз мамандығы бойынша жалпы айтқанда оператор болып жұмыс жасайды екен. Ол кісі жақын арада Әскерден келген.
Ол кісіміз өз мамандығымен жұмыс жысағанына өкінбит әйтседе жалақысының аз болуына байланысты шекара қызыметкері жұмысына аусқысы келеді екен. Жалпы айтқанда жұмысқа өз енбегімен жеткен ешкім көмектеспеген. Өз жұмысы ұнайды екен.
Екінші студентіміз: Жанапанова Марина Хасенқыз 2015 түлек. Жәнібек колледжін қызылға бітірген. Ол қазыр аудандық Мәдениет үйінде өз мамандығы бойынша оператор болып жұмыс жасап жатыр. Өз мамандығын жәнеде өз жұмысын қатты жақсы көреді. Биржаға тіркеліп жұмыс іздеп аудандық Мәдениет үйінен жұмыс тауып жұмысқа тіркелген. Жоғарғы оқу орнын оқымаған. Болашақта жоғарғы оқу орнын оқысам деген ойы бар. Ол кісіміздің студентерге айтары оператор мамандығы күннен күнге дамып баражатыр, артта қалып қоймай бәрін үйреніп өз мамандықтарының енбегін көрініздер деді.
Үшінші студентіміз: Садыков Азамат Амірхан ұлы ол студентімізде 2015 жылы Жәнібек колледжін бітірген. Қазіргі уақытта аудандық Халыққа қызымет көрсету орталығында өз мамандығы бойынша оператор болып жұмыс жасап жатыр. Жақын арада отан алдындағы борышын өтеп келген. Өз мамандығы ұнайды әйтседе шекара қызыметкері жұмысына ауысқысы келеді екен. Ол кісінің студентерге айтары оператор мамандығы әр жерде қажет болады сондықтан жақсылап оқыныздар деді.
4-ші болып өз жобасын «Everest» тобы қорғады.
Біз 3 студентен құралған Everest тобымыз:
Тілші: Шаймарданова Аяулым
Монтаждаушы: Аккалиев Рустам
Ұйымдастарушы: Шайдуллина Мейрамгүл
Топ шеберіміз Асылжан Ұмтылбековичтің тапсырмасы бойынша өз жобамызды қорғау мақсатында Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстарының басшысы Стамов Сағынбек Дөсетұлынан шағын сұхбат алдық. Бұл кісіден сұхбат алудаға негізгі мақсатымыз, жастардың жұмыспен қамтылуы және мамандығы туралы кішкентай болса да мағұлмат алу болды. Ол Жақсыбай ауылында туылып сол жерден білім алған. Негізгі бітірген оқуы -машина жасау. Бірақ өз мамандығы бойынша жұмыс жасамайды, әйтсе де қазіргі кездегі отырған лауазымы, жасайтын жұмысы өзіне ұнайды.
Біздің жастардың жұмыспен қамтылуы туралы сұрағымызға былай жауап берді: Ауданымыздың жастарын жұмыспен қамту үшін бірнеше жәрмеңкелер жасалып, барлығы ойдағыдай жүріп жатыр. Және де белсенді емес жастарды да жұмыспен қамтуға арналған жобалар ұйымдастырылды.
Компьютер мамандағы керек пе? - деген сұрақ қойдық: Әрине қазіргі таңда компьтер күннен күнге дамып келе жатыр. Заманауи өмірді компьтерсіз елестету мүмкін емес. Сондықтан бұл ең керек мамандықтардың бірі.
Бізге берер ақыл кеңесіңіз: Белсенді болыңдар, қай жерге барсаңдырда, қандай ортада жүрсеңдерде барлық шараларға, жобаларға белсенді түрде қатысып, өздеріңді көрсете біліңдер. Валантерлық қызмет жасап марапаттар алсаңдар өздеріңе көп пайдасы тиеді. Жас кездеріңнен осындай болсаңдар болашақта, оқу бітіргенен кейін жұмысқа кірерде көп көмегі тиеді .
Және де 3 курста практикаға өтуге өздерінің мекемесіне шақырды, бұл біз үшін үлкен мүмкіндік. Біздің осы сұхбаттан алған әсеріміз өте зор.
Сабақ қорытындысы:
Бүгінгі жобамызда студенттеріміз ауданымыздағы кәсіпкерлерді, түлектерді, және т/б қызметтегі адамдар мен кездесіп, өздерінің жоба бойынша сұрақтарына жауаптарын алып ойларын бөлісті. Шарамызды қортындылай келе студенттер өз жобаларынан алған әсерлерін ортаға салып, пікір алмасты және бір-біріне сұрақтар қойып шарамыз өз мақсатына жетті.