Маманды? та?дау – жас?спірім жаста?ы е? ма?ызды шешімдерді? бірі. ?лкен ?мірге енді ?ана ая? бас?ан жас ?ланны? алдында мы?да?ан маманды?тан ?зі?е лайы?ты біреуін та?дау тіндеті т?рады. Кейбір жастар маманды? та?дау ережесін білмегендіктен ?зі ?ызы?пайтын маманды?ты та?дайды. Осыдан ?з маманды?ына ?ана?аттанбаушылы?, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да ???ысы келмейді.
Жеке ?мірге ?адам бас?ан ?рбір жас ?шін маманды? та?дау м?селесі е? ма?ызды кезе? болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Маманды? - ?мір та?дауы »
«Мамандық – өмір таңдауы»
Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу; қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа қарай бағыттау.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, Қазақстанның 20 жылдығының эмблемасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың нақыл сөзі.
Барысы
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті Қазақстанның жарқын болашақтары! Біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы – «Мамандық –өмір таңдауы» , ол пікірсайыс түрінде өтеді.
Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді».Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыздар, бүгін сабақта біздер осы маңызды тақырыптарға тоқталамыз.
Мамандық таңдау – жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіңе лайықты біреуін таңдау тіндеті тұрады. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құғысы келмейді.
Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып табылады.
Психолог мамандардың айтуынша, ке келген жеке тұлға өзі шұғылданғысы келетін мамандықты армандағаннан гөрі алға өмірлік мақсат ретінде қойып жоспар құра білгені жөн. Өз ісінің бүге-шүгесін толық меңгерген кәсіби маман болу үшін икем, қабілет және мінез қажет.
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады.Осы мақсатта біз «Мамандық – өмір таңдауы» пікірсайысымызды бастаймыз.
1.«Менен сұрақ, сенен жауап».
1.Өзінің болашақ мамандығыңды таңдадын ба?
2.Сен ол мамандық туралы не білесің?
3.Сенің мамандық таңдауына кім әсер етті?
4.Неге сен дәл сол мамандықты таңдадың?
5.Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласың ба?
2.«Тізбекті түзе» ойыны.
Қатысушының бірі мамандықты атайды, келесі оқушы аталған сөздің соңғы әрпінен басталатын мамандықты айтады. Мысалы: мұғалім – медбике.
3.«Мен мамандық әлеміндемін».
Психологтар әр мамандыққа қандай құрал жақын екендігін анықтайды, мамандықты сипаттайтын құрал түрі үшеу болуы мүмкін. Бұндай әр түрлі бағалау берілген мамандық үшін қандай еңбек құралы екінші болып саналатындығына байланысты, бізге бір топ ішіндегі мамандықтарды айыруға мүмкіндік береді.
«Адам-табиғат».Кәсіптер: тұқым өсіруші,зоотехник,агроном,кинолог,мал өсіруші шебер және т.б.Бұл ауыл шаруашылығымен, тамақ өнеркәсібімен,медицинамен,ғылыми зерттеулермен байланыстар.
«Адам-техника». Кәсіптер: үңгуші,ағаш шебері,инженер-механик, сәулетші,құрлысшы,радиомеханик,компьютер құраушы және т.б.
«Адам-адам».Кәсіптер: дәрігер,мұғалім,психолог,шаштаразшы,менеджер,экскурсия жетекшісі және т.б.
«Адам-белгілік жүйелер». Кәсіптер: аудармашы,сызушы,инженер, бағдарламашы және т.б.
Әр команда бір мамандықты бейнелейді, келесі топ жасырылған мамандықты табады.
4.«Жағдаяттық сұрақтар».
1.Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2.Ата-анаң саған бір мамандық таңдап берді,бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласын ба?
5.«Бұл кім?» кәсіби бағдар ойыны.
Қазір мен сендерге әртүрлі мамандықтар айтамын, ал сендер секунд ішінде жолдастарыңызға қарап аталған мамандық көбірек кімге үйлесетінін іштей анықтайсыңдар.Сосын не себепті сол адамға таңдағандарыңды және не себепті сол мамандыққа сәйкес келетіндігі туралы өз ойларыңды жеткізесіңдер.