kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Зертханалық ашық алаң

Нажмите, чтобы узнать подробности

ыкенгшлджлорпавапролдждлшгонрепавенгшщзщшгнекаукенгшщзщшлгонрепав

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Зертханалық ашық алаң»




Зертханалық зерттеулер








Мазмұны

1. Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау.................................................................2

3. Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу........................................................................2

2. Нечипоренко әдісімен зәрді жинау...............................................................................4

4. Зимницкий байқауына зәрді жинау..............................................................................5

5. Диастазаға зәрді жинау..................................................................................................6

6. Қантты анықтауға зәрді жинау....................................................................................7

7. Глюкозуриялық қиықты анықтау...............................................................................8

8. Зәрдегі глюкозаны ұзынша- сопақ тестімен анықтау...............................................8

9. Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу......................................................................11

10. Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу..........................................11

11. Жасырынды қанды алуға нәжісті алу....................................................................12

12. Бактериологиялық зерттеуге «Ашық нәжістен» нәжісті қоректі ортасы бар

Петри таяқшасына алу..............................................................................................13

13.Бактериологиялық зерттеуге «Ашық нәжістен» нәжісті шыны түтікке (Пробиркаға) алу..............................................................................................................14

14. Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу............................15

15. Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау.....................................................26

16. А типтік жасушаларға қақырықты жинау.................................................................26

17. Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырықты жинау..............................................................................................................27

18. Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау.....................................................28

19. Жұтқыншақтан жағынды алу.....................................................................................31

20. Мұрын қуысынан жағынды алу.................................................................................32

21.Көктамырдан қанды ИФА – ға (иммуноферментативті зерттеуге, ВИЧ инфекциясына) алу............................................................................................................34

22. Лабораториялық зерттеуге саусақтан қан алу..........................................................35

23. Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу........................................................35

24. Қанды гемокультураға (қандағы микроогранизмдерді анықтау) анықтау ережелері............................................................................................................................38

25.Ұлтабар сөлін зерттеуге алу........................................................................................49

26. Тюбажды жүргізу........................................................................................................52

27. Науқасты дайындау және асқазанды фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүңгілеуді жүргізу..............................................................................................................52







ЖАЛПЫ КЛИНИКАЛЫҚ АНАЛИЗГЕ ЗӘРДІ ЖИНАУ

Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбасын микроскоппен қарап баға беру.

Қолдану көрсеткіштері: науқасты жалпы зерттеу

Әзірле: сиымдылығы 100-200 мл, қақпағы бар, залалсыздандырылған 1 рет қолданылатын контейнерді, зәр қабылдағышты немесе судноны, науқасты жуындыруға арналған құрал - жабдықтарды, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, бөлме №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, медбикенің қолы).

Іс- әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.

2.Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

3.Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда).

4 .Қолыңызды антисептикпен тазартып, қолғапты киіңіз.

5.Жолдамасы жапсырылған банкіні науқасқа беріңіз.

6.Таңертең гигиеналық емшара жүргізу іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз (сыртқы жыныс мүшелерін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз).

7.Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.

8.100-200 мл зәрді контейнерге жинаңыз және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз.

9. Қақпақпен контейнерді жабыңыз

10.Жиналған зәрді 1 сағат ішінде зертханаға апарыңыз.

11.Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады;

- зерттеуге дейін зәрді тек қана тоңазытқышта 1,5 сағаттай сақтайды.


ЗӘРДІ БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ АЛУ

Максаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, науқасты өз бетінше зәрді жинауға үйрету.

Қолдану көрсеткштері: бүйрек аурулары.

Әзірле: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған контейнерді, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Медбикенің іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа зәрді жинау мақсаты мен ережесі туралы хабарлаңыз.

2.Қағаз сүлгіні төсеңіз, оның үстіне қағаз салфеткаларын жайыңыз, зәрге арналған қақпағы бар ыдысты қойыңыз.

3.Науқастан дәрет алу бөлмесіне кіріп, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.

Науқастың іс-әрекет алгоритмі:

4.Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

5.Жыныс мүшесін ұстаңыз, жыныс мүшесінің басын босатыңыз және оны сабындап сумен жуыңыз.

6.Салфетканы қолдана отыра, жыныс мүшесінің басын құрғатыңыз.

7.Салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.

8 . Зәрді жинауға арналған контейнерді алыңыз, қақпақтың ішкі бетіне тигізбей ыдыстың қақпағын ашыңыз, қақпақты қағаз сүлгіге ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.

9. Зәрді жинауға арналған контейнерді зәр шығаратын каналдын тесігіне ұстаңыз.

10. Зәр ағымының алғашқы бөлігін «1», «2» есебінде унитазға жіберіңіз, содан соң зәрді ұстап тұрыңыз.

11.Зәр ағымының ортаңғы бөлігінен 3-5 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда тоқтатыңыз.

12. Контейнердің қақпағын жабыңыз.

13. Контейнерді қағаз сүлгісіне қойыңыз.

14. Киіңыз.

15. 3әрі бар контейнерді мейдбикеге беріңіз.

16.Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

Ескерту:

- бикстегі зәрді жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз;

- жиналған зәрді апарар алдында температурасы 4-60С тоңазытқышқа сақтайды;

- микрофлораға зәрді зерттеу антибиотиктерді, уросептиктерді қабылдамас бұрын және диурез қалыпты су ішу тәртібінде;

НЕЧИПОРЕНКО ӘДІСІМЕН ЗӘРДІ ЖИНАУ

Мақсаты: диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер).

Қолдану көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында).

Әзірле: сыйымдылығы 100-200 мл, қақпағы бар, 1 рет қолданылатын, залалсыздандырылған контейнерді, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, медбикенің қолы).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

2 . Қолыңызды антисептикпен тазартып, қолғапты киіңіз.

3. Науқастың сыртқы жыныс мүшесін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз.

4. Науқас зәрдің бірінші порциясын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.

5. Контейнерге 50 мл мөлшерінде зәрдің ортаңғы бөлігін жинаңыз.

6. Жиналған зәрді зертханаға апарыңыз.

7. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: тәуліктің кезкелген уақытында зәрге зерттеуді жүргізуге болады.


Нечипоренко тәсілі – бұл әдісте зәр тұнбасы микроскоппен қараласып лейкоцит, эритроцит және цилиндр мөлшерлері дұрыстықпен анықталады. Бұл әдіс диагностика үшін үлкен мағына береді, белгісіз жасырынды өтетін нефрит және пиелонефрит формаларын, науқастарды динамикалық бақылау және жүргізілген емнің тиімділігін бағалау.

Формалды элементтердің қалыпты көрсеткштері:

- лейкоциттер – 1 мл-де 2000-ға дейін;

- эритроциттер – 1 мл-де 1000-ға дейін;

- цилиндрлер – жоқ.


ЗИМНИЦКИЙ БАЙҚАУЫНА ЗӘРДІ ЖИНАУ

Мақсаты: диагностикалық: бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу; тәуліктік, күндізгі және түнгі диурездерді анықтау.

Қолдану көрсеткіштері: бүйрек аурулары.

Әзірле:сыйымдылығы 500 мл, қақпағы бар, 1 рет қолданылатын, 8 дана залалсыздандырылған контейнерді, жолдаманы жазып әрбір банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палатасынын №, зерттеу мақсаты,порциянын №, жинау уақыты, айы-күні, медбикенің қолы).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз:

- зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады;

- бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмау керек;

- зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады.

2. Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек.

3. Жеке нөмірленген контейнерлерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз.

№1 порция – сағат 6-дан 9-ға дейін

2 порция – сағат 9-дан 12-ге дейін

№3 порция – сағат 12-ден 15-ке дейін

№4 порция – сағат 15-тен 18-ге дейін

№5 порция – сағат 18-ден 21-ге дейін

№6 порция – сағат 21-ден 24-ке дейін

№7 порция – сағат 0-ден 3-ке дейін

№8 порция – сағат 3-тен 6-ға дейін

4. 24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін медбике науқасты оятып отыруы керек.

5. Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын зертханаға апарыңыз.

Ескерту:

- дайындалған банкаға зәр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртындағы этикеткаға белгіленеді «қосымша зәр порциясы №»;

- порцияның біреуінде зәр болмаса анализге бос контейнер жіберіледі.


Зимницкий байқауы – бұл бүйректің қызметінің функциональды байқауы, мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулік ішінде аныктауға негізделген. Бұл байқау бүйректің қоюлық қызметін анықтайды және оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен азап шеккен адамдарға кеңінен қолданылады.

Әрбір үлестің меншікті салмағын анықтау, меншікті салмағының мөлшер тербелуін және алынған бір үлестегі зәрдің меншікті салмағының ең үлкен мөлшері.

Зәрдің жеке үлесінің мөлшерін салыстырып отыра және әрбір зәрдің жеке үлесі мөлшерінің тербелу диапазонын анықтайды.

Қалыптағы бүйрек кызметіне тән:

- Тәуліктік диурез шамамен 1,5 л болады.

- Барлық 1 тәулікте ішкен сүйықтықтың 60-80% зәрмен бөлінеді.

- Күндізгі диурез түнгі диурезден едәуір артық болуы.

- Бір үлестікке меншікті салмағы 1,020-1,025 төмен болмауы.

- Зәр мөлшері жеке үлесінде және меншікті салмағында бір тәулік ішінде едәуір тербеледі.


ДИАСТАЗАҒА ЗӘРДІ ЖИНАУ

Мақсаты: диастазаның мөлшерін анықтау (ұйқы безі ферменттерін).

Қолдану көрсеткіштері: ұйқы безі аурулары (панкреатит), өт жолдары аурулары.

Әзірле:сыйымдылығы 100-200 мл, қақпағы бар, 1 рет қолданылатын, залалсыздандырылған контейнерді, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімнің қолы).

Іс әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа алда болатын манипуляцияның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Зәрді жинауға ыдыс беріңіз.

2. Таңертең жаңа бөлінген зәрді 100-200 мл контейнерге жинаңыз.

3. Жиналған зәрді жылы түрінде 10 минут ішінде биохимиялық зертханаға апарыңыз.

Ескерту: қалыпты зәрде диастаза азғана мөлшерде 16-64 ЕД болады. Диастаза санының көбейуі ұйқы безінің патологиясы және өт жолдарының ауруын бар екендігін көрсетеді. Бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды.


ҚАНТТЫ АНЫҚТАУҒА ЗӘРДІ ЖИНАУ

Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.

Қолдану көрсеткіштері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.

Әзірле: сыйымдылығы 3лжәне 200 мл таза, құрғақ, мөлшерленген шыны банкілерді, шыны таяқшаны, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, медбикенің қолы), қолғапты.

Іс- әрекет алгоритмі:

1.Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

2.Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы қажет.

3.3 литрлік банкаға бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді флакон көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі қарай).

4.Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).

5.Қолғапты киіңіз.

6.3 литрлік банкідегі бөлінген бір тәуліктің ішіндегі зәрдің жалпы мөлшерін өлшеңіз.

7.3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.

8.100-150 мл зәрді 200 мл банкіге құйыңыз және жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз.

9.Жиналған зәрді клиникалық зертханаға апарыңыз.

10.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

  • қалыптағы зәрде глюкоза іздін түрінде болады,0,02 промильден

жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.

  • физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде

байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар).

  • патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда,Иценко-Кушинг

синдромында, гемохроматозда байқалады.


ГЛЮКОЗУРИЯЛЫҚ ҚИЫҚТЫ АНЫҚТАУ

Мақсаты: қант диабетін анықтау.

Әзірле: сиымдылығы 0,5-1л және 200 мл таза шыны банка, клиникалық зертханаға жолдама.

Іс-әрекет алгоритмі.

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

2. Науқасқа қалыпты су мөлшерін сақтауды, өзіне физикалық күш түсірмеуін және диуретиктерді қабылдамауын ескертіңіз.

3. Науқасқа зәр жинау ыдыстарын дайындауды үйретіңіз;

- сиымдылығы 500 мл, зәр жинау уақыты көрсетілген (08:00-14:00,14:00-22:00,22:00-08:00), 3 қақпағы бар таза шыны банканы;

- сиымдылығы 200мл, зәрді клиникалық зертханаға жеткізуге арналған, қақпағы бар, 3 таза шыны банканы дайындаңыз.

4. Сағат 08.00-де зәрді зерттеуге жинайтын күні науқас қуығын босатады(бұл зәр зерттеуге алынбайды);

- 08.00-ден 14.00-ге дейін науқас қуығын бірінші ыдысқа босатады;

-14.05-тен 22.00-ге дейін –екіншісіне;

-22.05-тен 08.00-ге дейін-үшіншісіне;

3. Әр ыдыстағы зәр көлемін өлшеп,нәтижесін жолдама бланкасына жазыңыз.

4. Әрбір үлкен ыдыстағы зәрді араластырып,әрқайсысынан кіші ыдысқа 200мл зәрді бөліп құйыңыз (стационар жағдайында зәр зертханаға үлкен ыдыстармен де жеткізіле береді).

5. Зертханаға ыдыстарды қақпағымен тығыз жабылған күйінде жолдамамен бірге жеткізіңіз.

Ескерту:

Зәр көлемін анықтауға,оны араластыруға,басқа ыдысқа құюға байланысты манипуляцияларды инфекциялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып орындау керек. Пайдаланған бос ыдыстар және таяқшалар дезинфекциялануы тиіс.

ЗӘРДЕГІ ГЛЮКОЗАНЫ ҰЗЫНША-СОПАҚ ТЕСТІМЕН АНЫҚТАУ

Мақсаты: зәрдегі глюкозаны анықтау.

Қолдану көрсеткіштері: қант диабетінде.

Әзірле: зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивімен, залалсыздандырылған резеңке қолғапты.

Іс -әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа манипуляция барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

2. Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.

3. Резеңке қолғапты киіңіз.

4. Жаңа бөлінген зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.

5. Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз.

6. Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.

7. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

  • қалыпты нәтижеде – реакция кері, зәрде глюкоза деңгейі төмен, оң болған нәтижеде – зәрде глюкоза анықталады (глюкозурия).
























Тест тапсырмалары

Сіздің назарларыңызға дұрыс және дұрыс емес қатарлар ұсынылды. Егер келіссеңіз кезекті нөмердің тұсына «+» белгілесін, ал келіспесеңіз «-» белгісін қойыңыз.

Мысалы: -++++-+-+++

1. Зимницкий сынамағына қарсы көрсеткіштер жоқ.

2. Алынған зерттеу қорытындыларын медбике дәрігер бөлмесіндегі үстеліне апарып қояды.

3. Нечипоренко бойынша зәрді зерттеу клиникалық зертханаға жіберіледі.

4. Зәрді қантқа алғанда емделуші 100 – 150 мл зәрді таза, құрғақ флакоға жинау керек.

5. 2 күн бұрын Нечипоренко бойынша зәрді жинағанда оны айдайтын препараттарды белгілейді.

6. Ацетон және кетон тұлғаларына зәрді жинау үшін залалсыздандырылған ыдыс қажет.

7. Зимницкий сынағы бойынша науқас зәрді флаконға 3 сағат сайын тәулік бойы жинайды.

8. Тәулік диурез жайлы мағлұматтар температуралық қағазға жазылады.

9. Бактериологиялық зерттеуге зәрдің ортанғы бөлігі алынады.

10. Зәрді сақтау үшін консервант ретінде формальдегид тимол хлораформ қолданылады.

11. Нечипоренко бойынша бойынша зәр жинау кезінде медбике науқасты дәрет сындыру үшін таңертенгі сағат 5:00 де ояту керек.













КОПРОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ НӘЖІСТІ АЛУ

Мақсаты: нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық құрамын зерттеу, ас-қорыту жолдарының функциональді жағдайын зерттеу.

Қолдану көрсеткіштері: ас-қорыту мүшелерінің аурулары.

Әзірле: таза құрғақ 20-50 мл кең мойынды (дәрінің флакондарын) шыны ыдысты, судноны, шыны қалақшаны, жолдаманы жазып ыдысқа жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), резеңке қолғапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зерттеу алдында науқасқа манипуляцияның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

2 . 3 күн зерттеуге дейін темірі бар (ет, балық, көқөністің барлық түрлері) тағам заттары шығарылады деп науқасқа мәлімет беріңіз. Нәжістің сыртқы көрінісін өзгертетін және ішектің жиырылып кеңуін күшейтетін дәрі-дәрмектерді беру тоқтатылады. 4-ші күні нәжіс зерттеуге алынады.

2. Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу күні таңертең нәжіс зерттеуге алынады.

5. Зерттеуге нәжісті жинау іс-әрекеттін науқасқа үйретіңіз:

- нәжісті жинар алдында науқас қолғапты киюі қажет;

- ішекті сусыз судноға босатқан соң, науқас қалақшамен нәжістің әрбір жерінен 5-10г нәжісті алады және даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабыңыз.

6. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

7. Ыдысты нәжіспен және жолдамамен клиникалық лабораторияға апарыңыз.

Ескерту:

- клизма жасағаннан кейін, суппозиторийді және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.

ІШ ҚҰРТЫНЫҢ ЖҰМЫРТҚАСЫН АНЫҚТАУҒА НӘЖІСТІ АЛУ

Мақсаты: нәжістегі іш құртының жұмыртқасын табу.

Қолдану көрсеткіштері: гельминтоздар түрлерін және ішек құртын анықтау.

Әзірле: 20-50 мл арнайы контейнерді, судноны, жолдаманы жазып, контейнердің сыртына желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, медбикенің қолы).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

2 . Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу болар алдында дайындықсыз таңертең нәжісті жинауды.

3. Нәжіс жинау іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз:

- науқас нәжіс жинар алдында қолғапты киюі қажет;

- үлкен дәретке сусыз судноға отырған соң, нәжістің әртүрлі үш жерінен 30-50 г нәжісті қалақшамен алып, контейнерге салып, қақпағын жабады.

4. Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып және құрғатуы қажет.

5. Ыдыстың ішіндегі нәжісті жылы түрінде клиникалық лабораторияға апарыңыз (30 минут) кешіктермей.

Ескерту:

- құртқа қарсы дәрілерді қабылдаған күндері емді бақылау үшін зерттеуге нәжістің барлық үлесін жинайды.

- нәжістегі іш құртының 3 рет зерттейді.


ЖАСЫРЫНДЫ ҚАНДЫ АНЫҚТАУҒА НӘЖІСТІ АЛУ

Мақсаты: ас қорыту жолдарынан жасырынды қан ағуды айқындау.

Қолдану көрсеткіштері: асқазан-ішек жолдарындагы ойық жара, қабыну және қатерлі ісік процестері.

Әзірле:20-50 мл арнайы контейнерді, жолдаманы жазып, контейнердің сыртына желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, медбикенің қолы).

Іс-әрекет алгоритмі:

1 . Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз. Алда болатын анализге дейін науқас 3 күн бойы арнайы диетада болуы қажет. (рационынан ет, балық, көкөністің барлық түрлері, граната, қызанақ, жұмыртқа, қызылша, құрамында темір, магний, висмут, йод, бром бар дәрілік заттар, сол сияқты карболен шығарылады).

2. Науқасқа түсіндіріңіз, нәжіс зерттейтін күңі таңертең алынады.

3. Науқастан немесе жанұя мүшелерінен біліңіз, басқа да қан кету көзі болмағанын анықтаңыз (тістің қызыл етінен қан кетуін, қан қақыру, тік ішек айналуы, етек кір), болған жағдайда жалған оң нәтиже береді.

4. Егерде жауап дұрыс болса нұсқау беріңіз, нәжіске қанның түспеуін болдырмайтын:

- 3 күн бойы тісін щеткамен тазалауға болмайды;

- егер науқастың мұрынынан немесе геморройынан қан кету болса, онда зерттеу жүргізілмейді.

5. Науқасқа нәжісті жинау іс-әрекетін түсіндіріңіз.

6. Нәжіс жинау алдында резеңке қолгап киіңіз.

7. Науқасқа түсіндіріңіз, ішті босату унитазда емес, сусыз дәрет ыдысында (суднода) болу керек.

8. Үлкен дәретке отырған соң 5-10 г нәжісті алып, даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабыңыз (тығынмен).

9. Ыдысты ішіндегі нәжіспен лабораторияға жіберіңіз.

10. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

11. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ «АШЫҚ НӘЖІСТЕН» НӘЖІСТІ ҚОРЕКТІ ОРТАСЫ БАР ПЕТРИ ТАБАҚШАСЫНА АЛУ

Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесценттерді) зерттеу.

Қолдану көрсеткіштері: ішектің микрофлорасын анықтау, жедел ішек жұқпалы аурулары.

Әзірле: қоректі ортасы бар Петри табақшасын, залалсыздандырылған пробиркадан залалды өзекті, судноны, резеңке қолғапты, масканы, форма бойынша жазылған жолдаманы, стеклографты, биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1 . Науқасқа манипуляцияның барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, манипуляцияға келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды антисептикпен тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

4. Жолдама нөмеріне сәйкес нөмерді қоректі ортасы бар Петри табақшасына стеклографпен жазыңыз.

5. Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.

6. Оң қолыңызбен пробиркадан тік ішектік ілгекті алыңыз.

7. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әртүрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).

8. Перти табақшасының қақпағын жартылай ашыңыз.

9. Петри табақшысының қоректі ортасының бетіне нәжісті келесі реттілікпен егіңіз: тік ішектік ілгекпен алынған нәжісті көректі ортаның бетіне бір қалыпты жағып үйкеңіз (ептеп, көректі ортаны тырнамай) 1,5-2 см көлемді «тегістік жерге» жасап.

10. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «тегістікке» көректі ортаның барлық бетіне жиі қатар-қатар жіңішке сызықтармен егіңіз, тік ішектік ілгекті мезгіл-мезгіл өз-өзіне айналдыра бұрыңыз, Петри табақшасының қақпағын жабыңыз.

11. Петри табақшасын өсіндімен бірге 370С температурасындағы термостатқа немесе бикске паралонмен тығыздап салыңыз.

12. Биксті «кілтке» жабыңыз.

13. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

14. Бикстегі алынған материалды жолдамасы мен бірге бактериологиялық лабораторияларға апарыңыз.

Ескерту:

- нәжісті жинау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектік ілгектің көмегімен;

- өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабыршықтарды алады;

- материалды лабораторияға апарғанға дейін тоңазытқышта t4-60С сақтайды;

- антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.

БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТЕУГЕ «АШЫҚ НӘЖІСТЕН»

НӘЖІСТІ ШЫНЫ ТҮТІККЕ (ПРОБИРКАҒА) АЛУ

Мақсаты: диагностикалық жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтардағы адамдарды (реконвалесцентті) зерттеу.

Қолдану көрсеткіштері: ішектің микрофлорасын зерттеу, өткір ішек жұқпалы аурулары.

Әзірле: залалсыздандырылған шыны түтікті, мақта-дәке тампондарымен тығыз жабуға материал алу үшін өзекке монтаж жасалған, дәрет ыдысын (судноны) немесе горшокты, қолғапты, масканы, форма бойынша жазылган жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандашты), штативті, тасмалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, манипуляцияны жасауға келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды антисептикпен тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.

5. Шыны түтікті штативке орнатыңыз.

6. Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.

7. Оң қолымен тік ішектік ілгекті шыны түтіктен алыңыз (шыны түтікті тығыз жабқан мақта-дәке тампонын тек қана сыртқы жағынан ұстаңыз).

8. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әр түрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).

9.Тік ішектік ілгекті нәжісімен залалсыздандырылған шыны түтік шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай салып, соның ішінде қалдырыңыз. Шыны түтікті тығынымен тығыз жабыңыз.

10. Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.

11. Шыны түтікті штативке, штативті поролонмен тығыздатып бикске қойыңыз.

12. Биксті «кілтке» жабыңыз.

13. Қолғапты, масканы шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

14. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық зертханаға жеткізіңіз.

Ескерту:

- нәжісті жинау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектен ілгектің көмегімен;

- өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабықты алады;

- материал зертханаға жеткізгенше тоназытқышта t-4-60С сақталуы қажет;

- антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.


БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ

ТІКЕЛЕЙ ТІК ІШЕКТЕН НӘЖІСТІ АЛУ

Мақсаты: диагностикалық жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесцентті) тексеру.

Қолдану көрсеткіштері: ішектің микрофлорасын зерттеу, жедел ішек инфекциялары.

Әзірле: залалсыздандырылған мақта-дәке тампонымен тығыз жабылған шыны түтікті, мақта тампоны бұрап оралған құрғақ өзекті, қолғапты, дем пердесін, форма бойынша жазылган жолдаманы, клеенканы, стеклографты, штативті тасымалдауға арналған биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға рұқсат алыңыз.

2. Қолыңызды антисептикпен тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.

5. Шыны түтікті штативке орнатыңыз.

6 . Науқасты сол жақ қырына аяғын тізесінен жартылай бүгіп жатқызыңыз.

7. Оң қолмен өзек шыны түтіктен шығарып алыңыз.

8. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен ептеп анал тесігіне айналмалы қозғалыспен өзекті енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқаға қатарластыра өзекті 8-10 см тереңдікке жылжытып енгізіңіз.

9. Тік ішектің ішкі қабырғасынан (өнезінен) материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен алып, сосын абайлап өзекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз.

10. Шыны түтіктің шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай өзекті нәжіспен шыны түтікке салып, ішінде қалдырыңыз.

11. Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.

12. Шыны түтікті штативке, штативті бикске қойып, поролонмен тығыздаңыз.

13. Биксті «кілтке» жабыңыз.

14. Қолғапты, дем пердесін шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

15. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз.

Ескерту: материалды жеткізгенше t-4-60С тоназытқышта сақталуы қажет.

Тақырып: Зертханалық зерттеулерге материал алу

І нұсқа

1.Нечипоренко әдісінің қолдану көрсеткіштері?

  1. ұйқы без ауруларында

  2. ас қорыту мүшелерінің ауруларында

  3. бүйрек ауруларында

  4. асқазан ішек жолдарындағы ойық жараларында

  5. жедел ішек жұқпалы аурулары

2.Зимницкий байқауында зәрді жинау кезеңдері

  1. 24 сағ-н таңғы 3-ке дейін

  2. 24сағ-н таңғы 6-ға дейін

  3. 24 сағ-н таңғы 9-ға дейін

  4. 24 сағ-н таңғы 10-ға дейін

  5. 24 сағ-н таңғы 11-ге дейін

3.Тәулік диурез-

  1. 1,5л

  2. 0,5л

  3. 2,5л

4.Ішек құрттарын зерттеу саны?

  1. 1

  2. 4

  3. 2

  4. 6

  5. 3

5.Нечипоренко әдісінде лейкоциттердің саны

  1. 1мил-де 1000-ға дейін

  2. 1мил-де 3500-ге дейін

  3. 1мил-де 4000-ға дейін

  4. 1мил-де 4500-ге дейін

  5. 1мил-де 2500-ге дейін

6. Диастазаны зәрде анықтайтын лаборатория?

  1. клиникалық

  2. бактериологиялық

  3. цитологиялық

  4. биохимиялық

  5. копрологиялық

7. Нәжісті копрологиялық зерттеудің мақсаты

  1. жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын

  2. диастазаның мөлшерін анықтау

  3. жасырын қан кетуді анықтау

  4. зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау

  5. ас қорыту жолдарының функциональды жағдайын зерттеу

8. Нәжісті жасырынды қанды анықтау үшін дайындық?

  1. таңертен аш қарында

  2. кешке клизмадан кейін

  3. таңертен клизмадан кейін

  4. дайындық қажет емес

  5. арнайлы дайындық қажет

9. Глюкозурия әдісімен жинау ережесі?

  1. тәулік бойынша

  2. 2күн ішінде

  3. 3сағ аралығанда

  4. 7сағ аралығында

  5. 1күн ішінде

10. Қалыпты зәрде диастаза мөлшері

  1. 14-74ЕД

  2. 16-54ЕД

  3. 16-64ЕД

  4. 15-64ЕД

  5. 14-64ЕД

11. Жалпы клиникалық анализге жиналған зәрді қанша сағат ішінде зертханаға апару керек?

  1. 2сағ

  2. 4сағ

  3. 1сағ

  4. 3сағ

  5. 6сағ

12. Зимницкий байқауына зәрді жинаудағы қолдану көрсеткіштері

  1. жедел ішек жұқпалы аурулары

  2. қабыну және қатерлі ісік процестері

  3. бүйрек аурулары

  4. ас қорыту мүшелерінің аурулары

  5. қант диабеті

13. Нәжістегі іш құрттарын қанша рет зерттейді?

  1. 3рет

  2. 4рет

  3. 2рет

  4. 1рет

  5. 6рет

14. Науқастың нәжісін неше күн жасырын қанға тексереді?

  1. 7күн

  2. 1күн

  3. 6күн

  4. 2күн

  5. 3күн

15. Зәрдегі глюкозаның ұзынша-сопақ тестімен анықтаудың мақсаты

  1. ас қорыту мүшелерінің аурулары

  2. бүйрек ауруларын анықтау

  3. қант диабеті

  4. зәрдегі глюкозаны анықтау

  5. қатерлі ісік процестері
















Тақырып: Зертханалық зерттеулерге материал алу

ІІ нұсқа

1. Бактериологиялық тексеруден нәжісті залалсыздандырылған шыбықпен алады

  1. сигма тәрізді ішектен

  2. тоқ ішектен

  3. зәрден

  4. нәжістен

  5. тік ішектен

2. Жалпы клиникалық анализге зәрді жиналудың қолдану көрсеткіштері

  1. ішек құртын анықтау

  2. өткір ішек жұқпалы аурулары

  3. науқасты жалпы зерттеу

  4. ішек микрофлорасын зерттеу

  5. қан диабеті

3. Қантты анықтауға зәрді жинау мақсаты

  1. зәрдегі глюкозаны анықтау

  2. жалпы анализ

  3. зәрің құрамында бактериаларды анықтау

  4. ішек құртын анықтау

  5. зәрдегі диастазаның мөлшерін анықтау

4. Нәжіс гельминттер жұмыртқасын тексеретін зертхана

  1. актериологиялық

  2. серологиялық

  3. биохимиялық

  4. клиникалық

  5. цитологиялық

5. Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау үшін зерттеуге қанша мл зәр алынады?

  1. 100-150мл

  2. 50-80мл

  3. 100-200мл

  4. 100-130мл

  5. 50мл

6. Нечипоренко әдісімпен зәрді жинаудың мақсаты қандай?

  1. диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер)

  2. бүйректің концентрациялық анықтау

  3. диастазаның мөлшерін анықтау

  4. қоздырғыштарын анықтау

  5. зәрдегі глюкозаны анықтау

7. Барлық 1 тәулікте ішкен сұйықтықтың қанша %-ті зәрмен бөлінеді?

  1. 30-40

  2. 50-80

  3. 60-80

  4. 60-85

  5. 30-50

8. Зимницкий байқауында анықтайды:

  1. тығыздығын және көлемін

  2. глюкозаның мөлшерін

  3. диастазаның мөлшерін

  4. жалпы анализ

  5. бактериологияның мөлшері

9. Зимницкий байқауында зәрді жинағанда шынының саны

  1. 8-10

  2. 7-10

  3. 3-10

  4. 6-10

  5. 5-10

10. Диастазаға зәрді жинау көрсеткіші

  1. өт аурулары

  2. бүйрек аурулары

  3. жүрек аурулары

  4. тыныс алу аурулары

  5. барлық жауаптар дұрыс

11. Зәрде қанның көбеюін қалай атаймыз?

  1. глюкозурия

  2. полиурия

  3. олигоурия

  4. уремия

  5. дизурия

12. Диастазаға зәрді жинаудың мағынасы

  1. ұйқы безі және өт жолдарының аурулары

  2. созылмалы гастрит

  3. асқазан ойық жарасында

  4. бүйрек ауруларында

  5. тыныс алу ауруларында

13. Нәжіс гельминттер жұмыртқасын тексеретін мағынасы

a)ұйқы безі және өт жолдарының аурулары

b)созылмалы гастрит

c)асқазан ойық жарасында

d)бүйрек ауруларында

e)тыныс алу ауруларында

14. Қарапайым ішек құрттарға тексеруге нәжісті зертханаға қанша уақыт аралығанда жібереді?

  1. жылыдай

  2. 1 сағ ішінде

  3. 24 сағ кем емес

  4. 10-12 сағ ішінде

  5. 2 сағ ішінде

15. Зәрдегі қанттың мөлшерін жинауға арналған зертханалық ыдыс

  1. лоток

  2. құрғақ таза ыдыс көлемі 200мл

  3. пеницилиннен босаған таза, құрғақ флакон

  4. сыйымдылығы 3л және 200мл таза, құрғақ ыдыс

  5. мойыны кең залалсыздандырылған қақпағы бар шыны ыдыс


Тақырып: Зертханалық зерттеулерге материал алу

ІІІ нұсқа

1. Копрологиялық зерттеуге нәжісті алудың мақсаты

  1. нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық құрамын зерттеу

  2. іш құрттарын анықтау үшін

  3. тәуліктік, күндізгі және түнгі диурездерді анықтау

  4. аурудың қоздырғышын анықтау, дәрілік сезімталдықты анықтау, науқасты өз бетінше жинауға үйрету

  5. ас қорыту жолдарынан жасырынды қан ағуды анықтау

2. Қандай әдісте сыйымдылығы 200мл кең мойынды 8 таза, құрғақ банкіні дайындаймыз?

  1. қантты анықтауға

  2. диастазаны анықтауға

  3. бактериологиялық зерттеуге

  4. Зимницкий байқауына

  5. Нечипоренко әдісіне

3. Жиналған зәрді апарар алдында қандай t-да тоңазытқышта сақтайды?

  1. 4-6°C

  2. 4-8°C

  3. 2-4°C

  4. 2-6°C

  5. 6-10°C

4. Нечипоренко тәсілінде зәрді жинайды

  1. белгілі уақытта

  2. таңертен 6-да

  3. түнде

  4. күндіз

  5. тәуліктің кез келген уақытында

5.Зимницкий байқауында зерттеуді жүргізу алдында қандай препараттарды қабылдау тоқтатылады?

  1. спазмолитиктер

  2. өт айдайтын дәрілер

  3. ас қорыту мүшелерінің ауруындағы дәрі-дәрмектер

  4. зәр айдайтын препараттар

  5. таблеткаларды

6.Егерде табиғи жолмен зәр жиналмаса

  1. дәрігердің тағайындалуы бойынша дәрілер қабылдау

  2. дәрігерге қаралу

  3. дәрігердің тағайындалуы бойынша қуыққа катетрлеу жүргізу

  4. ем қабылдау

  5. барлық жауап дұрыс

7. Нечипоренко әдісімен зәр жинаудағы мақсаты

  1. бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу

  2. күндізгі және түнгі диурезді анықтау

  3. тәуліктік диурезді анықтау

  4. жасушалық элементтердің санын анықтау

  5. зәрдің физикалық қасиетін анықтау

8. Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу, қолдану көрсеткіштері

  1. науқасты жалпы зерттеу

  2. нәжістегі іш құртының жұмыртқасын табу

  3. ішектің микрофлорасын анықтау

  4. жедел ішек инфекциялары

  5. барлық жауап дұрыс

9.Зәрді диастазаға жинаудың мақсаты қалай?

  1. диастазаның мөлшерін анықтау

  2. жасушалық элементтердің санын анықтау

  3. зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбалы микроскоппен қарап баға беру

  4. зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау

  5. бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеуі

10. Жалпы клиникалық анализге зәрді жинаудың қолдану көрсеткіштері

  1. өткір ішек құрттарын анықтау

  2. ішек микрофлорасын анықтау

  3. қант диабеті

  4. ішек құртын анықтау

  5. жалпы зерттеу

11. Копрологиялық зерттеуге нәжісті алудың қолдану көрсеткіштері

  1. бүйрек ауруында

  2. асқазан ішек ойық жараларында

  3. қатерлі ісіктерде

  4. асқорытк мүшелерінің аурулары

  5. ішектің микрофлорасын анықтау

12.Жалпы клиникалық зәрді жинауға қанша мл шыны банкі

  1. 35-50мл

  2. 100-200мл

  3. 20-30мл

  4. 30-50

13. Нәжісті бактериологиялық зерттеудің мақсаты

  1. нәжістегі гельминттің жұмыртқаларын анықтау

  2. инфекцияның қоздырғыштарын анықтау

  3. қарапайым вегетативті формаларын анықтау

  4. жасырын қан кетуді анықтау

  5. барлық жауап дұрыс

14. Зимницкий байқауындазәрді жинаудың қолдану көрсеткіші

  1. ішектің микрофлорасын зерттеу

  2. ұйқы без аурулары

  3. қант диабеті, инсулин дозасын анықтау

  4. бүйрек аурулары

  5. өткір ішек жұпалы аурулары

15.Зәрді Нечипоренко әдісімен жинауға арналған ыдыс

  1. 50-100мл кең мойынды таза, құрғақ шышы банкі

  2. лоток

  3. сыйымдылығы 100-200мл кең мойынды таза құрғақ ыдыс

  4. сыйымдылығы 3л және 200мл таза құрғақ шыны банкі

  5. сыйымдылығы 500мл кең мойынды 8 таза шыны ыдыс



ЖАЛПЫ КЛИНИКАЛЫҚ АНАЛИЗГЕ ҚАҚЫРЫҚТЫ ЖИНАУ

Мақсаты: қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.

Қолдану көрсеткіштері: тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары.

Әзірле:таза құрғақ, кең ауызды 50-100 мл ашық шыныдан жасалған банкіні, банкінің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палатасының №, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні), 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі қайнатылған су температурасы 370С.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп, оның рұқсатын алыңыз.

2. Қақырық таңертең (ашқарынға) ерте асқа дейін алынады.

3. Науқастан сұраңыз:

- таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды;

- қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды;

- тік тұруды немесе тік отыруды;

- қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында банкіні ұстауды; оған жанаспай, терең дем алуды және дем шығаруды жасап, сосын жөтелуді; қақырықты 3-5 мл мөлшерде банкіге жинаңыз;

- қақырығы бар банкіні қақпақпен жабыңыз.

4. Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде зертханаға жіберіңіз.

Ескерту:

- егерде жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-нан аз болса, онда қақырықты жинау процедурасын қайталау қажет;

- қақырынған кездегі қақырық емес, тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана зерттеуге жатады екенін науқасқа ескерту қажет.

АТИПТІК ЖАСУШАЛАРҒА ҚАҚЫРЫҚТЫ ЖИНАУ

Мақсаты: қақырықтағы қатерлі ісік жасушаларын анықтау.

Қолдану көрсеткіштері: қатерлі ісік ауруларына күдік болған жағдайда.

Әзірле: таза құрғақ Петри табақшасын , сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палата нөмірі, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні).


Іс-әрекет алгоритмі:

1 . Науқасқа қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы мәліметті айтып, оның рұқсатын алыңыз.

2. Қақырық таңертең ашқарында жиналады.

3. Науқастан сұраңыз:

- таңертең, қақырықты 2 сағаттай жинамас бұрын тісін тазалауды;

- ауыз қуысы мен жұтқыншақты қайнатылған сумен қақырық жинар алдында шаюды;

- тік тұруын немесе тік отыруын;

- қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында Петри табақшасын ұстауды;

- бірінші рет терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді.

4. Жаңа бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты Петри табақшасына жинап, оны қақпақпен жабыңыз.

5. Жиналған қақырықты қарап бір сағаттан кешіктірмей оны зертханаға жіберіңіз, себебі атиптік жасушалар жылдам бұзылады.

АУРУХАНА ЖАҒДАЙЫНДА БАКТЕРИОСКОПИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ҮШІН ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАҚЫРЫҚ ЖИНАУ

Мақсаты: туберкулез микобактериясын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету.

Қолдану көрсеткіштері: тыныс алу мүшелерінің аурулары.

Әзірле: көп рет немесе бір рет қолданылатын 3 түкіргішті немесе тығыз бұрандалы қақпағы бар контейнерлерді, жолдаманы жазып контейнерге желімдеңіз (науқастың аты жөні, туған жылы, жиналған күні, науқастың теңестіру номерін, жолдама Ф-ТБ-05).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.

2. Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс.

3. Масканы, клеенкалы алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.

4. Таңертең ертең таңғы асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз. Науқасқа ашық түкіргішті немесе контейнерді беріңіз.

5 . Науқасты тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз.

6. Наукастың артынан тұрып, аузына түкіргішті немесе контейнерді жақындатуын сұраңыз.

7. Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшерінде қақырықты түкіргіштің немесе контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз.

8. Түкіргішті (контейнерді) қақпағымен жабыңыз.

9. Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз.

10. Таңертеңгі жиналған қақырықты лабораторияға 1 тәулік ішінде жіберіңіз.

11. Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін ресмилеңіз.

Ескерту:

- емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жоғарыда жазылған ережеге сәйкес жинайды;

- ауруханадан тыс жағдайда қақырықты жинау ерекшелігі, қақырық 2 рет алынады:

- қақырықтың I байқауы – науқас емханаға таңертең қаралғанда медициналық қызметкерінің бақылауымен жинастырады;

- қақырықтың II байқауы – келесі күні таңертең үйде жиналып, лабораторияға апарылады;

- қақырықтың III байқауы – сол күні емханада медициналық қызметкерінің бақылауымен наукастың қақырығын жинайды (2-3 байқау үлестері бір күнде);

- қақырықты жинау міндетті түрде медициналық қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі;

- көп рет пайдаланатын түкіргіштер немесе контейнерлер зарарсыздандырылуға және залалсыздандырылуға тиісті;

- бір рет қолданылатын түкіргіш пайдаланып болғаннан кейін жойылуға тиіс.

БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ҚАҚЫРЫҚТЫ ЖИНАУ

Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғыштарын анықтау.

Қолдану көрсеткіштері: туберкулез және басқа да жұқпалы аурулар.

Әзірле: залалсыздандырылған құрғақ түкіргішті немесе тығыз жабылатын қақпағы бар таза, құрғақ, кең мойынды банканы, биксті, шыны аяқ қайнатылған сумен (суытылған), салфеткаларды, жолдама бланкасын, қаламсапты, стеклографты, қолғапты, бет пердесін, зарасыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қақырық зерттеу күні таңертең ашқарында жиналады.

2. Түкіргішті немесе банканы нөмірлеңіз.

3. Бактериологиялық зертханаға жолдаманы толтырыңыз.

4. Қолыңызды анестетикпен өңдеңіз. Қолғапты және бет пердені киіңіз.

5. Науқаспен сенімді қатнас орналастырып, манипуляцияның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

6. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.

7. Науқасқа қақырғандағы қақырық емес, терең жөтелгендегі қақырық жиналуы тиісті, қолымен немесе аузымен ыдыстың шетіне тимеуін ескертіңіз.

8. Науқастан сұраңыз:

- таңертең, қақырықты 2 сағаттай жыйнамас бұрын тісін тазалауды;

- ауыз қуысы мен жұтқыншағын қайнатылып суытылған сумен шаюды;

- тік тұруын немесе тік отыруын;

- түкіргіштің қақпағын ашуды;

- аузын матамен немесе орамалмен жауып тұрып, 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып тұрып, қатты жөтеліп қақырықты өкпенің терең бөліктерінен түкіргішке шығаруын;

- науқас қақырық жинайтын түкіргішті төменгі еріннін тұсында ұстап, түкіргіштің немесе банканың шетіне тигізбей қақыруы тиістігін.

9. Түкіргішті немесе банканы қақпақпен жабыңыз.

10. Түкіргіштің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған салфеткамен сүртіңіз.

11. Жиналған қақырықты қарап, түкіргішті темірлі бикске орналастырыңыз.

12. Бактериологиялық зертханаға қақырықты апарыңыз.

13. Бет пердесін, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

14. Қолды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- қақырық бөлу қиындаған жағдайда оны қақырық бөлетін дәрі-дәрмектерді тағайындалғаннан кейін жинайды;

- антибиотиктерді тағайындамай тұрып, қақырықты жинау қажет.

Сөзжұмбақ.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ







 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


А




 

 

 

 

 

 











Қ







 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Ы



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Р


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 









Ы


 

 

 

 

 














Қ

 

 

 

 

 

 



Сұрақтары:

  1. Антибиотиктерді тағайындамай тұрып нені жинау алдымен?

  2. Клиникалық анализге жиналған қақырықты қанша сағат ішінде зертханаға жібереміз?

  3. Қақырық негізінен қай уақытта алынады?

  4. Көбіне ірің қақырық болып кездеседі , түсі көпірген мөлдір сұйықтық іріңді ауруларға тән.

  5. Жаңа бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшердеріндегі қақырықты қайда жинаймыз?

  6. Тынысалу мүшелерінің және жүрек қан тамырлар жүйелері жалпы қақырық қандай анализ түріне жатады?

  7. Бактерологиялық зерттеуде қақырықты жинаудың көрсеткіші.

ЖҰТҚЫНШАҚТАН ЖАҒЫНДЫ АЛУ

Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтау.

Қолдану көрсеткіштері: жұтқыншақ микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерия).

Әзірле: дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларды штаттивімен; материал алу үшін құрғақ мақта тампондары, темір өзегі бар таяқшаға бұралып жасалған крафт пакетінде залалсыздандырылған шпательді; пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті; пробиркаларды белгілеу үшін стеклографты, жолдама бланкісін, қолғапты, бет пердені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жасалатын манипуляцияның барысы мен мақсатын түсіндіріп, оны жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

2. Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз.

3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмерді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «жұтқыншақ-1», пробирканы штативке орнатыңыз.

4 . Қолыңызды анестетикпен өңдеңіз. Бет перде мен қолғапты киіңіз.

5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.

6. Науқасқа қарама- қарсы отырыңыз.

7. Сол қолдың IV және V саусақ арасына, тампоны бар залалсыздандырылған пробирканы, шпательді басқа үш саусағымен ұстаңыз.

8. Науқастың аузын кең ашуын сұрап, шпательді аузына енгізіңіз.

9. Тілдің түбірін төмен және алға қарай шпательмен басып, тілді қимылдатпай ұстап тұрыңыз.

10. Пробиркадан залалсыздандырылған тампон оралған темір өзекті оң қолмен тығынынан ұстап шығарып алыңыз.

11. Тампонды тілдің, тісктік, ұрттың, жұмсақ таңдайдың шырышты қабығына ауыз қуысына енгізіңіз.

12. Жеңіл айналмалы қозғалыспен жұтқыншақтың артқы бетінен 2-3 рет тампомен жүргізіңіз.

13. Тампонмен таңдай тіл доғасынан, көмекей бездерінен төмендегідей реттілікпен жағынды алыңыз: оң жақ таңдай доғасы, оң жақ көмекей безі, тілшік, сол жақ таңдай доғасы, сол жақ көмекей безі, жұтқыншақтың артқы бетінен шырышты алыңыз.

14. Шпательді ауыз қуысынан шығарып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

15. Тампонды ауыздың тілдің тістің шырышты қабығына тигізбей ауыз қуысынан шығарыңыз және оны пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай пробиркаға енгізіңіз де аузын тығыз жабыңыз.

16. Штативті пробиркасымен бикске орналастырып, биксті «кілтке» жабыңыз.

17. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

19. Зерттеуге алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз немесе 370С термостатқа бактериологиялық зертханаға жөнелтпес бұрын орналастырыңыз.

Ескерту:

- жұтқыншақтан жағынды таңертен, аш қарында немесе тамақ ішкеннен кейін, су ішкеннен кейін, тамақ шайқағаннан кейін 2 сағаттан соң (дәрілік препараттар қабылдаудың алдында) алынады;

- бактериологиялық зертеудің нәтижесі 5-7 күннен кейін дайын болады, егер науқас дұрыс дайындалса және жағынды дұрыс алынса;

- егерде жергілікті өзгерулер айқын белгілі болса зертеуге материалды қабынған жер ошағынан және басқа да жерлерден екі тампонмен алынады.

МҰРЫН ҚУЫСЫНАН ЖАҒЫНДЫ АЛУ

Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау.

Қолдану көрсеткштері: мұрын микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік

Әзірле: штативті мақта-дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларымен, материал алу үшін құрғақ мақта тампондары бұралып жасалған темір өзегі бар таяқшаны, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді, пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті, штативті, стеклографты, жолдама бланкісін, резеңке қолғапты, масканы, вазелин майын, турундаларды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа манипуляцияның барысы мен мақсатын түсіндіріп, жүргізу үшін манипуляцияның науқастың келісімін алыңыз.

2. Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз.

3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «Мүрын-2» , пробирканы штативке орнатыңыз.

4 . Қолыңызды анестетикпен өңдеңіз. Маскамен, қолғапты киіңіз.

5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.

6. Науқасқа қарама-қарсы отырыңыз.

7. Науқастың мұрын қуысын қарап, оның таза екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

8. Мұрын қуысының алдыңғы бөлігін тазартып алыңыз (науқастың мұрнын сіңбіруін сұраңыз), вазелин майымен оларды жібітіп алып мұрын ішіндегі қабыршақтарды тазалап алыңыз. Содан кейін құрғақ мақта турундасымен тазартыңыз.

9. Беті жабық «Мүрын-2» деген пробирканы сол қолдың III-IV-V саусақтары астына алыңыз, ал оң қолмен тығынынан ғана ұстап, пробирканың (оң қолдың саусақтары тек пробирканың тығынына ғана тиуі тиіс) ішіндегі мақта оралған темір өзекті шығарып алыңыз.

10. Науқастың мұрынының үшын сол қолдың үлкен саусағымен көтеріңіз, ал оң қолмен тампонды жеңіл айналмалы қозғалыспен бір мұрын қуысына, содан кейін екінші мұрын қуысы ішіне 1,5-2 см тереңдікке, мұрын қабырғаларына, мұрын пердесіне тығыз жанастыра тигізіп енгізіңіз.

11. Мұрын қуысынан тампонды шырышпен шығарыңыз.

12. Ептеп пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай өзекті оның ішіне тампонды енгізіңіз.

13. Пробирканың ауызы тығыз жабылғанын қадағалаңыз.

14. Пробирканы штативке орналастырып, сосын бикске оны «кілтке» жабыңыз.

15.Қолғапты, масканы шешіп, кауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

17. Алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жіберіңіз.

Ескерту: материалды апарғанға дейін t4-6˚С тоңазытқышта сақталуы қажет.


Көк тамырдан қанды ИФА-ға алу(иммуноферментативты зерттеуге, ВИЧ - инфекциясына)

Әзірле: залалсыздандырылған бикс, арнайы киім,қолғап,залалсыздандырылған лоток, ораптану таңғыштары (тампондар, таңғыштар) және пинцет,Консервантсыз залалсыздандырылған шыны пеницилин флаконы, резеңке қақпақшасымен, контейнер, жабыстырғыш лента, 450 С су моншасы, щетка, тасмалдау үшін бикс немесе контейнер, мақта,поролон, маркер,70 % спирт, 10 гр шприц,көк тамырға арналған жгут, жастықша, дез ертінді, лоток, «А және Б» класс контейнерлері, 2 дана жолдама және оған арналған целлофан қапшық.

І с-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа түсіндіру-қанды көк тамырдан алынатынын және арнаулы дайындықтың қажеттілігін;

2. Науқасқа жасалатын зерттеудің мақсаты туралы түсіндіру, келісімін алу;

3. Қолды әзірлейміз;

4. Науқасты көк тамырдан қан алуға ыңғайлы жағдайда жатқызамыз немесе отырғызыыз;

5. Бір рет қолданылатын 10 гр щприцті құрастырыныз, ауасын шығараныз;

6. Науқастың шынтақ сүйегінің астына жастықша қойныз;

7. Иық сүйегінің 3/1 бөлігіне салфетка үстіне бұрау салыныз;

8. Науқасқа жұдырығын ашып-жауып жұмыс істеуін сұраныз;

9. Ең толық қан тамырды тауып, содан соң оны спиртке батырылған 2 мақта шаригімен өңденіз;

10. Шынтақ бүкпесінің терісін сол қолмен тартып, көк тамырды бекіту керек ( бұл жағдайда науқастың қолы жұдырыққа тиюлі)

11 Көк тамырға инъекция жасау сияқты, көк тамырды тесу шприц инесін теріге қатар қойып, қимасын жоғары канюлясынан ұстаныз. Науқастың қолын қанмен бүлдірмеу үшін иненің астына залалсыздандырылған салфетканы саланыз.

12. 3-5 мл көк тамырдан қан аламыз, залалсыздандырылған пеницилин флаконына құйныз,маркермен нөмерленіз;

13.Бұрауды алып, науқастың жұдырығын ашуын сұраймыз.

14.Залалсыздандырылған флаконды жабамыз;

15.Дайындап қойған контейнердің ұяларына флаконды қойныз;

16.Контейнерді жабысқақ лентамен жабыстырыныз;

17.Науқастың тұрып, жатуына көмектесеніз;

18.Контейнерді бикстің ішіне орналастырыныз, мақта немесе поролонды жан-жағына орналастыраныз, целлофан қапшыққа жолдаманы салып,биксті жабыныз;

19.Бикстегі қанды 1 сағат ішінде бактерияологиялық лабораторияға жеткізу қажет.

Лабораториялық анализге саусақтан қан алу

Мақсаты: диагностикалық – жалпы клиникалық анализге қан алу; қанның пішінді элементерінің сандық және сапалық құрамын анықтау (эритроциттердің, лейкоциттердің, тромбоциттердің); қандағы гемоглобин санын және эритроциттердін тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау; қандағы глюкозаны анықтау, сонымен қатар қан ұю және қан ағу уақытын анықтау.

Қолдану көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қанды алатын жерлер: құлақтың сырғалығы, төртінші саусақ, жаңа туған нәрестенің өкшесі.

Әзірле: залалсыздандырылған скарификаторын, мақта шариктерін, резеңке қолғаптарды, 70% спиртті, 5% йод ерітіндісін, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Мейірбике науқасты зерттеу алдында, алда тұрған қанды алу туралы алдын ала ескертуі керек және қан ашқарында, дәрі-дәрмектерді қабылдауға дейін алынатынын, ал кешкі тамақта майлы тамақ қолданбау керектігін түсіндіреді.

2. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз.

3. Қолыңызды анестетикпен өңдеңіз. Спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен қолыңызды тазартыңыз, қолғаптарды киіңіз.

4. Сол қолыңызбен науқастың сол қолының IV саусағын алыңыз, сіздің бірінші саусағыңыз науқастың қолының сыртқы бетінде, ал қалғандары алақан жағында орналасады.

5. Қанды алатын жерді залалсыздандырылған спиртпен ылғалдандырылған мақта шаригімен тазартыңыз және спирттін кебуін күтіңіз, өйткені тесілгеннен кейін шыққан қан саусақ бойымен ағып кетеді.

6. Науқастың саусағының тырнақ жағын ақырындап қысыңыз және скарификаторды тік ұстап орталық сызықтан солға қарай тырнақтан аз ғана кейін жылжытып теріні тесіңіз.

7 . Тілік саусақ терісінің сызықтарына көлденең орналасуы керек, жарақат ашылып тұрады, одан қан оңай және мол ағады. Тері тура тырнақтың қасынан жасауға болмайды, себебі қан оның астына ағады және оны зерттеуге жинап алу қиындайды.

8. Залалсыздандырылған құрғақ мақта шаригімен қанның алғашқы тамшысын сүртіңіз.

9. Әрбір қанды зерттеуге жаңа тамшыдан жинайды.

10.Қан алып болғаннан кейін тесілген жерді 5 % йод ерітіндісімен сүртіңіз.

11. Қолданылған құралдарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

Ескерту:

  • қол саусақтары күйіп және үсіп қалғанда, саусақтың терісі қалындап, қатайып кеткен адамдардан қанды құлақтың сырғалығынан алуға болады;

  • ал емшектегі балалардан қанды аяқтың үлкен саусағынан немесе өкшесінен алады.

Б иохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу

Мақсаты: диагностикалық

Қолдану көрсеткіштері : науқасты зерттеу.

Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирустік гепатит, АҚТҚ.

Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік веналары.

Әзірле:залалсыздандырылған: 10-20 мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприцті, лотокты, мақта шариктерін, салфеткаларды, 70 этил спиртін, масканы, қолғапты, штативтегі таза пробиркаларды, резеңке бұрауды, клеенкалы жастықшаны, жолдаманы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа манипуляцияның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағаның анықтаңыз.

  2. Зертханаға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз.

  3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.

  4. Қолыңызды анестетикпен өңдеңіз. Оларды тері антисептигімен өндеңіз.

  5. Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті киіңіз.

  6. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, оны құрастырып, инеден қалпағын алмай тұрып, ауасын шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

  7. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.

  8. Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе іш киімінің үстінен салыңыз.

  9. Бұрауды былай байлаңыз, оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен.

  10. Қаржілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек).

  11. Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.

  12. Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет ашуын сұраңыз. Сосын оны қысуын.

  13. Спирттелген екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасында ұстаңыз.

  14. Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ иненің канюлясында, ал ІІІ, ІV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, І саусақты төмен ұстаңыз.

  15. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.

  16. Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған).

  17. Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

  18. Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-7 мл қанды шприцке сорып алыңыз.

  19. Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз.

  20. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз.

  21. Шприцтен инені алып, контейнерге салыңыз.

  22. Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз.

  23. Пробирканы су өтпейтін тығынмен жабыңыз.

  24. Пробирканы қанмен бірге штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз.

  25. Науқасқа тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз.

  26. Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Науқастан мақта шаригін алып, контейнерге салыңыз.

  27. Контейнер мен жолдаманы биохимиялық зертханаға жіберіңіз.

  28. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

  29. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

  • биохимиялық анализге көк тамырдан қанды алу таңертең ашқарында 10 мл мөлшерінде жүргізіледі;

  • ЖҚТБ және RW қан алуды күннін әрбір уақытында 5 мл мөлшерінде жүргізіледі;

  • қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек (әйтпесе эритроциттердің гемолизі болады). Химиялық таза, қашап қыйыстырылған резеңке тығыны болады;

  • шприцсіз қанды алуға тиым салынады. (қан шашырау қауіпсіздігі бар).

  • жолдамасында пробирканын нөмерін, зерттеу мақсатын, науқастын аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз;

  • қауіпсіз жүйесі бар қанды алу вакунтейнер (BD VACUTAINER) медициналық қызметкерлерді максимальды сақтауды, алатын материалдың сапасын қамтамасыз етеді.

Қанды гемокультураға (қандағы микроорганизмдерді анықтау)анықтау ережесі

Мақсаты: жұқпалы аурулар қоздырғышын анықтау және антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.

Көрсеткіштері:дәргердің нускау бойынша

Әзірле: бір рет қолданылатын 5-10 гр шприцтер, 70 0спирт, ортасы бар ыдыстар, стерильді мақта, лотоктар, қалдыққа арналған контейнерлар,қолғап, сіріңке, жолдама.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа, туыстарына жасалынатын зерттеудің мәнін түсіндіреміз, келісімін аламыз

  2. Қолды әзірлейміз;

  3. Керекті құралдарды әзірлейміз;

  4. Науқасты көк тамырдан қан алуға ыңғайлы жағдайда жатқызамыз немесе отырғызамыз;

  5. Бір рет қолданылатын 10 гр щприцті құрастырып, ауасын шығарамыз;

  6. Науқастың шынтақ сүйегінің астына жастықша қоямыз;

  7. Иық сүйегінің 3/1 бөлігіне салфетка үстіне бұрау саламыз;

  8. Қолғапты спиртпен өңдейміз;

  9. Науқасқа жұдырығын ашып-жауып жұмыс істеуін сұраймыз;

  10. Ең толық қан тамырды тауып, содан соң оны спиртке батырылған 2 мақта шаригімен өңдейміз;

  11. Шынтақ бүкпесінің терісін сол қолмен тартып, көк тамырды бекіту керек ( бұл жағдайда науқастың қолы жұдырыққа тиюлі)

  12. Көк тамырға инъекция жасау сияқты, көк тамырды тесу шприц инесін теріге қатар қойып, қимасын жоғары канюлясынан ұстаймыз. Науқастың қолын қанмен бүлдірмеу үшін иненің астына залалсыздандырылған салфетканы саламыз

  13. 5 мл көк тамырдан қан аламыз, (қанды алу қатынасы 1 бөлік қанға: 10 бөлік қоректі орта) шприцті стерильді лотокқа саламыз

  14. Бұрауды алып, науқастың жұдырығын ашуын ,5 минуд шынтақ буындарын бүгуін сұраймыз.

  15. Науқастың тұрып, отыруына көмектесеміз.

  16. Жолдамаменбірғе зерттеу материалды зертханаға жіберіңіз.

  17. Қолды өңдейміз.

Ескерту: Манипуляция танертен ашқарында өтеді.


Тақырыбы: Зертханалық зерттеулерге материал алу (қан, қақырық)

І нұсқа

1.Кілегейлі қақырық болатын аурулар, таңдаңыз:

а) бронхит

б) туберкулез

c) өкпе қатерлі ісігі

д) броннхиальды демікпесінде

е) крупозды пневмония

2.Іріңді қақырық түсі:

а) жасыл

б) көк

c) сары

д) қызыл

е) күлгін

3.Көпіршікті, мөлдір, сұйық қақырық сипаты:

а) кілегейлі

б) іріңді

c) серозды

д) серозды-іріңді

е) қанды

4.Қақырық болған флаконды зарарсыздандыру ертіндісі ?

а) 10% бор қышқылы

б) 0,2% гипохлорид ертіндісі

c) 10% сулема

д) 1% гипохлорид ертіндісі

е) 10%тұз қышқылы

5.Іріңді қақырық болатын ауру?

а) гастрит

б) жедел бронхит

c) өкпе абсцессі

д) гепатит

е) трахейт

6.Бронхиалды демікпеде қақырықта болатын микроскопиялық бөлшек ?

а) Друз актиномицеті

б) гемотоидин кристаллы

c) Шарко-Лейдон кристаллы

д) эластикалық талшықтар

е) көпіршіктер

7.Қақырық құрамында эластикалық талшықтар болатын ауру:

а) созылмалы пневмония

б) жедел бронхит

c) өкпе туберкулезі

д) трахеобронхит

е) трахейт

8.Қақырықтағы Куршман спиралы болатын ауру:

а) бронх демікпесі

б) бронхит

c) крупозды пневмониясы

д) өкпе туберкулезі

е) трахеит

9. Қақырықта түйіршікті шар тәрізді ірі ядросы бар микроскопия тән-

а) эхинококк

б) ісік клеткалары

c) эластикалық талшық

д) Шарко кристаллы

е) Друз актиномицеті

10. Қақырықпен жұмыс істеп болған соң заттық әйнектерді залалсыздандырушы ерітіндігі батырып қоятын уақыт(мин) ?

а) 60

б) 10

c) 20

д) 15

е) 25

11.Қақырық мөлшері аз бөлінетін ауру (2-5 мл) ?

а) өкпе гангренасы

б) өкпе абсцессі

c) өкпе туберкулезі

д) бронхит

е) өкпе қатерлі ісігі

12. Антибиотиктерді тағайындамай тұрып нені жинау қажетті ,біреуінен басқа

а) зәр

б) нәжіс

c) қан

д) қақырық

е) дұрыс жауап жоқ

13.Қақырықтағы кеңейген клеткалары шеттерінде кірпікшелер болса, бұл қай ауруға тән:

а) бронхит

б) өкпе туберкулезі

c) пневмония

д) бронх демікпесі

е) өкпе абсцессі

14.Қақырықтағы атипиялық жасушаларға жинау ыдысы?

а) қоңыр ыдыс

б) Петри табақшасы

c)қақпағы бар ыдыс

д) қоңыр қақпағы ыдыс

е) дұрыс жауабы жоқ

15.Қақырық микропрепаратында тығыз спираль сияқты оралған элемент?

а) макрофагтар

б) Шарко-Лейдон кристаллы

c) сидерофагтар

д) гематоидин

е) Куршман спиралі

Тақырыбы: Зертханалық зерттеулерге материал алу (қан, қақырық)

ІІ нұсқа

1. Өкпе абцессі мен гангренасында бронхоэкстазия ауруда кездеседі, қандай қақырық ?

а) кілегейлі қақырық

б) іріңді қақырық

c) ұйыма қақырық

д) қанды қақырық

е) барлық қақырық

2. Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинаудың қолдану көрсеткіштері қандай?

а)тынысалу мүшелері

б) бүйрек аурулары

c) қан тамырлар жүйелері

д) ішкі секреция бездері

е) ішек қан тамырлар жүйелері

3. Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинауға әзірлегенде қанша литр мөлшерінде су қажет?

а) 0,1-0,2

б) 0,5-0,7

c) 0,4-0,8

д) 0,3-0,7

е) 0,5-0,6

4. Клиникалық анализге жиналған қақырықты қанша сағат ішіпде зертханаға жіберіңіз?

а)4 сағат

б) 1 сағат

c) 2 сағат

д) 3 сағат

е) 6-7 сағат

5. Қақырық негізгі қай кезде, қай уақытта,қай кезге дейін жиналады?

а) кешкісін (аш қарында)

б) таңертең (аш қарында)

c) түстен кейін (аш қарында )

д) түске дейін (аш қарында )

е) түнде (аш қарында)

6. Жаңа бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты қайда жинаймыз ?

а) Петри табақшасына

б) банкаға

c) арнайы ыдысына

д) қақырық түтікшесіне

е) қорапшаға


7. Лабораториялық анализге саусақтан қан алу кезінде қанды қай саусақтан алады ?

а) оң қолдың ІV

б) сол қолдың IV

c) оң қолдың I

д) оң қолдың II

е) сол қолдың I

8. Қол саусақтары күйіп жіне үсіп қалғанда, саусақтың терісі қалыңдап, қатайып кеткен адамдардан қанды қай жерінен алуға болады ?

а) қанды алуға болмайды

б) аяқтарының саусақтарынан

c) құлақтарының сырғалығынан

д) көктамырынан

е) өкшесінен ғана

9. Биохимиялық зерттеуге венадан қан алу кезінде кездесетін асқыну ?

а) сепсис

б) асқыну болмайды

c) ауа эмболиясы

д) жүйке талшықтарының зақымдануы

е) майлы эмболия

10. Лабораториялық зерттеуге саусақтан қан алып болғаннан кейін саусақтың тесілген жерін қандай ерітіндімен сүртеміз ?

а) бриллиант жасылымен

б) люгольмен

c) йодпен

д) көмірсутегінің асқын тотығымен

е) калий пермаганатымен

11. Қанды гемокультураға алу дегеніміз ?

а) көк тамырдан қанды ИФА-ға алу

б) лабораториялық анализге саусақтан қан алу

c) биохимиялық зерттеуге венадан қан алу

д) қандағы макроорганизмдерді анықтау

е) қанның құрамын тексеру

12. Қандағы микроорганизмдерді анықтаудағы мақсаттымыз ?

а) қанның құрамын тексеру

б) қанды иммуноферментативті зерттеу

c) жалпы клиникалық анализге қанды алу

д) биохимиялық зерттеуге қанды венадан алу

е) жұқпалы ауру қоздырғышын анықтау

13. Аурухана жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеудегі мақсатымыз ?

а) туберкулез бактериясын айқындау

б) қақырықтағы қатерлі ісік жасушаларын анықтау

c) қақырықтың физикалық қасиетін анықтау

д) қақырықтың химиялық қасиетін анықтау

е) қақырықтың құрамын анықтау

14. Атиптік жасушалардағы қақырықты жинаудағы мақсатымыз ?

а) қақырықтың химиялық құрамын анықтау

б) қақырықтың физикалық қасиетін анықтау

c) туберкулез микробактериясын айқындау

д) науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету

е) қақырықтағы қатерлі ісік жасушаларын анықтау

15. Науқастың өз бетімен дұрыс қақырып үйренуі үшін нені ескертеміз:

а) аузын матамен немесе орамалмен жауып тұрып 5-6 рет терең дем алып және 5-6 рет дем шығарып тұрып қақырықты түкіргішке түкіруін

б) аузын целофанмен жауып тұрып 3 рет терең дем алып және 3 рет терең деи шығарып тұрып қақырықты түкіргіщке түкіруін

c) аузын матамен жауып тұрып 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып қатты жөтеліп қақырықты түкіргішке шығаруын

д) аузын ештеңемен жаппай 3 рет дем алып және 3 рет дем шығарып, жөтеліп қақырықты түкіргішке шығаруын

е) аузын орамалмен жауып, 1 рет дем алып және 1 рет дем шығарып қатты жөтеліп қақырықты түкіргішке түкіруін

Тақырыбы: Зертханалық зерттеулерге материал алу (қан, қақырық)

ІІІ нұсқа

1.Атиптік жасушаларға қақырықты жинау кезінде әзірлейміз:

а) кең ауызды 50-200 мл банка

б) кең ауызды 100-150 мл банка

c) кең ауызды 50 мл құрғақ банка

д) Петри табақшасы

е) кең ауызды 20 мл банка

2. Венадан қанды ИФА-ға алған кезде бикстегі қанды қанша уақытта бактериологиялық лабораторияға жеткізу қажет

а) 2

б) 3

c) 30 мин

д) 1

е) 2,5 сағат

3. Венаға қанды ИФА-ға алғанда қанша жолдама жазу қажет?

а) 1

б) 2

c) 3

д) жолдама қажет емес

е) 4

4. ИФА-ға қанша мөлшерде қан аламыз?

а) 10 мл

б) 5-10 мл

c) 2-4 мл

д) 7 мл

е) 3-7 мл

5. Венадан қан алғанда манипуляция қай кезде өтеді?

а) таңертен аш қарынға

б) кешке

c) таңғы астан кейін

д) түсте

е) таңертен жеңіл тамақтан соң

6. Қанды гемокультураға анықтаудың мақсаты:

а) антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін

б) жалпы клиникалық қан алу

c) қатерлі ісіктерді анықтау мақсатында

д) қанның құрамын анықтау

е) барлығы дұрыс

7. Лабораториялық анализге саусақтан қан алу кезінде қанды қай саусақтан алады ?

а) оң қолдың ІV

б) сол қолдың IV

c) оң қолдың I

д) оң қолдың II

е) сол қолдың I

8. Қол саусақтары күйіп және үсіп қалғанда, саусақтың терісі қалыңдап, қатайып кеткен адамдардан қанды қай жерінен алуға болады ?

а) қанды алуға болмайды

б) аяқтарының саусақтарынан

c) құлақтарының сырғалығынан

д) көктамырынан

е) өкшесінен ғана

9. Биохимиялық зерттеуге венадан қан алу кезінде кездесетін асқыну ?

а) сепсис

б) асқыну болмайды

c) ауа эмболиясы

д) жүйке талшықтарының зақымдануы

е) майлы эмболия

10. Лабораториялық зерттеуге саусақтан қан алып болғаннан кейін саусақтың тесілген жерін қандай ерітіндімен сүртеміз ?

а) бриллиант жасылымен

б) люгольмен

c) йодпен

д) көмірсутегінің асқын тотығымен

е) калий пермаганатымен

11. Қанды гемокультураға алу дегеніміз ?

а) көк тамырдан қанды ИФА-ға алу

б) лабораториялық анализге саусақтан қан алу

c) биохимиялық зерттеуге венадан қан алу

д) қандағы макроорганизмдерді анықтау

е) қанның құрамын тексеру

12. Венадан қан алғаннан кейін контейнер мен жолдаманы қандай зертханаға жібереді?

а) бактериологиялық

б) биохимиялық

c) клиникалық

д) биологиялық

е) химиялық

13. Қанды гемокультураға алудың мақсаты қандай?

а) қанның физикалық- химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау

б) қатерлі ісік жасушаларын анықтау

c) жалпы клиникалық анализге қан алу

д) қанның құрамын анықтау

е) жұқпалы аурулар қоздырғышын анықтау және антибиотиктерге сезімталдығын анықтау

14. Қанды гемокультураға алу көрсеткіші :

а) тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары

б) дәрігердің нұсқауы бойынша

c) туберкулез және басқа да жұқпалы аурулар

д) науқасты зерттеу

е) қатерлі ісік ауруларына күдік болғанда

15. Жолдамада не көрсетілмейді?

а) палата номері

б) бөлімше

c) мейірбикенің қолы

д) күні

е) дәрігердің тағайындаған дәрі-дәрмектері













ҰЛТАБАР СӨЛІН ЗЕРТТЕУГЕ АЛУ.

Мақсаты: диагностикалық: 12-елі ішектің және өт қалта ішіндегі өтті зертханалық зерттеуге алу, қысқартылатын сипатын зерттеу және өт қалтасы кызметінің шоғырландырып сақталуын және қысқыш (айналшық, сфинктер) жағдайын бағалау; емдік – өт қабының моторлы қызметі томендегенде өтті сорып алу (өт қабының қабынуы әлсіздігінде, холестатикалық гепатитінде),дәрі-дәрмектерді енгізу.

Қолдану көрсеткіштері: өт қалтасының, бауыр, өт шығару жолдарының аурулары.

Қарсы көрсеткіштері: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары, өңеш тамырының кеңеюі, порталды гипертензия қатерлі ісіктің қаңсырауы, асқазан және 12-елі ішек ойық жарасы, өкпе – жүрек жетіспеушілігінде, жедел холецистит және панкреатит, бронхиалды астма және т.б.

Әзірле: залалсыздандырылған: ұлтабар сүңгісін, Жане шприцін, 20 мл шприцті, лотокті, штативті белгіленген пробиркаларымен, қысқышты, сүлгіні, салфеткаларды, қолғаптарды, жылытқышты, жұмсақ көпшікті, аласа орындықты, өт қабығының қоздырғыштарын – 33% магний сульфат ерітіндісі 30-50 мл немесе 10% натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісі 40-50 мл немесе өсімдік майы 20-25 мл 40-600С жылытылған, 8-10 тамшы 0,1% атропин ерітіндісін,қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіңіз.

2. Науқасқа манипуляцияның тәртібі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

3. Зерттеу алдында 18 сағаттан кешіктірмей кеште науқасқа жеңіл тамақ беріңіз.

4. Науқасқа ұйыктар алдында 2 таблетка спазмолитиктер немесе балы бар шайды беріңіз, оң жак қабырға асты аймағына жылытқышты қойыңыз.

5. Манипуляция алдында науқастан алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сұраңыз (егерде болса).

6. Науқасты орындыққа дұрыс және ынғайлы, яғни арқасы орындықтын арқасына тығыз болуын, науқастын басын сәл алдына қарай енкейтіп отырғызыңыз.

7. Науқастың кеудесіне сүлгіні жабыңыз.

8. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

9. Залалсыздандырылған ұлтабар сүңгісін пинцетпен алып, сүңгі оливасының канюлясына орнықтылау сапасын тексеріңіз (тұрақты).

10. Науқас жұтатын сүңгінің ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейін – бірінші белгі және науқастың ашылған бір алақанындай арақашықтықты қосыңыз – екінші белгі).

11. Оң қолға сүңгіні олива жағынан 10-15 см қашықтықта қалам ұштай алып ұстаңыз, ал сол қолмен оның бос шетін ұстаңыз.

12. Науқастан аузын ашуын сұрап, ылғалдатылған оливаны тілдің түбіріне салып, науқасты мұрынмен терең дем алуын сұраңыз, жұту қозғалысын бір мезгілде жасап сүңгіні бірінші белгіге дейін енгізіңіз (егерде науқас жөтелсе, онда жылдам сүңгіні шығарып алыңыз). Сүңгінің бос шетін кысқышпен қысыңыз.

13. Асқазан ішіндегі сұйықтықты шприцпен сорып алу арқылы, асқазандағы сүңгінің қалпын тексеріңіз.

14. Науқас 10-20 минут бойы бөлмеде ақырын асықпай жүріп, сүңгіні екінші белгіге дейін ақырындап жұтуын сұраңыз.

15. Науқастың басына жастық қоймай оң жақ қырына жатқызып оң қолын арқасына қойып, оған тізесінен аяғын бүгуін сұраңыз, жамбастың астына жұмсақ жастықты салыңыз, осындай жату калпында оливаның асқазан қақпашығынан өтуін жеңілдетеді, оң жақ қабырға астына жылы жылытқышты салыңыз.

16. Науқастың бас жағында кушетканың қасындағы аласа орындыққа штативті пробиркалар қойыңыз.

17. Қысқышты босатып, сүнгінің бос шетін пробиркаға салыңыз.

1 8. Асқазаннан сөл бөлінеді (асқазан ішіндегі лайлы ашық қышқылды қосындысы бар сөл), сосын 30-60 минуттан кейін пробиркаға ашық-сары сұйықтық, сілтілі қосындысы жиналады (ұлтабардағы өт «А» үлесі). Сүңгінің ұшына қысқышты салыңыз.

19. Науқасты арқасына жатқызып, қысқышты алыңыз және Жане шприцімен 30-50 мл жылы магний сульфат ерітіндісін (немесе басқа да өт қабығының қоздырғыштары) сүңгі арқылы енгізіп, сүңгінің бос шетін 10-15 минутқа қысып қойыңыз.

20. Науқасты оң жақ қырына жатқызып, қысқышты босатып алып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз, бұған қою, қоңыр – зәйтүн түсті сұйықтық өт қабығынан түседі (өт қабығындағы өт «В» үлесі).

21. Келесі пробиркаларға сүңгіні салыңыз, мөлдір алтын-сары түсті сұйықтық пайда болғанда (бауыр өті «С» үлесі) алынады

22. Салфеткамен сүңгіні шығарып алып, зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

23. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

24. Қолданылған қолғапты, салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

25. Әрбір үлестерді бір пробиркада белгілеп, жолдаманы толтырып, зертханаға жіберіңіз.

26. Науқасты палатаға апарып, тамақтандырыңыз.

Ескерту:

- манипуляция барысында шығарылған сілекейді салфеткаға түкіру қажет;

- зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын, іш кептіретін тағамдарды алып тастау ұсынылады (қырыққабат, картоп, сүт, майлы және қуырылған тағамдар);

- асқазандағы сүңгінің қалпын шприцпен сорып алу арқылы тексереді. Шприцке лайланған сұйықтық қышқыл қосынды түседі. Егерде шприцке сұйықтық түспесе, онда сүнгінің асқазанда оралып қалғаның айтады. Сүңгіні аз ғана тартыңқырап және оны науқасқа қайта жұтынуын ұсыңыңыз;

- асқазандағы сүнгі оливасының қалпын шприц арқылы ауаны сүнгіге еңгізіп тексереді және сүнгі оливасы асқазанда болса, онда науқас ауаның түсуін сезінеді, ерекше «құрылдаған» дыбыс естіледі;

- бактериологиялық зерттеуге өт, залалсыздандырылған үш пробиркаға АВС үлестерімен алынады;

- егерде ұлтабарды сүңгілеу лямблия құртын табу мақсатында жүргізілсе, онда түнде жылтқыш қойылмайды;

- зертханаға үлестер жылы күйінде апарылады, ол үшін стакандағы жылы суға пробирканы салып қояды.










Тюбажды жүргізу


Көрсеткіштері: өт қапшығындағы өттің тұрып қалуы.

Қарсы көрсеткіштері: өт тас ауруы; холециститтің асқынуы, жедел аурулар.

Әзірле: 65º С суы бар жылытқыш; ерітінділер-33% немесе 25%

магний сульфаты, газсыз минеральді су, 40%глюкоза, өт айдайтын шөптер; валик,жоюға арналған контейнер

Іс-әрекет алгоритмі:

1 . Науқасқа процедура маңызын түсіндіріп,келісімін ал;

2. Ерітіндінің біреуін ішіп ал;

3. Науқас оң қырымен « қарлығаш» позициясында , қабырға астына жылытқыш қойып, жылытқыштағы су суығанша жатады;

4. Біраз уақыттан кейін, науқас үлкен дәретке отырады.

Егерде дәреті қара-жасыл түсті болса,- онда тюбаж дұрыс жүргізілді.

Егерде дәреттің түсі өзгермесе- онда ерітіндіні өзгертіп немесе мөлшерін көбейтіп, тюбаж қайтадан жасалынады.

Ескерту: Жүргізу уақыты таңертеңгісін, аш қарында.



Науқасты дайындау және асказанға фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүнгілеуді жүргізу


Мақсаты: диагностикалық: асқазан ішіндегі затты алу, асқазанның секреторлы, қышқылды бөлу және қозғалыс қызметтерін зерттеу.

Қолдану көрсеткіштері: диагностикалық: қышқылы жоғары созылмалы гастритте немесе қышқыл бөлу төмендеуінде асқазанның қызметін анықтау.

Қ арсы көрсеткіштері: өңештен және асқазаннан қан кету, эзофагит, асқазан ойық жарасының өршу қезеңі, порталды гипертензия, стенокардия, бронхиальді астма, гипертония, жүктіліктің 2 жартысы, науқастың халі ауыр жағдайы.

Асқынулар: асказаннан қан кету, талып қалу, коллапс және т.б.

Әзірле: залалсыздандырылған бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүңгісін, таза бүйрек тәрізді лотокті, асказан сөлі үлестерін бөлек-бөлек сақтауға арналған 9-11 дана ыдысты (белгіленген банка немесе пробиркалар), 20 мл шприцті, қысқышты, сүлгіні, қолғапты, клеенкалы алжапқышты, салфеткаларды, парентеральды сынаптық ас – 0,1% гистамин ерітіндісі немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі, лабораторияға жолдама жазыңыз, оған науқастың аты жөні, бөлімшесі, палатасы, зертеу күні, үлестердің нөмері көрсетіледі, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, жоюға арналған контейнер.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Зерттеуді таңғы уақытта аш қарынға жүргізіңіз.

  2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  3. Науқасты жоғары арқасы бар орындыққа ынғайлы және дұрыс отырғызыңыз, оны орындықтың арқасына тығыз сүйенуін ұсыныңыз. Басын сәл алдына карай еңкейтіңіз.

  4. Науқастың кеудесін, ішін және аяғын клеенкалы алжапқышпен жабыңыз, ал мойынына және кеуде үстіне сүлгіні жабыңыз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

  6. Ағып жатқан сілекейді және шырышты жинау үшін науқастың қолына лотокты беріңіз.

  7. Емшара алдында науқас алмалы-салмалы протезді алғанын қадағалаңыз.

  8. Сүнгінің жұтатын ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық – бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз – екінші белгі) немесе науқастың бойынаң 100смалып тастаныз.

  9. З алалсыздандырылған сүнгіні пакеттен (пинцетпен) алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.

  10. Залалсыздандырылған сүнгіні оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан 10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп алыңыз, ал сол қолмен бос ұшынан ұстаңыз.

  11. Науқасты ауызын ашуын сұраңыз, суландырылған сүнгінің саңылаулы ұшын тілдің түбіріне салып сосын терең жұтқыншаққа қарай енгізіңіз.

  12. Науқастың мұрын арқылы терең дем алуын жұтыну қозғалысын жасап,сүнгіні өңешке және асқазанға қарай қажетті белгіге дейін енгізіңіз(егерде науқас жөтелсе онда тез арада сүнгіні шығарып алыңыз!).

  13. Наукасқа ескертіңіз, сүнгіні тісімен қысуға болмайды және сілекейінжұтпай сүлгіге түкіріп тастауы керек.

  14. Сүнгінің бос ұшына шприцті қосыңыз.

  15. Ашқарындағы асқазан сөлін алыңыз (№1 үлес – «ашқарындағы» сөлдену).

  16. Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып асқазан сөлін алыңыз (№2, №3, №4, №5 үлестік – «өзекті» сөлдену).

  17. Асқазан сөлін бөлетін парентеральды тітіргендіргішті енгізіңіз: 0,1%0,01 мг гистамин ерітіндісін тері астына немесе 0,25% пентагастринерітіндісі 1 кг дене салмағы есебіне 6 мкг.

  18. 10 минуттан кейін бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып,асқазан сөлін алыңыз (№ 6, № 7, № 8, № 9 – үлестері «ынталандыру» сөлдену).

  19. Салфетканың көмегімен асқазаннан сүнгіні шығарып алыңыз,науқастың аузын шайқаңыз, ауыз айналасы терісін салфеткаменсүртіңіз.

  20. Қолданылған сүнгіні, қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюғаарналған контейнерге салыңыз.

  21. Барлық 9 үлестердегі асқазан сөлін жолдамамен бірге жәнеқоздырғышын көрсетіп зертханаға жіберіңіз.

Ескерту: едәуір мөлшерде қан көрінсе онда зерттеуді токтату қажет.


Зондпен тексеру шаралары кезіндегі ережелер:

1) Егер зондпен тексеру шаралары кезіндегі заттарда қан пайда болса , онда зондпен тексеруді тоқтатыңыз .

2) Егер зонд енгізген жағдайда сырқат жөтеліп , ен бет –аузы көгеріп,тұншыға бастаса , зондты тез арада алу керек , себебі зонд өңешке емес , кеңірдек пе нкөмейге түскен .

Зондтық шаралардың этикалық деонтологиясы

Көп науқастарға зонд жұтқызу өте қиын, мұның негізгі себебі жұтқыншақ пен өңештің шырышты қабаттарының өте жоғары сезімталдығы және жөтелу мен құсу рефлекстерінің артуы.Көп жағдайларда зондпен тексеру шараларының нашар өтуі “тексеруден қорқу” немесе теріс психологиялық бағдарламадан. “Тексеруден қорқу” шаралары болмас үшін науқасқа сыпайы, байыпты, құрметті түрде тексеру шараларының мақсатын, оның пайдасын түсіндіре білу керек. Зондпен тексеру кезіндегі медицина қызмеркері мен науқастын арасындағы әңгіменің қысқаша мазмұны: “Қазір біз зерттеу шараларына кірісеміз, бұл кезде көңіл – күйіңіз өзіңіздің тәртібіңізбен тікелей байланысты. Бірінші және негізгі шарты: күрт қимылды жасамау, әйтпесе жөтел мен лоқсу пайда болуы мүмкін, ол үшін денеңізді бос ұстап терең және баяу тыныс алыңыз, аузыңызды сәл ашық ұстап, қолыңызды тізеңізге қойыңыз, зондтың соңын жұтып жіберуге тырысыңыз. Егер мұрыныңызбен тыныс алу қиын болса, аузыңызбен тыныс алыңыз да, зондты ақырын қозғаңыз. Егер басыңыз айналғандай болса, қалыпты тыныс алыңыз. Сіз, зондты жақсы жұттыңыз, егер барлық науқастар осылай жұта білсе ғой ” – деуді де ұмытпаңыз.














І нұсқа

1. «В» порциясында өт бөлінетін ағза?

а)асқазан

б)өт қалта

с)бауыр

д)ұйқы безі

е) он екі қабат ішек

2. Одди сфинктері ашылу үшін науқасқа берілетін тітіркендіргіш зат?

а)гепаринерітіндісі

б)серотонинерітіндісі

с)33% магнезий сульфаты

д)капуста сорпасы

е)ас содасы

3. «А» порциясында өт мөлшері 60-70мл болса, бұл көрсетеді, таңдаңыз ?

а)қалыпты мөлшер

б)холидоэктазия

с)өт жолының бітелуі

д)гепатит

е)бауыр циррозы

4. «С»порциясында қалыпты жағдайда алынатын өт мөлшері ?

а)30-40 мл

б)50-60 мл

с)15-20 мл

д)15-40 мл

е)10-20 мл

5. Қалыпты жағдайда «В» порциясының өтінің түсі?

а)ашық сары

б)жасыл

с)қою сары

д)көкшіл

е)түссіз

6. Өт микропрепаратын микроскопиялық зерттеу үшін өтке тамызатын ерітінді ?

а)спирт 70%

б)сірке қышқылы

с)бейтарап формалин

д)спирт 96%

е)сульфат натрий


7.Асқазан сөліндегі бактериоцидті фермент ?

а)пепсин

б)муцин

с)лизоцин

д)липаза

е)альбумин

8. Асқазанның кілегей қабатын өз қорытылуынан қорғайтын витамин ?

а)А

б)С

с)Д

д)Е

е)В12

9.Қан асқазанның қай қышқылының әсерінен қою қызыл түсті болды ?

а)амин қышқылы

б)бор қышқылы

с)май қышқылы

д)сірке қышқылы

е)тұз қышқылы

10. Байланысқан тұз қышқылын анықтау үшін қолданылатын 0,1 Н ертінді ?

а)CaCl

б)HCl

с)H2O

д)H2SO4

е)NaOH

11. Қалыпты жағдайда тұз қышқылының HCl барлық мөлшері

а)0,2%

б)0,6%

с)0,9%

д)1,0%

е)0,5%

12. Дені сау ер адамның қуық асты безінің қалыпты сөлінде көру алаңындағы лейкоциттер саны ?

а)20-30

б)10-12

с)30-40

д)40-50

е)15-20

13.Асқазан сөлін зеттеу кезіндегі асқынулар

а)асқазаннан қан кету, талып қалу

б)өт жолының ауруы

с)жүрек айну, құсу

д)өт тас ауруы

е)жедел холецистит және панкреатит

14. Ұлтабар сөлін зерттеудегі қолдану көрсеткіштері:

а)өт қалтасының, бауыр, өт шығару жолдарының аурулары

б)қышқылы жоғары созылмалы гастритте немесе қышқыл бөлу төмендеуінде асқазанның қызметіне анықтау

с)жұтқыншақ микрофларасын тексеру

д)өткір жүрек жетіспеушілігінде

е)ауыз қуысының жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары

15.Ұлтабар сөлін зерттеуде қолданылатын ерітінді ?

а)10% кальций хлориді

б)40% глюкоза

с)фурацилин 0,02%

д)0,5% новакаин

е)изотоникалық хлорид натрий

ІІ нұсқа

1.Асқазанды зондпен тексеру үшін қажетті парентеральды тітіркендіргіш

a)0,1% гисталин ертіндісі

b)40% глюкоза ертіндісі

c)5% глюкоза ертіндісі

d)0.1% атропин ертіндісі

e)10% натри хлорид ертіндісі

2.Асқазанды Лепорский әдісімен фракциялы зондтау үшін неше ыдыс дайындау керек?

  1. 5

  2. 7

  3. 8

  4. 9

  5. 6

3. Мөлдір алтын түсті өт сөлі қай порцияда құйыладнны?

  1. С

  2. Д

  3. А

  4. В

  5. К

4. Ұлтабарға зондты енгізу ұзындығы

  1. науқастың бойынан 200см алып тастау

  2. науқастын бойынан 100см алып тастау

  3. науқастын бойынан 10см алып тастау

  4. науқастың бойынан кіндік тұсына дейінгі аралықты 130см алып тастау

  5. барлық жауап дұрыс

5. “C” порциясында өт бөлінетін ағза

  1. aсқазан

  2. өт

  3. бауыр

  4. ұйқы безі

  5. он екі елі ішек қабаты

6.Асқазан зондпен тексерер алдында берілетін тағам

  1. сүтті май

  2. ештеме ішіп-жемеу керек

  3. ақ нан

  4. қара нан

  5. тәтті шай

7. Ұлтабарды зерттеу қандай жағдайда жүргізілмейді?

a) ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің күійгі

b) өкпе жүрек жетіспеушілігі

c) өт тас ауруы

d) коллаптоидтық жағдай

e) жүрек ауру, құсу

8. Ұлтабардан сөл алынғанда бауыр сөлі нешінші порция болады

  1. 5

  2. 2

  3. 3

  4. 1

  5. 8

9. Өт қалтасын бөлетін нешінші порция

  1. В

  2. С

  3. Д

  4. А

  5. К

10.40% глюкоза ертіндісі қай ағзаны зерттеуде қолданылады?

  1. ұлтабар

  2. асқазан

  3. бауыр

  4. өт жолы

  5. ұйқы безі

11. “B” порциясында бөлінетін сұйықтықтың түсі

  1. түссіз

  2. сары

  3. алтын түсті

  4. қоңыр

  5. жасыл

12. “С” порциясында бөлінетін өт сөлінің түсі

  1. сары

  2. қоңыр

  3. алтын түсті

  4. көкшіл

  5. түссіз

13. Асқазанды зерттеу қандай жағдайда жүргізілмейді?

  1. өт тас ауруы

  2. портальды гипертензия қатерлі ісіктің қансырауы

  3. өкпе жүрек жетіспеушілігі

  4. өңештен және асқазаннан қан кету, эзофагит

  5. ауыз қуысының, жұтқыншақтың күйігі

14. Ұлтабар сөлін зерттеу үшін әзірле

  1. ұлтабар сүнгісін, жане шприцін, 20мл шприц, лоток, қысқышты, сүлгіні, жұмсақ көпшікті, аласа орындықты

  2. ұлтабар сүнгісін, жане шприцін, 10мл шприц, қысқышты,

  3. ұлтабар сүнгісін сөлі үлестерін бөлек-бөлек сақтауға арналған 9-11 дана ыдыс

  4. ұлтабар сүнгісін, жане шприцін, 0,3% гисталин ертіндісі

  5. барлық жауабы дүрыс

15. Ұлтабар сөлін зерттеуде қолданылатын ертінді

a) 10% кальций хлорид ерітіндісі

b) 40%глюкоза ерітіндісі

c) фурацилин ерітіндісі0,02%

d) 0,5% новокаин ерітіндісі

e) изотониялық хлорид натрий







64



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Зертханалық ашық алаң

Автор: АБДИБАЕВА САРА АБДИБАЕВНА

Дата: 05.05.2020

Номер свидетельства: 548743

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Зертханалы? ж?мыстар. Windows операциялы? ж?йесі "
    ["seo_title"] => string(56) "ziertkhanalyk-zhu-mystar-windows-opieratsiialyk-zhuiiesi"
    ["file_id"] => string(6) "194725"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427806529"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(157) "«Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал-жабдықтармен танысу»"
    ["seo_title"] => string(80) "k_auipsizdik_tiekhnikasynyn_ieriezhielierimien_zh_nie_ziertkhanalyk_k_u_ral_zhab"
    ["file_id"] => string(6) "447300"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1514534982"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "ХИМИЯЛЫ? АЛ?АШ?Ы ??ЫМДАР "
    ["seo_title"] => string(31) "khimiialyk-alg-ashk-y-u-g-ymdar"
    ["file_id"] => string(6) "234087"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1443347996"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Виртуальды зертханалы? ж?мыс ,,Ом за?ы,, "
    ["seo_title"] => string(41) "virtual-dy-ziertkhanalyk-zhu-mys-om-zan-y"
    ["file_id"] => string(6) "162250"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422339064"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "8-сынып саба? жоспары. "ХИМИЯЛЫ? АЛ?АШ?Ы ??ЫМДАР" "
    ["seo_title"] => string(54) "8-synyp-sabak-zhospary-khimiialyk-alg-ashk-y-u-g-ymdar"
    ["file_id"] => string(6) "197493"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428250308"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства