Білімділік : тұздар гидролизі туралы түсінік бере отырып, реакцияның молекулалық, толық және қысқарған иондық теңдеулерін жазуды меңгерту.
Дамытушылық: әртүрлі тұздар ертіндісінің ортасын анықтай отырып проблемалық жағдайларды шешуге үйрету. Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Тақырыпқа сай тесттерді шешудің тиімді жолдарын қолдану. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту. Тәрбиелік: Өзбетімен жұмыс істей білуге, топта өзін және өзгені сыйлай білу сезімін қалыптастыру, тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың түрі: тарихи-танымдық ойын және білік пен дағдыны жүйелеу, жинақтау сабағы. Сабақтың әдісі: қызығушылығын ояту және интерактивті оқытудың комплексті әдісі,түсіндірмелі сұрақ-жауап, ой-толғаныс. Сабақтың көрнекіліктері:1. Интерактивтік тақта кітапханасынан суреттер, тірек сызба, слайд «Тұздар гидролизі» презентация
Пәнаралық байланыс: тарих,физика,қоршаған орта,
Күтілетін нәтиже:
1.Тұздар гидролизі туралы түсініктері қалыптасады.
2. Гидролиз теңдеулерін құра алады,ерітінділерін ортасын болжап айтады.
3. Өз бетінше тапсырманы орындайды.
4. Сұрақ қоя біледі.
5. Топпен жұмыс жасайды.
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Тірек білімді белсендіру -үй тапсырмасын сұрау.
1. “Білесің бе, білмейсің бе?” ойыны
2. Үй тапсырмасын қорытындылау: Құпия сөзді анықтау
ІІІ. Жаңа сабақ
1.Сенесің бе, сенбейсің бе?......ойыны арқылы жаңа сабақты меңгеру үшін қажетті түсінікті нақтылау және құпия сөзді анықтау.
2.Тұздар гидролизі, биосферадағы тұздар гидролизінің маңызын төмендегі жоспар бойынша түсіндіру.
Тұздар гидролизі
Гидролиздің жүру жағдайларын талдау
Гидролиздену теңдеуін жазу
«Ой шақыру» Әр топқа тапсырмалар беріледі.Құпия сөзді анықтау.
«Ой толғаныс» тәжірибе жасау.
«Ой қозғалыс» тапсырмаларды орындау және құпия сөзді анықтау.
Биосферадағы гидролиздің маңызы
ІҮ. Жаңа материалды бекіту
Ү. Рефлекcия
ҮІ. Бағалау. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы;
І Ұйымдастыру.а) Оқушыларды түгелдеу. ә) Көңіл күйлерін білу
1-2 минут Психологиялық дайындық.
Келісім шарт қабылдау.
v Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз;
v Бір – бірімізді тыңдаймыз;
v Бір ғана адам сөйлейді;
v Өз ойларымызбен бөлісеміз;
v Бос сұрақтар болмайды;
v Уақытты үнемді пайдаланамыз.
І . Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Тұздардың табиғатына қарай тоқталып, 3 топқа бөлінеді
Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар
Топ: Әлсіз негіз бен күштi қышқылдан түзілген тұздар
Топ: Әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздар
Топ : Әлсіз негіз мен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар
ІІ. Тірек білімді белсендіру 1.“Білесің бе, білмейсің бе?” ойыны
11.Электрохимиялық тотықсыздану не үшін қолданылады?
12. Балқымалардың электролизі кезінде катодта не түзіледі?
Гальваностегия деген не?
Гальванопластика деген не?
Электролиз процесін зерттеген ғалым?
2.Үй тапсырмасын қорытындылау: Құпия сөзді анықтау
H2O
Аr
(K-):
K ,Na
Хе
(А+):
F,Cl
электролиз
Ж
А
Е
Ң
Ш
І
С
ІІІ. Жаңа сабақ:Тұздар гидролизі, биосферадағы тұздар гидролизінің маңызын төмендегі жоспар бойынша түсіндіру.
Тұздар гидролизі
Гидролиздің жүру жағдайларын талдау
Гидролиздену теңдеуін жазу
Биосферадағы гидролиздің маңызы
1.Сенесің бе, сенбейсің бе?......
-1. Сенесің бе, сенбейсің бе тұз- сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұрады.
-2. Сенесің бе, сенбейсің бе тұздар ерімтал.
-3. Тұздың құрамына тек бір ғана қышқыл қалдығы кіреді.
Құпия сөз: 1-Н, 2-А, 3-Х
Тұздар түзілу табиғатына қарай мынадай топқа бөлінеді: I. Күшті негіз бен күшті қышқылдан- KCl, K2S04, NaN03, NaCl; ІІ. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан -Na2S, Na2C03, K2S03, Na3P04;
ІІІ. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан -Al2(S04)3, FeS04, ZnCl2.
ІV.Әлсіз негізбен әлсіз қышқылдан - AI2S3, (NH4)2CO3 т.б.
Сабақтың теориялық негізі Гидролиз деп тұз иондары мен су иондарының арасындағы реакцияны айтады. Реакция нәтижесiнде әлсiз электролиттер түзiледі және ерітiндi ортасының рН өзгереді.
1-топ.I-жағдай. Күштi негiзден және әлсiз қышқылдан түзiлген тұздың гидролизi әлсiз қышқылдың анионы арқылы жүредi:
Егер берілген натрий сульфиді Na2S тұзы күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз болып табылатын болса, онда тұз гидролизге ұшырайды, гидролиз реакцияның нәтижесінде сілтілік орта пайда болып рН 7 тең болады.
1-ші сатысы:
Na2S + H2O = NaOH + NaHS-
2Na + + S2- + H2O = Na+ + OH- + Na+ + HS-
S2- + H2O = OH- + HS-
2-ші сатысы:
NaHS- + H2O = NaOH + H2S↑
Na+ + HS- + H2O = Na+ + OH- + H2S↑
HS- + H2O = OH- + H2S↑
2-топ. II-жағдай. Әлсiз негiзден және күштi қышқылдан түзiлген тұздың гидролизi әлсіз негіздің катионы арқылы жүредi: Егер берілген тұз мыстың (ІІ) нитраты әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұз болып табылатын болса, онда тұз гидролизге ұшырайды, гидролиз реакцияның нәтижесінде қышқылдық орта пайда болып рН ˂ 7 тең болады.
1-ші сатысы:
Cu(NO3)2 + H2O = (CuOH)NO3 + HNO3
Cu2 + + 2NO -3 + H2O = CuOH+ + NO-3 + H+ + NO-3
Cu2 + + H2O = CuOH+ + Н+
рН ˂ 7 тең қышқылдық орта пайда болады.
2-ші сатысы:
(CuOH)NO3 + H2O = Cu(OH)2 + HNO3
CuOH+ + NO-3 + H2O = Cu(OH)2 + H+ + NO-3
CuOH+ + H2O = Cu(OH)2 + H+
3-топ. III-жағдай. Әлсiз қышқылдан және әлсiз негiзден түзiлген тұздың гидролизi катион және анион арқылы жүреді. Егер берілген аммоний сульфиді (NН4)2S тұзы күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз болып табылатын болса, онда тұз гидролизге ұшырайды, гидролиз реакцияның нәтижесінде сілтілік орта пайда болып рН 7 тең болады.
1-ші сатысы:
(NН4)2S + H2O = NН4OH + H2S-
H2O = OH- + H-
4-топ. IV-жағдай. Күшті негіз бен күшті қышқыл тұзы – NaNO3 Натрий нитратының суда еруін алайық:
Мұнда H+ және OH- иондары концентрациясы бірдей, сондықтан ерітінді ортасы бейтарап қасиет көрсетеді. Қорытынды: Бұл типтегі тұздар гидролизге ұшырамайды.
4.«Ой шақыру» Әр топқа тапсырмалар беріледі. Әр топ қай тұздардың гидролиз ұшырайтынын анықтап,теңдеулерін жаздыру және құпия сөзді анықтау.
5.«Ой толғаныс» тәжірибе жасау. Әр топқа бірнеше тұз ерітінділері беріліп, оларды анықтау тапсырылады. Алынған тұздардың гидролиз реакцияларының теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
Гидролиз түрі: ( қорытынды жасау)
1. Катион бойынша гидролиз - әлсіз негіз, күшті қышқыл
2. Анион бойынша гидролиз - әлсіз қышқыл, күшті негіз
3. Катион және анион бойынша - әлсіз негіз, әлсіз қышқыл Тұздың ортасы (Қайсысы күшті тұз сол ортаны көрсетеді; күшті қышқыл – қышқылды, күшті негіз - сілтілі)
Қышқыл да, негізде күшті болса, гидролиз жүрмейді, тұз бейтарап орта көрсетеді.
Екеуі де әлсіз болса, гидролиз аяғына дейін жүреді, тұз диссоциациялану дәрежесіне байланысты не бейтарап орта көрсетеді
6. «Ой қозғалыс» тапсырмаларды орындау және құпия сөзді анықтау.
7. Биосферадағы гидролиздің маңызы :
Жер қыртысындағы минералдардың гидролизі нәтижесінде тау жыныстарының бұзылулары жүреді.
Мұхит суларында тұзбен әрекеттесіп, әлсіз сілтілі орта көрсетеді, ол теңіздегі өсімдіктерге фотосинтез, жануарлардың көбеюіне әсер етеді.
Мұнай құрамын тазартуда маңызы зор.
Суды тазартуда және кермектікті азайтуда маңызы зор.
Топырақтың қышқылдығын кемітуде маңызы зор.
Тағамдық емес шикізаттардан ағаштан, мақта мамығынан, күнбағыс қауызынан, жүгері өзекшесінен, бағалы азық түліктер ақуызды ашытқылар, глюкоза, этил спиртін алынады.
ІҮ. Жаңа материалды бекіту
Күшті негіз, әлсіз қышқылдан түзілген тұз ортасы --------
Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз ортасы ---
Күшті қышқыл, әлсіз негізден түзілген тұз ортасы -----------
Күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген тұз ортасы ------
Лакмусты қызыл түске бояйтын тұз ерітіндісі
Лакмусты көк түске бояйтын тұз ерітіндісі
М ына иондардан қышқылды, сілтілі, бейтарап орта көрсететін 3 тұздың формуласын құрастырыңдар
Ү. Рефлекcия
Бұрыннан білетін материалдың көмегі болды ма?
Сізге бүгін не қиын болып көрінді?
Оқып үйренген материалдарды алдағы сабақтарда қолдана аласың ба?
Сіз бүгінгі сабақтан қандай пайдалы нәрселер үйрендіңіз?