kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тарихы терең элемент

Нажмите, чтобы узнать подробности

Темірдің шежірелі элемент екендігіне, оның тарихының тамырының тереңдігін, қасиетін, ғылым мен техниканы жетілдірудегі рөлі, құймалары арқылы қолдану аясының мүмкіндігінің шексіз екендігін, жасампаздығын түсіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тарихы терең элемент»

Алматы қаласы

Алатау ауданы

№180 ЖББМ химия

пәнінің мұғалімі

Искакова Турсынай

Алгазиевна

Темір - шежірелі элемент, жасампаз металл

Темір- адамзат дамуымен бірге жасап, қызмет етіп келе жатқан жасампаз металл. Оның дәлелі-адам баласының темір дәуірі деп аталған дәуірді басынан кешіруі. «Темір дәуірі» деген ұғымды дат археологы Томсен ХIX ғасырдың ортасында енгізген. Темірді біздің жыл санауымызға дейінгі II-III мыңжылдықтарда адамзат баласы өз кәдесіне жарата білген. Темір дәуіріне б.з.д. VIII- VI ғасырлар кіреді. Археологиялық зерттеулерге қарағанда темір дәуірінің хронологиясы әр елде әр түрлі болған. Египет фараоны II Рамзес хеттер патшасына (б.з.д. 2500 жыл) жазған хатында кендерді тотықсыздандыру арқылы темір алу туралы мәліметтер бар. Әйгілі Дамаск болаты Шығыста тіпті Аристотель (б.з.д. IVғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келген.

Орта Азия мен Қазақстан жерінің ежелгі тұрғындары темірді б.з.б.VII-VI ғасырларда пайдаланған. Осы жерлерді мекендеген сақ, үйсін тайпаларының мәдениетінде темір кеңірек қолданылған және алғашқы құл иеленушілік қоғамның пайда болу кезеңіне сай келеді.

Шығыс Қазақстан және Жетісудың оңтүстігінде темір құралдарын пайдалану (б.з.б 1- мыңжылдық) шаруашылықтың жаңа түрінің дамуын, тайпалардың одақ құруын тездетті. Темірді адамзат ертеден-ақ қолданғанын эпостық және лиро-эпостық жырлардағы мына бір өлең жолдарынан аңғаруға болады.

Темірден құйған шығыршық,

Шықыр-шықыр шырт етті.

Үзілген соң шығыршық,

Адаспан жерге ыңқ еттті. . (Сартай батыр)



Темір аса қолға алып

Темірден кебіс киеді.

Талақ етіп елінен,

Қоныс еткен жерінен,

Енді Уали жүреді. (Құбықұл батыр)

Темірден салған сарайдың

Тоғыз қабат қоршауын

Аударып келіп тастады

Қосқара атты алыбы (Еспенбет батыр)

Ғылыми дәлелдемелерге сүйенсек, «Жердің ядросы балқыған темір ядросынан тұрады» деген болжам бар. Ядро ішіндегі қысым 1,3-1,5 млн.атмосфера, температура 4000-5000С жетіп, сұйық балқыған темір құймасы Жер шарының айналу барысында турбуленттік ағын нәтижесінде жер шарының магнит өрісін тудырады деп есептейді. Жер мантиясында 12%, жер қыртысында 5% темір бар.

Қара жер адамзатқа болған мекен,

Қазына іші толған әртүрлі екен.

Ішінде сан мың түрлі асылы бар,

Солардың ең артығы немене екен?-деп ұлы Абай жер қыртысындағы металдардың ішінен темірді ең бағалысы деп жұмбақтап жырға да қосқан. Месопотамия өркениеті метеоритттік темірді білген. Олар б.з.д. Ш мыңжылдықта темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Темір аспаннан құлаған метеориттердің құрамынан табылғандықтан оны «аспан тасы», «жұлдыз тасы» деп атаған. Метеорит- планетааралық кеңістіктен жерге келіп түсетін метеорлық денелердің қалдықтары. Ең үлкен метеорит 1966 жылғы 18 ноябрь күні Қиыр Шығыс өлкесіндегі Богословка селосы маңына түсті. Оның ұшып кеткен жаңқасының салмағының өзі 256 кг.Бұл ең үлкен метеорит Москвадағы музейде сақтаулы. Ресейде 1918 жылы Тверь губерниясының Кашино деревнясының маңына метеорит құлаған, жергілікті тұрғындар бұл табиғат құбылысын әлдененің нышаны деген наныммен оның сынықтарын үйлеріне тасыған, жергілікті емшілер сынықтарды әбден үгітіп, онымен әртүрлі ауруларды емдеген. Ертеректе түсіп, 1920 жылы Африканың оңтүстік батысынан табылған темір метеориттің салмағы 60 тоннадай. Соңғы ғасырдағы зеррттеулерге қарағанда алыстағы аспан әлемінен жыл сайын орта есеппен 3000 (үш мың) тоннадай метеорит түседі екен. Метеориттің құрамында 90% темір, 8,5 % никель, 0,5% кобальт, ал қалған 1% басқа элементтер екендігі анықталды.

Темірдің шежірелі элемент екендігінің тағы бір дәлелі- қасиетті құранда темір туралы былай делінген: «Сондай-ақ темірді түсірдік. Онда мықты күш, әрі адамзат үшін қажеттер бар делінген». Құранның 26-шы Әл-Хадид сүресі қазақша темір сүресі темірдің периодтық жүйедегі орнына сәйкес келуі кездейсоқ жайт емес. Осы Әл-Хадид –темір сүресінің ғажаптары, темірге байланысты өзге де сырлар Ақжан әл-Машани еңбектерінде түбегейлі зерттелген.

Меккедегі қара тас таза темір металынан жасалғаны белгілі, оның ауада тіреусіз қалқып тұруы темірдің магниттік қасиетіне негізделген.

Делидегі б.з.б. IV-V ғасырларда 415 жылы тұрғызылған темір бағана биіктігі 7 метр, салмағы 6,5 тонна 99,72% таза темірден тұрады, осыншама уақыт таттанбауының себебі белгісіз.

1889 жылы Парижде француз инженері Гюстов Эйфель Эйфель мұнарасының құрылысын аяқтады. Мұнараның биіктігі 300 метр, таза темір металынан тұрады. Темір табиғи суларда да ең көп тараған элементтердің бірі болып табылады. Оның орташа құрамы 0,01-20 мг/л аралығында кездеседі.

Қазақстандағы темірдің бай қоры Торғай темір бассейнінде және Орталық Қазақстанда орналасқан. Темірдің жүздеген кен орындары мен кен жылғалары бар. Бірқатар кен орындарындағы кеннің жер бетіне жақын орналасуы оны арзан, ашық әдіспен өндіруге мүмкіндік береді.

Ересек адамның денесінде 4-5 г темір бар оның 65%-ы гемоглобиннің құрамында болады. Гемоглобин қанға қызыл түс береді және тыныс алу процесінде оттекті әртүрлі ұлпаларға тасымалдайды. Қанның құрамында темірдің жетіспеуі қаназдық ауруына әкеліп,адам денсаулығына кері әсерін тигізеді, темір жетіспейтін анемия ауруына әкеліп соғады. Қара нан, картоп, алма, өрік, қарақұмық жармасы байланысқан күйдегі темірге бай болғандықтан анемияның алдын алу үшін күнделікті тамақ рационына қосу қажет. Айтылған мәліметтерден қандай қорытынды шығаруға болады. Жер мен көкті мекен еткен, адам баласының бойында дамылсыз аққан қанның бөлшегі темірді неге шежірелі де жасампаз металл демеске?








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тарихы терең элемент

Автор: Искакова Турсынай Алгазиевна

Дата: 15.12.2019

Номер свидетельства: 531914

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "МАТЕМАТИКАНЫ О?ЫТУ БАРЫСЫНДА ТАРИХИ МАТЕРИАЛДАРДЫ ?ОЛДАНУ "
    ["seo_title"] => string(62) "matiematikany-ok-ytu-barysynda-tarikhi-matierialdardy-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "198943"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428491130"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Мырыш ж?не оны? ?осылыстары "
    ["seo_title"] => string(31) "myrysh-zh-nie-onyn-k-osylystary"
    ["file_id"] => string(6) "178075"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424773162"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Қазақ халқының ою-өрнектері. Ою –өрнектердің шығу тарихы"
    ["seo_title"] => string(66) "k_azak_khalk_ynyn_oiu_orniektieri_oiu_orniektierdin_shyg_u_tarikhy"
    ["file_id"] => string(6) "375931"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483702020"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Нысанбай жырауды? "Кенесары - Наурызбай" дастаны "
    ["seo_title"] => string(47) "nysanbai-zhyraudyn-kieniesary-nauryzbai-dastany"
    ["file_id"] => string(6) "163979"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422553577"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Биохимияның ғылым ретінде қалыптасуы және дамуы"
    ["seo_title"] => string(55) "biokhimiianyn_g_ylym_rietindie_k_alyptasuy_zh_nie_damuy"
    ["file_id"] => string(6) "464994"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1522854527"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства