2.Жаңа сабақ Жаңа сабақтың тақырыбын ашады.(фотосурет арқылы) Жаңа сабақ жайлы түсінік беріледі.Бейнеролик арқылы түсіндіреді. Термин сөздер: Химиялық реакцияның негізгі белгілері: 1. Жылудың бөлінуі/ allocation of heat 2. Тұнбаның түсуі/ loss of deposit 3. Газдың бөлінуі/ liberation of gas 4. Түсінің өзгеруі/ change in color 5. Жарықтың бөлінуі/ allocation of light 6. Иістің пайда болуы/ variation of a smell Тапсырма №1. Кестемен жұмыс. Жеке жұмыс Берілген тапсырмаларды кестеге бөліп жазу. Қанттың суда еруі,шынының балқуы, сүттің ашуы, темір шегенің таттануы, тұнбаның түсуі, кемпірқосақтың шығуы, жаңбырдың жаууы,қаймақтың түзілуі, жапырақтың шіруі, бенгаль шырағының жануы, мұздың еруі, көмірдің жануы,жұмыртқаның шіруі. Физикалық құбылыстар | Химиялық құбылыстар | | | | | | | Смайликтер арқылы өзара бағалау жүреді. Критерий: -Оқушылар өз ойын жеткізеді. -Қорытынды жасай біледі. Дескриптор: -Табиғатта болатын құбылыстарға көз жеткізе алады. -Физикалық құбылыстармен химиялық құбылыстарды ажырата алады. Тапсырма №2 «Суреттерді таны». Жұптық жұмыс 1.Суретте біздің айналамызда әртүрлі құбылыстар көрсетілген. Осы суреттегі құбылыстарда қандай құбылыстың түріне жатқызуға болады? 2. Физикалық және химиялық құбылыстардың белгілерін салыстырыңыз 3 . Физикалық және химиялық құбылыстарға мысал келтіріп, себебін жазыңыз. Қ аймақтың түзілуі,бұл --------------- құбылыс болып табылады, себебі---------------------------. Қардың жаууы, бұл-----------------------құбылыс болып табылады, себебі --------------------------- Темірдің таттануы , бұл---------------------құбылыс б олып табылады, себебі -----------------------------------------------. Оттың жануы , бұл ---------------------------құбылыс болып табылады,себебі------------------------------. ------------------------------бұл физикалық құбылыс С ебебі------------------------------------------. Критерий: -Оқушылар өз ойын жеткізеді. - Біздің айналамыздағы болып жатқан құбылыстардың түрлерін біледі. Дескриптор: Физикалық құбылыстарды анықтайды; Химиялық құбылыстарды анықтайды; Физикалық құбылыстардың себебін жазады; Химиялық құбылыстардың себебін жазады; Құбылыстарға өзі мысал келтіреді. Оқушылар геометриялық фигуралар арқылы бірін-бірі бағалайды. Тапсырма №3 Лабораториялық тәжірибе №3 «Химиялық реакциялардың белгілері» Мұғалім демонстрация жүзінде көрсетеді. Реактивтер: қант -2г, сірке қышқылының ерітіндісі -1мл, Мыс сульфаты (ІІ) ерітіндісі-1мл, натрий гидроксиді ерітіндісі-1мл Химиялық ыдыстар мен құрал-жабдықтар. Қыздырғыш құрал -1дана. Конусты колба-1дана, фарфор табақша-1дана, сіріңке-1дана,сынауық ұстатқышы -1дана, тамшуыр-4дана, сынауық-6 дана. Қауіпсіздік ережесін еске түсіре отырып: Қантты жағу Табақшаға борды алып, үстіне 1 мл сірке қышқылының ерітіндісін құю Сынауыққа 1 мл мыс сульфатының (ІІ) ерітіндісін құйып,үстіне 2 мл натрий гидрооксиді ерітіндісін қосу 4. Бақылауды кестеге түсіру. 5.Қорытынды жасау. № | Жұмыс барысы | Бақылау | Қорытынды. | 1 | | | | 2 | | | | 1.Химиялық құбылыстан кейін заттар өздерінің бастапқы қасиеттерін сақтамай ма? 2.Бақылаулар барысында химиялық реакцияның қандай белгілерін көрдіңдер? 3.Химиялық реакцияларды жүзеге асырудың қандай шарттары бар? Критерий: Дескриптор: -химиялық құбылыстардың белгілерін анықтайды. -байқалған белгілер бойынша құбылыстың атауын көрсетеді. Тапсырма №4.Топтық жұмыс Тест жұмысы. 1.Физикалық құбылысқа жатады а)ағаштың жануы в)бір зат екінші бір затқа айналады с)кемпірқосақтың шығуы 2.Химиялық құбылыс – а)пішінінің өзгеруі в)бір зат екінші бір затқа айналады с) айдау 3. Жай заттардан күрделі зат алу әдісі а) синтез в) эндотермиялық реакция с)кристалдану 4.Химиялық реакцияның жүру белгісіне жатады. а) тұнбаның түсуі в) қыраудың қатуы с)мұздың еруі 5.Көптеген реакциялар барысында жылу бөлінеді. а) қосылу в) эндотермиялық с) экзотермиялық 6.Жылу сіңіре жүретін реакция қалай аталады. а) қосылу в) эндотермиялық с) экзотермиялық 7.Химиялық реакцияның белгісіне жатады: а) иістің бөлінуі в) эндотермиялықс)экзотермиялық Тест жұмысын алу барысында оқушының қай деңгейде екенін білуге мүмкіндік береді. |