kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама: Шы?армашылы? саба?ты ?зірлеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л баяндама жас мамандар?а шы?армашылы? саба? ?зірлеуге дайындал?ан.Шы?армашылы? саба?тар ?сіресе бастауыш ж?не орта буын сыныптарында пайдалы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама: Шы?армашылы? саба?ты ?зірлеу»

Баяндама:

Тақырыбы: «Шығармашылық сабақты әзірлеу»

Маңғыстау облысы

Мұнайлы ауданы

12 орта мектеп

Егер сабақта және тәрбиелік жұмыстарда шығармашылық, тап-сырмалар басым болса, ондай жағдайда тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту мүмкін. Педагогтың шығармашылығына балалардың шығармашылық деңгейі де байланысты болады.

Білім беру жемісін құруда, оқушыларды қисыңды әрекетке бастайтын, шығармашылық сабақтың жетістігі "стартты" тапсырмамен анықталады.

Оқушылардың өздері орындауының шығармашылық деңгейі, тек айтылған тапсырманың мазмұнына тәуелді екенін тәжірибе көрсетеді. Егер тапсырма нашар берілсе немесе оның өзінің тәжірибесінің немесе негізгі ғылымның нақты проблематикасынан түсініксіз алыс болса, онда сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік аз.

Әзірлеп жатқан тапсырмаларға қойылатын талаптар:

- тапсырмалар оқу бағдарламасында көрсетілгендей нақты базалық сұрақтарға оқудың тақырыбына немесе объектісіне қатысты болуға тиіс;

- тапсырмалардың алдымен белгілі шешімі болмауы керек;

- тапсырманың тұжырымдамасы оқушылар үшін де, мұғалім үшін де сондай қызықты немесе тосын болуы керек.

Ашық тапсырмаларды әзірлеуде мұғалімге оқушылар алуға тиіс нәтиже туралы өзінің түсінігінен алшақ болу қиын болады. Оқушылардың өзіндік жауаптарын сезіну - ашық тапсырма сапасының маңызды субъективті белгісі. Мысалы, "Ғарыш дегеніміз не екенін қысқаша жаз" тапсырмасын жеті жасар бала қысқаша былай орындады: "Ғарыш - бұл шексіздік". Оны орындау кезіңде баланың ойланған шығармашылық деңгейі тәрізді тапсырманың қиындығы маңызды емес.

Шығармашылық сабақтар базалық негізін анықтауда әр жағдайда сабақтың үйлесімді үлгісі таңдап алынады. Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың өзіндік білімділік нәтежесін құру болып табылады.

Шығармашылық сабақтар, әсіресе, бастауыш және орта буын сыныптарында, қағида ретінде аралас, яғни оқушылардың қызметінің 3-4 бір-бірін ауыстыратын түрін қосады. Жоғары сыныптарда сабақтың әрекеттік доминантасы оны жүзеге асырудың әр түрінде біреу ғана болуы мүмкін.

Төменде шығармашылық сабақ түрлері аттарының тізімі көрсетілген. Олардың негізінде аралас сабақтар да құрылуы мүмкін. Бұдан басқа, айтылған шығармашылық сабақтың әрқайсысы оны құрудың шексіз жиынтық нұсқаларын өзіне қамтады (А. В. Хуторской).

Когнитивті үлгідегі сабақтар:

— тәжірибе сабақ;

— бақылау сабақ;

— объектіні зерттеу сабағы;

— ізденіс сабағы;

— зертханалық — практикалық сабақ:

— роблема қою және оны шешу сабағы;

— үсініктерді құрастыру сабағы (ережені, заңдылықтарды, гинртезаны);

— теорияны құрастыру сабақ;

— концерт сабақ, әлсм суреттемесін немесе оның бөлігін жасау;

— бірінші басылымдармен жұмыс сабақ;

— интегративті сабақ;

— метапәндік сабақ;

— пәнаралык сабақ;

— философиялық талдап қорыту сабағы;

Креативті үлгідегі сабақтар;

— міндеттерді құру және шешу сабағы;

— диалог сабақ (талқылау, пікір-талас, эвристикалық әңгіме);

— қайшылықты сабақ;

— қиял сабақ;

— өнертапқыштық сабақ;

— техникалық (ғылыми, қолдаңбалы, көркем, әлеуметтік, мәдени. педагогакалық) шығармашылық сабақ;

— модельдеу сабағы;

— рәмізді — шығармашылық сабақ;

— тарихты "өзгерту" сабағы (тарихи оқигаларды өз бетінше шешу);

— эвристикалық жағдай сабақ;

— жаңалық ашу сабағы;

— шығармалар;

— іскерлік ойын;

— рөлдік ойын;

— саяхат сабақ (нақты, виртуальды);

керісінше сабақ (оқушы мұғалім ретінде);

— болашақ мектептегі сабақ;

— болжамдық сабақ;

— шығармашылық жұмыстарды қорғау сабағы;

— олимпиада сабақ;

  • шығармашылық талдап қорыту сабағы;

Ұйымдастыру кызметтік үлгідегі сабақтар:

— мақсатты есептеу сабағы;

— нормативті-шығармашылық сабақ;

— жеке білімділік бағдарламаны әзірлеу сабағы;

— жеке білімдік бағдарламаны қорғау сабағы;

— топтық жұмыс сабағы;

— кеңес сабақ ( бір-біріне кеңсс беру);

— жоба сабақ;

— өзіне-өзі баға беру сабағы (бір-біріне баға беру);

— рефлексия сабақ;

Коммуникативтік үлгідегі сабақтар:

— бинарлы сабақ (екі мұғалім өткізеді);

— рецензиялау сабағы;

— өзара бақылау сабағы;

— вернисаж сабақ;

— көрме сабақ;

— аукцион сабак;

— конференция сабақ;

— жарыс сабақ;

— КВН сабақ;

— "'құбылыспен сот жүргізу" сабағы;

— спектакль сабақ;

— "дөңгелек үстел" сабағы;

— панорама сабақ;

— шығармашылық есеп.

Айтылған сабақтың үлгілері оқытудың тұтас технологиясын құратын тапсырмалар жүйелерін жасауға мүмкіндік береді.

Бұл технологиялардың негізінде мұғалім нақтылы сабақтарды өткізеді және әзірлейді.

Оқушылардың шығармашылық қызметіне бағытталған сабақтың құру ерекшеліктерін және кезеңін қарастырамыз.

1. Шығармашылық сабақтың жоспары - бұл мұгалімнің өзінің білім бағдарламасын жүзеге асыру құралы. Сондықтан сабақты жоспарлау бір тақырыпта (тарауда) тапсырмалар семинарларын жоспарлаудан басталады. Мұғалім бір-бірімен байланысқан бірнеше сабақтарды ойластырады, оларды мақсаты, тақырыбы бойынша шамалап бөлінуін, қызметтің басым болған түрлерін ойдағы нәтижелері бойьнша жүзеге асырады. Пән бойынша оқудың жалпы бағдарламасында көрсетілгсндсй оқушылардың басты білімділік нәтижелері калыптасады және оқыльп жатқан тарауда жетістікке жетуі үшін жүзеге асады.

2. Мұғалімнің санасындағы оқушылардың шығармашылық шамасын өзектендіру. Сабақ өткізілетін сол сыныптың оқушыларының ерекшеліктері ұмытылмайды. Өткен сабақтьң едәуір сәтті элементтері еске түседі. Оқушылардың жағдайына ене отырып мұгалім сезіммен жөне оймен тақырыпқа байланысты олардың іс-әрекеттерін сезеді және болатын сабақ процесіне, қажет кезінде жоспарланған мазмұнның және оқытудың құралдарын түзетеді.

3. Мұғалім тақырыптың проблематикасын өзіндік қарым-қатынас қалыптастырады. Бұл мақсатына оқулықпен, әдістемелік құралмен, кітаппен және сабақтың тақырыбы бойынша басқа материалдармен танысу өтеді. Мұғалімнің өзіне қызықты (онда бұл проблемалар окушьларға да қызықты болады) проблемалар іздестіріледі. Оқып білетін проблемаларға мамандардың (ғалымдардың) қарама-қарсы көзқарасын немесе алуан түрлілілігін белгілеу жәнс табу қажет. Проблеманы әр түрлі түсіну туралы мұғалімдердің алдын-ала білімі, сабақта баланың пайымындағы олардың авторларының жеке ықпалын көруге, оқушылар ойларының өзіндік бағыттарын ескермей кетпеуге көмектеседі.

4. Сабақтың мәнін анықтау, оқылатын курс бойынша басты мақсатты осының мәнімен арақатыстығын белгілеу. Сабақтың мәні мен оқылып жатқан тақырып, әр оқушының санасында әр түрлі болуы мүмкін екенін есепке алу маңызды. Оқушылардың жеке білімділік бағдарламасының бағыттары, игеру саласындағы олардың ынтасы жөніндс түсінік болу пайдалы.

5. Сабақтың идеясы әзірленеді, сабақтың таңдап алынған үлгілерімен, сонымен бірге ұйғарылған шығармашылық нөтижесімен қамтамасыз етіледі. Оны орындауының дәл нұсқасы нұсқауы болмайтын бір немесе бірнешеашық тапсырмалар ұйымдастырылады және әр оқушыға өзінің даралығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

6. Өз білімінің мазмұны оқушының «дүниеге келуін» қамтамасыз ететін материал иен құралдар, іс-әрекет әдісі мен түрлері таңдап алынды. Ортаның оқушыларға ұсынатын түрі болуы мүмкін, олар соған әрекет етеді.

7. Оқушылардың мүмкін шығармашылық нәтижелерінің білімстандарттарына сәйкес келуі. Оқушылардың жоспарлайтын шығармашылық туындысына күні бұрын мәдени-тарихи ұқсастықтар таңдап алынды. Мысалы, сабаққа оқушылардың сандарды қосудың өзіндік кестесін дайындайды.

8. Оқытудың әр түрлі субьектісіне қатысты сабақтың әр түрлі дәрежедегі мақсатын нақтылардыру және жазбаша қалыптастыру, оқушыға қатысты мақсаттың үш деңгейіне мысал келтірейік: «өзіндік математикалық заңдылық негізінде сандық қатар құру» (пәндік байланыс); «Заңдылық түсінігін қалыптастыру» (мета пәндік байланыс); «өзінің мақсатын, жұмыс тәсілін, пайда болған қиындықтықалыптастыруға үйрену, графикалық рефлексияның тәсілін меңгеру» (әдістемелік мақсаттар).

9. Сабақ құрылымының бір немесе бірнеше нұсқауларын әзірлеу. Сабақтың талаптарының бірі-«сабақтың тынысы», яғни білімдік доминантты сақтау кезіндегі оқушылардың іс-әрекетінің қарама-қарсы түрінің алмасуы. Бастауыш мектеп оқушыларының сабағында мұндай алмасу 10-15 минут сайын болады (ұжымдық «дауысты жұмыс); одан тапсырма беріледі және 15 минут ішінде әр оқушы аталған проблеманы шешеді (даралық, «ақырын» жұмыс); әрі қарай оқушылар 10 минут ішінде өздерінің нәтижелерін бір-бірінің алдында немесе топ алдында айтады (жеке-топтық «дауысты» іс-әрекет); аяқтаушы 5 минутта жазба рефлексия өтеді. Әр оқушы дәптеріне жазады, ол не түсінеді және нені үйренеді (даралық «ақырын» іс-әрекет).

10. сабақтың(жоспардың) конспектісін жазу. Оның үлгілі құрылымы:

-сабақтың тақырыбы, өткізу күні;

- сабақтың түрі;

- сабақтың мақсаты;

-сабаққа материал және жабдықтау;

-білімдік фундаментальдық обьекті, оның бағытына қарай оқушылардың қызметі жоспарланады;

- сабақтың басты проблемасы;

- шамамен минут бойынша уақытқа бөлінген оқушылар қызметінің кезеңдері мен түрлері;

- сабақтың әр кезеңінде оқушыларға оны орындауының әр түрлі нұсқалары енген жағдайында тапсырмалар беріледі, мысалы: «Өз әлеміңнің суретін сал»;

- оқушылардың тапсырмаларды орындауының берілген нәтижелері (нәтиженің 2-3 мүмкін нәтижесін көрсетуіңіз керек);

- қаралатын мәселе бойынша мәдени-тарихи ұқсастықтар;

- суреттер, тапсырмалар (шешуімен), кестелер, схемалар, мектеп тақтасының түрі;

- оқушылардың іс-әрекеттерінің рефлексиясы бойынша тапсырма;

- сабақ нәтижесінің бағасы және бақылау түрі;

- үйге тапсырма (таңдауы бойынша әр түрлі нұсқаулар немесе жеке);

- оқушыларға ұсынылған материалдар (оқулық, оқу құралы, интернет жүйесіндегі мекен-жайлар және т.б.);

- мұғалімнің сабаққа дайындалунда қолданылған әдебиеттің және басқа материалдың тізімі;

-өткен сабақтың талдау түрі, оған қатысқан оқушылар және әріптестермен оны қарастыру қортындысы.


Пайдаланған әдебиеттер.

  1. Қараев Ж.А., Кобдикова Ж.У. Актуальные проблемы модернизации педагогической системы на основе технологического подхода. – Алматы, 2005 ж

  2. С.К.Исламғулова. Оқу үрдісін технологияландыруға жаңаша көзқарастар. А, 2010 ж

  3. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. //Білім әлемі. Алматы., 2004 ж.  №6.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Баяндама: Шы?армашылы? саба?ты ?зірлеу

Автор: Бегленбетова Ботакоз ?айнарбаевна

Дата: 11.05.2016

Номер свидетельства: 325497


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства