Пән аралық байланыс: Математика,информатика ,өзін-өзі тану.
Сабақ өтілу барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
«Ой қозғау» стратегиясын пайдалану.
Химия кабинетінде оқушылар у-шу болып жатыр, мұны естіген мұғалім кіріп келіп ,не болды? дейді сөйтсе талас сыртында «СаО» деген жазуы бар шөлмектегі заттың қалай аталуы жайында екен. Аяулым « өртенген ізбес» десе , Дулат «ауа ізбесі» десе, Анара
« сөндірілген ізбес кальций оксиді» дейді. Сонда оқушылардың қайсысы дұрыс айтып тұр? Ойлап табыңдаршы. Мұғалім :Бұл жауаптар негізінен дұрыс.Бұл затты осылай бірнеше түрлі атауға да болады деп айтып түсіндіріп береді.
Мына сызбанұсқаға сәйкес реакция теңдеулерін жаз: .
Қ.О + Су Қ
Н,О + Су Сілті
Үй тапсырмасы қорытындыланады.
Жаңа сабақ. Мақсат қою кезеңі.
2 деңгей . Интерактивті тақтадан тірек сызбалары беріледі.
Nа О Н
1 .Құрылым формуласы: О Н
Fе О Н
О Н
Алынуы : а) Mе + Н2О Сілті + Н2
2 К + 2 Н2 О 2 КОН + Н2
ә) Н.О +Н2 О Сілті
Са О + Н2О Са(ОН) 2
б) Т + С ем Н + Т
Си Сl2 + 2 КОН Си (ОН )2 + 2 К Сl
в) Nа Сl электролиз Nа +Н2О Nа ОН
Физикалық қасиеттері: ЛС көк түс
С МО сары түс
Ф.Ф малина түс
Си (ОН)2 -көгілдір түсі
Fе (ОН)3 - Қоңыр түсті, ал көбі ақ түсті , қатты.
Сілті - күйдіргіш ! Сілті t 0 ыдырамайды
Мағынаны тану сатысында негіздердің химиялық қасиеттері тірек сызба арқылы түсіндіріледі.
Химиялық қасиеттері :
а) Сілті + Қ .О Т + Су
2КОН + СО2 К2 СО3 +Н2О
ә) Н + Қ Т + Су (бейтараптану)
КОН + НСl КСl + Н2О
Си (ОН ) 2 + 2 Н Сl Си Сl2 +2Н2О
б) Сілті + Ме тұзы Ем Н + Т
2 КОН + Fе Сl 2 Fе (ОН)2 + 2 К Сl
в) Ем Н Мех ОУ + Су
2 Fе (ОН)3 Fе 2 О3 +3 Н2О
г) Екідайлы гидроксид + Қ Т + Су
Zп (ОН)2 +2 НСl Zп Сl2 + 2 Н2О
Екідайлы гидроксид + Сілті Т + Су
Zп (ОН)2 +2NаОН Nа2 ZпО2 + 2 Н2О
Ой бөлісу стратегиясында оқушылардан өтілген сабақ төнірегінде сұрақ жауап алынады.
3 деңгей «Ойлан тап!».
Массасы 28г литий суда ерігенде сутектің (қ.ж) қанша көлемі түзіледі?
«Барлық гүлдер гүлдесінші !» Қазір сендердің көз алдарыңда мына гүлдер басқа гүлдерге айналып шыға келеді , күн көзіндей сендердің жүректеріңді жылытады. Гүлдер неге басқа түске айналып шыға келді? Ойланып көрейікші
Орындаушы : Фенолфталеин сіңірілген қағаздан жасалған гүлдер тұрады.
Сілті ерітіндісі пульверизатордан гүлге шашылады, көз алымызда барлық гүлдердің түсі өзгереді.
Оқушы сөзі : Фенолфталеин индикаторы сілтінің әсерінен малина түске өзгереді.
4 деңгей «Кім жылдам?»
Си (ОН)2
+
а) Н2SО4 ?
+ НСl
ә) К ОН ?
Рефлексия жүргізу:
(Рефлексиялық тест арқылы оқушылар сұрақтарға «+» немесе «-» белгісін қойып,сабақ туралы өз көзқарастарын білдіреді.)
1.Мен сабақтан көп жаңалықты білдім.
2.Сабақта қолданылған әдіс – тәсілдер маған ұнады.
3.Бұл алған білімім маған алдағы өмірімде жәрдемдеседі.
4.Мен сабаққа шын көңіліммен қатысып,алға қойған мақсатыма жеттім.