І. Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар, олардың құрамы және жіктелуі. Бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттері және генетикалық қатары.
Сабақтың типі:бекіту, қайталау
Мақсаты: Бейорганикалық қосылыстар, олардың құрамы және жіктелуін түсіндіру.
І. Міндеттері:
Білімділік:Оқушылардың бейорганикалық қосылыстардың кластары жөніндегі білімдерін жүйелеп, қорытындылау, өз бетімен жұмыс істей отырып, білімдерін тереңдету.
Дамытушылық:Жоспарды пайдалана отырып, өз бетінше жауап беру біліктілігін қалыптастыру. Тұлғаның танымдық қабілеттерін, яғни ынтасын, ойлауын арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, еңбекке, білімге құштарлыққа тәрбиелеу.
ІІ. Күтілетін нәтиже:
А) оқушылар білу керек: бейорганикалық қосылыстарды жіктеу
Ә) оқушылар игеру керек: бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін сипаттау
б) оқушылар меңгеру керек: ҚТЕ сақтай отырып химиялық қасиеттерін сипаттайтын тәжірибе жүргізу
ІІІ. Сабақтың әрбір кезендерінің әдісі мен тәсілдері: СТО, деңгейлік тапсырмалар.
IV. Құралдар:
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардыңсабаққа қатысуын қадағалаужәне тексеру.
ІІ. Қайталау: . I кезең – « Қайталау – білім анасы» ой қозғау
1. Оксидтер дегеніміз не? Жіктелуі.
2. Негіздер дегеніміз не? Жіктелуі
3. Тұздар дегеніміз не және қандай түрге жүктеледі?
4. Қышқылдар дегеніміз не?
5.Негіздік оксидтер дегеніміз не?
6.Қышқылдық оксидтер дегеніміз не?
7.Екідайлы оксидтер дегеніміз не?
8.Қышқылдар қандай түрге жіктеледі?
9. Негіздік оксидтер сумен әрекеттесіп не түзеді?
10. Негіздік және қышқылдық оксидтер өзара әрекеттескенде не түзеді?
Кластер құру арқылы мектепте өткен тақырыптарын еске түсіру.