Просмотр содержимого документа
«Негізгі топша элементтері»
Сабақтың тақырыбы: Металдар тарауын қайталау
Кіріспе
Оқушыларға халық арасында ежелден пайдаланып келе жатқан металдар туралы,
олардың қасиеттері, алыну технологиясы, ашылу тарихы туралы білім беріп,қолдану аясының кеңдігіне көз жеткізу.Адамға қажеттілігі туралы білім дағдыларын дамыту мақсатында «Металдар тарауын қайталау» сабағын өткіздім.
Сабақтың тақырыбы: Металдар тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың металдар тарауынан алған білімін жаңа ұғымдармен толықтыру, олардың қасиеттері туралы терең түсінік беру. Ерекшеліктерін, айырмашылығын ажырата білуді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін,өзіндік пікірін қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тұлғалық қасиеттерін дамыту
Тәрбиелік: Бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың типі: Білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы
Сабақтың әдісі: Зерттеу әдісі, оқушыға танымдық тапсырмалар беріліп, оны өз бетінше қажетті әдістерді пайдалана отырып және мұғалім көмегімен орындау.Т ірек сызбалар, проблемалық сұрақтар,концептуалдық кесте
Сабақтың көрнекілігі: Химиялық реактивтер /мыс,күкірт қышқылы, темір, мыс сульфаты, магний ,мырыш , тұз қышқылы, кесте, топтамалар
Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, қазақ тілі, география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Қызығушылығын ояту
ІІІ. Мағынаны тану. Металдар тарауын қайталау
«Кім жылдам» ойыны
«Үндемес» ойыны. Картамен жұмыс
Химиялық диктант
ІV. Ой толғаныс
Өзіндік жұмыс.
VІ. Оқушылардың алған білімдерін есепке алу
VII.Қорытынды
VІІІ. Үйге тапсырма
Ұйымдастыру кезеңі
Сынып бөлмесін сабаққа дайындау
Оқушыларды түгендеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Қызығушылығын ояту:
Логикалық есеп
Ғарыш кемесі апатқа ұшырап, белгісіз планетаға қонуға мәжбүр болды. Кеме капитаны ғарышкерлерге атмосфера құрамын анықтауды тапсырды. Ғарышкердің қолында алма, малахит қобдишасы және ізбес суы бар. Ол кесілген алманың планета атмосферасында өзгермегенін, ізбес суының лайланбағанын, ал малахит қобдишасын қыздырғанда қызыл түсті ұнтақ пайда болғанын байқайды. Ғарышкер қандай қорытынды жасады?
Есептің шешуі:
(CuOH)2CO3 CuO + H2O + CO2
CuO + H2 Cu + H2O
Мағынаны тану:
«Кім жылдам» ойыны
Адам алқанында бақитын металл?
Қанның құрамына кіретін металл?
Ең созылғыш металл?
Консерві қалбыры қандай металдан жасалады?
Дұрыс пайдалансаң емдейді, бұрыс пайдалансаң мүгедек етеді?
Ең қатты металл?
«Үндемес» ойыны
Металдардың жер қойнауында кездесетін қосылыстарын минералдар деп атайды.Олар оксид, сульфид, пирит әртүрлі тұздар түрінде кездеседі
Аты
Формуласы
Магнетит
.......
......
Ғе2О3
Пирит
.......
......
Аl2О3*nH2O
Ғаныш
......
......
Ca3(PO4)2
Қазақстанда кезесетін металдардың кен орындарын картадан көрсету
Қара және түсті металлургия картасы
Химиялық диктант
Химиялық диктант
Металдар туралы мақал-мәтелдер айту
... еріте білмеген ірітер,
Теріні илей білмеген шірітер
От көмірді жейді,
... темірді жейді
Ескі мата бөз болмас,
Ескі ... біз болмас
Тарихшы:
№
Элементтер
Ашылу тарихы
1.
Алтын
Адам баласына тас дәуірінен белгілі.
2.
Күміс
Б.ғ.д. 2500 жыл бұрын табылған. Америка мен Австралиядан 1874 жылы Еуропаға әкелінген.
3.
Қалайы
Қола дәуірінен белгілі. Ежелгі Мысырдан 4000 жыл бұрын табылған.
4.
Темір
Адамзат қоғамымен бірге туып, бірге жасасып, адам мүддесіне өызмет етіп келе жатқан тарихи элемент.
5.
Мыс
9-10мың жыл бұрын Кипр аралынан өндірілген.
6.
Сынап
Алғаш қытайлар мен үндістер пайдаланған. Грек дәрігері Диоскрид “хидр” – “су”, “аргирос” – “күміс, сұйық күміс” деп атаған.
7.
Қорғасын
Біздің заманымыздан 3-4 мың жыл бұрын Мысыр, Римнен табылған.
Химик
Металдардың сыртқы электрондық қабатында 1-ден 4-ке дейін электрондар болады. Металдар тотықсыздандырғыш қызметін атқарады.
Fe + S FeS
2Mg + O2 2 MgO
Cu + 2H2SO4 CuSO4 + SO2 + 2H2O
Cu + 4HNO3 Cu(NO3)2 + 2NO2 + 2H2O
Mg + 2 HCl MgCl2 + H2
Zn + H2SO4 ZnSO4 + H2
Биолог:
Тірі организмдердің жасуша құрамында микроэлементтер түрінде темір, мыс, қорғасын кездеседі.
Fe – 0,01-0,10; Cu – 0,002; Pb – 0,0001
Темір өсімдіктер, жануарлар, адам организмінде болады. Ол негізінен оттекті тасымалдауға және организмде электронның орын алмасуына көмектеседі. Егер организмде темірдің мөлшері жетіспесе, қан азаяды. Қан аздық ауруына құрамында темірі мол алма, нәруызға бай сүт, айран, құрт жеу керек және темір тұздары қосылған дәрі қабылдау қажет.
Қазақ тілі маманы:
Қара жер адамзатқа болған мекен Қазына іші толған әр түрлі кен. Ішінде жүз мың түрлі асылы бар Солардың ең артығы немене екен? (Темір)
Сұрақтар қойылып, талдау жасалды. 1. Темір периодтық кестеде қайда орналасқан? 2. Темірдің адам тіршілігіндегі пайдасы қандай?
Мыс бақырды сындырады талқан қылып Көмірге салды мысты дүкен қылып. Мыс былқылдап еріген кезенде шал Шөншіктен ұсақ қара алды қырып. (“Әзім әңгімесі” поэмасынан үзінді)
Осында қандай реакция қолданылады?
Бұдан Абайдың химиялық құбылыстарды, яғни реакцияларды жетік білгенін, оны шығармаларында тиімді пайдаланғанын байқаймыз.
Ой толғаныс:
Зертханалық жұмыс:
№
Тәжірибе
Не жасалды?
Не байқалды?
Қорытынды
1.
Темір мен мыс сульфатының әрекеттесуі
Темір шеге мыспен қапталады
Fe + CuSO4 FeSO4+Cu
Өзіндік жұмыс:
1-нұсқа. Есептер шығару
1.Ca---Cao---Ca(OH)2—CaCl2
2.Массасы 62 г натрий оксиді сумен әрекеттескенде сілтінің қандай массасы және қанша мөлшері түзілетінін есептеңдер.
Концептуалды кесте
Металдардың электрондық құрылысы
Физикалық қасиеттері
Химиялық қасиеттері
Алынуы
Металдардың сыртқы энергетикалық деңгейлерінде электрондар саны аз, атом радиусы үлкен, сондықтан сыртқы деңгейдегі электрондар ядроға нашар тартылады да бейметалдармен салыстырғанда валенттік электрондарын жеңіл беріп, оң зарядты иондар түзеді.
Металдық жылтырының болуы.
Электр тогын және жылуды жақсы өткізеді.
Созылғыш, тапталғыш.
Қатты күйде кездеседі.
Сұйығы сынап.
Тығыздығы, балқу температурасы әртүрлі
Жай заттармен әрекеттеседі.
Мысалы:
2Na+Cl2 2NaCl
Сумен әрекеттеседі.
Mg + H2O
MgO + H2
Қышқыл ерітінділерімен.
2Al + 6HCl
2AlCl3 + 3H2
Тұз ерітінділерімен
Ni + CuSO4
NiSO4 + Cu
әрекеттеседі
Металлотермия
әдісі
Fe2O3 + 3CO t
2Fe + 3CO2
Алюминотермия әдісі
Cr2O3 + 2Al t
2Cr +Al2O3
Сутектермия әдісі
WO3 + 3H2 t
W + 3H2O
Электролиз әдісі
2NaCl 2Nao+Cl2o
Сабақта игерілген білімді бекіту
Үлестірмелі топтамалар және тест арқылы оқушылардың білімдерін тексеру
Тест
«Металдардың жалпы қасиеттері»
Жер қыртысында ең көп таралған металл:
Темір 2. Титан 3. Мыс 4. Кальций
2) Тек металдар орналасқан қатарды көрсетіңіз:
Са, Zn, Cr 2. B, As, Te 3. O, S, Se 4. Pb, Sn, Si
3)Металдарға тән емес физикалық қасиет:
Электр өткізгіштігі 2. Жылу өткізгіштігі 3. Созылғыш, иілгіш
6) Сілтілік металдар атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейінің жалпы электрондық формуласы:
ns2 2. ns1 3. ns2 np1 4.ns2 np2
Бағалау.
Үйге тапсырма:
Металдар тарауын қайталау
№ 3, 4 есептерді шығару
“Жеті ғаламшар – жеті элемент” тақырыбында реферат жазу
Қорытынды: Қазіргі таңда оқу- тәрбие ісінің тиімділігін арттыру үшін пәндерді кіріктіруге, өмірмен байланыстыруға назар аудардым.Бүгінгі металдар тарауын қайталауда осы әдістерді қолдандым.