Просмотр содержимого документа
«VIА топты? негізгі топша элементтері. VІА топша элементтеріні? жалпы сипаттамасы. Оттек »
Күні:
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: §8.14 VIА топтың негізгі топша элементтері. VІА топша элементтерінің жалпы сипаттамасы. Оттек.
Сабақтың мақсаты: VІА топ негізгі топша элементтеріне жалпы мағлұмат беру, оттекке тоқталып, сипаттама беру.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың танымдық тапсырмалар арқылы ой – өрісін дамыту, ұшқырлыққа дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, ізденушілік қабілетін дамытуға баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымдастырушылыққа баулу, көрнекі тәжірибелер арқылы пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты өз бетінше меңгерту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.
Көрнекіліктер: Сөзжұмбақ, қазақтың ұлттық қазақ үйінің бейнесі, көрнекі тәжірибелерге арналған құрал – жабдықтар, кесте.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
2. «Тапқыр болсаң – тауып көр» «Фосфор» сөзжұмбағы. (5 минут)
3. «Өзің менің оттегім,
Өмірім сенсіз жоқ менің» (14 минут)
4. Көрнекі тәжірибелер (8 минут)
5. «Кім жылдам» ойыны (8 минут)
6. Бағалау ( 2 минут)
7. Сабақты қорытындылау
Не білдім? Не үйрендім? Нені білгім келеді? (5 минут)
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, сыныптағы оқушыларды тексеру, жоқ оқушыларды журналға белгілеу.
2. «Тапқыр болсаң – тауып көр» «Фосфор» сөзжұмбағы.
1. Азотты ең алғаш сипаттаған ғалым (Резерфорд)
2. Ауаның 78% құрайтын элемент (Азот)
3. NaNO3,KNO3 жалпы атауы (Селитра)
4. Фосфор қышқылының тұздары (Фосфаттар)
5. Адам организміндегі мөлшеріне сәйкес фосфор қандай элементке жатады? (Макроэлемент)
6.Азоттың металдармен қоспасы (Нитрид)
Ф
О
С
Ф
О
Р
3. «Өзің менің оттегім,
Өмірім сенсіз жоқ менің».
VІА топша элементтеріне – оттек, күкірт, селен, теллур және радиоактиті полоний жатады. VІ топша элементтері атомдарының сыртқы деңгейлерінде 6 электроннан бар: екеуі s – орбитальда, төртеуі р – орбитальда орналасқан: s2р4. Олардың орбитальдағы екі р – электроны жұптаспаған. Бұл олардың валенттігі қозбаған күйде 2-ге тең екенін көрсетеді.
VІА топша элементтерінің сутекті қосылыстарын жай заттардан синтездеп алады. Сулы ерітінділерінде олар әлсіз қышқылдық қасите көрсетеді. Н2ЭО4 типті қышқылдар (Э – нің тотығу жәрежесі +6-ға тең) едәуір тұрақты, реакцияларда тек тотықтырғыштар: олардың тотықтырғыштық белсендігі Н2SО4 – нан Н2ТеО4 – на өткенде өседі.
Оттек.
Оттек VІА топ элементі.
Оның электрондық формуласы: 1s22s22p4
Графиктік формуласы :
Жану Тотығу
Алынуы
Физикалық Химиялық
қасиеттері қасиеттері
Қолданылуы
4. Көрнекі тәжірибелер.
4.1. Алма неге қараяды?
Тәжірибе мақсаты: алмаға оттектің әсерін көрсету.
Керекті құрал – жабдықтар: алма, С дәрумен таблеткасы.
Тәжірибенің орындалуы:
Алманы 2 – ге бөлу.
Таблетканы ұнтақтап, алманың бір бөлігінің кесілген жеріне себу.
Алманың 2 бөлігін ашық күйінде біраз уақыт қалдыру.
Екі бөліктің түстерін салыстыру.
Сутек асқын тотығының ыдырауы.
Тәжірибе мақсаты: Картоп тілігі арқылы сутек асқын тотығын сумен оттекке айналдыру.
Керекті құрал – жабдықтар: Н2О2, шикі картоп тілігі, стакан.
Тәжірибенің орындалуы:
Стаканға Н2О2 алу.
Шикі картоп тілігін салу.
Не болғанын бақылау.
«Кім жылдам» ойыны.
5.1. Формула ішіндегі элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау (әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай)
H2SO4 KNO3 AlPO4
Na2CrO4 HNO3 CaSiO3
MgSO3 H2S NH3
5.2. Өзгерістерді жүзеге асырыңыздар:
1. KMnO4→O2→CaO→Ca(OH)2→CaCl2
CO2
2. H2O→O2→CaO→CaCO3
3. HgO→O2→BaO2→BaSO4
6. Бағалау. Оқушыларды тапсырмалар арқылы бағалау.