Бөлім: | 9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және олардың қосылыстары |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 9 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Кремний және оның қосылыстары. №9 көрсетілім «Алмаз, кремний, кремний диоксиді мен кремний карбидінің кристалдық торының модельдері» |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 9.2.1.24-кремнийдің қолданылу аймағын және оның жартылай өткізгіш ретінде қолданылуын түсіндіру 9.1.4.8 -кремний, оның диоксиді мен карбидіндегі химиялық байланыс түрін және кристалдық тор түрін сипаттау |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: Кремнийдің қолданылу аймағын және оның жартылай өткізгіштігін анықтайды. Кремний, оның диоксиді мен карбидіндегі химиялық байланыс түрін анықтайды. Көпшілік оқушылар: Кремний, оның диоксиді мен карбидінің кристалдық торын анықтайды және модельдейді; Кейбір оқушылар: Кремнийді сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін жазады. |
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 2 мин. | Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. | Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді. | Мақсаты: «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | Менделеевтің периодтық жүйесі |
Ж аңа сабаққа кіріспе 5 минут | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Мұғалім сабақ тақырыбын жариялайды. Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстырады. | 1. Үшінші периодтың,төршінші топтың негізгі тапшасының химиялық элементін атаныз? 2.Кремнийдің аллотропиялық түр өзгерістері қандай? Оқушылар период жүйесінен кремнийдің орнын анықтайды. Кремний элементіне қысқаша сипаттама береді. | Ынталандыру | Презентация Периодтық кесте |
Сабақтың ортасы Мағынаны тану. 5-6 мин. | Кремнийдің табиғатта кездесетін қосылыстарымен таныстыру. Кремнезем SiO2 Ортоклаз K2O∙Al2O3∙6SiO2 Альбит Na2O∙Al2O3∙6SiO2 Анортит CaO∙Al2O3∙2SiO2 Тальк MgO∙4SiO2∙H2O Лунный грунт – 40% SiO2 Тасты метеориттер– 20% SiO2 Кварц SiO2 Нефелин Na[AlSiO4] Каолин Al2O3∙2SiO2∙2H2O | Оқушылар кремнийдің табиғатта кездесуі бойынша қорытынды жасайды. | Дескриптор: 1. Кремнийдің табиғатта кездесуі бойынша қорытынды жасайды. 1балл | Презентация Power point |
20 минут | Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. | 2.Тапсырма 1. Кремний мен алмаздың молекулалық құрылымын және байланыс түрін анықтаңыз және салыстырыңыз? Кремнийдің кристалдық тор моделін құрастырыңдар. 3.Тапсырма Кремний мен көміртектің ұқсастығы мен айырмашылығы бойына Венн диаграммасын сызады 4.Тапсырма Бос орындарға қажетті заттарды қойыңыз 1.SiO2 + ……... = Si + CO 2.SiO2 + …...... = Si + MgO 3.Si + …....... = SiO2 4.SiO2 + …....... = CaSiO3 5.SiO2 + …....... = CaSiO3 + CO2 | Дескриптор: Жалпы – 10 балл 1.Кремний мен алмаздың молекулалық құрылымын және байланыс түрін анықтайды. Кремнийдің кристалдық тор моделін құрастырады - 2 балл. Кремний мен көміртектің ұқсастығы мен айырмашылығы бойына Венн диаграммасын сызады-3 балл. Кремний, оның диоксидін сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін жазады | ДК экраны 9-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Оқу тапсырмасы: §43-§44.Оқу. 60-беттегі №1-2-есептер; 65-беттегі №1-2-есептер; Мини-проект дайындау: «Кремний және оның қосылыстарының қолданысы». Проект критерийі: Құрамы (3-4слайд, текст аз, схема, сурет және кестелердің болуы шарт) Шығармашылық пен креативтілік Көрнектілік пен дизайн Қызықты фактілер | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | Мұғалім оқушыларды 1-10 баллдық жүйе бойынша бағалайды. | |
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. | 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады. «Мадақтау сөзі» әдісі | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. |
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |