kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Кремний ж?не оны? ?осылыстары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ні:

Сынып: 9 сынып

Саба?ты? та?ырыбы:                               Кремний ж?не оны? ?осылыстары

Саба?ты? ма?саты: Кремнийді? ПЖ-дегі орнымен, тоты?у д?режелері, алынуы, химиялы? ?асиеттері, таби?атта таралуы, ?олданылуымен таныстыру.

Саба? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і – 1 мин.

ІІ. ?й ж?мысын тексеру – 10 мин.

ІІІ. Жа?а та?ырып ?ту – 15 мин.

IV. Саба?ты бекіту ж?не пысы?тау – 18 мин.

V. ?йге тапсырма беру – 1 мин.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Кремний ж?не оны? ?осылыстары"»

Күні:

Сынып: 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Кремний және оның қосылыстары


Сабақтың мақсаты: Кремнийдің ПЖ-дегі орнымен, тотығу дәрежелері, алынуы, химиялық қасиеттері, табиғатта таралуы, қолданылуымен таныстыру.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі – 1 мин.

ІІ. Үй жұмысын тексеру – 10 мин.

ІІІ. Жаңа тақырып өту – 15 мин.

IV. Сабақты бекіту және пысықтау – 18 мин.

V. Үйге тапсырма беру – 1 мин.


ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Сұрақ – жауап әдісі бойынша:

1. Көмір қышқылының құрылымдық формуласын жазыңдар. (тақтаға бір оқушы шығады)

2. Судағы ерітіндісінде көмір қышқылының сатылай диссоциациялануын теңдеумен өрнектеңдер.

3. Химиялық қасиеттері

8- жаттығу.

Na2O → Na2CO3 → NaHCO3 → Na2CO3 → CO2

Na2O + CO2 = Na2CO3

Na2CO3 + H2O = NaHCO3 + NaOH

2NaHCO3 = Na2CO3 + CO2 + H2O

Na2CO3 + 2HCl = 2NaCl + H2O + CO2


9- жаттығу.

Б/ні: Шешуі

m (Na2CO3 + NaHCO3) = 146 г NaHCO3 = Na2CO3 + CO2 + H2O

х г 137 г

т/к: m(Na2CO3) -? 84 г 106 г х = 108,6 г

m (NaHCO3) - ? m(Na2CO3) = 146 – 108,6 = 37,4 г

Жауабы: m(Na2CO3)= 37,4 г m (NaHCO3) = 108,6 г

ІІІ. Жаңа тақырып.

1. ПЖ-гі орны. Кремний ІІІ периодтың, IV топтың негізгі топшасының элементі, реттік нөмірі 14, ядросында 14 протон мен 14 нейтроны бар (Ar = 28) Электрондар саны да 14.


2. Электрондық құрылысы.

Электрондық қабаттарда электрондар 1s22s22p63s23p2 болып бөлінеді, валенттілік электрондары 3s23p2

Оларды орбитальдарға орналастырсақ:



↓↑


3p2

3s
Si ….3s23p2

Кремний қосылыстарында ІІ және Ivваленттілік көрсетеді. (SiO және SiO2 – құм,

SiH4 – силан)


3. Алынуы:

Кремнийді таза күйінде швед химигі И.Я.Берцелиус 1822 жылы бөліп алған

Зертханада: SiO2 + 2Mg = Si + 2MgO

Өндірісте: SiO2 + 2C = Si + 2CO

Кремний тау хрусталі немесе кварц (SiO2) құрамында болады; ол (Si) қиын балқитын, металдық жылтыры бар,қара сұр түсті қатты, оның қаттылығы алмаздан төмендеу, жартылай өткізгіш зат.( кристалдық кремний)

Аморфты кремний (сұрғылт) қоңыр түсті ұнтақ, реакцияға түсуі оңай зат. Табиғатта кездесуі жағынан екінші орын алады.


4. Химиялық қасиеттері

а) жай заттармен

1. Si + O2 = SiO2

2. Si + 2F2 = SiF4

3. Si + C = SiC карборунд

4. Si + 2Mg = Mg2Si магний силициді


ә) күрделі заттармен

Сілтінің ерітіндісімен қыздырғанда әрекеттеседі Si + 2NaOH +Н2О = Na2SiO3 +2H2

HNO3 (сұйық) және H2SO4 әрекеттеспейді.


5. Қолданылуы.

Si – электроникада жартылай өткізгіш ретінде қолданылады.

SiC карборунд – бұрғылар, тегістегіш заттар жасауда, стоматологиялық құралдар өндірісінде, отқа, қышқылға төзімді заттар алады.


6. Кремнийдің сутекті қосылысы SiH4 – силан түссіз, ауада өздігінен тұтанатын жанғыш газ, тұрақсыз қосылыс, ол мына реакция бойынша алынады:

Mg2Si + 4HCl = SiH4 + 2MgCl2

SiH4 + 2O2 = SiO2 + 2H2O


7. Кремний оксиді – құм – силикагель- кремнезем – кварц кристалдары деп те аталады. Суда ерімейтін, қиын балқитын зат. Қыздырғанда немесе балқытқанда негіздік оксидтермен, сілтілермен әрекеттеседі.

SiO2 + Na2O = Na2SiO3

SiO3 + 2NaOH = Na2SiO3 + H2O

SiO2 + Na2CO3 = Na2SiO3 + CO2

SiO2 + 4HF = SiF4 + 2H2O


8.Табиғатта таралуы

Кремнезем табиғи полимер. Кремнезем мұхиттардың төменгі қабатында кейбір инфузориялар мен диатомды балдырлардың қатты қабықтарының құрамына кіреді. Трепел деп аталатын аморфты кремнеземнен қопарылғыш зат – динамит даярлайды. Кристалдық кремнеземді кварц дейді, оның алты қырлы призма тәрізді мөлдір түрі – тау хрусталі деп аталады, одан бағалы тастар, оптикалық линзалар алынады. Ал күңгірттеу түстісі – аметист одан зергерлік бұйымдар жасайды. Кварцтың майда кристалдары өзен суына жиналатын құмды құрайды.


9.Қолданылуы

Табиғи кремнезем барлық кремний қосылыстарын алудың басты шикізаты. Оны байланыстырғыш ретінде құрылыста және шыны, керамика, цемент, оптикалық линзалар өндірісінде, адсорбент алатын басты шикізат ретінде қолданады.


Қорытынды

║Кремний табиғатта көп таралған элемент. Ол тау жыныстары мен минералдардың ║негізгі құрам бөлігі. Қосылыстарында -4, +2, +4 тотығу дәрежесін көрсетеді. Ол ║қышқылдық оксидке жатады. Кремнийдің жоғары температурада белсенділігі ║артады. Кварцтен тау хрусталін алады және бағалы тастар, оптикалық линза, ║зергерлік бұйымдар жасайды. Кремний – қазіргі заманғы электроника негізі.


IV. Сабақты бекіту және пысықтау.

Мына айналулар тізбегіндегі реакция теңдеулерін жазыңдар.

Si → SiO2 → K2SiO3 → H2SiO3 → SiO2


Есеп. Құрамында 80% таза кремний (IV) оксиді болатын 1 кг құмнан қанша калий силикатын алады?

Құм SiO2 1000 г – 100%

SiO2 х г - 80% x= 800 г


Есеп. 30 г кремний (IV) оксидімен әрекеттесуге натрий гидроксидінен қанша жұмсалады?


SiO2 + 2NaOH = Na2SiO3 + H2O

30 г х г

60 г 80 г х= 40 г


Есеп. Техникада карборундты электр пешінде құм мен коксты (С) қосып, қатты қыздыру арқылы алады. Осы реакцияның теңдеуін құрастырып, 80 г карборунд алу үшін қанша құм жұмсалатынын есептеңдер.

Б/ні:

m (SiC) = 80 г

т/к: m (SiO2) -?

SiO2 + 2C = Si + 2CO Si + C = SiC

х г 56 г х г 80г

60 г 28 г х= 120 г 28 г 40 г х= 56 г


жауабы: m(SiO2) = 120 г

V. Үйге тапсырма: §27. 8-9 жаттығулар


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Кремний ж?не оны? ?осылыстары"

Автор: Еслямова Умит Батырбековна

Дата: 12.04.2016

Номер свидетельства: 317977


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства