1. Көмір қышқылының құрылымдық формуласын жазыңдар. (тақтаға бір оқушы шығады)
2. Судағы ерітіндісінде көмір қышқылының сатылай диссоциациялануын теңдеумен өрнектеңдер.
3. Химиялық қасиеттері
8- жаттығу.
Na2O → Na2CO3 → NaHCO3 → Na2CO3 → CO2
Na2O + CO2 = Na2CO3
Na2CO3 + H2O = NaHCO3 + NaOH
2NaHCO3 = Na2CO3 + CO2 + H2O
Na2CO3 + 2HCl = 2NaCl + H2O + CO2
9- жаттығу.
Б/ні: Шешуі
m (Na2CO3 + NaHCO3) = 146 г NaHCO3 = Na2CO3 + CO2 + H2O
х г 137 г
т/к: m(Na2CO3) -? 84 г 106 г х = 108,6 г
m (NaHCO3) - ? m(Na2CO3) = 146 – 108,6 = 37,4 г
Жауабы: m(Na2CO3)= 37,4 г m (NaHCO3) = 108,6 г
ІІІ. Жаңа тақырып.
1. ПЖ-гі орны. Кремний ІІІ периодтың, IV топтың негізгі топшасының элементі, реттік нөмірі 14, ядросында 14 протон мен 14 нейтроны бар (Ar = 28) Электрондар саны да 14.
2. Электрондық құрылысы.
Электрондық қабаттарда электрондар 1s22s22p63s23p2 болып бөлінеді, валенттілік электрондары 3s23p2
Оларды орбитальдарға орналастырсақ:
↑
↑
↓↑
3p2
3s Si ….3s23p2
Кремний қосылыстарында ІІ және Ivваленттілік көрсетеді. (SiO және SiO2 – құм,
SiH4 – силан)
3. Алынуы:
Кремнийді таза күйінде швед химигі И.Я.Берцелиус 1822 жылы бөліп алған
Зертханада: SiO2 + 2Mg = Si + 2MgO
Өндірісте: SiO2 + 2C = Si + 2CO
Кремний тау хрусталі немесе кварц (SiO2) құрамында болады; ол (Si) қиын балқитын, металдық жылтыры бар,қара сұр түсті қатты, оның қаттылығы алмаздан төмендеу, жартылай өткізгіш зат.( кристалдық кремний)
Аморфты кремний (сұрғылт) қоңыр түсті ұнтақ, реакцияға түсуі оңай зат. Табиғатта кездесуі жағынан екінші орын алады.
Si – электроникада жартылай өткізгіш ретінде қолданылады.
SiC карборунд – бұрғылар, тегістегіш заттар жасауда, стоматологиялық құралдар өндірісінде, отқа, қышқылға төзімді заттар алады.
6. Кремнийдің сутекті қосылысы SiH4 – силан түссіз, ауада өздігінен тұтанатын жанғыш газ, тұрақсыз қосылыс, ол мына реакция бойынша алынады:
Mg2Si + 4HCl = SiH4 + 2MgCl2
SiH4 + 2O2 = SiO2 + 2H2O
7. Кремний оксиді – құм – силикагель- кремнезем – кварц кристалдары деп те аталады. Суда ерімейтін, қиын балқитын зат. Қыздырғанда немесе балқытқанда негіздік оксидтермен, сілтілермен әрекеттеседі.
SiO2 + Na2O = Na2SiO3
SiO3 + 2NaOH = Na2SiO3 + H2O
SiO2 + Na2CO3 = Na2SiO3 + CO2
SiO2 + 4HF = SiF4 + 2H2O
8.Табиғатта таралуы
Кремнезем табиғи полимер. Кремнезем мұхиттардың төменгі қабатында кейбір инфузориялар мен диатомды балдырлардың қатты қабықтарының құрамына кіреді. Трепел деп аталатын аморфты кремнеземнен қопарылғыш зат – динамит даярлайды. Кристалдық кремнеземді кварц дейді, оның алты қырлы призма тәрізді мөлдір түрі – тау хрусталі деп аталады, одан бағалы тастар, оптикалық линзалар алынады. Ал күңгірттеу түстісі – аметист одан зергерлік бұйымдар жасайды. Кварцтың майда кристалдары өзен суына жиналатын құмды құрайды.
9.Қолданылуы
Табиғи кремнезем барлық кремний қосылыстарын алудың басты шикізаты. Оны байланыстырғыш ретінде құрылыста және шыны, керамика, цемент, оптикалық линзалар өндірісінде, адсорбент алатын басты шикізат ретінде қолданады.
Қорытынды
║Кремний табиғатта көп таралған элемент. Ол тау жыныстары мен минералдардың ║негізгі құрам бөлігі. Қосылыстарында -4, +2, +4 тотығу дәрежесін көрсетеді. Ол ║қышқылдық оксидке жатады. Кремнийдің жоғары температурада белсенділігі ║артады. Кварцтен тау хрусталін алады және бағалы тастар, оптикалық линза, ║зергерлік бұйымдар жасайды. Кремний – қазіргі заманғы электроника негізі.
IV. Сабақты бекіту және пысықтау.
Мына айналулар тізбегіндегі реакция теңдеулерін жазыңдар.
Si → SiO2 → K2SiO3 → H2SiO3 → SiO2
Есеп. Құрамында 80% таза кремний (IV) оксиді болатын 1 кг құмнан қанша калий силикатын алады?
Есеп. Техникада карборундты электр пешінде құм мен коксты (С) қосып, қатты қыздыру арқылы алады. Осы реакцияның теңдеуін құрастырып, 80 г карборунд алу үшін қанша құм жұмсалатынын есептеңдер.