Мен Калданова Жаннур Абубакировна Химия п?нінен 9 кластарга арнал?ан д?ст?рлі емес саба?ымды ?сынып отырмын.О?ушыларды? ізденушілік,шы?армашылы? ?абілетін дамыту бізді? басты міндетіміз бол?анды?тан осы саба?та темірді? жан жа?ты ?асиеттеріне о?ушылыр ?з ізденушіліктерін арттыру?а м?мкіндік берілген
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по химий»
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылы Жарқамыс орта мектебі химия пәні мұғалімі Калданова Жаннур Абубакировна
Сабақтың тақырыбы: Темір
Сабақтың мақсаты: а) ғылымилығы: темірдің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, шығу тарихы, оның қосылыстары, физика-химиялық қасиеттері жөнінде толық мағлұмат беру.
Тәрбиелік мақсаты: темірдің адам өміріндегі, өсімдіктер мен микроағзалардағы маңызы, сонымен қатар тұрмыстағы, медицинадағы, өнеркәсіптегі маңызы жөнінде ұғым қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың белсенділігін, біліктілігін, ұйымдастыру қабілетін, жауапкершілігін, ой-өрісін дамыту.
Сабақтың әдісі: ауызша журнал сабақ
Көрнекіліктер: Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйе, Қазақстанның қазба байлықтары, геогафилық карта, темірдің минералдарының коллекциясы, интерактивтік тақта.
Сабақтың жоспары:
1) Темірдің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы
2) Темірдің физикалық, химиялық қасиеттері
3) Табиғатта кездесуі
4) Темірдің алынуы
5) Қолданылуы
Сабақтың барысы:
Жаңа сабақ
Бүгінгі жаңа сабағымыз «Темір». Темірдің маңызы, физика-химиялық қасиеттері мен тағы басқа қызықты мағлұматтармен танысамыз.
Темір (лат. феррум), химиялық элемент, Менделеев жасаған периодтық жүйенің IV период, VIII топтың қосымша топшасында орналасқан. Реттік нөмірі – 26, атомдық массасы – 56. Fe+26 темірдің электрон саны – 26, осыған қарап электрондық формуласын жазамыз. 1s22 s22p63s2 3p63d64s2 . Енді деңгейшелерде орналасуын қарастырайық.
Қосымша топшадағы барлық элементтер сияқты темірде d элементтеріне жатады.
Бүгінгі сабағымызға қатысатын қонақтарымыз бар, олар бізге темірдің маңызы, табиғатта кездесуі тағы сол сияқты қызықты мағлұматтармен таныстырады.
Енді қонағымыздың бірі – тарихшы-зерттеушіге сөз берейік, бізге темірдің біз білмейтін сырларын айтып береді.
1) Темір – «аспан тасы» 1749 жылы Енисейден Сібір ұстасы сол темір кесегін тапқан. Ол дүние жүзіне әйгілі болып, тұңғыш метеорит деп аталған. Метеориттегі темірлер кейде бұйым жасауға жарамайды. Мұндай жағдай Хорезм ханы қару жасаушыларында кездесті. Көптеген метеориттердің 5,5% тұтас темір мен никельдің қоспасынан тұрады.
2) Сонымен қатар темір өсімдіктер мен микроағзалар үшін де маңызы зор екен. Бұл жөнінде биолог баяндап береді.
Өсімдіктер ағзасында темір орта есеппен 0,02% болады. Темір фотосинтез үрдісіне қажетті заттардың негізгілерінің цитохромдар және ферроксин құрамына кіреді. Егер темір жетіспесе, хлорофилдің түзілуі баяулайды. Бұндай кезде өсімдіктің жас жапырақтары түсін жоя бастайды да, хлороз ауруына ұшырайды.
Жусан және тағы басқа көптеген өсімдіктер топырақта темірді көп мөлшерде түзетін индикатор болып табылады. Бұл жерде ащы жусанның жапырақтары ашық сары түске енсе, ал кейбір өсімдіктердің гүлдері, мысалы, гортензия гүлі өзіне тән емес көгілдір түске боялады.
3) Темірдің адам өміріндегі рөлі де зор, осыған байланысты дәрігерімізге сөз берейік.
Адам ағзасында темір түзуші ферменттер, нәруызды, комплекс ферритин – одан ағзаға қажетті темір түзуші заттар түзіледі. III валентті темір иондары ағзаға күрделі нәруыз трансферрин көмегі арқылы жеткізіледі. Трансферрин қан плазмасында, сүтте, жұмыртқаның нәруызынан табылған. Темір – энергияның бөлінуіне, ферменттік реакциялардың жүруін, иммундық жүйені қалыптастыруда, холестериннің алмасуында басты рөл атқарады. 70кг адам салмағында 4,2-5г темір болады. Күнделікті адамның ағзасына 10-20мг темір қажет. Қанда темір саны азайып кетсе, анемия ауруы пайда болады.
4) Тағы бір айта кететін нәрсе, темірдің кен орындары да бар, міне, сол жөнінде географ айтып береді.
Қазақстанда темірдің бай қоры бар, ол Торғай темір кенді бассейнінде және орталық Қазақстанда орналасқан. Қазіргі кезде елімізде темірдің жүздеген кен орындары белгілі болып отыр. Темір кенінің қоры жағынан Қазақстанда қазіргі таңда әлемде 8-ші орын, ал оны өңдеуде 11-ші орында. Ал ТМД елдерінде Ресеймен Украйнадан кейінгі үшінші орында тұр.Қазақстанда есепке алынған 37 кен орнының 27-інде темір кенінің қорлары айқындалған.Темір өндіретін зауыттар:Қарағанды,Балқаш,Ленингор,Өскемен мен Шымкент,Павлодар түсті металлургия зауыыттары бар.
5) Енді химигіміз темірдің қосымша қандай қасиеттері бар екенін баяндап береді.
Темір –алюминийден кейінгі табиғатта ең көп таралған металл.Оның үлесіне жер қыртысының 4,2%-ы тиеді.Темір жер қыртысында көптеген минералдар түзеді.Темірдің ең маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл темір тас Fe2O3;магнитті теміртас-Fe3O4;пирит немесе темір колчеданы FeS2 түрінде кездеседі.Енді физикалық қасиеттеріне келетін болсам –темір жылтыр,күміс түстес ақ металл.Темір иілімді ,магниттелетін және оны жоғалтатын қасиеті бар,осыған орай техникада кеңінен қолданылады.
Міне өздеріңіз көріп отырғандай темірдің көптеген жерлерде қажет екенін білдік.
Химиялық қасиетіне келер болсақ, темір жай және күрделі заттармен әрекеттеседі.
Жай заттармен Күрделі заттармен
Cl 2 тұз
Fe S Fe қышқыл
O2 су буы
2Fe + 3Cl2=2FeCl3 Fe + CuCl2=FeCl2+Cu
Fe + S=FeS Fe + H2SO4=FeSO4 + H2
3Fe + 2O2=Fe3O4(FeO*Fe2O3) Fe + H2O = FeO + H2
Енді алынуын қарастырайық, темірдің өнеркәсіпте оның оксидтерінен тотықсыздандырып алады.
1)темірді оның оксидінен сутекпен тотықсыздандыру арқылы
Fe2O3 + H2 = 2Fe + 3H2O
2) темірді оның оксидінен алюминиймен, яғни (алюминотермиялық әдіс) тотықсыздандыру арқылы
Fe2O3 + Al = 2Fe + Al2O3
3) темірді оның оксидінен көміртектің моно оксидімен тотықсыздандыру арқылы
Fe2O3 + 3CO = 2Fe + CO2
Ал қолданылуын қарастырайық, сызбанұсқада көрсетілгендей темір:
Сонымен темір – орташа белсенді металл, тотығу дәрежесі +2 және +3 болатын қосылыстар түзеді. Табиғатта және техникада маңызы зор. Темірді оның оксидтерінен тотықсыздандыру арқылы алады. Темірді, негізінен, оның құймалары – шойын және болат түрінде қолданады.
Енді темір тақырыбына арналған тест сұрақтарына жауап берейік:
1)Темір VIII топтың қосымша топшасында орналасқан.
2) Темір атомында электрондар мен протондар саны тең.
3) Темір су буымен әрекеттескенде, темір оксиді түзіледі.
4) темір түсті металға жатады.
5) темірді болат пен шойын өндіруде қолданбайды.
6) Темір хлормен әрекеттескенде, темірдің (III) хлориді түзіледі.
7) Темірді оның оксидінен алюминиймен тотықсыздандыру арқылы алады.
8) Темірді көміртектің моно оксидінен тотықсыздандыру арқылы алуға болмайды.