Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қожбанбет би атындағы орта мектеп химия-биология пәнінің мұғалімі
Жумадилова Айгуль Ниязхановна
Сабақтың тақырыбы: Көмірсулар Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көмірсулардың жіктелуі, қасиеттері, қолданылуы мен маңызы туралы білім қалыптастыру. Дамытушылық, Оқушылардың ой-өрісін дамытып, шығармашылық қабілетін,дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру,ойларын еркін айтуға дағдыландыру. ТәрбиелікОқушылардың топтық іс-әрекетке үйрету,пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білім меңгерту. Сабақтың типі: Жаңа сабақ топтастыру. Сабақтың әдісі: Кооперативті,сын тұрғысынан ойлау,, сұрақ-жауап, ой – туғызу Сабақтың байланысы: Биология,әдебиет, математика Сабақтың көрнекілігі: 1) интерактивті тақта 2) демонстрация 3) тірек сызбалар 4) дидактикалық материалдар Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа қатысып отырған білімгерлерді ұйымдастыру, көңіл – күйлеріне , денсаулықтарыңа назар аудару, сабақ құралдарын түгендеу және реттеу. Ой қозғау 1Орманды анасындай аңдар сүйіп,
Қойнында мекендеген марал,киік.
Тамаша табиғаттың сан байлығы
Тұр екен көкірегіне қалай сыйып. М.Хакімжанова
Өсімдіктер әлемі аса алуан түрлі және нағыз әсем дүние.Әсемдік эстетикалық әсермен қоса,өсімдіктер әлемі тағыда көптеген аса маңызды үрдістерді жүзеге асырады.
Ол қандай үрдіс?
Болжам жасалады:
Оттегі
түзуші
Энергия
түзуші
Өсімдіктер - биозертхана
Органикалық қосылыстар түзуші
Топтастыру
Көмірсулар туралы не білеміз?
Фотосинтез суреті.
Жаңа сабақ: Көмірсулар табиғатта өте көп таралған. Және адам тіршілігінде маңызы өте зор рөл атқарады. Крахмал қоректік зат, маталар, қағаздар, жасанды талшықтар т.б. өндірісіне жұмсалады. Көмір сулар деп аталуы себебі көміртек және судан құралған органикалық зат Сп (Н2О) m 3) Жіктелуі: Көмірсулар
Моносахаридтер дисахаридтер полисахаридтер
Глюкоза сахароза крахмал целюлоза
Фруктоза рибоза мен дезоксирибоза
Оқушыларды 3 топқа бөліп аламыз
1.Моносахаридтер
2.Дисахаридтер
3.Полисахаридтер
Мағынаны тану.
І-топқа- Моносахаридтер.
Глюкозаның табиғатта кездесуі: өсімдіктердің барлық мүшелерінде, жемістерде, тамырларда, жапырақтарда, гүлдерде, әсіресе жүзімдердің шырындарында, жемістер мен жидектерде көп болады. Адам ағзасында, адам қанында 0,1%, бұлшық етте глюкоза болады.
Глюкозаның құрылысы: 1) Егер глюкоза ерітіндісіне Cu(ОН)2 қосса, ашық көк түсті ерітіндісі түзіледі. 2) Егер глюкоза ерітіндісіне күміс нитратының аммиактағы ерітіндісін қосып қыздырса «күміс айна» реакциясы болады. Бұған қарап зат молекуласындағы оттегінің алтынмен, атомды альдегид тобының бар екендігін көруге болады. Демек, глюкоза құрылысының формуласын былай жазамыз:
H H H OH H
O
H 6C 5C 4C 3C 2C 1C
H
OH OH OH H OH
Глюкоза әрі альдегид, әрі көп атомды спирт болғандықтан – альдегидоспирт деп атайды, бұл ашық тізбекті формуласы, осымен бірге альдегид тобы жоқ глюкозаның тұйық тізбекті құрылысы да болады, бұларды перспективті формулалар деп атайды.
Физикалық қасиеті: Глюкоза суда жақсы еритін, түссіз кристалды зат, дәмі тәтті.
Химиялық қасиеті: Глюкоза гидроксил және альдегид топтарына байланысты бірнеше химиялық қасиет көрсетеді: 1)Глюкоза көп атомды спирт ретінде күрделі эфир түзеді:
Сірке ангидриді 2)Глюкоза альдегид ретінде тотығады: күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен
СН2ОН-(СНОН)4-С +Аq2O→ СН2ОН-(СНОН)4-СООН+2 Аq Н NH3 глюкон қышқылы
3)Глюкозаны мыс гидроксидін қосып қыздырғанда мыс сахаратын түзеді, оны ары қарай қыздыр,мыс (І) оксидінің қызыл түсті тұнбасын түзеді.
С6Н7О (ОН)5+Сu(он)2 С6Н7О(ОН)3 Сu+2Н2О
Мыс сахараты СН2ОН-(СНОН)4-СООН + Сu(он)2 t СН2ОН-(СНОН)4-СООН+Сu2О +Н2О
4) Глюкоза Ni катализатор қатысында сутекпен тотықтырғанда алты атомды спирт сорбитке айналады:
СН2ОН-(СНОН)4-СООН +Н2 СН2ОН-(СНОН)4- СН2ОН
5) Глюкозаның маңызды қасиеттерінің бірі – әр түрлі микроорганизмдер әсерінен ашуы. Глюкоза ашығанда әртүрлі өнімдер түзіледі: а) Спиртті ашу ашытқы, ферментінің әсерінен этил спирті түзіледі:
С6Н12О6 2С2Н5ОН+2СО2 ә) Сүт қышқылын ашу сүт қышқылы бактерия ферментінің әсерінен сүт қышқылы түзіледі:
С6Н12О6 2СН3СНОН- СООН
б) Май қышқылды ашу:
С6Н12О6 С3Н7СООН+2 Н2 +2СО2
6) Глюкоза органикалық қосылыс болғандықтан толық тотыға алады.
С6Н12О6 +6О2 6СО2+6Н2О+Q
Глюкоза изомері – фруктоза, бұл кетоноспирт. Тәтті жемістерде болады, ара балының негізгі бөлімі фруктозаны жеміс қанты деп те атайды.