kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Фосфор Ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Фосфор, периодты? ж?йедегі орнына сипаттама беру, ?асиеттерімен, алу жолдары ?олданылуы туралы білім алу?а жа?дай ту?ызу. П?наралы? байланыс:биология,тарих,физика,математика, география, медицина.Саба? конференция т?рінде ?теді. Саба?та ?олданылатын ?діс-т?сілдер:с?ра?-жауап,ізденіс,есеп шы?ару,ой ?оз?ау, ойт?рткі 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Фосфор Ашы? саба? »





Нурмуханова Жұлдыз Досымбекқызы

Ақмола облысы Зеренді ауданы Қызылсая орта мектебі

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,- дегені бәрімізге мәлім. Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл - ұстаздар еңбегінің жемісі. Олай дейтінім ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да, тіпті баланы да ұстаздар тәрбиелейді. Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде–ақ белгілі болды.

. Мектеп-үйрететін орта,оның жүрегі- мұғалім,ұстаз мектепте басты тұлға болып қала береді, себебі халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ешбір керемет заманауи технология мұғалімді алмастыра алмайды. Менің мұғалім ретінде міндетім - жеке тұлғаны қалыптастыруға атсалысу, қоғамның бір бөлшегі жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындату, оларды өмірден өз орнын табуға көмектесу, бағыт - бағдар беру. Осы қиын да қызық мамандық мені ешқашан жалықтырған жоқ, қайта өмір сүруге күннен — күнге құлшынысымды арттырып, жаңа жолдар мен шешімдерді, жаңа әдіс — тәсілдерді іздеуге итермелейді

Өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Сол себептен де ең алдымен, жеке тұлға ретінде өзімнің бойыма өзгерістер енді. Мен бұрын баладан жауап алғанша асықсам, қазір оқушының керегінше ойлануын бірінші орынға қоятын болдым.

«Жаңа сабағың өткен сабақтың жалғасы ғана емес, ол жаңа ой, жаңа сезім, жаңа қызығушылык және құмарлық тудыратындай сабақтасуы керек»- дегендей, мен де әр сабағымда балалардың қызығушылығын,белсенділігін арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді ( топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау , дамыта оқыту) кеңінен қолданамын . Бүгінгі күнде балалар жаттанды нәрсені қайталамай, өз ойын еркін дәлелдеп айтуға, бір-біріне құрметпен қарап, көмектесуге, топ ішінде өзін «жеке тұлға» ретінде санап,көшбасшы болуға,өз

беттерінше ізденіп жұмыс істеуге, бір-бірін және өзін-өзі әділ бағалауға төселіп, қазірде бұл қалыпты жағдайға айналғандай.

Дәстүрлі сабақта өзім тақырыпты айтып, оны талдап, өзім бағалап, қорытындыны өзім жасап отыратынмын. Ойлап қарасам, мен оқушыны ойландыруға жағдай жасамаған екенмін. Ал қазір осының барлығын оқушы жасайды. Сын тұрғысынан оқыту технологиясын тиімді қолдану оқушылардың химиялық білім негіздерін қалыптастыру мақсатында өткізілген «Фосфор» атты сабағымды ұсынам.







Тақырыбы: Фосфор

Мақсаты:Фосфор, оның периодтық жүйедегі орнына сипаттама беру, ашылу

тарихымен таныстыру, физикалық, химиялық қасиеттері,

қолданылуы жайлы білім алуға жағдай туғызу.


Күтілетін нәтиже: 1.Фосфордың периодтық жүйедегі орнына сипаттама бере алады.

2. Фосфордың ашылу тарихы мен таралуы туралы танысады.

3. Қасиеттері мен қолданылуы жайында біледі.

4. Фосфордың адам ағзасы үшін маңызын айта алады.

5. Тақырыпқа сәйкес тапсырмалар, есептер орындай алады.

Көрнекіліктер: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, сызба−суреттер,слайдтар,карточкалар

Сабақтың түрі: конференция сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс, есеп шығару, ой-қозғау, ойтүрткі,

Пәнаралық байланыс: медицина, биология, тарих, география, математика, физика

Сабақтың барысы:

Тренинг ойнату

  • Көршілерді, көршілерді итеруге болады.

  • Көршілерді, көршілерді қытықтауға болады.

  • Көршілерді, көршілерді шымшуға да болады.

- Көршілерді, көршілерді құшақтауға болады.

 Үй тапсырмасын тексеру үшін

Толықтыру тесті

Таза азот -------, иіссіз --------.

------- өткір иісті тұншықтырғыш газ.

Азот ( IY) оксиді өткір иісті тұншықтырғыш, ------------ түсті, ------- газ.

Азот қышқылы түссіз , өзіне тән иісі бар -----------.

Азот ( II) оксиді түссіз, ---------- өте аз еритін ------.

Керекті сөздер: газ, улы, аммиак, газ, сұйықтық,суда, қоңыр, түссіз.

  1. Конференцияға қатысушылармен таныстыру. Олар: химик, физик, биолог, дәрігер, агроном, тарихшы, геграф, ізденуші

Ойтүрткі: Қазір бізге тарихшы жұмбақ жасырады.

Тарихшы:Гамбург алхимигі Бранд «философиялық тас» алу жолында көп жұмыс істеді. Брандтың ойынша бұл тас кәріні жасартатын, ауруды тез сауықтыратын, адамның өмірін ұзартатын тас болды. Бранд бұдан басқа барлық металдарды алтынға айналдырғысы келді. Бірде ол жаңа рецепті бойынша зертханада жұмыс істеді. Адам зәрін суалтып, оған көмір мен құмды


араластырып ауа қатыстырмай қыздырды. Құтының ішінде жылтыраған бір нәрсенің бар екенін көрді. Сөйтіп, 1669жылы осы зат кездейсоқ ашылды. Алынған зат жарық шығарады, осыны пайдаланып, Бранд байларға сатып ақшаға кенелді. Бұл қандай зат деп ойлайсыңдар?

ІІ Қызығушылықты ояту

Ендеше бұл зат фосфор екен. Бұл сабақта фосфор элементіне сипаттама береміз. Алдымен химикке сөз берейік.

Химик:Фосфор химиялық элементтердің Д.И.Менделеевтің ашқан периодтық жүйесінің элементі. Ол үшінші период пен бесінші топтың қиылысқан жеріндегі он бесінші тор көзге орналасқан және реттік нөмірі он бес, атомдық масса салмағы 31. Фосфор – бейметалл.

Оның ядросында 15протон, 16нейтрон бар. Электрондардың жалпы саны да 15-ке тең. Электрондық құрылысы:

Р 1s22s2 2p6 3s2 3p3

Фосфор қосылыстарында ІІІ, Ү – валенттілік көрсетеді, тотығу дәрежелері -3,0,+3,+5.

Алынуы: Са3 (РО4)3 + SіО2 + 5С → 3СаSіО3 + 5СО↑ + 2Р

Ендігі кезекті табиғатта таралуын білу үшін ортаға географ ғалымды шақырайық.

Географ:Фосфордың жер қыртысындағы массалық үлесі 0,12%. Фосфор табиғатта тек қосылыс күйінде 190-дай минералдардың құрамында кездеседі. Қазақстанда фосфорға бай кен орындары бар. ХХғ 30жылдарында Ақтөбе облысында фосфорит кені табылған. Ақтөбе кен орындарының негізгі артықшылығы – олардың қабаттары жер бетіне жақын орналасқан және пайдалы қазбаны ешқандай кедергісіз өндіруге болады. Мұнда жалпы қоры жүздеген миллион тоннаға жететін ондаған ірі кен орындары бар.

30-жылдардың аяғында (1938-1940) Қаратау бассейні ашылды. Бассейнде 26кен орны бар. Бассейннің ең бай шикізатында 28-34% Р2О5 бар. Фосфордың табиғи қосылыстары фосфорит Са3(РО4)2 пен апатит Са5(РО4)3ОН Қаратауда кездеседі.

Оңтүстік Қазақстанда, Аят және Лисаковск кен орындарындағы қоңыр тас көмірдің құрамында фосфордың едәуір қоры бар. Жаңатас, Шымкент пен Таразда фосфор зауытары жұмыс істейді. Фосфор сіріңке және улы химикаттар өндірісінде пайдаланылады.

Келесі сөз кезегі физикке беріледі.

Физик:Фосфордың үш аллотропиялық түр өзгерісі бар: ақ, қызыл, қара (Р4). Ақ фосфор -өте белсенді, улы зат, түнде жарықырап сәуле шығарады. Суда ерімейді, сондықтан оны су астында сақтайды. Ауасыз ортада қыздырғанда ақ фосфор қызыл фосфорға айналады, ал жоғарғы қысымда қара фосфорға


айналады. Қызыл фосфор –түсі қоңыр-қызыл, улы емес, суда нашар ериді, ұшпайды, 25000С-де от алады. Қара фосфор-20000С өте жоғары қысымда қыздырғанда түзіледі. Түсі графитке ұқсас, қолға майдай сезіледі. Активтігі нашар,жартылай өткізгіш, улы емес, 50000С-де от алады. Осындай физикалық қасиеттеріне сүйене отырып, оның қолданылуына тоқталайық. Ол үшін химикті ортаға шақырайық.

Химик: Фосфор-тыңайтқыш, дәрі-дәрмек, улы химикаттар, сіріңке дайындау үшін қолданылады.

Ендігі кезекте күнделікті қолданылып жүрген сіріңкенің қалай пайда болғанына тоқталсақ:

Ізденуші: Сіріңкені 1831 жылы 19жасар Шарл Сориа алғаш ойлап тапқан. Бірақ ол сіріңкеге патент ала алмады, себебі ол қымбат болатын. 1832жылы неміс мұғалімі Камерер сіріңкеге патент алып, оны өндіре бастады. Бірақ оның сіріңкесі ақ фосфордан жасалғандықтан өте қауіпті болды. Қауіпсіз сіріңкені 1848 жылы швед химигі Бетгер алды. Бұл өзіміздің кәдімгі сіріңкеміз, ол қызыл фосфордан жасалады.

Биолог: Фосфор адам және басқа тірі ағзалар тіршілігі үшін қажет элемент. Кальций ортофосфаты қаңқаға беріктік қасиет береді. Ол бұлшықет, жүйке, кемік ұлпаларының құрамына кіреді. Ол туралы атақты геохимик, ақадемик А.Е.Ферсман «фосфор-тіршілік пен ақыл-ой элементі» деген болатын. Себебі, мидың қызмет, бұлшықеттің қимылы фосфор қосылыстарының химиялық өзгерістеріне байланысты. Фосфор ет ұлпасында 56 грамм кездеседі. Адам сүйегінде 600 грамм фосфор бар.Адам мен жануарлар фосфорды өсімдіктен алады.

Агроном:Фосфор тыңайтқыштары егіс дақылдарында зерттелінді. Қаратау фосфоритінен жасалған поли және ортофосфаттар тұзды топырақтарға қолданғанда, тұздылық әсерін азайтатын және ауыр металдардың қозғалысын тежеп, өсімдік тамырына зиянсыз жағдайға жеткізетін механизмдерінің бары және олардың тиімді тыңайтқыштар екені дәлелденді. Фосфор элементі азоттан кейін керекті екінші элемент болғанымен, тұзды топырақта өсімдікке қорек ретінде жетіспесе, биохимиялық реакция-ларға қуат беру көзі кеміп, қиындықтар туындайды. Яғни, өсу, даму процестерін жеделдету үшін жүретін реакцияларға қуат жетіспейді де, даму жағдайы күйзеліске ұшырап, өнімге өнім сапасына кері әсерін тигізеді.

Фосфордың химиялық қасиеттерін білі үшін химикті ортаға шақырамыз.

Химик: Фосфор жай және күрделі заттармен әрекеттеседі.

Оттегімен оксид түзеді: 4Р+5О2 → 2Р2О5

Галогендермен галогенидтер береді: 2Р+3СІ2 → 2РСІ3

Күкіртпен сульфид түзеді: 2Р+3S → Р2S3Металмен фосфид түзеді: 3Са + 2Р →Са3Р2



Фосфор адам ағзасына қажетті элемент екенін білдік. Тереңірек білу үшін ортаға дәрігерді шақырайық.

Дәрігер:Фосфор жануар мен адам сүйегінде, бұлшықетте, ми ұлпаларында болатыны анықталды. Фосфор адамның жадын жақсартады, оны біз наннан, ас бұршақтан, балықтан, ірімшіктен аламыз. Массасы 70кг адамның денесінде шамамен 800г фосфор болады. Сондықан балық пен сүт тағамдарын ас мәзіріне күнделікті кіргізіп отыру керек

Жаңа сабақты бекіту

Сыныппен жұмыс:

  1. Есептер шығару:
    Ғалымдар есептеулері бойынша адам денесінің салмағының 1 пайызы фосфор болады екен. Осыған сүйене отырып өз ағзаңыздағы фосфордың массасын есептеңдер.

2. №7 есеп. 63 бет.

Массасы 34,5 г бертолле тұзы фосфордың қанша зат мөлшерімен әрекеттесе алады?

Бер: Шешуі:

m(КСІО3) =34.5 г

т\к: ϑ ( Р) - ?

2.Венн диаграммасын толтыру/Ақ және қызыл фосфордың қасиеттерін салыстырады/

3. Ой толғау.(Презентация қорғау). Тақырыпты меңгергеннен кейін алдарыңдағы қағазға түрлі – түсті маркермен презентация жасаңдар. Санаға нені түйдік, еске нені түсірдік, қағаз бетіне сызып, жазып көрсетіңдер. Болған топ кезекпен презентацияларын қорғайды.
5. Рефлексия. «Таразы». Балалар фосфор жайлы бұрыннан білетін едіңдер, енді бүгінгі алған білімдеріңді таразылап көріңдерші. Бұрынғы білгенімізге неше пайыз қостық. Таразының салмақты жағы бүгінгі қосқан біліміміз.
Бағалау: «Бірін – бірі бағалау»

Аты-жөні

Үй тапсырмасын тексеру (10 ұпай)

Тақырыпты таныстыру (5 ұпай)

Есеп шығару

(5 ұпай)

Диаграмма толтыру

(5 ұпай)

Ой толғау

(5 ұпай)







Үйге тапсырма:§18 1-8 жаттығу. «Фосфор» сөзіне бес жолды өлең құрау































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Фосфор Ашы? саба?

Автор: Нурмуханова Ж?лдыз Досымбек?ызы

Дата: 24.03.2015

Номер свидетельства: 190622

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Ашық сабақ "Пайдалы қазбалардың түрлері""
    ["seo_title"] => string(41) "ashyk_sabak_paidaly_k_azbalardyn_turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "460985"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1520401337"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Ашы? саба?ты? та?ырыбы:«Минералды ты?айт?ыштар» "
    ["seo_title"] => string(52) "ashyk-sabak-tyn-tak-yryby-minieraldy-tyn-aitk-yshtar"
    ["file_id"] => string(6) "185222"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426160731"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Ашы? саба? "Кенге жатпайтын пайдалы ?азбалар""
    ["seo_title"] => string(49) "ashyk-sabak-kienghie-zhatpaityn-paidaly-k-azbalar"
    ["file_id"] => string(6) "259796"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448820824"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Ашы? саба?   «А?аш ?нерк?сіп кешені»"
    ["seo_title"] => string(39) "ashyk-sabak-ag-ash-onierk-sip-kieshieni"
    ["file_id"] => string(6) "299198"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456481805"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "ашы? саба?:  Бізді? Отанымыз-?аза?стан "
    ["seo_title"] => string(39) "ashyk-sabak-bizdin-otanymyz-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "215669"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432749743"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1410 руб.
2350 руб.
1420 руб.
2370 руб.
1570 руб.
2620 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства