kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бейорганикалық қосылыстардың (оксидтер, қышқылдар, тұздар, негіздер) химиялық қасиеттері

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттері»

Сабақ жоспары № 2

Оқытушы: Жапелова Э. А. пәннің аты: Химия

Оқу тобы: ЕМС, МБС 1 – курстар күні «_____» _____________ 20___ж.

Сабақ тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттері.

Сабақ түрі: түсіндіру сабағы





Сабақ мақсаты

Білімділік: студенттерге бейорганикалық қосылыстардың химиялық және физикалық қасиеттерін түсіндіру;

Тәрбиелік: студенттерді әдептілікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Дамытушылық: студенттерге бейорганикалық қосылыстардың қасиеттерін түсіндіре отырып, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: түсіндіру, баяндау, есеп шығару.

Сабақты жабдықтау: плакаттар

Таратылатын материалдар: кестелер

Пән аралық байланыс: биология

Сабақты жүргізу кезеңдері

(негізгі және қажетті әдістемелік түсіндірмелер мен ұсыныстар)

Берілетін уақыт (мин)

І. Ұйымдастыру кезеңдері

3 мин.

- Сабақты өткізуге оқытушының психологиялық даярлығы


- Сәлемдесу


- Түгендеу


ІІ. Өткен тақырыпты қайталау (топтағы әр студентпен қарым – қатынасқа түсе алу деңгейі)

15 мин.

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.


ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау (түсіндірудің жүйелілігі, түсініктілігі, пәнаралық байланысы, оқытушының өзіне - өзі сенімділігі)

45 мин.

Жоспар:

1. Оксидтер класы;

2. Қышқылдар класы;

3. Тұздар класы;

5. Негіздер класы.


Оксидтер классы.

Физикалық қасиеті жағынан оксидтер әр түрлі, көпшілігі – қатты заттар, біразы – газ, кейбіреулері – сұйықтық.

Химиялық қасиеті жағынан, алдымен суға қатынасын қарайды. Оксидтердің көпшілігі тікелей немесе жанама жолмен болсын сумен қосылыс түзеді.

Оксидтерді алу әдістері:

  1. Жай және күрделі заттар жанғанда:

S + O2 → SO2

CH4 + 2O2 → CO2 + 2H2O

  1. Күрделі заттар айырылғанда оксидтер түзіледі:

CaCO3→ CaO + CO2

Оксидтердің химиялық қасиеттері

1. Негіздік оксидтер қышқылдармен әрекеттесіп, тұз және су түзеді:

CaO + HCl → CaCl2 + H2O

2. Актив металдардың оксидтері сумен әрекеттесіп, сілті түзеді:

CaO + H2O → Ca(OH)2

3. Негіздік және қышқылдық оксидтер өзара әрекеттесіп, тұз түзеді:

SO3 + CaO→ CaSO4

Оксидтердің қолданылуы. Оксидтер түрлі салада кеңінен қоданылады. Күкіртті газдың жүнді, жібекті ағарту үшін, жеміс – жидек консервілерін оны сақтауда, қоймаларды зиянкестермен тазартуда алатын орны ерекше. Ал су адам өмірі үшін ерекше маңызды.

Қышқылдар класы. Қышқылдарға тән белгілер: қышқылтым дәм, күйдіргіштік қасиет. Қышқылдар ерітінділерін ажырату үшін арнаулы анықтағыштар – индикаторлар пайдаланылады ( индикатор латынша «көрсеткіш» деген ұғымды білдіреді). Оларға лакмус, метилоранж, фенолфталеин жатады.

Қышқылдар ерітінділерінде түсін өзгертетін заттарды индикаторлар деп атайды. Қышқылға салса күлгін түсті лакмус – қызарады, сары түсті метилоранж – қызарады, фенолфталеиннің түсі өзгермейді.

Қышқылдардың құрамына кіретін сутек атомдарының саны әр түрлі. Қышқыл құрамында бір атом сутек болса бір негізді, екі сутек атом болса, екі негізді т.б. болып бөлінеді. Қышқыл құрамында оттек атомының болу немесе болмауына байланысты оттекті және оттексіз деп бөлінеді. Оттекті қышқылдардың дәстүрлі атаулары қышқыл түзуші элемент атымен байланысты шыққан. Мысалы, күкірт қышқылы, азот қышқылы.

Қышқылды алу әдістері:

1.Қышқыл оксидтерінің сумен өзара әрекеттесуі

P2O5 + 3H2O→ 2H3PO4

2. Сутегінің тиісті металмен өзара әрекеттесуі

H2 + Cl2 → 2HCl

3. Қышқылдардың тұздармен өзара әрекеттесуі

Ba(NO3)2 + H2SO4→ BaSO4↓ + 2HNO3

Физикалық қасиеттері. Қышқылдардың көпшілігі, мәселен күкірт, азот, тұз қышқылдары – түссіз сұйықтық. Қатты қышқылдар да болады: ортофосфор қышқылы. Қышқылдардың барлығы дерлік суда ериді.

Химиялық қасиеттері.

1. Металл оксидтермен әрекеттеседі

Al2O3 + 6HCl → 2AlCl3 + 3H2O


2. Негіздермен әрекеттеседі

2KOH + H2SO4 → K2SO4 + 2H2O

3. Қыздырғанда кейбір қышқылдар айырылады

H2SiO3 → SiO2 + H2O

Тұздар класы. Тұздар – қатты кристалл заттар, біразы суда жақсы еріп, мөлдір ерітінді түзеді. Суда ерімейтін тұздарға барий сульфаты, күміс хлориді т.б. жатады. Азот қышқылының тұздары түгелдей суда ерімтал. Натрий мен калий тұздарының барлығы дерлік суда жақсы ериді.

Химиялық қасиеттері.

1. Тұздар мен тұздардың арасында алмасу реакциялары жүреді:

CaCl2 + Na2SiO3 → CaSiO3↓ + 2NaCl

3. Тұздар сілтілермен әрекеттеседі:

Fe(NO3)3 + 3NaOH → Fe(OH)3↓+ 3NaNO3

4. Тұздар қышқылдармен әрекеттеседі:

AgNO3+ HCl → AgCl↓+HNO3

5. Кейбір тұздар қыздырғанда айырылады:

CaCO3→ CaO + CO2

Тұздарды алу жолдары:

  1. Негіздік оксид пен қышқылдық оксидтен:

MgO + CO2 → MgCO3

  1. Негіздік оксид пен қышқылдан:

CuO + H2SO4 → CuSO4+H2O

  1. Қышқылдық оксид пен негіздің әрекеттесуінен:

Ba(OH)2 + CO2 → BaCO3↓+ H2O

4. Металл мен бейметалдан:

2Na + Cl2 → 2NaCl


Тұздардың қолданылуы. Адам организмінде 5,5% тұз болады және организм үнемі тұз болуын қажет етеді. Тірі клеткаларда, жүйке, сүйек және ет тканьдерінде тұз ерітіндісінің маңызы зор. Табиғи суларда, яғни өзен, көл, мұхит, теңіз суларында тұздар еріген күйде 0,1 – 3,5 %-ке дейін болады.

Тұздардың ішінде көп қолданылатын ас тұзынан сода, хлор, натрий т.б. алады. Құрылысқа қажетті материалдарға: әктас, мрамор, басқа да карбонаттар мен силикаттар жатады.

Негіздер класы.

Негіздер суда ерігіштігіне қарай суда еритін (сілтілер) және суда ерімейтін болып бөлінеді.

Негіздердің алынуы.

Суда еритін негіздерді алу:

  1. Белсенді металдарды тікелей сумен әрекеттескенде:

2Na + 2H2O→ 2NaOH + H2


Химиялық қасиеттері:

  1. Сілтілер қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп, тұз бен су түзеді:

2NaOH + SO2 → Na2SO3 + H2O

  1. Негіздер мен қышқылдар арасында бейтараптану реакциясы жүреді:

NaOH + HCl → NaCl + H2O

  1. Сілті мен металл тұздары әрекеттесіп, жаңа тұз және ерімейтін негіз алынады:

CuSO4 + 2NaOH → Cu(OH)2 + Na2SO4

  1. Ерімейтін негіздер қыздырғанда айырылады:

2Fe(OH)3 → Fe2O3 + 3H2O


ІV. Жаңа тақырыпты бекіту (қорытындылау, бағалау). (Қорытындылау, бекіту сұрақтарының мақсаттылығы, сөйлеу мәнері, мәдениеті, қимыл – қозғалысы)

15 мин.

Белсенді қатысқан студентерді бағалау


  1. Оксидтердің химиялық қасиеттері;

  2. Тұздардың химиялық қасиеттері;

  3. Қышқылдары физикалық қасиеттері.


V. Үй тапсырмасы (тапсырма түрі, көлемі, психологиялық кері байланыстың болуы)

2 мин.

1. Бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттері;

2. Мына реакцияларды аяқтаңдар:

Zn + Cl2

Mg + O2

H3PO4

CuSO4 + Fe →

AgNO3 + H2SO4

Ca(OH)2 + HNO3

KOH + H3PO4

Fe(NO3)3 + NaOH →













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттері

Автор: Жапелова Эльмира Амантаевна

Дата: 01.10.2020

Номер свидетельства: 558889

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(231) "Бейорганикалы? ?осылыстар, оларды? ??рамы ж?не  жіктелуі. Бейорганикалы? ?осылыстарды? химиялы? ?асиеттері ж?не генетикалы? ?атары"
    ["seo_title"] => string(130) "bieiorghanikalykkosylystarolardynkuramyzhniezhiktieluibieiorghanikalykkosylystardynkhimiialykkasiiettierizhnieghienietikalykkatary"
    ["file_id"] => string(6) "281753"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453574871"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(231) "Бейорганикалы? ?осылыстар, оларды? ??рамы ж?не жіктелуі. Бейорганикалы? ?осылыстарды? химиялы? ?асиеттері ж?не генетикалы? ?атары "
    ["seo_title"] => string(132) "bieiorghanikaly-osylystar-olardy-ramy-zh-nie-zhiktielui-bieiorghanikaly-osylystardy-khimiialy-asiiettieri-zh-nie-ghienietikaly-atary"
    ["file_id"] => string(6) "104768"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1402756638"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Бейорганикалы? ?осылыстар  арасында?ы генетикалы? байланыст"
    ["seo_title"] => string(59) "bieiorghanikalykkosylystararasyndagyghienietikalykbailanyst"
    ["file_id"] => string(6) "281771"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453576648"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "Саба?ты? та?ырыбы: Суды? ??рамы, физикалы? ж?не химиялы? ?асиеттері"
    ["seo_title"] => string(63) "sabaktyntakyrybysudynkuramyfizikalykzhniekhimiialykkasiiettieri"
    ["file_id"] => string(6) "292711"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455334228"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "«Суды? ??рамы, физикалы? ж?не химиялы? ?асиеттері» "
    ["seo_title"] => string(56) "sudyn-k-u-ramy-fizikalyk-zh-nie-khimiialyk-k-asiiettieri"
    ["file_id"] => string(6) "181294"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425316521"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства