Просмотр содержимого документа
«Ағылшын тілінде химия пәнін оқытудың негізгі ерекшеліктері»
Астана қаласы №80 мектеп-гимназиясының химия пәнінің мұғалімі
Газдрубал Елик
ХИМИЯ Пәнін ағылшын тілінде оқытудың ерекшеліктері
Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы. Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Үштілдік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Қоғамның бүгінгі әлеуметтік тапсырысы – жаратылыстану-математикалық, химия-биологиялық пәндер бойынша ғылыми дайындықтың әлдеқайда жоғары деңгейін қамтамасыз ету; сонымен қатар білім беруде осы бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыру. Ағылшын тілі – ХХІ ғасырдың тілі. Қазіргі таңда келешек ұрпақты интеллектуалды тұлға етіп дамыту, көптілді меңгерту – білім беру жүйесінің өзекті мәселесі болып отыр. Ағылшын тілінде химия пәнін оқытудың себебі шетел тіліндегі сөйлеудің пәндік мазмұны басқа білім салаларынан алынатын мағлұматтарға сүйенеді. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың білімдік әрекеттік нәтижесі оқушылардың универсалды сипаттағы білімдерін кеңейтуде, шет тілдік қарым-қатынастың пәндік мазмұндық аспектісін байытуда, оқу мотивациясын арттыруда, жеке тұлғаны және оның білім алу мен өзін-өзі жетілдіруін дамытуда көрінеді.
Білім беру саласында пәндерді кіріктіре оқыту тәсілі қазақстан мектептерінде қолданысқа енгізіп жатыр. Бұл оқушының тек бір пәнді ғана меңгеріп қоймай, барлық пәндерді бірдей меңгеруіне көмегін тигізбек. Нақтырақ айтсақ кіріктірілген пәндерді енгізу оқушының жалпы дамуына және тақырыпты сабақта тереңірек зерттеп, әлем туралы тұтас ұғымының қалыптасуына септігін тигізеді.
Қазіргі оқыту үрдісі пәндердің мазмұнын кіріктіру өзектілігін одан әрі арттырып, осы үрдісті ақпараттық оқыту құралдарымен пән мазмұнына сай жасақталу мәселесін шешумен ұштастыруды керек етіп отыр. Өйткені, ақпараттандыру – бүгінде қоғамдық өмірдің өзге салаларындағыдай білім берудегі стратегиялық мақсат-міндеттерді орындауды интенсивтендіруге мүмкіндік беріп отырған бірден-бір үрдіс.
Химия пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады. Сабақ барысында қосымша берілетін химиялық терминдер сөздігі оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді. Қазақстан Республикасының шетелдермен халық-аралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін шет тілін білетін мамандар қажет-ақ. Мектептерде көптілді білім бере отырып тілді терең меңгерген шәкірттер білім алып шығуы тиіс. Бір жағынан мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту болса, екінші жағынан орыс тілінің лингвистикалық белсенділігін сақтау және ағылшын тілін жаhандану экономикасындағы ғылыми – ақпарат алудағы желісін кеңейту.
Химиялық элементтердің периодтық кестесі жалпы түсінікті үш тілде мәтін ретінде бере отырып, үш тілді қолдану үшін тапсырмалар беріледі:
І. Қажетті сөздерді пайдалана отырып мәтінді толықтыр.
Химиялық элементтердің периодтық __заңдылықтары________, химиялық элементтердің ____жіктелуі_______ – Д.И. Менделеев ашқан периодтық заңның кестелік бейнесі. Менделеев элементтерді периодтық _кестесі________ орналастырғанда олардың атом, салмақтарының өсуіне, сонымен қатар олардың химиялық ______қасиеттері___ өзгеруіндегі периодты__жүйеге___________ сүйенді.
Периодическая______закона____химических элементов __классификация__________ химических элементов –это таблица периодического __систему_________ который создал Д.И. Менделеев. Менделеев установил элементов в периодическую _________таблица___ на основании периодического закона изменения ______свойств______ химических элементов и зависимость различных свойств элементов от заряда атомного ядра от их атомного веса.
The periodic ______law____of chemical is the ____ classification _of chemical elements, it is a table of Periodic___ system _______ formulated by D.I. Mendeleev. Mendeleev organized the elements in the periodic___ table _______ on the basis of their atomic numbers, growing of their mass, and recurring chemical _ properties _________ according to the Periodic Law.
І
оxygen
sulfur
gold
iron
tin
copper
silver
hidrogennitrogen
carbon
І. Химиялық элементтерді қазақша, ағылшынша және орысша атауларымен сәйкестір.
yглерод
кислород
серебро
медь
железо
cера
водород
олово
золото
темір
сутегі
күкірт
күміс
оттегі
мыс
көміртегі
алтын
қалайы
ІІІ. Мына химиялық ұғымдарды үш тілде үйрен.
Technology - Технология – табиғи және жасанды жолмен алынған шикізаттарды өндіріс және халық тұтынатын өнімдерге өңдеу әдістері мен үрдістерін зерттейтін ғылым саласы.
ҮІ. Химиялық элемент таңбалары . Кесте толтыру.
Бұл кесте бойынша мұғалім кез келген кестедегі қажетті бағандарды толтырта алады. Элементтердің қазақша атауын, орысша атауын немесе ағылшын тіліндегі атауын, элементтің таңбасын, оқылуын немесе салыстырмалы атомдық массасын толтыртуға болады. Сонымен бірге тапсырмадағы бағандар да мұғалімнің қалауына қарай таңдалып алынады.
Қазақша атауы
Орысша атауы
Ағылшынша атауы
Элементтің таңбасы
Химиялық элементтің оқылуы
Салыстырмалы атомдық массасы
Сутегі
Водород
Н
Аш
1
Оттегі
Кислород
О
O
16
Сынап
Ртуть
Hg
Гидраргирум
201
Алтын
Золото
Аu
Аурум
197
Көміртек
Углерод
С
Це
12
Калий
Калий
К
Калий
39
Мыс
Медь
Сu
Купрум
64
Темір
Железо
Ғе
Феррум
56
Күміс
Серебро
Аg
Аргентум
108
Қорғасын
Свинец
Рb
Плюмбум
207
Азот
Азот
N
Эн
14
Барий
Барий
Ва
Барий
137
Йод
Йод
І
Йод
127
Мырыш
Цинк
Zn
Цинк
65
Хлор
Хлор
Cl
Хлор
35,5
Фосфор
Фосфор
P
Пэ
31
Фтор
Фтор
Ғ
Фтор
19
Марганец
Марганец
Mn
Марганец
55
Жалпы пәнді үш тілде оқыту қазіргі кезде көп қолдауға ие болып отыр. Бұл қажеттіліктен туындады. Мектеп оқушылары халықаралық олимпиадаларға көптеп қатысуда, ал осы олимпиадалар мен ғылыми жобалар ағылшын тілінде қорғауды қажет етеді. Көп жағдайда химия пәнін жақсы меңгерген оқушылар ағылшын тілін жетік білмегендіктен осындай мүмкіндіктерге қол жеткізе алмай жатады. Осы кедергілерді жою мақсатында, мектепте өтілетін пәндерді үш тілге негіздей отырып өткізген тиімді. Осыған орай елімізде ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер дайындалуда. Көптеген қазақстан мектептерінде пәндерді ағылшын тілінде жүргізу жүзеге асырылуда. Осының барлығын негізге ала отырып химия пәнін үш тілді үндестіре оқытудың маңызы да зор.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
«Химия мектепте» жураналы сәуір-мамыр 2003ж.
Н.Назарбаев (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана,2007. 28 ақпан.
Баженова И.Н. құрастырушы. Педагогикалық ізденіс - А; Рауан, 1990
А.Мырзабайұлы. химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық
негіздері. – А.: Білім, 2004.- 224 бет.
5.« Химия мектепте » журналы 2005ж-4. 69 – 70 бет.
6. « Химия мектепте » журналы 2006ж-3. 25 бет.
7. Б.А.Бірімжанов, Н.Н.Нұрахметов. Жалпы химия. – А.: Рауан, 2001.
8. Химия. Орта мектептің 8-10 кластарына арналған оқулық. КазГ,