kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Химиялы? реакцияларды? типтері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: §18. Химиялы? реакцияларды? типтері.

ІІ Саба?ты? ма?саты:

Химиялы? реакцияларды? т?рт типіне то?тала отырып реакция те?деулерін жазып, оны айтып беру да?дысын дамыту.

О?ушыларды химиялы? реакцияларды? ?р типін ажырату?а да?дыландыру.

Таным ?ызы?ушылы?ын ояту?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Химиялы? реакцияларды? типтері»

І Сабақтың тақырыбы: §18. Химиялық реакциялардың типтері.

ІІ Сабақтың мақсаты:

Химиялық реакциялардың төрт типіне тоқтала отырып реакция теңдеулерін жазып, оны айтып беру дағдысын дамыту.

Оқушыларды химиялық реакциялардың әр типін ажыратуға дағдыландыру.

Таным қызығушылығын оятуға тәрбиелеу.

ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, деңгейлеп оқыту.

Көрнекілік: валенттік кестесі, дидактикалық тапсырмалар.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Моль деген не?

2. Молярлық масса деген не?

3. Авогадро саны деген не?

Е сеп. 1. Мөлшері 5 моль судың массасын есептеңдер.

2.Массасы 120 г Са қанша зат мөлшеріне сәйкес келеді?

3.Массасы 54 г судың зат мөлшерін есептеңдер.

Деңгейлік тапсырма.

Жаңа сабақ. Химиялық реакцияның 4 типі.

  1. Қосылу р. Fe + S → FeS; CaO + H2O = Ca(OH)2; CaO+H2O+CO2 = Ca(HCO3)2.

Екі н/е бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуын қосылу р. д.а.

2Fe + O2 + 2H2O = 2Fe(OH)2.

  1. Айырылллуы р. 2H2O → 2H2↑ + O2↑; CaCO3→ CaO + CO2↑.

2KMnO4 = K2MnO4 + MnO2 + O2↑.

Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауын айырылу р.д.а.

  1. Ортынбасу р. Fe+CuCl2=Cu+FeCl2; Zn+2HCl=ZnCl2+H2; 2Fe+3H2O=Fe2O3+3H2↑.

Күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын жай заттың атомы басатын реакцияяны орынбасу р.д.а.

  1. Алмасу р. CuO + H2SO4 = CuSO4 + H2O.

Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар бірінің орнын бірі басуы арқылы жүретін реакция алмасу р.д.а.

Fe2O3 + 6HNO3 = 2Fe(NO3)3 + 3H2O.



Қорытынды. 1-тәжірибе. Малахиттің айырылу тәжірибесі.

Cu(OH)CO3 – табиғи малахит минералы.

Cu(OH)CO3 → 2CuO + H2O + 2CO2↑.

2-тәжірибе: CuCl2 + Fe = FeCl2 + Cu орынбасу реакциясы.

Алған білімді бекіту. Жаттығу орындау.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §18, №6-11.



































І Сабақтың тақырыбы: §19. Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.

ІІ Сабақтың мақсаты: Химиялық реакция типтері мен реакция теңдеулерін теңестіру ұғымдарын қалыптастыруды одан әрі жалғастыру. Реакция теңдеулері бойынша сандық есептер шығаруды үйрену.

ІІІ Сабақтың түрі: сандық есептер шығару.

Сабақтың әдісі: есеп шығару.

Көрнекілік: валенттік кестесі, дидактикалық тапсырмалар.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Химиялық реакцияның 4 типін атаңдар.

2. Қосылу р.д. не?

3. Айырылур.

4. Орынбасу р.

5. Алмасу р.

Жаттығу орындау.

Жаңа сабақ. Химиялық теңдеуді қолдана отырып, типтік есептер шығарылады. Есептің шартын жазып алады да әрі қарай:

  1. Химиялық реакция теңдеуін құрып, коэффициенттерін қойып теңестіреді.

  2. Заттардың массасын н/е зат мөлшерін есептеп шығарады.

  3. m не ν формуланың астына жазып, іздеп отырған заттың формулысның астына “х” белгілейді.

  4. Пропорция арқылы есептейді.

Есеп. 20 г Са ауада жанғанда түзілетін СаО-ң массасы қанша?

  1. m(Са)=20 г 2Ca + O2 = CaO Mr(Ca)=40, m=2*40=80 г;

Т/к: m(CaO) - ? 80 г 112 г Mr(CaO)=56 m=2*56=112 г;

20 г x г x=20г*112г/80г = 28г CaO, m(CaO)=28г.







  1. m(Са)=28 г ν=m/M=28г/52г/моль=0,5моль СаО

Т/к: ν(CaO) - ? 2Ca + O2 = CaO

80г 2моль

20г х моль х=20*2/80=0.5 моль СаО.

  1. m2)=4 г 2Ca + O2 = CaO

Т/к: m(CaO) - ? 32г 2*56г

ν(CaO) - ? 4г х г x=4*112/32=14г СаО.

ν=m/M=14г/56г/моль=0,25моль СаО; Жауабы: m(CaO)=14г, ν(CaO)=0,25моль

  1. m(CaO)=56 г 2Ca + O2 = CaO

Т/к: m(O2) - ? 32г 112г

ν(O2) - ? xг 56 г x=32*56/112=16г О2.

ν=m/M=16г/32г/моль=0,5моль О2; Жауабы: m(O2)=16г, ν(O2)=0,5моль.

Алған білімді бекіту. Есеп шығару.

Массасы 8,8 г FeS алу үшін қанша Fe, S қажет?

Жауабы: m(Fe)=5,6г, m(S)=3,2г.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §19. Жұмыс дәптері №81-83.























І Сабақтың тақырыбы: Бастапқы химиялық ұғымдар тақырыбы бойынша бақылау жұмысы №1.

ІІ Сабақтың мақсаты: Осы тақырып бойынша алған білімдеріне бақылау жасау; бинарлы қосылыстардағы элементтің валенттілігін анықтау; химиялық реакция теңдеулерін теңестіре білу; сан есептерін шығару.

ІІІ Сабақтың түрі: білімді тексеру.

Сабақтың әдісі: өзіндік жұмыс.



Көрнекілік: тапсырма қағазы.



IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

І нұсқа. 1. H2O, HF, NH3, CH4, CO2, P2O3.

2.а) 4P+5O2=2P2O5 қосылу р.; ә) Zn+2HCl=ZnCl2+H2 орынбасу р.; б) CH4=C+2H2 айырылу р.

3. Берілгені: Шешуі:

ν(СО2)=1,5моль m=ν*M; M(CO2)=12+16*2=44г/моль.

Т/к: m(CO2) - ? m=1,5моль*44г/моль=66г; N=ν*NA=1,5моль*6,02*1023моль-1=9,03*1023.

N(CO2) - ?

4.a) Mr(CaCO3)=100; ω(Ca)=Ar(Ca)/Mr(CaCO3)*100%=40%; ω(C)=12%; ω(O)=48%.

ә) Mr(H2O)=18; ω(H)=11%; ω(O)=88%.

ІІ нұсқа. 1. CaO, SiO2, Al2O3, P2O5, H2S, SO3.

2. а) 4Al+3O2=2Al2O3 қосылу р.; ә) 2H2O=2H2+O2 айырылу р.; б) Fe+CuCl2=Cu+FeCl2 орынб. р.

3. Берілгені: Шешуі:

ν(Н2О)=5моль m=ν*M; M(Н2О)=18г/моль.

Т/к: m(Н2О) - ? m=5моль*18г/моль=90г; N=ν*NA=5моль*6,02*1023моль-1=30,1*1023.

N(Н2О) - ?

4.a) Mr(Н3РО4)=98; ω(Н)=3%; ω(Р)=32%; ω(O)=65%.

ә) Mr(СO2)=44; ω(С)=27%; ω(O)=73%.

Үйге тапсырма: Жұмыс дәптері №85-89.

























































І Сабақтың тақырыбы: Бастапқы химиялық ұғымдар тақырыбын қорытындылау.

ІІ Сабақтың мақсаты: Осы тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеу, химиялық формула құру және реакция теңдеулерін теңестіре білумен қатар, сан есептерін шығаруға дайындығын тексеру және алған білімдерін өз бетінше пайдалана білуге дағдыландыру.

ІІІ Сабақтың түрі: жинақтау сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өздік жұмыс, тест.

Көрнекілік:

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Зертханалық жұмыс №2. Малахиттің қыздырғанда айырылуы.

Табиғи малахит минералы – мыс (ІІ) гидроксокарбонатын Cu(OH)CO3 қыздырады. Жасыл түсті мыс тұзы ыдырап, қара түсті ұнтақ зат – мыс оксиді түзілді.

Cu(OH)2*CuCO3 = 2CuO+CO2↑+H2O.

Күрделі зат малахит ыдырағанда 3 түрлі жаңа зат – мыс оксиді, көмір қышқыл газы және су түзілді. Бөлінген газ мөлдір әк суын лайлады. Мыс тұзының ыдырауы химиялық құбылысқа жатады. Бұл айырылу реакциясы болып табылады.

Зертханалық жұмыс №3. Мыс хлориді ерітіндісіндегі мыстың орнын темір н/е мырыштың басуы.

Көкшіл түсті мыс хлориді ерітіндісіне темір шегені батырғанда, темір шегенің бетіне қызғылт түсті мыс қонады. Ерітіндінің түсі жасылдауға айналады. Өйткені темір атомы мыс атомының орнын басып, мысты бос күйде ығыстырып шығарады, ал түзілген өнім темір (ІІ) хлориді.

Fe+CuCl2 = Cu+FeCl2.

Дидактикалық тапсырма.

№1. 1. CaO, H2S, Fe2O3, Mg3N2.

2.CuSO4; ω(Э) - ?

3.m(Al)=5г; m(Al2O3), ν(Al2O3), N(Al2O3)-?

№2. 1. P2O5, K2S, AlCl3, SO3.

2.CaCO3; ω(Э) - ?

3.m(Na)=3г; m(NaOH), ν(NaOH), N(NaOH)-?

№3. 1. NH3, Na2S, CaCl2, CO2.

2.Na2SO4; ω(Э) - ?

3.m(Ca)=4г; m(Ca3P2), ν(Ca3P2), N(Ca3P2)-?

№4. 1. PH3, Al4C3, ZnCl2, NO2.

2.Na2CO3; ω(Э) - ?

3.m(Fe)=12г; m(Fe2O3), ν(Fe2O3), N(Fe2O3)-?

Тест. 1-нұсқа. 1-а, 2-б, 3-б, 4-б, 5-б, 6-а, 7-ә, 8-а, 9-б, 10-б.

2-нұсқа. 1-а, 2-ә, 3-а, 4-а, 5-ә, 6-ә, 7-а, 8-а, 9-б, 10-ә.

Жұмыс дәптерінен жаттығулар орындау.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: Жұмыс дәптерінен тестті орындау. Қайталау. Тапсырма. Химиялық реакция типтері.















































І Сабақтың тақырыбы: §20. Оттектің жалпы сипаттамасы және табиғатта таралуы.

ІІ Сабақтың мақсаты: Жеке алынған жай заттардың қасиетімен таныса отырып, бейорганикалық заттардың кластары, құрамы, табиғатта таралуы, алынуы жайлы білімді одан әрі дамыту.

Айналадағы химиялық құбылыстарды байқап, оларды өмірде және лабораторияда қандай тәжірибелер арқылы анықтауға болатынын сипаттап айтып беруге дағдыландыру.

Оқушылардың таным қызығушылықтарын оята тәрбиелеу.

ІІІ Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, дәріс, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: трект-сызбалар, сурет, интерактивті тақта.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын тексеру.

Жұмыс дәптерінен берілген тапсырмаларды талдау.



Жаңа сабақ. Жұмбақ. Иісі де, дәмі де жоқ ұсталмайды,

Ол болмаса, тіршілік, өмір де жоқ.

Ол болмаса, отын да тұтанбайды,

Қалады қарауытып көмір боп шық. (оттек)

Тірі ағзалар онсыз тіршілік ете алмайтын газ. (оттек)

Иә, дұрыс шештіңіздер. Ол – оттек. Бүгінгі сабақтың тақырыбы сол “Оттекке” байланысты. Алдымызға қойған мақсатымыздың бірі: тірек-сызбаны пайдалана отырып, оттек туралы мағлұматты жинақтап бір жүйеге келтіру. Дәптерлеріңізді ашып, сабақтың тақырыбын жазыңыздар.

Балалар! Ауызша мына сұраққа жауап беріңіздерші: “Оттек” деген не?

Жоспар:

1.Оттек химиялық элемент және жай зат.

2.Оттектің табиғатта кездесуі.

3.Ашылу тарихы

4.Физикалық қасиеттері

5.Алу жолдары

6.Химиялық қасиеттері

7.Қолданылуы

Оттек. Анықтама. Оттек – химиялық элемент, себебі, белгілі бір таңбасы бар атом түрі.

Оттек – жай зат, себебі бірдей атомдардан құралған.

Жер бетінде ең көп тараған элемент – оттек. Оттектің латынша аты “Oxygenium” грекше: “оксигени” – қышқыл және “гениум” туғызушы ұғымын білдіреді.

Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінде оттек элементі – 2 период, VI топ, №8 орында тұрады. Химиялық таңбасы О, Ar(O)=16. Молекуласы екі атомды О2 – жай зат. Валенттігі ІІ. Mr(O2)=32.

Біздің ғаламшарымыздағы атмосферада О бос күйінде 21% шамасында болады. Жер қыртысында басқа химиялық элементтермен қосылыс түрінде О 49,13% шамасында. Сондықтан жер қыртымында ең көп тараған химиялық элемент 11-сурет.

Айналадағы заттардың құрамына оттек кіреді. Мысалы, суда, құмда, жер қыртысын құрайтын көптеген тау жыныстарында және минералда О болады. О көптеген органикалық қосылыстардың, мәселен, белоктардың, майлардың, және адам тіршілігінде ерекше маңызы бар заттардың құрамына енеді.

Табиғатта таралуы.

Ашылу тарихы. Оттек латын тілінен аударылған “Oxygenium” (оксигениум), себебі қышқыл тудырушы деген мағынана білдіреді. Оны XVIII ғасырда тәжірибе жүзінде ағылшын химигі Дж. Пристли мен швед ғалымы К. Шееле оттекті бос күйінде ауадан алған, себебі оттек ауаның құрамдас бөлігі. Француз ғалымы Н. Лавуазье оттек атауын ұсынды. “Оттек” деген атауды 1928 ж Р. Бөкейханов аудармасында пайдаланды.

Қорытынды. Оттек – тіршілік көзі, оттек болмаса тіршілік жоқ.

Алған білімді бекіту. 1.Оттектің ауа атмосферасындағы % қандай?

2.Жер қыртысында ең көп тараған элементті атаңдар. Оттектің массалық үлесі қандай?

3.Оттек элементі табиғатта қандай заттар түзеді?

4.Тірі организмдерде оттектің қатысуымен қандай қарама-қарсы екі процесс жүреді?

5.Табиғатта оттектің маңызы қандай?

Жаттығу №6.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §20, бет 58, №6-8, жұмыс дәптері бет 37, №1-3.

“оттек” сөзін пайдалана отырып, сөзжұмбақ құрастыру, тақпақ н/е ертегі шығарып келу.



































І Сабақтың тақырыбы: §21. Оттектің физикалық қасиеттері. Оттекті алу.

ІІ Сабақтың мақсаты: Оттектің физикалық қасиеттерін, алыну жолдары жөнінде түсінік беру.

Тәжірибе жасау біліктерін дамыту, жай заттың бірі – оттектің физикалық қасиеттерін және алынуын жүйелі түрде қабылдауға және оны айтып беруге дағдыландыру.

Таным қызығушылығын тәрбиелеу.

ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілік: трект-сызбалар, интерактивті тақта.

Реактивтер мен құралдар: KMnO4, H2O2, өршіткі MnO2, сынауықтар, спиртшам, ұстағыш.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Кабинет тазалығын, оқушылардың сабаққа қатысын білу;

  • Оқушылар назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Оттекке химиялық элемент түрінде жалпы сипаттама.

2. Оттекке жай зат ретінде жалпы сипаттама.

3. Табиғатта оттектің маңызы қандай?

Жылдам жауап:

  1. Оттек латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?

  2. Оттектің реттік нөмері?

  3. Атомдық салмағы нешеге тең?

  4. Атмосферада оттек неше пайызды құрайды?

  5. Жер қыртысында ше?

  6. Адам ағзасы неше пайыз байланысқан оттектен тұрады?

  7. Оттек арқылы қандай үрдістер іске асады?

  8. Оттектің жалпы сипаттамасы.

Жаттығу тексеру.

Жаңа сабақ. Оттек сипаттау жоспары. Жоспар:

1.Оттек химиялық элемент және жай зат.

2.Оттектің табиғатта кездесуі.

3.Ашылу тарихы

4.Физикалық қасиеттері

5.Алу жолдары

6.Химиялық қасиеттері

7.Қолданылуы

Физикалық қасиеттері. Дәмі және иісі жоқ, түссіз газ. Суда аз ериді, ауадана сәл ауыр, tқайнау -1830C, tқату -2180C.

Алынуы. Өнеркәсіпте оттекті көп мөлшерде сұйық ауаны айдау арқылы алады. Оттегіні екі қабырғалы термостат – Дьюар ыдысына құйып сақтайды – сұйық күйін.

Газ күйіндегі оттекті көкшіл түске боялған болат баллондарда сақтайды.

Зертханада оттек бар кейбір күрделі заттардың айырылуы кезінде алады.

Тәжірибе көрсету. 1. 2KMnO4 t0 K2MnO4+MnO2+O2↑ 14-сурет.

Амалдау. Химиялық эксперимент. Оттек бар екенін дәлелдеу үшін ыдысқа шоқталған шырпы апарамыз. Оттек бар ыдыста шырпы лап етіп жанады, себебі оттек жануды қолдайды.

2.2KClO3 t0 2KCl + 3O2↑ MnO2

Калий хлораты ақ ұнтағы+ MnO2 қара түсті ұнтағы (өршіткі) – KCl ақ ұнтағы қоспа.

Химиялық реакцияның жылдамдығын тездететін, бірақ реакция соңында жұмсалмай қалатын зат өршіткі (катализатор) деп атайды. Өршіткі әсерінен реакцияны тездететін құбылысты катализ дейді.

3. Сары түсті ұнтағы 2HgO t0 2Hg + O2↑ ашық, жылтыр сынап тамшылары 15-сурет.



4.2H2O2 t0 2H2O + O2↑ сутек пероксиді MnO2

5.2H2O тұрақты ток 2H2 + O2

Оттекті лабораторияда 2 әдіспен жинауға болады: ауаны және суды ығыстыру әдістері.

Лабораторияда газ күйіндегі оттекті газометрде сақтайды. 16-сурет.

Алған білімді бекіту. Есеп шығару. №8.

Жұмыс дәптері бет 39 №11. NO2, Mr(NO2)=46; ω(N)=30%, ω(O)=70%.

№9. KMnO4, Mr=158, ω(O)=41%; KClO3 Mr=122,5, ω(O)=39%; HgO, Mr=217, ω(O)=7%.

Есеп. SiO2-гі О-тің ω есептеңдер. Mr(SiO2)=60; ω(O)=53,3%.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §22, бет 62, №8-10. Жұмыс дәптері.





































І Сабақтың тақырыбы: §22. Оттектің химиялық қасиеттері. Жану.

ІІ Сабақтың мақсаты:

Оттек мысалында химиялық элементтің қасиеттерін оқып-үйрену.

Жану процесінің мағынасы, мәні жайлы оқушылар көзқарастарын дамыту. Химиялық формула жаза білуін, химиялық теңдеу құру дағдыларын, есеп шығару, тәжірибе жасау біліктерін дамыту.

Оқушыларды ізденімпаздыққа, таным қызығушылықтарын арттыруға тәрбиелеу.

ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс, түсіндіру, демонстрация.

Көрнекілік: трект-сызбалар, деңгейлік тапсырма қағазы.

Реактивтер мен құралдар: 3-4 химиялық стақанда оттек толтырулы болуы керек. S ұнтағы, ағаш көмір, Р, зат жағатын қасық, спирт шам, сіріңке.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау. Трект-сигналдар арқылы.

Оттектің жалпы сипаттамасы. Физикалық қасиеттері қандай?

Оттектің алыну реакция теңдеулерін жазыңыз:

KMnO4 = HgO = KClO3 = H2O = H2O2 =

Теориялық сұрақтар жарысы.

  1. Өршіткі дегеніміз не? Өршіткінің қандай маңызы бар?

  2. Қандай алымдарды білеміз? Оттекті алғаш алған ғалымдарды атаңыздар.

  3. Өнеркәсіпте оттекті қалай алады? Өнеркәсіптік шикізаты қандай?

  4. Оттек неше градуста сұйыққа айналады?

  5. Оттекті қандай әдістермен алады?

  6. Оттекті қалай тасымалдайды?

  7. Сұйық оттегіні қандай ыдыстарда сақтайды?

  8. Ал газ күйіндегі оттегіні қайда сақтайды?

  9. Зертханада қайда сақтайды?

Жаңа сабақ. Қыздырғанда оттек көптеген заттармен қуатты реакцияласады, жылу және жарық бөледі. Мұндай реакциялар жану реакциялары деп аталады. Табиғи газ, көмір және ағаштың жануы.

Химиялық қасиеттері. а) жай заттармен, бейметалдармен (C, S, P, N2, H2).

Тәжірибе көрсету.

  1. С + O2 = CO2, жалынсыз, түтінсіз жанады. Әк суын құйып шайқаса, ол лайланады.

  2. S + O2 = SO2, ашық көкшіл жалын түзе жанады.

  3. 4P + 5O2 = 2P2O5 көз қаратпайтын жарық шығарып, ашық жалынмен жана бастайды, қою ақ түтін болады.

N2 + 2O2 = 2NO2 2H2 + O2 = 2H2O

металдармен (Fe, Cu): Барлығында оксидтер түзіледі!

3Fe + 2O2 = Fe3O4 н/е FeO*Fe2O3 – темір қағы, жалын және түтін шығармай шатырлап жанып, темір қағын түзеді. Одан бөлінген ұсақ жарық ұшқындары жан-жағына шашырап жанады.

2Cu + O2 = 2CuO

ә) күрделі заттармен: 2C2H2+5O2=4CO2+2H2O; CH4+2O2=CO2+2H2O .

Қорытынды. “Өзің менің оттегім,

Өмірім сенсіз жоқ менің”

Демекші, тіршіліктің тынысы болған оттектің қасиеттерін оқып-үйрену – химия пәнінің жетістігі.

Алған білімді бекіту. Тақтада жазбаша жұмыс.

№ 1. Fe + O2 = Zn + O2 = Al + O2 = C2H6 + O2 = H2S + O2 =

№ 2. a) O2 + … = Li2O б) O2 + … = CaO ә) O2 + … = Al2O3 в) O2 + … = ZnO.

Деңгейлік тапсырма.

І деңгей

  1. Оттек алудың өнеркәсіптік шикізатын атаңыз?

а) ауа; б) су; ә) минералды тұздар; в) марганцовка.

2. Оттек газына қандай қасиеттер тән?

а) өткір иісті; б) ауадан аздап ауыр; ә) сары түсті; в) әк суын лайландырады.

3. Оттек жай заттармен қосылып, оксид түзуі реакцияның қай типіне жатады?

а) қосылу; ә) айырылу; б) орынбасу; в) алмасу.

4. Натрий оксидіндегі натрийдің атом саны нешеге тең?

а) 1; ә) 2; б) 3; в) 4.

ІІ деңгей

  1. Реакция теңдеуін аяқтап, теңестіріңіздер:

а) Mg + O2 =; ә) Ca + O2 =; б) S + O2 =; в) H2 + O2 =.

2. Алюминий оксиді, калий оксиді, кальций оксидінің формуласын жазып, осы қосылыстардағы оттектің массалық үлесін есептеңіздер:

ІІІ деңгей

  1. Массасы 24 грамм көміртек жанғанда түзілетін көмірқышқыл газының массасын есептеңіздер.

  2. Валенттіктері І, ІІ, ІІІ, IV, V болатын элементтердің оттекті қосылысының формуласын жазыңыздар.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §22, бет 65 №2-9 жаттығу орындау. Жұмыс дәптері №2.















І Сабақтың тақырыбы: §23. Тотығу. Оксидтер. Олардың аталуы.

ІІ Сабақтың мақсаты: Оксидтердің күрделі зат екеніне көңіл аудару. Олардың аталуы мен формуласын құруды есте сақтау.

Химиялық заттарды класқа жіктеуді жетілдіру және одан әрі қарай дамыту.

Оқушылардың ойлау қабілеттері мен танымдық белсенділіктерін оята тәрбиелеу.

ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, демонстрация.

Көрнекілік: тапсырма қағаздары; реактивтер мен құрал-жабдықтар: құтыда CO2, SO2, CuO, SiO2, P2O5, Fe2O3, CaO, стақандағы су, сынауықтар.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Түгендеу;

  • Оқушылардың сабаққа әзірлігін бақылау;

2.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Теориялық сұрақтар жарысы. Сынып оқушылары үш қатар болып жарысады.

  1. Жану дегеніміз не?

  2. Жай заттармен оттектің әрекеттесуіне мысал келтіріңіз.

  3. Оттектің күрделі заттармен әрекеттесуіне мысал келтіріңіз.

  4. Нәтижесінде түзілген заттарды атаңыз.

“Кім тапқыр?”

  1. H2O2=…+…; Ә. …+HCl=ZnCl2+H2; Б. …+O2=P2O5; В. …+…=Li2O.

“Кім жылдам?”

  1. C→CH4→CO2 Ә. S→H2S→SO2 Б. H2O→O2→CaO.

Жаңа сабақ. Оттектің қатысумен тотығу және жану процесі кезінде түзілетін оксидтер – құрамы екі элементтен тұратындықтан бинарлы қосылыс деп аталады.

Заттың оттекпен әрекеттесуі тотығу реакциясына жатады. Оттек барлық металдар мен бейметалдардың көпшілігімен реакцияға түсіп оксидтер түзеді. Тотықтырғыш болады. 2Сu + O2 = 2CuO; Fe2O3, CO2, SO2.

Оксидтер – біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған бинарлы қосылыстар.

Халықаралық жүйеге сай оксидтерді атағанда элемент атынан кейін валенттік рим цифрымен көрсетіледі. Мысалы, Fe2O3 – темір (ІІІ) оксиді н/е дитемір триоксиді деп атайды.

Қорытынды. Зертханалық жұмыс №4.

Оксид атауы

Формуласы

Физикалық қасиеті

Mr

W(O)

%

1

Көміртегі (ІV) оксиді, көміртек диоксиді

СО2

Газ

44

73

2

Күкірт (IV) оксиді, күкірт диоксиді

SO2

Газ, өткір иісті, улы тұншықтырығыш

64

50

3

Кальций оксиді, кальций монооксиді

CaO

Ақ түсті ұнтақ зат

56

28

4

Фосфор (V) оксиді, дифосфор пентаоксиді

P2O5

Ақ қопсыған ұнтақ

142

56

5

Темір (ІІІ) оксиді, дитемір триоксиді

Fe2O3

Қызыл-қоңыр түсті ұнтақ

160

30

6

Мыс (ІІ) оксиді, мыс монооксиді

CuO

Қара түсті ұнтақ

80

20

7

Кремний (IV) оксиді, кремний диоксиді

SiO2

Құм, сұр түсті қатты зат

60

53



Алған білімді бекіту. Жаттығу орындау.

Химиялық диктант. Мына заттар тізбегінен оксидтердің формулаларын теріп жазыңыздар.

І нұсқа. Na2CO3, CO2, H2SO4, Al2O3, KCl, P2O5, CaSO4, FeO, Cu(OH)2, Na2O, HNO3, MgO.

ІІ нұсқа. Al2(SO4)3, SO3, H2CO3, Fe2O3, CaCl2, H2O, K2SO4, Li2O, Na3PO4, CuO, NaNO3, N2O5.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §23, бет 66 №1-6.





І Сабақтың тақырыбы: Сарамандық жұмыс №4. Оттек алу, оның қасиеттерімен танысу.

ІІ Сабақтың мақсаты: Лабораториялық құралдармен жұмыс істеуді одан әрі жетілдіріп, істелген жұмыстың мазмұнын дәптерге жазып, үйрену дағдысын одан әрі қалыптастыру.

Қауіпсіздік техникасын сақтау ережесімен таныстыру.

Оқушылардың байқағыштығын дамыта отырып, қорытынды жасай білуді жалғастыру мақсатында оқулықпен жұмыс істеуге көңіл бөлу.

ІІІ Сабақтың түрі: практикалық сабақ.

Сабақтың әдісі: демонстрация, өздік жұмыс.

Көрнекілік: тапсырма қағаздары.

Реактивтер мен құралдар. Оттек газын жинайтын құрал, стақандар, KMnO4, спирт шам, сіріңке, S, P, т.б. жай заттар.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



Газ жинайтын құралдың көмегімен оттек газын алып, оның бар екенін анықтау және кейбір қасиеттерімен оқушыларды таныстыру.

Сабақ басталғанда газдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережесін еске түсіреді.

  1. Сұйық н/е қатты зат салынған пробирканың аузын өзіне не жолдасына қаратып қыздыруға болмайды.

  2. Тәжірибенің орындалуын, байқалатын құбылыстарға мұқият зер салып бақыылап отыру керек.

  3. Барлық істелген жұмыстарды, ондағы байқалған өзгерістер мен құбылыстарды тәжірибе біткеннен кейін арнаулы дәптерге жазып алу қажет.

Практикалық жұмысты орындау үшін оқушыға қойылатын талап төмендегідей: оттек алу, газдың бар екенін дәлелдеу, көмірді оттекте жағып СО2 түзілгенін тәжірибе жүзінде дәлелдеп көрсету керек.

Қауіпсіздік техникасы ережесін мұқият сақтаңдар!

Тәжірибе аты, реті

Реакция теңдеуі

Тәжірибенің орындалуы

Байқалған құбылыс

Қорытынды

1. Оттекті алу және жинау

2KMnO4 t0 = K2MnO4+MnO2+O2

14-сурет. …

Газ бөліне бастайды, марганцовканың күлгін қара түсті кристалдары қара ұнтаққа айналады

Марганцовканы қыздырып айыру арқылы оттек газын алады.

2. Оттегінің қасиеттері

С + O2 = CO2

Көмір оттегінде жалынсыз түтінсіз жанады

Көмір оттегімен әрекеттесіп, нәтижесінде көміртегі (IV) оксиді газы түзілді.



Үйге тапсырма: §21-23 қайталау. Жұмыс дәптері.

























І Сабақтың тақырыбы: §24. Оттектің табиғаттағы айналымы, қолданылуы.

ІІ Сабақтың мақсаты: Оттектің табиғаттағы айналымы, қолданылу туралы мағлұмат беру, өмірмен байланыстыра отырып, проблемалық жағдаяттан шығу жолында оқушылардың іскерлігін, ой-өрісін дамыту, өзіндік ой қорытуға, шапшаңдыққа, байқампаздылыққа тәрбиелеу.

ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс.

Көрнекілік: сурет, сызба, интерактивті тақта.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау.

Оттек туралы не білесіз?

  1. Жай заттармен оттектің әрекеттесуіне мысал келтіріңіз.

Жауабы: С + O2 = CO2, S + O2 = SO2

  1. Оттектің күрделі заттармен әрекеттесуіне мысал келтіріңіз.

Жауабы: 2C2H2+5O2=4CO2+2H2O;

  1. Нәтижесінде түзілген заттарды атаңыз. Жауабы: оксидтер.

  2. Оттекті қандай заттардан алған тиімді? Реакция теңдеуін жазып, өнімдерді атаңыз. Жауабы: 2KMnO4 t0 = K2MnO4+MnO2+O2↑.

  3. Оттекті қандай әдістермен алады? Жауабы: 1. Ауаны ығыстыру, 2. Суды ығыстыру.

Жаңа сабақ. “Кел танысалық”.

Оқушыларға жаңа сабақты өздеріне оқуға беріледі. Оқушылардың жаңа сабақты меңгеру деңгейін білу үшін төмендегі сұрақтар қойылады.

  1. Жер қыртысы неден құралады? Жауабы: кремний және алюминийдің оттек қосылыстарынан тұрады.

  2. Жер өзгерістерінен нелер түзіледі? Жауабы: СО2↑, Н2О түзіледі.

  3. Бос күйдегі молекулалық оттекті бөлетін реакцияны атаңыз. Жауабы: 6СО2+6Н2О→С6Н12О6+6О2 фотосинтез процесі.

  4. Өсімдік әлемі жыл сайын атмосфераға қанша оттек қайтарады? Жауабы: 400 млн. оттек қайтарады.

  5. Өмір сүру дегеніміз … Жауабы: оттектің түзілуін қамтамасыз ете отырып, тіршіліктің сақталуы.

  6. Оттектің бүлдіргіш әсері. Жауабы: металдың таттануы, орманның өртенуі.

  7. Оттектің қолданылуын атап жазыңыздар. Жауабы: медицинада, от жағуда т.б.

Қорытынды. 1. Фотосинтез процесі ненің әсерінен жүреді?

2.Оттектің тірі организмдер үшін маңызы қандай?

Алған білімді бекіту. “Кім жүйрік” ойыны бірнеше деңгейлік тапсырма.

№1. Оттектің C, S, P, Fe әрекеттесу реакция теңдеуін жаз.

Жауабы: С + O2 = CO2, S + O2 = SO2 4P + 5O2 = 2P2O5 3Fe + 2O2 = Fe3O4

№2. Оттектің ω қай заттың құрамында көп екенін есептеңіз H2O, SiO2, CaCO3. Жауабы: 90%, 53%, 48%.

№3. 36г су айырылғанда түзілетін О-тің массасын есептеңіз. Жауабы: 32г.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §24, №2-13, 2-18. 7-кесте. “Химия мектепте” журналы 1/2007.



І Сабақтың тақырыбы: §25. Озон. Оттектің аллотропиялық түрөзгерісі. Озонның табиғатта таралуы. Қасиеттері. §26. Ауа – газдар қоспасы.

ІІ Сабақтың мақсаты: Оттектің қасиеттерін, қолданылуын еске түсіре отырып, оттектің аллотропиясы жайлы, ауаның құрамын, табиғатта атқаратын қызметін, “ауа – газдар қоспасы” жайлы мағлұматтар беру.

Оқушыларды кітаппен өзіндік жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Ұқыптылыққа, зейін қойып орындауға тәрбиелеу.

ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту, түсіндіру.

Көрнекілік: тірек-сызба, сурет, таратпа қағазы.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау.

Деңгейлік тапсырмалар орындау.

Жаңа сабақ. Оттек және озон атмосфераның құрам бөліктері. Озон атмосфераның үстінгі қабатында болады. Өзіне тән иісі бар газ

К

О3 - озон

өгілдір түсті суда аз ериді

tқайнау=1220C жоғары tбалқу=1930C

оттек газынан 1,5 есе ауыр

зертханада озонды озонатор дейтін құралдың көмегімен алуға болады.

3О2 у.к.сәулелер н/е электр заряды3;

О3 → О2 + О; О + О = О2.

озон оттек молек. оттек атомы

Бір химиялық элементтің бірнеше жай заттар түрінде болуы аллотропия деп аталады.

Зерттеушілер мәліметіне сүйенсек, озонның ең үстіңгі қабатта болуы Жер бетін Күннің ультракүлгін сәулесінің әсерінен қорғайды. Озонның 10-7% ауада болуының өзі тіршілік үшін өте қауіпті. Озонның осы мөлшерінің өзінде адамның басы ауырып, тез шаршайды, лоқсиды.

Озон химиялық белсенді зат. Әртүрлі заттармен оттекке қарағанда белсенді әрекеттесееді. Заттың қасиеті оның құрамына байланысты.

Ауаның құрамын алғашқы рет француз ғалымы А.Лавуазье (1774 ж.) анықтады.

Ауаның тұрақты құрам бөлігі: ауада – 78% N, 21% О, 1% - инертті газдар және басқа газ: СО2, су буы.

Табиғаттың әртүрлі құбылыстарында мысалы, жер сілкінгенде, жанартау атқылағанда, отын жанғанда, завод, фабрикалар жұмыс істеп тұрғанда аз мөлшерде кездейсоқ газдар ауаға таралу мүмкін. NO, NO2, SO2, SO3, H2S жатады.

Қорытынды. Сұрақтар:

  1. Озонды лабораторияда қалай алуға болады?

  2. Аллотропия, аллотропиялық түрөзгеріс деген не?

  3. Ауаның құрамын кім анықтады?

  4. Ауаның құрамында қандай инертті газдар болады?

  5. Ауада қандай кездейсоқ газдар болуы мүмкін? Олар неге қауіпті?

Алған білімді бекіту. Тақтамен жұмыс бет 71 №6, 7. Жұмыс дәптері №16-20 бет 42.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §25, бет 71 №5-7. §26, жұмыс дәптері бет 44 №25-26, бет 41 №16-20.









І Сабақтың тақырыбы: §25. Озон. Оттектің аллотропиялық түрөзгерісі. Озонның табиғатта таралуы. Қасиеттері.

ІІ Сабақтың мақсаты: Оттектің қасиеттерін, қолданылуын еске түсіре отырып, оттектің аллотропиясы жайлы мағлұмат беру.

Оқушыларды кітаппен өзіндік жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Ұқыптылыққа, зейін қойып орындауға тәрбиелеу.

ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: тірек-сызба, сурет, таратпа қағазы.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау.

Деңгейлік тапсырмалар орындау.

Жаңа сабақ. Оттек және озон атмосфераның құрам бөліктері. Озон атмосфераның үстінгі қабатында болады. Өзіне тән иісі бар газ

К

О3 - озон

өгілдір түсті суда аз ериді

tқайнау=1220C жоғары tбалқу=1930C

оттек газынан 1,5 есе ауыр

Зертханада озонды озонатор дейтін құралдың көмегімен алуға болады.

3О2 у.к.сәулелер н/е электр заряды3;

О3 → О2 + О; О + О = О2.

озон оттек молек. оттек атомы

Бір химиялық элементтің бірнеше жай заттар түрінде болуы аллотропия деп аталады.

Зерттеушілер мәліметіне сүйенсек, озонның ең үстіңгі қабатта болуы Жер бетін Күннің ультракүлгін сәулесінің әсерінен қорғайды. Озонның 10-7% ауада болуының өзі тіршілік үшін өте қауіпті. Озонның осы мөлшерінің өзінде адамның басы ауырып, тез шаршайды, лоқсиды.

Озон химиялық белсенді зат. Әртүрлі заттармен оттекке қарағанда белсенді әрекеттесееді. Заттың қасиеті оның құрамына байланысты.

Қорытынды. Сұрақтар:

  • Озонды лабораторияда қалай алуға болады?

  • Аллотропия, аллотропиялық түрөзгеріс деген не?

Алған білімді бекіту. Тақтамен жұмыс бет 71 №6, 7. Жұмыс дәптері №16-20 бет 42.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §25, бет 71 №5-7, жұмыс дәптері бет 41 №16-20.

































І Сабақтың тақырыбы: §26. Ауа – газдар қоспасы.

ІІ Сабақтың мақсаты: Ауаның құрамын, табиғатта атқаратын қызметін, “ауа – газдар қоспасы” жайлы мағлұмат беру.

Оқушыларды кітаппен өзіндік жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Ұқыптылыққа, зейін қойып орындауға тәрбиелеу.

ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, есеп шығару.

Көрнекілік: сурет, таратпа қағазы.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Озонның түзілуі және оның табиғаттағы маңызы қандай?

2. Озонның қасиетін айтып беріңдер.

3. Зертханада қалай алуға болады?

4. Аллотропия, аллотропиялық түрөзгеріс деген не?

Есеп шығару.

Жаңа сабақ. Ауаның құрамын алғашқы рет француз ғалымы А.Лавуазье (1774 ж.) анықтады.

Ауаның тұрақты құрам бөлігі: ауада – 78% N, 21% О, 1% - инертті газдар және басқа газ: СО2, су буы.

Табиғаттың әртүрлі құбылыстарында мысалы, жер сілкінгенде, жанартау атқылағанда, отын жанғанда, завод, фабрикалар жұмыс істеп тұрғанда аз мөлшерде кездейсоқ газдар ауаға таралу мүмкін. NO, NO2, SO2, SO3, H2S жатады.

Қорытынды. Сұрақтар:

  • Ауаның құрамын кім анықтады?

  • Ауаның құрамында қандай инертті газдар болады?

  • Ауада қандай кездейсоқ газдар болуы мүмкін? Олар неге қауіпті?

Алған білімді бекіту. Жұмыс дәптері №26 бет 44. №20,

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §26, жұмыс дәптері бет 44 №25-26, бет 41 №16-20.











































І Сабақтың тақырыбы: §27. Химиялық реакциялардың жылу эффекті.

ІІ Сабақтың мақсаты: Реакцияның жылу эффектімен оқушыларды таныстыру, экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар жайлы ұғым қалыптастыру.

Жаңа ұғым «термохимиялық теңдеу» туралы мағлұмат беріп, ол бойынша есеп шығаруға дағдыландыру.

Алғашқы білімді бекіту, есте сақтау қабілетін дамыту. Тапсырмаларды өз беттерінше орындауға, талқылауға тәрбиелеу.

ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, тест әдісі.

Көрнекілік: трек сөзі, тест қағаздары, химиялық құрал-жабдықтары.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Реакцияның қандай типтерін білесіңдер?

2. Жану деген не?

3. Жылу бөлетін және жылу сіңіретін реакциялар туралы не білесіңдер?

Қайталау. Элементтердің химиялық таңбаларын, валенттілігін, латынша аттарын барлық оқушылармен хормен қайталап шығу.

Жаңа сабақ. Тақтаға 7 тірек сөз ілінді.

«ЭКЗО» - сыртқа, «ЭНДО» - ішке

Экзотермиялық реакциялар Эндотермиялық реакциялар Реакцияның жылу эффектісі

Термохимиялық теңдеулер Калориметр.

Осы сөздерді жаттап алуға 1 минут уақыт беріледі. Тірек сөздер тақтадан алынады. Оқушылар есте сақталған сөздерін дәптерге жазып алады және оқиды.

Оқушылар осы сөздердің жауаптарын кітаптан тауып оқып, дәптереге түсіріп отырады. 10-20 минут уақыт беріледі.

Оқушылар сұрақтарды бір-біріне қоя отырып, өзара сұрақ-жауап арқылы тақырыпты өз беттерінше оқып-үйренеді.

«Экзо» - гректің «сыртқа» деген сөзі. Жылудың реакция жүріп жатқан ортадан, сыртқы қоршаған ортаға бөлініп шығатынын білдіреді.

«Эндо» - гр. «ішке» деген сөзі. Жылудың сырттағы қоршаған ортадан реакция жүріп жатқан ортаға берілетінін білдіреді.

Жылу бөле жүретін реакция – экзотермиялық реакция деп аталады.

Жылу сіңіре жүретін реакция – эндотермиялық реакция деп аталады.

Химиялық реакциялар кезінде бөлінетін н/е сіңіретін жылу мөлшері реакцияның жылу эффектісі деп аталады.

Жылу мөлшері [Dж] н/е [кDж].

Реакцияның жылу эффектісі көрсетілген химиялық реакциялар термохимиялық теңдеу деп аталады. C+O2=CO2+402,24 кДж; 2H2O=2H2+O2-572 кДж.

Жылу мөлшерін өлшейтін құрал калориметр деп аталады.

Термохимиялық теңдеу бойынша есептеулер жүргіземіз.

1-есеп. Термохимиялық реакция теңдеуі б/ша мынадай жылу бөлінсе:

С + O2 = CO2+393кДж : 2 г көмір жанғанда қандай жылу бөлінеді?

Берілгені: Шешуі: 2 г x кДж

m(C)=2 г С + O2 = CO2+393кДж

Q=393 кДж 12 г

Т/к: Q - ? 2 г көмір жанғанда - х кДж жылу бөлінеді,

12 г С жанғанда - 393 кДж жылу бөлінеді

х=393 * 2 : 12=65,5 кДж Жауабы: Q=65,5 кДж

2-есеп. Егер термохимиялық реакция теңдеуі б/ша мынадай жылу жұмсалса:

2H2O=2H2 + O2-572кДж, ал 268 кДж жылу жұмсалса, қанша грамм су ыдырайды?

Берілгені: Шешуі: x г 268 кДж

Q=268 кДж 2H2O=2H2+O2 – 572 кДж

Q=572 кДж 32 г

Т/к: m(H2O) - ? x=268*32/572=13,1г, Жауабы: m(H2O)=13,1г

Қорытынды. Тест сұрақтары.

Алған білімді бекіту. Термохимиялық теңдеу бойынша бірнеше есептер шығару

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: § 27. бет.76 №5-10, жұмыс дәптері бет.44 №28,29,30

































І Сабақтың тақырыбы: §28. Авогадро заңы. Газдардың молярлық көлемі. Газдардың салыстырмалы тығыздығы.

ІІ Сабақтың мақсаты: Кез келген газдың 1 молі қалыпты жағдайда 22,4л көлем алатынын түсіндіре отырып, газдардың молярлық көлемі жайлы түсінік қалыптастыру және сандық есептер шығару үшін осы өлшем бірлікті пайдалану.

Газдардың салыстырмалы тығыздығы D деп белгіленетінін түсіндіріп, оны сан есептеріне пайдалана білуге дағдыландыру.

Өтілген тақырыптардағы анықтамаларды түсіндіре отырып, баяндап беру дағдысын дамыту.

ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, есеп шығару.

Көрнекілік: тапсырма қағаздары, оқулық.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Реакцияның жылу эффекті деген не?

2. Экзо- ж/е эндотермиялық реакциялар. Мысал келтіріңдер.

3. Термохимиялық теңдеу деген не?

4. Меншікті жану жылуы деген не?

Қорытындылау. Есеп шығару.

5. Берілгені:

ν(NO)=1 моль 1 моль – 90,37 кДж

Q=90,37 кДж х моль – 9037 кДж х=100 моль

Q=9037 кДж Mr(NO)=30, m=ν*M=100*30=300 г.

Т/к: m(NO) - ?

7.

Q=285,5 кДж х моль 285,5 кДж

Т/к: ν(Н2О) - ? 2H2O=2H2+O2 – 571,6 кДж

2 моль x=1 моль Н2О.

Жаңа сабақ. Көптеген заттар кәдімгі жағдайда газ күйінде болады. Қатты заттардың газтектес заттардан айырмашылығын сипаттау кезінде массадан гөрі көлем жиірек қолданылады.

Итальяндық ғалым А.Авогадро газдар жай заттар молекуласы 2 атомнан тұратынын айтты. Заңы:

Бірдей жағжайда әртүрлі газдардың бірдей көлемінде молекулалар саны бірдей болады. Сондықтан кез келген газдың 1 моліндегі молекула саны 6,02*1023 тең. NA.

Қалыпты жағдайда (00С температурада, 1 атмосфералық қысымда) кез келген газдың 1 молі 22,4 л көлем алады. Молярлық көлем VM=V/ν; ν=V/VM.

Әртүрлі газдардың қалыпты жағдайда VM бірдей, бірақ М әртүрлі болады.

Газдардың салыстырмалы тығыздығы. 1 моль газдың екінші газдың 1 молінен неше есе ауыр н/е жеңіл екенін көрсетеді. D=Mr(1)/Mr(2); D(H2), D(O2), Dауа бойынша M(ауа)=29.

M=D(H2)*M(H2); M=D(O2)*M(O2); M=Dауа*Мауа.

Алған білімді бекіту. Есеп шығару.

1-есеп. Оттектің ауа бойынша тығыздығын табындар. Dауа(O2)=Mr(O2)/Mr(ауа)=32/29=1,1.

2-есеп. СО2-ң Н2-мен салыстырмалы тығыздығы қаншаға тең?

DH2(CO2)=Mr(CO2)/Mr(H2)=44/2=22.

Газдың тығыздығы. p=m/ν; p=M/VM.

a) CO2, Mr(CO2)=44, p(CO2)=44 г/моль/22,4 л/моль=1,96 г/л.

Деңгейлік тапсырма орындау.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §28, бет 81, №1-7.









І Сабақтың тақырыбы: §29. Химиялық реакциядағы газдардың көлемдік қатынастары.

ІІ Сабақтың мақсаты: Бірдей жағдайда бірінші газдың екінші газ бойынша молекулалық массаларының қатынасына тең екенін түсіндіріп, оны сан есептеріне пайдалана білуге дағдыландыру.

Өтілген тақырыптардағы анықтамаларды түсіндіре отырып, баяндап беру дағдысын дамыту.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын оята тәрбиелеу.

ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, деңгейлік жұмыс.

Көрнекілік: деңгейлік есептер, оқулық.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Авогадроның газдар жайлы заңы қалай тұжырымдалады?

2. Газдардың салыстырмалы тығыздығы.

3. Газдардың тығыздығы.

Қорытындылау. Есеп шығару. Деңгейлік есептер орындау.

Жаңа сабақ. Газдардың көлемдік қатынастарын анықтау. H2+Cl2=2HCl.

1моль 1моль 2моль

22,4л 22,4л 48,8л

Кез келген газдың 1 молінің қалыпты жағдайдағы алатын көлемі де бірдей болады. VM=22,4л.

Мысалы. 10 м3 Н2 газы жанғанда О2-ң қандай V жұмсалған? 2Н2+O2=2H2O.

2 көлем 1көлем

2 м3 1 м3

10 м3 х м3

  1. Қ.ж. V 89,6 л О2 газының зат мөлшерін есептеу.

V=VM*ν; ν=V/VM=89.6л/22.4л/моль=4 моль О2.

  1. Мөлшері 1,5 моль О2 газы қ.ж. қанша көлем алады? V=VM*ν=22,4л/моль*1,5моль=33,6л О2.

  2. Берілгені: m(O2)=96г; V - ? m=ν*M, ν=m/M=96г/32г/моль=3моль О2; V=VM*ν=22,4л/моль*3моль=67,2л О2.

Қорытынды. Бет 81 №5.

Берілгені: ν(H2)=0,3моль, V - ? V(H2)=ν*VM=0,3*22,4=6,72л;

Ν(N2)=0,4моль, V(N2)=0,4*22,4=8,96л; ν(CO2)=0,3моль, V(CO2)=0,3*22,4=6,72л.

№6. M(SO2)=128г, ν, V - ? ν=m/M=128г/48г/моль=3моль; V=3*22,4=67,4л.

Алған білімді бекіту. Есеп шығару.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §29, бет 81 №8-10; жұмыс дәптері бет 47 №2-3, бет 45 №31-35.























І Сабақтың тақырыбы: “Оттек. Оксид” тақырыбы бойынша білімдерін тексеру.

Бақылау жұмысы №2.

ІІ Сабақтың мақсаты: Оқушылардың химиялық және термохимиялық теңдеу бойынша есеп шығару дағдыларын одан әрі бекіту. Тақырыптағы теориялық білімді тиянақтау, толықтыру.

ІІІ Сабақтың түрі: білімді тексеру.

Сабақтың әдісі: жазбаша жұмыс.

Көрнекілік:

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



1-нұсқа. 1. H2 → H2O → O2 → Al2O3 → Al.

2H2+O2=2H2O; 2H2O=2H2+O2; 3O2+4Al=2Al2O3; Al2O3+3H2=2Al+3H2O.

2.NH3; DNO2(NH3) - ? Mr(NO2)=46, DNO2(NH3)=17/46=0,37.

3. m(S)=3,2г; Q - ? 3,2г x кДж

S + O2 = SO2 + 296 кДж х=29,6 кДж.

4.m(CuO)=4г; ν(H2) - ? 4г х моль

CuO+H2=Cu+H2O;

80г 1 моль x=0,05 моль Н2.

2-нұсқа. 1. O3 → O2 → H2O → H2 → H2S.

O3=O2+O; O2+2H2=2H2O; 2H2O=2H2+O2; H2+S=H2S.

2.SO2, H2S; p - ? p=M/VM, p(SO3)=M(SO3)/VM, M(SO3)=80г/моль, M(H2S)=34г/моль

p(SO3)=80г/моль/22,4л/моль=3,57г/л; p(H2S)=34г/моль/22,4л/моль=1,52г/л.

3. Q=178кДж; m(CH4) - ? x г 178 кДж

CH4+2O2=CO2+2H2O + 892 кДж х=3,2г CH4.

16 г

4.m(KClO4)=5г; m(О2) - ? 5 г х г

2KClO4=2KCl+3O2; M(KClO4)=122,5

245 г MnO2 96 г x=245г O2.

Үйге тапсырма: Қайталау. Жұмыс дәптері бет 49 тест тапсырмасы, бет 45 №31-35. Есеп бет 47 №1-4.

І Сабақтың тақырыбы: §30. Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы.

ІІ Сабақтың мақсаты: Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру, элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін одан әрі дамыту.

Сутек ең жеңіл газ болғандықтан табиғатта таралуы жайлы білімге баса назар аудару.

Оқушының дұрыс шешім қабылдай білу дағдысын жетілдіріп, белсенділік икем-дағдысын қалыптастыру.

ІІІ Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, демонстрация, тестік жұмыс, т.б.

Көрнекілік: газ жинайтын құрал, сынауық, Zn, HCl, Na, стақанда су.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



Жаңа сабақ. Жоспар:

  1. Сутек – химиялық элемент;

  2. Сутек – табиғатта;

  3. Сутекті алу;

  4. Сутектің физикалық және химиялық қасиеттері;

  5. Сутекті алу.

Сутекпін судың арғы тегімін,

Серігімін оттек атты серінің.

Ежелден ең жеңіл газбын,

Оттекке қарағанда азбын.

Жүйеде де, бірінші мен тұрамын,

Сыңарыммен, әркез бірге тұрағым.

Лавуазье «Гидрогениум» деп ат берген,

Кавендиштің көмегімен ашылдым.

Бір пайыз жер бетіне тараған,

Ғаламшарда 92 пайызбын.

Құрамында газбен, көмір, мұнайдың,

Кездесемін біле білсең, достым сен.

Келешегім тағы менің жоқ деме,

Отын болар болашағым зор менің.

Тіршіліктің тынысы су боламын,

Ішіп жүрген уақытында қалаған.

Н – ең жеңіл элемент болғандықтан Менделеев кестесінде 1 орында тұр.

Сутектің латынша аты Hydrogenium “гидрогениум” су тудырушы дегенді білдіреді. Француз ғалымы А.Лавуазье химиялық таңбасы Н, ол “аш” деп оқылады. Ar=1,008, молекуласы Н2 екі атомнан құралады. І валенттік көрсетеді. Сутек молекулалары бір-біріне әлсіз тартылады, сондықтан қ.ж. газ. Жет бетінде оттекке қарағанда Н едәуір аз.

1) сутек жай зат дегенді қалай түсінесіз?

2) сутек қайда кездеседі?

Табиғатта таралуы. Сутек –

  • Ең жеңіл болғандықтан, бос күйде космос кеңістігінде (ғарыш) көп тараған 92%.

  • Су (ω(H)=11%);

  • Сұйық күйдегі мұнай;

  • Минералдар мен тау жыныстар;

  • Метан – газ күйінде;

  • Қатты тас көмір;

  • Өсімдіктер мен жануарлар организмі;

  • Жер қыртысында ω(H)=1%

Ашылу тарихы. Француз ғалымы А.Лавуазье сутектің жай зат екенін анықтап оған “гидрогениум” деп ат берген. Латынша “су тудырушы” дегенді білдіреді.

Сутекті алғаш рет XVI ғасырда неміс дәрігері Парацельс ашқан. 1776 жылы ағылшын ғалымы Г.Кавендиш сутекті алды.

Өнеркәсіпте. Сутекті өнеркәсіпте алу әдісі. 1. Суды тұрақты электр тогының көмегімен айыру:

2О э/т→ 2Н2 + О2

2.Метанның сумен әрекеттесуі, өте жоғары температурада.

СН4+2Н2О→СО2+4Н2↑-165кДж

Қайсысы судың айырылу реакциясы? Бұл теңдеуден тағы қай заттың зертханада алынуын көреміз? 2-ші реакция қай реакцияға жатады, неліктен?

Зертханада: белсенді металдарды тұз н/е күкірт қышқылдарымен әрекеттестіріп алады:

Zn + 2HCl → ZnCl2 + H2

Көпіршіктердің (газ) пайда болуы Н-ң бөлінгенін көрсетеді.

Оқушылар тәжірибеден кейін тақтаға реакция теңдеін жазады. Бұл қандай реакцияға жатады? Тағы қандай реакцияның типтерін көруге болады?

Өте белсенді металл. Na, K, Ca, сумен тікелей әрекеттескенде Н газы бөлінеді.

2Na+2H2O → 2NaOH+H2

Сутекті 2 тәсілмен алады: ауаны, суды ығыстыру. Сурет-24,25.

Сутекті аузы төмен қарай төңкерілген сынауыққа жинайды.

Тазалығын тексеру ауамен О2 2:1 қатынасы қоспа “күркіреуік газ” деп аталады. Сурет-26.

Кипп аппараты сурет-27.

Қорытынды. Бүгінгі сабақта нені білдік?

  • Күн жүйесінде планеталарының негізгі бөлігі сутек газы.

  • Сутектің жер бетіндегі қосылысының маңыздысы – су.

  • Сутекті өнеркәсіпте алу үшін түрлі химиялық тәсілдер пайдаланылады. Соның бірі суды электр тогының көмегімен айыру.

  • Зертханада сутек газын белсенді металдарды қышқылдармен немесе сумен әрекеттестіріп алады.

Жұмбақ. Көшеде келе жатсам, қарсы алдымнан біреу ұшып келе жатыр. Кім дейсіз ғой, кәдімгі сутек. Жол болсын, қайда шықтың десем, “оттекті іздеп жүрмін, күркіретіп бір қопарылыс жасайын деп едім” дейді. Ойбай-ау онсыз да қопарылыс көп емес пе. Жолда металл оксидін кездестірсем жақсы болар еді.

Мына жұмбақты шешіп, тиісті реакция теңдеуін жазыңыз.

  • Бірі жанып, бірі қолдап жануды,

  • Екі элемент бізге бұрын танылды.

  • Өрт болып еді, қосылысын көп адам,

  • Сөндіруге алып соған ағылды.

Алған білімді бекіту.

  1. Латынша “қышқыл тудырушы” деген мағына білдіреді--

  2. Периодтық жүйеде бірінші орныда тұрады-----

  3. Кәдімгі жағдайда газ---

  4. Салыстырмалы атомдық массасы 16-ға тең---

  5. Жер қыртысында 49 %---

  6. Күн жүйесіндегі ғаламшардың 92%-ін құрайды---

  7. Ауадан ауыр газ---

  8. Ауаның 21%-ын құрайды—

  9. Болашақтың отыны---

  10. 1776ж ағылшын ғалымы Г.Кавендиш ашты---

  11. Өнеркәсіпте суды айыру арқылы алады—

  12. Зертханада суды айырып, алуға болады---

  13. Аузы төмен қарай төңкерілген ыдыста жинайды---

  14. Фотосинтез процесінде бөлініп шығады—

  15. Зертханада өте белсенді металды сумен әрекеттестіру арқылы алуға болады---

Жаттығулар орындау.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §30, бет 85 №8-12, жұмыс дәптері бет 52 №1-4.





І Сабақтың тақырыбы: §31. Сутектің физикалық қасиеттері. §32. Сутектің химиялық қасиеттері, қолданылуы.

ІІ Сабақтың мақсаты:

Заттардың (оттектің) қасиеттерін еске түсіру арқылы салыстырмалы түрде жаңа білім алу, сутектің қолданылуын айту.

Реакция теңдеулерін құра білу, жай заттар – металдар мен бейметалдардың сутекпен әрекеттесіп жаңа заттар түзілуі және олардың аталуына көңіл аудару. Металл оксидтерінің сутекпен реакциясына түсуімен танысып, реакция теңдеуін жаза білу. Жай заттардың физикалық қасиеттерін салыстырып айтып беру дағдысын дамыту.

Химиялық қасиеттерін реакция теңдеу түрінде жаза білуге үйрету.

ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: трект-сызбамен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, ой шақыру, венн диаграмма, т.б.

Көрнекілік: трект-сызбалар, тест қағазы, т.б.



IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.





2.Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап:

  1. Сутекке жалпы сипаттама беріңдер.

  2. Сутектің табиғатта таралуы.

  3. Өнеркәсіпте сутек газын қандай жолмен алады? Өнеркәсіптік шикізаты қандай?

  4. Сутек газын лабораторияда қалай алуға болады?

  5. Сутек газын қандай тәсілмен жинауға болады?

  6. Арнайы құрал аппараттарын құрлысын және жұмыс істеу ретін айтып беріңдер.

  7. Сутектің тазалығын қалай тексереді?

Қорытындылау. Тапсырма орындау №1 төменгі өзгерістерге сәйкес реакция теңдеуін жазыңыз:

  1. H2O→H2→NH3 1. … 2. …

  2. H2SO4→H2→HCl 1. … 2. …

№2. 1. H2+N2=; H2+C=; H2+CuO=.

2. H2+O2=; H2+Cl2=; H2+N2O=.











Жаңа сабақ. Физикалық қасиеттері:

Жылу өткізгіші өте жоғары.

Зонд шарларын сутекпен толтырып, метеорологиялық мақсаттарға жұмыстар жүргізіледі.

Химиялық қасиеттері: 1. О-пен әрекеттесуі қопарылыс беріп жанады. 2Н2 + О2= 2H2O + 572 кДж

2.Бейметалдармен әрекеттеседі.

  1. H2 + Cl2 = 2HCl↑ өткір иісті хлорсутек газ.

  2. H2 + S = H2S↑

  3. 3H2 + N2 = 2NH3

  4. H2 + Br2 = 2HBr

  1. Металдармен әрекеттеседі (актив металдармен): Ca + H2 = CaH2

2Na + H2 = 2NaH – қатты заттар.

  1. Металл оксидтермен әрекеттеседі. CuO + H2 = Cu + H2O; Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O

қара ұнтақ қызғылт түсті

Сутектің қолданылуы. Экологиялық таза отын ретінде Н тиімді. Себебі сутек жанғанда түзілетін өнім – су ауаны ластамайды.





Қорытынды. 1. Н-ң қолданатын жерін айтып беріңдер.

2.Н қандай жай заттармен әрекеттеседі.

3.Н-ң басқа химиялық қасиеттерін сипаттау.

Алған білімді бекіту. Жаттығулар орындау. №4.

ν(PbO)=2 моль, ν(Pb) - ? PbO+H2=Pb+H2O; ν(Pb)=2 моль.

№5. H2O→H2→HCl→ZnCl2;

2H2O→2H2+O2; H2+Cl2=2HCl; 2HCl+Zn=ZnCl2+H2.

Тақтада жазбаша жұмыс. № 1. H2 + N2 = O2 + C = H2 + CuO =

2. H2 + O2 = O2 + Cl2 = H2 + N2O =.

ІІ. Салыстыру.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: § 31. №4-6. Венн диаграмма О2 – Н2 § 32. №4-10

Жұмыс дәптері: №1-7

















































І Сабақтың тақырыбы: §33. Қышқылдар, құрамы, алу жолдары.

ІІ Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қышқылдар және оның физикалық қасиеттері жайлы мағлұмат бере отырып құрамымен таныстыру. Қышқылдардың индикаторға әсерін білу.

Кейбір бейметалл оксидтерінің сумен әрекеттесу қабілетіне байланысты күрделі заттар арасындағы қосылу реакциясына көңіл аудару.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын оята тәрбиелеу.

ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: тест, түсіндіру, демонстрация, т.б.

Көрнекілік: 10-кесте, H2SO4, HCl, су, метилоранж, лакмус, сынауық.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Сутектің физикалық қасиеттерін сипаттап айтып беріңдер.

2. Сутекті бір стақаннан екінші стақанаға қалай «құюға» болады?

3. Не себепті сутектің жылу өткізгіштігі жоғары екенін түсіңдіріңдер.

4. Сутектің қолданатын жерін айтып беріңдер.

5. Сутек қандай жай заттармен әрекеттеседі? Химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.

6. Сутектің күрделі заттармен әрекеттесуін тиісті реакция теңдеулерімен көрсетіңдер.

«Ойлан, тап»

№1. Екі стақанға: а) сутек газы, б) оттек газы толтырылған. Әрқайсысын анықтаудың жолын айтып беріңдер.

№2. Жеке шыны ыдыстарда: оттек, сутек, ауа және көміртек (IV) оксиді берілген. Қай газдың қай ыдыста екенін қалай анықтар едіңдер? Өздерің жоспар құрып түсіндіріңдер.

Қорытынды. Тест тапсырмалары:

1.Қай газды жинағанда ыдысты төңкеріп ұстау керек?

а) оттекті; ә) сутекті; б) хлорды.

2.2Н2О=?+O2 сұрақ белгісінің орнына қай элемент жазылады?

  1. Н2; ә) N2; б) Br2.

3.Сутекті алу үшін мырышты немен әрекеттестіреміз?

а) тұз қышқылы; ә) бертолле тұзы; б) ас тұзы.

4.Натрий түйірін суға салғанда не бөлінеді?

а) йод; ә) аммиак; б) сутек.

5.Сутекті алуға арналған құрал аты.

а)құты; ә)қатынас ыдыстар; б)Кипп аппараты.

6.Сутектің атомдық массасы қанша?

  1. 2,016; ә) 1,008; б) 6,02*1023.

7.?+Н2=Cu+H2O, көрсетілген реакция теңдеуіне қай күрделі зат қатысады?

а) Na2O; ә) CuO; б) Cu(OH) 2.

8.H2+?=H2S, сұрақ белгісі қай элемент?

а) Cl2; ә) S; б) Cu.

9.3H2+N2=?, қандай күрделі зат бөлінеді?

а)2NH3; ә) NH3; б) NH4.

10.H2+Cl2=?, бөлінетін күрделі затты көрсетіңіз: NH4OH; ә) HCl; б) NaCl.

11.?+O2=2H2O, сұрақ белгісін анықтаңыз:

а) 2Н2; ә) Н2; б) 3Н2.

12. 3Fe+4H2O=Fe3O4+?, бөлінетін затты көрсетіңіз.

а) Fe(OH)2; ә) 4H2; б) 3H2.

13.H2+Cl2=2HCl, реакция қандай жағдайда жүреді?

а)жоғары температурада; ә) жоғары қысымда; б) жарықта.

14. Металдарды кесуге қолданатын газ? а) сутек; ә) оттек; б) хлор.

15. Күн жүйесінде кездесетін элемент?

а) сутек; ә) аргон; б) неон.

Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

ә

а

а

б

б

ә

ә

ә

а

ә

а

ә

а

а

а



Жаңа сабақ. Қышқылдардың құрамы және физикалық қасиеттерімен танысайық.

Қышқылдарқұрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.

“Қышқыл қалдығы” ұғымы – 10-кесте.

Қышқылтым дәм, күйдіргіш қасиет – тән белгі.

Қауіпсіздік ережесі. Суда еріту.

Индикаторлар (лат. “көрсеткіш”) лакмус, метилоранж, фенолфталеин.

Қышқыл ерітінділерінде түсін өзгертетін заттарды индикаторлар деп атайды.

Лакмус – күлгін түсті – қызарады; метилоранж – сары түсті – қызарады; фенолфталеин – түссіз – түсі өзгермейді.

Зертханалық жұмыс № 6. Қышқылдардың индикаторға әсері.

Заттың аты

Формуласы

Лакмусқа әсері

Фенолфталеинге әсері

Метилоранжға әсері

Тұз қышқылы (хлорсутек қышқылы)

HCl

Күлгін түсі қызарады

-

Сары түсі қызарады






Қорытынды: қышқылға күлгін лакмус тамызғанда қызарады, метиоранж қызғылт тартады.

Қолданылуы. көксағыз, минералды тыңайтқыш, дәрі-дәрмек, т.б. алуда қолданылады.

Физикалық қасиеттері. денеге, матаға, қағазға тисе күйдіреді.

Қышқылдардың жіктелуі

Оттегі болу болмауына

Оттексіз HCl

Оттекті H2SO4

Сутек атом саны

Бірнегізді

Екі негізді

Қышқыл қалдығының валенттігі: - Cl, - I, =SO4 – II.

Алу әдістері: SO2 + H2O = H2SO3; SO3 + H2O = H2SO4; P2O5 + 3H2O = 2H3PO4.

Қорытынды. Сұрақ: Қышқылдар дегеніміз не? Мысал келтіріңдер. Қалай жіктеледі? Қасиеттері қандай?

Алған білімді бекіту. Деңгейлік тапсырма.

1-нұсқа. 1. HCl, HNO3, H2SO4, H3PO4, H2S; 2. HClO4, H2SiO3, H3AsO4.

2-нұсқа. 1. H2SO4, HNO3, H3PO4, H2S, HBr; 2. HClO, HNO3, H3AsO4.

Жаттығулар орындау.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §33, №6-7, жұмыс дәптері №30-31.













































І Сабақтың тақырыбы: §34. Қышқылдардың химиялық қасиеттері.

ІІ Сабақтың мақсаты: Кейбір бейметалл оксидтерінің сумен әрекеттесу қабілетіне байланысты күрделі заттар арасындағы қосылу реакциясына көңіл аудару.

Күрделі заттардың жаңа өкілі – қышқылдардың химиялық қасиеттерімен таныстыру арқылы жаңа бөлім қалыптастыру.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын оята тәрбиелеу.

ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, демонстрация, жаттығулар орындау.

Көрнекілік: мыс кесегі (сым), Zn, Fe түйірлері, Р2О5, су, HCl, H2SO4, индикаторлар.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Қышқылдар дегеніміз не?

2. Физикалық қасиеттері қандай?

3. Индикатор дегеніміз не? Оның қышқылға әсері қандай?

4. Қышқылдарды қалай аламыз?

Қорытындылауда деңгейлік тапсырма орындау.

Жаңа сабақ. Қышқылдарға ортақ жалпы химиялық қасиеттеріне тоқталамыз. Металдың қышқылдарға қатысы белсенділігі әртүрлі. Орыс ғалымы Н.Н. Бекетов жасаған металдардың кернеу қатары:

Li K Ca Na Mg Al Zn Fe Ni Sn Pb (H2) Cu Hg Ag Au

Кернеу қатарында сутекке дейінгі металдар сутекті сұйылтылған (HNO3 басқа) қышқылдардан ығыстырып шығарады. Ал сутектен кейін орналасқан элементтер оны сұйылтылған қышқылдардан ығыстыра алмайды. Кернеу қатарындағы металдардың белсенділігі оннан солға қарай артады. Ең белсенді металл – К, ал ең енжар металл – Au.

1. Mg + H2SO4 = MgSO4 + H2↑; Fe + 2HCl = FeCl2 + H2↑.

Металл + қышқыл = тұз + сутек газы.

2. Металл оксидтерімен әрекеттескенде: CuO + H2SO4 = CuSO4 + H2O.

МеО + қышқыл = тұз + су; алмасу реакциясы.

Зертханалық жұмыс №7.

Металл

Күкірт қышқылы

Тұз қышқылы

Zn

Zn+H2SO4=ZnSO4+H2

Zn+2HCl=ZnCl2+H2

Fe (III)



Al



Cu (II)



Қорытынды.

Алған білімді бекіту. Жаттығу орындау №1-2.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §34, бет 93 №1-10.

























І Сабақтың тақырыбы: §35. Тұздар. Құрамы және химиялық қасиеттері.

ІІ Сабақтың мақсаты: Тұздардың анықтамасына сүйене отырып, оның құрамын анықтап, металл атомы мен қышқыл қалдығының валенттігін еске түсіріп, формула құрастырып үйренуді одан әрі жалғастыру. Тұздардың аталуымен танысу, сан есептерін орындау.

Оқушылар қышқылдар мен тұздардың формуласын ажыратып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын айта білуі қажет.

ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту, түсіндіру, демонстрация.

Көрнекілік: Mg, MgO, HCl, H2SO4, Cu (сым), CuO, спирт шам, сіріңке.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау.

Жаттығу орындау.

№3. Fe2O3 + 3H2SO4 = Fe2(SO4)3 + 3H2O; 2Al + 6HCl = 2AlCl3 + 3H2↑;

3Na2O + 2H3PO4 = 2Na3PO4 +3H2O; ….

№4. Mg + H2SO4 = MgSO4 + H2↑.

№5, №6, №7.

Есеп №8, 9, 10 шығару. Тақтамен жұмыс.

Жаңа сабақ. Тәжірибеден бастау.

Тұздар – металл атомынан және қышқыл қалдығынан түзілген күрделі заттар. Химияның осыдан кейінгі курсында тұздарды өте жиі кездестіреміз. Олардың ең маңыздылары кесте түрінде көрсетілген.

Na2SO4, ZnSO4, NaCl, ZnCl2, NaNO3, Zn(NO3)2, Na3PO4, Zn3(PO4)2. III II II III

Тұздардың формуласын құрастыру: Al2(SO4)3, Ca3(PO4)2

Тұздардың қолданылуы және маңызы.

Тұздар

өнеркәсіпте тұрмыста – ас тұзы (NaCl)

минералды тыңайтқыштар

N және Р қышқылының тұздары өсімдіктерді аурудан, зиянкестерден қорғайды.

Тұзды қасиетті тағам ретінде қастерлейді. “Тұзды төксең үйіңе кіріс, ырыс кірмейді” деп ырымдап, тұзды төкпеуге тырысқан.

Тұздардың химиялық қасиеттері. Тұз – қатты кристалл заттар.

1. Қышқылдың металдармен әрекеттесуі.

2. тұздардың металдармен әрекеттесуі.

Ме + тұз = жаңа тұз + бос ме. шеге Fe + CuCl2 (көгілдір ертін) = FeCl2 + Cu, жасылданады.

3. тұз + тұз арасындағы алмасу реакциясы: NaCl + AgNO3 = NaNO3 + AgCl↓ ақ тұнба;

Na2SO4 + BaCl2 = 2NaCl + BaSO4↓ ақ тұнба.

Қорытынды. Сұрақтар қою.

Алған білімді бекіту. 1. Тұздардың формуласын құру.

1) H2SO4-ң тұздарын құрыңдар; 2) Н3РО4-ңю

2. 1. Zn+H2SO4=; 2. CaO+HCl=; 3. Ca+H3PO4=; 4. ZnO+HNO3=; 5. H2SO4+Al=; 6. Ag+HCl;

7. Al2O3+H2SO4=; 8. H3PO4+Li2O=.

3. 1) Қышқылдардың формуласын жазу; 2) Тұздардың формуласын жазу.

4.

Формула

Қышқыл

Тұз

H2SO4



LiNO3



NaCl



HCl



K2SO4



Zn3(PO4)2



H2CO3



Mg(NO3)2



Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §35, бет 95 № 4-8.




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Химиялы? реакцияларды? типтері

Автор: Муталипова Сымбат Борашовна

Дата: 19.09.2016

Номер свидетельства: 344526

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Химиялы? реакцияларды? типтері"
    ["seo_title"] => string(36) "khimiialyk-rieaktsiialardyn-tiptieri"
    ["file_id"] => string(6) "250420"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1447079209"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Химиялы? реакцияларды? типтері: орынбасу,алмасу"
    ["seo_title"] => string(52) "khimiialyk-rieaktsiialardyn-tiptieri-orynbasu-almasu"
    ["file_id"] => string(6) "282644"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453720712"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Химия п?нінен «Химиялы? реакцияларды? типтері» "
    ["seo_title"] => string(53) "khimiia-p-ninien-khimiialyk-rieaktsiialardyn-tiptieri"
    ["file_id"] => string(6) "149571"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420224330"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Химиялық реакциялардың типтері"
    ["seo_title"] => string(36) "khimiialyk_rieaktsiialardyn_tiptieri"
    ["file_id"] => string(6) "359061"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479200711"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Химиялық реакциялардың типтерін ұғыну"
    ["seo_title"] => string(45) "khimiialyk_rieaktsiialardyn_tiptierin_u_g_ynu"
    ["file_id"] => string(6) "361745"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1479888469"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства