Просмотр содержимого документа
«Химиялық реакциялардың типтері»
Сабақ тақырыбы: Химиялық реакция типтері.
Сабақ мақсаты: Химиялық реакция типтері туралы түсінік қалыптастыру. Зерттеушілік іс-әрекет арқылы химиялық реакция типтерін тұжырымдау.
Күтілетін нәтиже:
Химиялық реакция типтері туралы түсінік қалыптасады.
Химиялық реакция типтерін түсіну үшін оны жеке-жеке қарастырады да, әр типті тұжырымдайды.
Химиялық реакция типтерін ажырата алуға үйренеді.
І.Ұйымдастыру. (2 мин)
Оқушылармен амандасып, сыныптағы оқушыларды 2 топқа бөлу. Оқушылар химиялық элементтердің бірін таңдап І,ІІ,ІІІ валенттіліктері бойынша 2 топқа бөлінеді.
(Алдыңғы сабақтарда өткенді еске түсіріп көрейік) (2 мин)
Құбылыстың неше түрі бар?
Химиялық құбылыс пен физикалық құбылыстың бір-бірінен айырмашылығы неде?
Химиялық реакция теңдеулері деген не?
Әрекеттесуші заттар мен реакция нәтижесінде түзілген заттар не деп аталады?
Құрам тұрақтылық заңы деген не?
Масса сақталу заңын қалай түсінесіздер?
Сынап оксиді ыдырағанда 4г оттек пен 6г сынап шықты. Реакцияға кіріскен күрделі заттың массасы қанша?
(Сан алуан химиялық реакцияларды реагенттер мен өнімдерге, олардың құрамындағы өзгерістерге қарап төрт типке бөледі, қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу.)
ІІ. Мәтінмен жұмыс (5 мин)
(Мәтінді толық оқып танысады.)
ІІІ. Бейнеролик көрсету. (15 мин)
(Көрсетілген бейнероликтен әр топ химиялық реакция типтерін ажыратып, дәлелдемесін шығарады.)
Темір мен күкірт
Калий перманганатының ыдырауы
Темір мен мыс хлориді
Мыс (ІІ) оксиді мен күкірт қышқылы
Семантикалық карта (5 мин)
(Семантикалық картаға мадақтау сөзі жасырылған)
Қосылу
Айырылу
Орынбасу
Алмасу
4Li + O2 → 2Li2O
Ж
Р
Э
Й
FeCl3+3NaOH→Fe(OH)3+3NaOH
Л
Ю
К
А
2KClO3 → 2KCl + 3H2
У
Р
Ш
Н
Ca + H2O → Ca(OH)2 +H2
Е
Г
А
В
2Al + N2 → 2AlN
Й
Ф
П
Р
CaCO3 → CaO + CO2
Т
С
О
Д
Ca(OH)2 + 2HCl → CaCl2 + 2H2O
Я
М
И
Ы
Zn + 2HCl → ZnCl2 + H2
Б
Ә
Ң
І
Сергіту сәті(3 мин)
Сергіту жаттығуын жасап, білімімізді жүйелеп алайықшы балалар. Мына көп нүктенің орнына «атом» деген сөз қоятын болсаңыз қолыңызды алға, «молекула» сөзін қойғыңыз келсе қолыңызды жоғары көтеріңіз.
Ауадағы газдардың құрамына оттегінің молекуласы кіреді
Су молекуласы оттегінің және сутегінің атомынан тұрады.
Жемістің қайнатпа болуы оның құрамындағы қант молекуласына байланысты
Оттек суда ерігенде оттегінің атомы судың молекуласының арасына орналасады.
Қант молекуласының құрамына оттегі және сутегі атомдарынан басқа да көміртек атомы кіреді.
Иод ерітіндісінің иісі ерітіндіден шығып жатқан иод молекуласына байланысты.
Шіріген жұмыртқаның иісі күкіртсутек молекуласына байланысты.
Химиялық диктант(5 мин)
Химиялық реакцияның негізгі типтері .......
Реакцияға екі жай зат түсіп, нәтижесінде .....
Реакцияға бір жай зат және бір күрделі зат түсетін, нәтижесінде .....
Екі немесе бірнеше жай заттардан, нәтижесінде ....
Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауы ...
Жауабы
Химиялық реакцияның негізгі типтері:қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу.
Реакцияға екі жай зат түсіп, нәтижесінде бір күрделі зат түзіледі. (қосылу )
Реакцияға бір жай зат және бір күрделі зат түсетін, нәтижесінде жаңа жай зат және күрделі затқа айналады.(орынбасу)
Екі немесе бірнеше жай заттардан, нәтижесінде бір күрделі зат түзіледі. (қосылу)
Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауы (айырылу)
Химиялық реакцияның әр типіне бір-бірден мысалдар келтіріңдер (5 мин)