kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Химия п?нінен «Химиялы? реакцияларды? типтері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

                               Химиялы? реакцияларды? типтері.

Ма?саты:1. Химиялы? реакция те?деулерін жаза отырып, реакция типтерін аны?тау?а ?йрету.

2. Химиялы? формула, химиялы? те?деу ??ру да?дыларын дамыта отырып, рекция типтеріні? бір- брінен айырмашылы?ын к?ре білуге ?йрету.

3.Топпен ж?мыс жасай білуге, бірін-бірі сыйлау?а, логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту?а т?рбиелеу.

??рал жабды?тар: Спиртшам,мыс сым, темір шеге, мыс хлориді, малахит, темір хлориді,натрий гидроксді,интерактивті та?та, А-3 ?а?аздар, маркерлер, кеспелер.

Саба? т?рі: аралас саба?.

Саба?т типі: топпен ж?мыс, интерактивті та?тамен ж?мыс, т?жірибелер,

тест ж?мыстары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Химия п?нінен «Химиялы? реакцияларды? типтері» »

Семей қаласы

№36 жалпы орта білім беретін мектеп



8 сынып

Химия пәнінен «Химиялық реакциялардың типтері»

тақырыбында өткен сабаққа

әдістемелік талдама

( Интербелсенді тақтамен өткізілген сабақ)





Химия пәні мұғалімі: Шәріпхан Алма Ермекқызы









2013-2014 оқу жылы





Химиялық реакциялардың типтері.

Мақсаты:1. Химиялық реакция теңдеулерін жаза отырып, реакция типтерін анықтауға үйрету.

2. Химиялық формула, химиялық теңдеу құру дағдыларын дамыта отырып, рекция типтерінің бір- брінен айырмашылығын көре білуге үйрету.

3.Топпен жұмыс жасай білуге, бірін-бірі сыйлауға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: Спиртшам,мыс сым, темір шеге, мыс хлориді, малахит, темір хлориді,натрий гидроксді,интерактивті тақта, А-3 қағаздар, маркерлер, кеспелер.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақт типі: топпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, тәжірибелер,

тест жұмыстары.

Сабақ барысы: Сыныпты 4 топқа бөліп отырғызамыз. Топ басшыларынан топтың сабаққа дайындығы туралы мәлімет сұраймыз.

І. Ой қозғау.

Үй тапсырмасын тексеру және қайталау мақсатында, 4 – топқа мынадай тапсырмалар береміз.

  1. 2Cu + O2 = 2CuO

  2. 2Al + 6HCl = 2AlCl3 + 3H2

  3. CuO+ 2HCl = CuCl2 + H2O

  4. 2H2O = 2H2 + O2

  5. N2 + 3H2 =2NH3

  6. Fe + CuCl2 =Cu + FeCl2

  7. 3NaOH + FeCl3 = Fe(OH)3 + 3NaCl

  8. (CuOH)2CO3 = 2CuO + H2O + CO2

Осы жазылған реакция теңдеулердін ұқсастықтары бойынша біріктіріңдер.

1-топ Осы реакция теңдеулерінің ішінде қосылу реакциясына қайсысын жатқызған болар едіңдер. Анықтама бере аласыңдар ма?

2-топ Осы реакция теңдеулерінің ішінде айырылу реакциясына қайсысын жатқызған болар едіңдер. Анықтама бере аласыңдар ма?

3-топ Осы реакция теңдеулерінің ішінде орынбасу реакциясына қайсысын жатқызған болар едіңдер. Анықтама бере аласыңдар ма?

4-топ Осы реакция теңдеулерінің ішінде алмасу реакциясына қайсысын жатқызған болар едіңдер. Анықтама бере аласыңдар ма?

Оқушылар өз білгендерімен барлық реакция түрлерін ұқсас топтарға жіктейді.

Тақтаға шығып қорғайды.

II.Мағынаны тану. Сабақ тақырыбы: Химиялық реакциялардың типтері.



Презентация арқылы жаңа сабақты түсіндіремін.



Қосылу реакциясы









Айырылу реакциясы





Орынбасу реакциясы

  • күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басқа жай заттың атомы басатын, күрделі зат пен жай зат арасындағы реакция

Zn + HCl – ZnCl2 + H2

Алмасу реакциясы

  • Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар бірінің орнын бірі басуы

арқылы жүретін реакция

CuO + HCl – CuCl2 + H2O

Интербелсенді тақта арқылы реакция типтерін таныстырғаннан соң, әрбір топқа тәжірибе жасауға таратпа кеспелермен, қажетті құрал жабдықтар таратылып беріледі.Тәжірибені топпен ақылдасып, демонстрациялық столда орындайды.

Тәжірибе

Мыс сымды қысқаш арқылы ұстап спиртшамда қыздырамыз. Мыс ауадағы оттегімен әрекеттесіп, мыс оксидін (CuO) түзеді. Реакция теңдеуін жаз.

Тәжірибе

Малахитті (CuOH)2CO3 қыздырамыз. Малахит айырылғанда мыс оксиді CuO,

су H2O және көмір қышқыл газы СO2 түзіледі. Реакция теңдеуін жаз.

Тәжірибе

Темір шегені мыс хлориді ерітіндісіне саламыз. Темір шеге мыспен капталады.

Реакция теңдеуін жаз.

Тәжірибе

Натрий гидроксиді (NaOH) ерітіндісіне темір хлориді (FeCl3) ерітіндісін қүйсақ, темір гидроксиді Fe(OH)3 қызыл тұнба және натрий хлориді (NaCl) түзіледі Реакция теңдеуін жаз.

Оқушылар тәжірибелерді жасап, тақтаға реакция теңдеулерін жазады.

ІІІ. Мағынаны ажырату.

Сабақ басында берілген тапсырманы қайтадан алып, топтарға жіктейді. Бір- бірлерінің қателерін түзейді.

Сабақты бекіту мақсатында екі нұсқада тест жұмыстарын орындайды.Көршілерімен алмасып, дұрыс жауаптарын тексереді. Бағалайды.

IV. Бағалау.

V.Үй тапсырмасы

§18. 6,7,8,9 жаттығулар, 53-54 бет



Қосымша №1

Нұсқа 1 Тест сұрақтары

1. Екі жай зат қатысып,бір күрделі зат түзетін реакция.

А) айырылу. В)орынбасу.

Б) қосылу. Г) алмасу.

2.Химиялық реакциялардың неше типі болады?

А) 2 В) 4

Б) 3 Г) 5

3. Орынбасу реакциясын көрсет.

А)C + 2H2 = CH4 В)NaOH + HCL = NaCl + H2O

Б) CaCO3 = CaO + CO2 Г) Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2

4.Айырылу реакциясының белгісін табыңыз.

А)бір күрделі заттан екі немесе одан да көп зат түзеді.

Б)екі жай зат бірігіп, бір күрделі зат түзеді.

В) екі күрделі заттан екі басқа күрделі зат түзіледі.

Г) бір жай зат және бір күрделі зат қатысады.

5.Темір шегені мыс хлориді () ерітіндісіне салғанда жүзеге асатын химиялық реакция.

А) айырылу. В) алмасу.

Б) орынбасу. Г) қосылу

6.Мына реакция теңдеуін теңестіріп, қай типке жататынын анықта.

Al + S = Al2S3

А)3Al + S = Al2S3 Орынбасу.

Б) Al + S = Al2S3 Алмасу.

B)2Al + 3S = Al2S3 Қосылу.

Г)4Al +6 S = 2Al2S3 Айырылу.



Қосымша №2



Нұсқа 2 Тест сұрақтары.

1.Бір күрделі заттан екі немесе одан да көп жай зат түзілетін реакция.

А) айрылу. В)алмасу.

Б) қосылу. Г) орынбасу.

2. Қосылу реакциясын көрсет.

А)C + 2H2 = CH4 В)NaOH + HCL = NaCl + H2O

Б) CaCO3 = CaO + CO2 Г) Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2

3. Орынбасу реакциясының белгісін көрсет.

А)бір күрделі заттан екі немесе одан да көп зат түзеді.

Б) бір жай зат және бір күрделі зат қатысады.

В) екі күрделі заттан екі басқа күрделі зат түзіледі.

Г) екі жай зат бірігіп, бір күрделі зат түзеді.

4. 2.Химиялық реакциялардың неше типі болады?

А) 2 В) 5

Б) 4 Г) 3

5. Мыс сымды жаққанда мыстың оттегімен әрекеттесу реакциясы.

А) айырылу. В) қосылу

Б) орынбасу. Г) алмасу.

6.Мына теңдеуді теңестіріп, қай типке жататынын анықта.

ZnO =t Zn + O2

А)ZnO =t 2Zn + O2 Қосылу.

Б)4ZnO =t 2Zn +2 O2 Алмасу.

В)2ZnO =t Zn + O2 Орынбасу.

Г)2ZnO =t 2Zn + O2 Айырылу

Қосымша №3

Жауап кілті



1 - нұсқа

1

2

3

4

5

6

б

в

г

а

б

В





2 - нұсқа

1

2

3

4

5

6

а

а

б

б

в

г

Барлық жауап «5»

Бір қате «4»

Екі – үш қате «3»











Қолданылған материалдар мен интернет көздері

1. А.Б. Розенфельд. Коллекция LAT 2.0 www.it-n.ru

2. З.В. Александрова. Фоны для презентаций. http://aida.ucoz.ru

3. Коллекция картинок http://karmanform.ucoz.ru/index/0-25

4.Химия пәні оқулығы. 8 сынып.Н. Нурахметов. К. Жексембина. К. Сарманова.

« Химиялық реакциялардың типтері»





Алмасу реакциясын тәжірибемен көрсетуде.



Оқушылар топпен жұмыс жасауда






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Химия п?нінен «Химиялы? реакцияларды? типтері»

Автор: Шарипхан Алма Ермеккызы

Дата: 02.01.2015

Номер свидетельства: 149571


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства