Білімділік міндеттері: Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; - оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету; - оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау. 1.Мұғалімнің түсіндіруі: 1.Табиғатта кездесуі: табиғатта көмірсутектер сұйық,қатты, газ күйінде кең тараған.Олар мұнай, газ,озокерит күйінде кездеседі.Табиғи газдың негізгі құрам бөлігі метан. Табиғи газ отын ретінде ,ал мұнай шикізат ретінде қолданылады. 2. Алкандардың алынуы:
Алкандарды алу әдістері:
өнеркәсібтік | лабораториялық | изомерлену | гидрлеу | Мұнай өнімде-рін крекинг | Табиғи шикізат көздерінен бөлу | Вюрц реакциясы | алюминий карбидін гидролиз-деу | пиролиз | А). Мұнай мен серік газдардан,мұнайда сұйық алкандар,қатты алкандар мұнай және озекеритте болады. Б). Жай заттарды синтездеу - көміртекті гидрлеу. В). Лабораторияда натрий ацетататынан : СН3 СООNа + NаОН--------СН4 +Nа2 СО3 Г). Қаныққан көмірсутектердің галогентуындыларын металл натриймен әрекетестіру. Вюрц реакциясы 2СН3 I + 2 Nа-----------С2Н6+ 2NaI Мұнай мен газдың жер қыртысындағы қоры 100-200 млн жыл бұрын пайда болған. Евфраттың жағасында 6-7 мың жыл бұрын б.э. дейін өндірілген.Ол үйлерге жарық беру үшін қолданылған,құрылысқа қажетті ерітінділер дайындау үшін,майлар,дәрілер,бальзамдау,тұтатқыш зат есебінде тарихта «грек оты» деген атпен белгілі болған.Орта ғасырда көшелерге жарық беретін зат ретінде қолданған. Керосинді фракцияларға бөлу- крекинг әдісін 1891жылы алғаш жүзеге асырған орыс инженері Иван Шухов . Тізбекті алкандардың изомерленуін риформинг деп атаймыз.Ол мұнайды алғаш айдағаннан кейін алынған бензин фракциясының сапасын арттыруда үлкен маңызы бар. Мұнайдың қорын зерттеген мамандардың айтынша мұнайды өндіру 8 %, ол 50-70 жылға жетеді.Биогазды қолдануға болмай ма?Өсімдік және жануар қалдықтары қолданылады.Қытай мен Индияда қолданылады. Лабораториялық әдістің ең кең қолданылатын түрі Вюрц реакциясы. Француз химигі Шарль Вюрц 1855 жылы галогеналкандарды металл натриймен қосып қыздырып қаныққан көмірсутектерді алудың әмебаб әдісін тапты: 2СН3 I + 2 Nа-----------С2Н6+ 2NaI Вюрца реакциясының ерекшелігі- бастапқы затпен салыстырғанда өнімдегі көміртек тізбегінің екі есе ұзаруы. Пиролиз – затты қыздыру арқылы айыру,көміртек атомының саны азаяды: Білімділік міндеттері: Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; - оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету; - оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау. Қаныққан көмірсутектердің физикалық қасиеттері: Кітаппен өздік жұмыс (74-77бет-нашар үлгерушілерден сұрау). А) Саннан сапаға өту қалай жүзеге асады? Б) Қайнау,балқу,температуралары мен тығыздығы қалай өзгереді? Алғашқы заттар(С1 –С5 ) – газдар, (С5 - С10 )-сұйық, С11 Н –қатты заттар. Гомологтық қатарда көміртек атомының саны өскен сайын агрегаттық күйі өзгереді бұнымен диалектиканың заңы:сан өзгерісінен сапа өзгерісіне ауысу айқын байқалады. Гомологтық қатарда көміртек атомының саны өскен сайын қайнау,балқу,температуралары өседі,яғни молекула арасындағы тартылу күші де артады.Тізбектелген көмірсутектер тармақталған көмірсутектерге қарағанда жоғары температурада қайнайды. Мұғалімнің толықтыруы: сұйық қаныққан көмірсутектердің иісі бар (бензин), егер сынауыққа сумен бірге құйып шайқаса сумен эмульсия түзеді,яғни сумен араласпайтын,ерімейтін қаныққан көмірсутектер бар екені көрінеді.Егер калий перманганатының кристалын салсақ түсі өзгермейді .Неге? (алкандар К2МnО4судағы ерітіндісімен әрекеттеспейді?). Вазелин-сұйық және қатты қаныққан көмірсутектердің қоспасы ,молекулалық массасы жоғары ,қолға май тәрізді байқалады. Парафин- қатты қаныққан көмірсутектердің қоспасы , аморфты түрлері болады. Парафин кесегі су бетінде қалқып жүреді (тығыздығы 1-ден кем)және жеңіл балқиды . Бірақ органикалық еріткіштерде ериді,сұйық алкандар бір-бірімен араласады.Барлық сұйық ,қатты алкандар ауамен жарылғыш қоспалар түзеді,сондықтан олармен жұмыс істегенде сақтық шараларын сақтау қажет. Мұғалімнің түсіндіруі: 2. Қаныққан көмірсутектердің химиялық қасиеттері А) Негізгі қасиеттерінің бірі –жану реакциясы.Көптеген химиялық реакциялар адамдардың төңірегінде,оның өзінде жүріп жатады. Біз бұндай химиялық құбылыстарға көңіл аудара бермейміз.Бұл құбылыстар қалай жүреді? (ас үйдегі газ, оталдырғыштың жануы, шахтадағы жарылыстар–бұл алкандардың жану реакциялары.) С Н4 + О2 -----СО2 +Н2О + 880 кДж/ моль Бұл реакция қай типке жатады? (экзотермиялық жарық, жылу бөле жүретін , алкандар жанғанда көп мөлшерде жылу бөлінеді,сондықтан отын ретінде қолданылады) Б) Химиялық тұрақты, қышқылдармен,сілтілермен,тотықтырғыштармен әрекеттеспейді. В) Орынбасу реакциясы ( алкандарға сапалық реакция). Бұл реакция галогендермен жарық қатысында сатылап жүреді. А.М.Бутлеровтың ОҚҚТ негізгі қағидаларының бірін еске түсірейік: заттың құрылысымен оның қасиеттерін болжайдыМетан молекуласының құрылысын еске түсірейік(көміртек пен сутек атомдары өзінің валенттіліктерін толық жұмсайды). Метаннан қалай жаңа зат алуға болады. Тек С-Н байланысты үзіп, сутек атомын басқа атоммен алмастыру арқылы жүзеге асыруға болады.Байланысты үзудің екі жолы бар: гомолитті, гетеролитті. Егер байланысты үзу гомолитті механизм бойынша радикалдар түзілу арқылы жүрсе , бұл реакция радикалды орын басу. Н Н Н-С-Н+ Сl-Сl Н- С –Cl + Н-Cl Н Н Н Н Н-С-Cl+ Cl-Сl H- С –Cl + Н-Cl H Cl Н Н H-С-Cl+ Сl-Сl Cl- С –Cl + Н-Cl Cl Cl Н Cl Cl-С-Cl+ Сl-Сl Cl- С –Cl + Н-Cl Cl C Галоген есебінде тек бром және хлор қолданылады. В) Термиялық айырылу реакциясы, температура 1000 С дейін. СН4 ------------ С+ 2Н2; Егер температура 1000 С тан жоғары болса, онда мына реакция жүреді: 2СН4 ------------Н3С—СН3 +3Н2 (дегидрлеу реакциясы) Изомерлену реакция: көмірсутектердегі байланыс үзіліп тізбекті көмірсутектер тармақталған көмірсутектерге айналады. 400 С, AlCl3 СН3-СН2-СН2-СН2-СН3------------СН3-СН-СН2-СН3 СН3 Қоршаған ортаның ластануы: 1.Іштен жану двигателдерінде бензин қызғанда буланады.Толық жанбаса көмір мен улы иіс газын бөледі.Бұл газдың иісі, түсі болмайды сондықтан улану байқалмауы мүмкін.Көміртек оксиді қандағы гемоглобинмен оңай қосылып ,оны оттекті тасымалдауға кедергі келтіреді,ал оның жетіспеуі өлімге әкеледі.Автөкөліктен бөлінетін газдардың құрамында 5 % СО болады. |