| Мерзімі :02.03.2021ж |
| Сабақтың тақырыбы:Ерітіндіде жүретін реакция теңдеуі бойынша есептер. |
| Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ерітіндіде жүретін реакция теңдеуі бойынша есептеп табуды түсіндіру; ерітіндіде жүретін реакция теңдеуі бойынша есеп шығару қабілеттерін дамыту; тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру . |
| Күтілетін нәтиже: Ерітіндіде жүретін реакция теңдеуі бойынша есептеп табуды игереді, оны қолданып есептер шығара алады |
| Сабақтың әдісі: Топқа бөлу, « джигсо», «ыстық орындық», «досқа хат» |
| |
| Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | Оқыту ресурстары |
| Кіріспе 3 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Сергіту сәтін жасаймын «шаттық шеңбері» . Топқа бөлемін 1,2,3 деп санау арқылы | Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. 1,2,3 деп айту арқылы топқа бөлініп, өз қызметтерін алады. | Интернет ресурстары |
| 10 минут | Өткен материалды пысықтау үшін «ыстық орындық» әдісін пайдаланамын | Оқушылар кезектесіп орындыққа отырып, сұрақтарға жауап береді. | Орындық |
| Негізгі бөлім 20 минут | Топтарға тапсырмаларды орындатамын Массасы 9,1г этилнитрат алу үшін HNO3 массалық үлесі 80%-тік еріт-ң (ƍ-1,45г/мл) қанша мл қажет болады? Этанолдың массалық үлесі 4,5%-тік еріт-не (ƍ-0,8г/мл) К-дің артық мөлшерімен әсер еткенде сутектің қандай көлемі бөлінеді? | Оқушылар өздеріне берілген термохимиялық теңдеулер бойынша есептерді оқиды, талқылайды, пікір алмасады, ортақ шешімге келеді, негізгі ойды ұғады және шешеді | Бағалау парақшалары оқулық, жұмыс дәптері |
| Қолдану 7минут | Қорытынды. «сұрақ-жауап» әдісін қолдана отырып, сабақты қорытындылаймын. | Тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап құрастырады, талқылайды | |
| Рефлексия Бағалау 5 минут | Үйге тапсырма: 100г этанолды натриймен әрек-ген соң түзілген натрий этилат-ң еріт-гі массалық үлесі 13% болды. Ер-гі реакциядан кейінгі заттардың массаларын есептеңдер. Кері байланыс: «досқа хат» | Топтар бір-бірлерінің жұмыстарын қол соғу арқылы бағалайды. Өткен тақырып бойынша өз пікірлерін жазады. | Стикерлер |