kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Периодтық жүйенің құрылымы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ тақырыбы:  периодтық жүйенің құрылымы

7.2.1.2 периодтық жүйеде элементтер атомдық (протондық) номерлердің өсу ретімен орналасу принципін түсіну

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Периодтық жүйенің құрылымы»

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 7.4 В Периодтық жүйеге кіріспе

Мектеп: 7

Күн: 13.02.18 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Шалтабаева Б.А.

Сынып: 7а

Қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: периодтық жүйенің құрылымы

Берілген сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.2.1.2 периодтық жүйеде элементтер атомдық (протондық) номерлердің өсу ретімен орналасу принципін түсіну

Оқу мақсаты

7.2.1.2 периодтық жүйеде элементтер атомдық (протондық) номерлердің өсу ретімен орналасу принципін түсіну

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

- Периодтық кестенің құрылу принципін біледі

Оқушылардың көбісі:

- химиялық элементтердің қасиеттері периодты түрде өзгеретінін түсінеді

Кейбір оқушылар:

- периодтық кестенің құрылу принципіне сәйкес келмейтін химиялық элементтің орналасуын түсіндіреді

Бағалау критериі

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • Периодтық жүйенің құрылысының принциптерін түсінсе

  • Үлкен және кіші периодтарды білсе

  • Элементтер тобын білсе (металл, бейметалл)

  • Қазіргі периодтық кестенің құрылысын білсе және сипаттаса

Тілдік мақсаттар

Оқушылар элементтерді жіктеу принциптерін ауызша немесе жазбаша түсіндіріп, сұрақ қоя алады.

Пәнге қатысты лексика және терминология: блок, тенденция, қасиеттер, топ, периодтық кесте, ядролық белгі, протон, атомдық нөмір, элемент, радиоактивті, қатты заттар, сұйықтар, газдар, бейметалдар

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Периодтық кесте элементтер тобына бөлінген

Бір топтағы элементтер бірдей қасиеттерге ие

X у сияқты бір топқа жатады, себебі олардың екеуі де z тең

Неге (элемент) осы топқа жатады?

Құндылықтарды қалыптастыру

Өзара көмек (бір-біріне деген дұрыс бәсекелестік) сабақ барысындағы ойындар арқылы қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Физика – атом құрылысы (протон, нейтрон, электрон, орбиталь немесе энергетикалық деңгей)

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті Периодтық кесте: http://www.webelements.com/

Периодтық кестенің ұзын формасы

http://www.chemiemania.ru/chemies-1615-1.html

интерактивті Периодтық кестемен ойын:

http://www.funbrain.com/periodic/index.html

Алдыңғы білім

7.4В - Доберейнер, Ньюлендс, Менделеевтің химиялық элементтерді жіктеуі

Атом құрылысы – атомдық (протондық) нөмір мен массалық (нуклондық) сан (7.4 А)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру сәті (2мин)






Қайталау

(5 мин)












Кесте құру бойынша жұптық жұмыс

(5-6 мин)




  • Ынтымақтастық ахуалын тудыру

Мұғалім интербелсенді тақтаға оқушылармен бірге сабақ тақырыбын жазады, сабақтың мақсаттарын айқындайды.

Презентация көрсету кезінде оқушылар арасын фронталды түрде сұрақ қойып, қайталау жүргізуге болады.

  • Доберейнер химиялық элементтерді қалай жіктеді?

  • Ньюлендстың «октавалар жаңының мәні неде?

  • Химиялық элементтерді жіктеу не үшін керек?

Әр жұпқа элементтер келтірілген карточкаларды тарату. Карточкалар арқылы оқушылар элементтерді протон санының өсу реті бойынша орналастыруға мүмкіндік береді. Осы уақытта әр жұптан атом құрылыс туралы сұрақ қойып отыру керек. Атом құрылысы бойынша әр оқушының жақын арада даму аймағын білген маңызды.

Бастапқы кезде оқушылар элементтерді протон санының артуы бойынша орналастыруы мүмкін, сол кезде оқушылар қасиеттері бірдей элементтерді бір веритикалды топқа орналастыруға болатын көреді.

Осы кезде s, p, d, f блоктары жай ғана белгілеулер болып табылатынын және олармен жоғары сыныпта танысатынын айту керек.


ХЭПЖ презентация

Элементтер берілген сұрыптау карталарының жиынтығы (Химиялық элементтің атауы мен символы сыртқы жағында, ал басқа жағында химиялық қасиеттері)


Интерактивті Периодтық кесте (көбінің біреуі): http://www.webelements.com/

интерактивті Периодтық кестемен ойын:

http://www.funbrain.com/periodic/index.html

Сабақ ортасы

15-17 мин



Оқушыларға әртүрлі периодтық кестелерді көрсетіңдер. Бұл кезеңде s, p, d, f блоктары тек белгілеу болып табылатындығын және толығырақ жоғары сыныптарда оқылатынын түсіндіріп кету керек.

Халықаралық Теориялық және Қолданбалы Химия Одағының жаңа топтық нөмірлерін пайдалану (римдік, 1-18), себебі осы әдіс қана ғана келешекте оқушыларда қателесушілік туғызбайтын жалғыз жүйе болып табылады.

Басқатырғыларды қолданған кезде олар іздеген сөздердің өзін бермей тек кілт сөздермен қамтамасыз ету керек

Оқушылар қазіргі ХЭПЖ және Менделеев кестесін білу керек және сипаттай алу керек. Ол үшін үлкен және кіші периодтардың анықтамасын, элементтер топтарға қалай бірігетінін оқушыларға түсіндіріп, дәптерлеріне жазғызу керек.

Период бойынша қасиеттер қалай өзгереді? Белгілі периодты мысалында (периодта орналасқан әр элементке тоқталу) периодтағы қасиеттердің өзгеруін түсіндіру.

Әрі қарай ойын арқылы материалды бекіту жүзеге асады.

Ойын «кім артық» 

Негізгі белгілері бойынша басқаларға ұқсамайтын топты табу керек. Тапсырманы алғаш бітірген оқушы жеңеді.

Нұсқа 1

Химиялық элементтердің символдары жазылған карточкалар:

Әр карточкадағы металл/бейметалл сипаты бойынша артық элементті анықтаңдар.

Жауабы: а) гелий; б) натрий; в) хлор.

Нұсқа 2

Периодтық жүйенің фрагменттері берілген карточка:

Әр карточкадағы артық элементті атаңдар. Басты белгі – осы элементтер тобына тиістілік.

Жауап: а) кальций; б) көміртек; в) йод.

Нұсқа 3

Периодтық жүйенің фрагменттері берілген карточка:

Әр карточкадағы артық элементті атаңдар. Басты белгі – осы периодқа тиістілік.

Жауап: а) фосфор, гелий; б) калий, азот.

Ереже: 1.Барлық химиялық элементтер реттік номерге ие және олар реттік номерінің өсу реті бойынша орналасады


2.Элементтердің атомдық массасының өсу ретін бойынша орналасқан горизонталь қатарлар периодтар деп аталады.


3.Атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан қасиеттері жағынан ұқсас элементтердің вертикаль қатары топ деп аталады.


Қосымша 1(жаттау)






Сабақтың аяғы

2-3 мин








Үй жұмысы

1 мин

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды:

  • Мен сабақта нені білдім, нені үйрендім?

  • Не түсініксіз қалды?

  • Нені қайталау керек?

Мүмкін болған жағдайда оқуышлар өз жұмыстарын немесе сыныптастарының жұмыстарын белгілі критериялар бойынша бағалай алады.

Негізгі анықтамаларды жаттау, презентацияны қайта қарастыру

Тақтаға арналған стикерлер




















Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

















К.Ушинский атындағы № 7 орта мектеп











Тақырыбы:

«Периодтық жүйенің құрылымы»

ашық сабақ

7а сынып







Химия пәнінің мұғалімі: Б.А.Шалтабаева









Талдықорған қаласы


























Қосымша 1.

1. бір топта орналасқан элементтер – химиялық және физикалық қасиеттері жағынан ұқсас.

2.Бірінші топты сілтілік металдар құрайды: литий, натрий, калий, цезий, рубидий. Олар жұмсақ, ауадағы оттегіментез тотығады. Сумен әрекеттескен кезде сілті түзеді. Бұл сілтілік металлдар тобы.

3.Екінші топ- сілтілік жерметалдар тобы: кальций, стронций, барий.

4.Жетінші топ –галогендер тобы: фтор, хлор, бром, йод. Молекулалры екі атомнан тұрады. Фтор мен хлор газдар, бром- сұйық, ал йод – қатты зат.

5.Сегізінші топ - инертті газдар тобы: гелий, неон, аргон, криптон, ксенон,радон.

6.Периодтағы элементтердің қасиеттерінің өзгеруі. Барлық периодтарда атомдық массаның өсуімен (солдан оңға қарай) металдық қасиеттердің әлсіреуі және бейметалдық қасиеттердің күшеюі байқалады.

Периодта солдан оңға қарай атом заряды, сыртқы деңгейдегі электрондардың саны, бейметалдық қасиет артады. Атом радиусы мен энергетикалық деңгейлер саны өзгермейді.

7. топ және басты топша бойынша қасиеттердің өзгеруі. Топтарда, басты топшаларда жоғарыдан төмен қарай металдық қасиеттің артуы және беметалдық қасиеттің кемуі байқалады.

Топтарда жоғарыдан төмен қарай ядро заряды, атом радиусы, энергетикалық деңгейлер саны, металдық қасиеттері артады. Сыртқы қабаттағы электрондар саны өзгермейді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Периодтық жүйенің құрылымы

Автор: Шалтабаева Бакытгуль Акановна

Дата: 18.04.2018

Номер свидетельства: 466718

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(188) "Химиялы? элементтер, атом ж?не молекула. Д. .И. Менделеевты? периодты? за? мен периодты? ж?йесіні? ??рылысы ."
    ["seo_title"] => string(105) "khimiialykeliemienttieratomzhniemoliekuladimiendielieievtynpieriodtykzanmienpieriodtykzhuiiesininkurylysy"
    ["file_id"] => string(6) "281755"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453575014"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Периодтық жүйенің құрылымы"
    ["seo_title"] => string(31) "pieriodtyk_zhuiienin_k_u_rylymy"
    ["file_id"] => string(6) "436475"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509701064"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) "Атом ??рылысы. "
    ["seo_title"] => string(15) "atom-k-u-rylysy"
    ["file_id"] => string(6) "182915"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425646168"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Значение теории строения органических веществ А.М.Бутлерова.docx "
    ["seo_title"] => string(80) "znachieniie-tieorii-stroieniia-orghanichieskikh-vieshchiestv-a-m-butlierova-docx"
    ["file_id"] => string(6) "122559"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1414270507"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Биохимияның ғылым ретінде қалыптасуы және дамуы"
    ["seo_title"] => string(55) "biokhimiianyn_g_ylym_rietindie_k_alyptasuy_zh_nie_damuy"
    ["file_id"] => string(6) "464994"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1522854527"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства