Сыныбы 8ә | Сабақ реті №59 | Пәні: Химия | Бекетова Нургуль Кушербаевна |
Сабақтың атауы: | Оксидтер |
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: | Оксидтердің химиялық қасиеттерін талдай отырып, сәйкес жаттығулар шығару. Оксидтердің қасиетін талдай отырып тұрмыста қолданылу саласын білу практикада қолдана білу. Оксидтердің табиғаттағы айналымын мысалдармен түсіндіру. |
Оқып үйренуің нәтижесі: | Негіздік, екідайлы, қышқылдық оксидтерді ажырата алу, оксидтердің алынуы мен химиялық қасиетіне жаттығулар мен есептер шығара алу. Сынып оқушыларының пәнге қызығушылығы артады, оқушылар өз бетінше оқи отырып білімдерін дамытуға дағдыланады, белсенділігі артады. |
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: | Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Бағалау Талантты және дарынды оқушыларды оқыту |
Ақпарат көздері: | Мұғалімге арналған нұсқаулық -32 бет. Білім стандарты, Химия оқулығы 8 сынып, Интернет ресурстар |
Сабақтың көрнекілігі: | Слайд, интерактивті тақта, таратпалар, реактивтер, сынауық, спирт шам, сіріңке, реагенттер |
Сабақ | 45 минут |
Бағалау әдістері: | Бағалау өлшемдері | |
Сабақ барысы |
Блум таксаномиясы | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті: | Оқушының іс-әрекеті |
Сыныпты ұйымдастыру. | 2 мин | Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгелдеу. Элементтер бойынша 4 топқа бөлу. . | Мұғаліммен амандасу, сынып кезекшісі сабақта жоқ оқушыларды айтады. Элементтердің валенттілігі бойынша топқа отырады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
Білім: | 7 мин | «Ыстық орындық» ойыны ойнатылады. Оқушылар бір-біріне үй тапсырмасынан сұрақтар қояды. Схема түрінде оксидтердің химиялық қасиеті берілген. Тапсырма топпен схемаға сәйкес реакция теңдеулерін жазып,теңестір. Химиялық қасиетін талда. Су = сілті+ су Негіздік оксид + + қышқыл = тұз+ су + Тұз Қышқылдық оксид + су = қышқыл Сілті = тұз+ су | Күтілетін нәтиже: Оқушылар сұраққа жауап береді. Толық сұраққа 1 балл. Топпен сәйкес реакция теңдеулерін постерге жазады, топпен алмастыру бірін-бірі тексереді. |
Түсіну: | 15 мин | Тапсырма -1 Оқушылар жұптасып отырып бірлесіп шығарады. P2O5+ ..... → H3PO4 Na2O+ ....→ NaOH К2О +.... → КСІ + H2O РН3 +....→ P2O5+ H2O SO3+ ....→ Na2SO4+..... CaO+ .... → CaSіO3 Тапсырма -2 Оқушыларға топпен жұмысқа тапсырма беріледі. Тапсырманы бітірген топ белгі береді. Әр топтан бір оқушы тақтаға жазады. 5минут тапсырманы орындайды, 5 минут тақтада талдайды. 1-топ А)Cu →CuO →Cu SO4 →Cu(ОН)2 → CuO →Cu 2-топ ә)P→ P2O5→H3PO4 →Ca3 (PO4)2 3-топ б) Li→Li 2 О→ LiОН →Li2SО4 5 минут Тапсырма-3 барий→барий оксиді→барий гидроксиді→барий фосфаты. кремний→кремний (ІV)оксиді→барий силикаты. Берелий хлориді→берилий оксиді→берелий гидроксиді. 9 жаттығу | Күтілетін нәтиже: Бір-бірінің жұмысын тексереді. Әр топтан екі оқушыдан тақтаға шығып жазып түсіндіреді. P2O5+ H2O → H3PO4 Na2O+ H2O → NaOH К2О +НСІ→ КСІ + H2O РН3 +О2→ P2O5+ H2O SO3+ NaОН→ Na2SO4+ H2O CaO+ SіO2 → CaSіO3 Оқушылар тапсырманы орындап болған соң а)Cu +O2→ CuO CuO +Н2SO4→Cu SO4+ H2O Cu SO4 + 2LiОН →Cu(ОН)2+ Li2SO4 Cu(ОН)2→ CuO + H2O 2CuO→2Cu + O2 ә) 4P+5O2→ 2P2O5 P2O5+ 3H2O →2H3PO4 2H3PO4+3 Ca →Ca3 (PO4)2+ 3H2 б)4Li+ O2→ 2Li 2 О Li 2 О+ H2O →2 LiОН 2LiОН + H2SO4 →Li2SО4+2 H2O
|
Қолдану: | 5мин | Әр топқа реактивтер мен құрал жабдықтар беріледі. Берілген заттарды пайдалана отырып, оксидтердің химиялық қасиетін сипаттайтын тәжірибені жаса. Төмендегі тапсырмаға жауап бер. Тапсырма: А) тәжірибе жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтау. Ә) Құбылыстың негізін түсіндіріңіз. Б) Қорытынды жасаңыз. 1-топ Мыс (ІІ) гидроксиді, күкірт қышқылы, сынауық, спиртшамы. 2-топ Кальций оксиді, су, индикатор, сынауық 3-топ Темір (ІІІ) оксиді, спирт шамы, сынауық, қышқыл | Күтілетін нәтиже: Қауіпсіздік ережесін сақтауы. Тәжірибе құбылысының теңдеуін жаза алуы. Қорытынды жасай отырып, оксидтердің қандай қасиетіне негізделгенін, реакцияның қандай типі жүргенін талдап, түсіндіреді. |
Талдау. | 5 мин |
Массасы 7,4 г кальций гидроксиді қанша грамм фосфор қышқылымен әрекеттеседі. | Топпен шығарып, шығару жолын ауызша талдап береді. 7,4г Хг 3Cа(ОН)2 +2H3PO4 →Ca3(PO4)2+6H2O Mr 74 98 M 74г/моль 98 г/моль m 222 г 196 г 7,4г Хг 222 г 196 г Х=7,4г*196г = 6,53г 222г |
Массасы 10г кальций карбонатын қыздырып айырғанда (қ.ж.) қанша көлем көміртек (ІV) оксиді алынады? Осы газды кальций гидроксидінен өткізгенде қанша грамм тұз тұнбаға түседі? Тапсырма: әр топ сандық есептерді шығарудың алгоритмін құрады. | 10г Хг CaCO3→ CaO+ CO2 х=2,24 100 22,4 2,24 Хг Cа(OH) 2+ CO2 → CaCO3 + H2O 22,4г 100г Х=10г Есепті шығару жолының бірнеше тәсілдерін ұсынады. |
Жинақтау. | 5 мин | Үш топқа тапсырма беріледі. Қасиеттерін сипаттай отырып, табиғаттағы айналымын сызбаға түсір. Қышқылдық оксидтерге .... Оларға мына қасиеттер тән ..... Екідайлы оксидтерге .... Оларға мына қасиеттер тән ..... Негіздік окидтер.... Оларға мына қасиеттер тән ..... | Оксидтердің қасиетін сипаттайды, табиғаттағы айналымын постерге түсіреді. |
Рефлексия | 2 мин | БББ стратегиясын пайдалану | Мен үшін түсініксіз.... Маған бұл тақырыпта .... қиындық туғызды. Мен үшін қызықты .... болды. Мен ... талдауда қызықты мағлұмат алдым. |
Бағалау | 2 мин | Бағалау өлшемдері парағымен жұмыс істеуді тапсырады. | Өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, жұптық бағалау, кері байланыс арқылы анықтау. |
Үйге оқылым. | 2 мин | Оксидтер тақырыбын оқу, тақырыпқа әр топ 5 тест сұрақтарын дайындап келеді. 119бет 9,10 жаттығуларды орындау. Есепті шығару жолының алгаритімін құру. | Күнделікке жазады. |