kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Белсенді, орташа белсенді және енжар металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуін салыстыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі.»

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

8.1С Металдар белсенділігін салыстыру

Мектеп: Мичурин ЖОББМБК

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кенжегалиева Ж.С.

Сынып: 8 «а»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі.

№2 көрсетілім «Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.4.1 -кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу;

8.2.4.2 -белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау;

8.2.4.3 -металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

- кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу;

- белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау;

- металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • - металдардың белсенділік қатарын пайдаланып, оттекпен немесе сумен әрекеттескенде оксид және гидроксид түзетін металдарға мысалдар келтіру;

Кейбір оқушылар :

- тұрмыста металдарды коррозиядан қорғау әдістерін ұсынып, дәлелдемелер келтіру;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийі

-кейбір металдардың басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын біліп, белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттайды,

- металдардың белсенділік қатарын пайдаланып, оттекпен немесе сумен әрекеттескенде оксид және гидроксид түзетін металдарға мысалдар келтіреді;

-металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеп, қорғау шараларына дәлелдемелер келтіреді;

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

Металдардың белсенділігіне байланысты оттекпен және сумен әрекеттескенде түзілетін өнімді сипаттай алады.

Пәнге қатысты арнайы лексиканың көмегімен оксидтер мен гидроксидтерге анықтама береді.

Лексика және терминология

Оксид, гидроксид, коррозия, тотығу,…

Диалогқа қажетті тіркестер

  1. Оксидтер құрамы екі элементтен құралған біреуі …… болатын қосылыстар.

  2. Гидроксидтердің құрамында металл атомымен бірге …………. болады.

  3. Сілтілік металдар оттекпен әрекеттескенде …………. түзіледі.

  4. Өте белсенді металдар сумен әрекеттескенде …….. түзіледі.

Құндылықтарды дарыту



Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылығына баулу топтық және жұптық жұмыс барысында жүзеге асады;

Зайырлы қоғам және жоғары руханият, өмір бойы білім алу құндылықтарына баулу қосымша материалмен жұмыстану кезінде іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, математика, география және Қазақстан тарихы.

Алдыңғы білім


7.2A Атомдар. Молекулалар. Заттар

7.2В Ауа. Жану реакциясы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин





2 мин







2 мин

Сәттілік тілеймін.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісімен өткен сабаққа шолу.

    1. Элементтер қалай жіктеледі?

    2. Металдарға тән қасиеттер?

    3. Бейметалдарға тән қасиеттер ?

Әртүрлі түсте жазылған металдардың таңбалары арқылы 3 топқа бөлінеді.

1 топ- Белсенді металдар

2 топ – Орташа белсенді металдар

3 топ – Белсенділігі төмен металдар



Ширату. «Айырмашылығы неде?» әдісі

Оқушыларға екі түрлі сурет көрсетіледі. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтау сұралады. Жауаптарын дəлелдеп отырады.

Болжау стратегиясы арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.


Сабақтың тақырыбы: Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі. №2 көрсетілім «Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі»

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

8.2.4.1 -кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу;

8.2.4.2 -белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау;

8.2.4.3 -металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу;

KOH

NaOH

LiOH



Au

Hg

Cu




MgO


ZnO

FeO








Сабақтың ортасы

(25 мин)


Тақырыппен танысуға

5 мин




Жұмыспен таныстыруға

5 мин




3 мин







3 мин






10 мин







































4 мин

«Галереяға саяхат» әдісі арқылы жаңа сабақты игеру.

Т . Топтарға тапсырма:

1топ: Металдардың оттекпен әрекеттесуі (Топтан бір оқушы тұрып металдардың оттекпен тотығуының әртүрлі болу себептерін түсіндіреді)

2 топ: Металдардың сумен әрекеттесуі (Металдардың сумен қалыпты жағдайда және қыздырғанда әрекеттесуін түсіндіреді)

3 топ: Металдардың коррозияға ұшырауы (берілген суреттер мен қосымша мәліметтерді пайдаланып, коррозияның пайда болуы мен одан сақтану шаралары туралы айтады)





Б «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Бағалау критерийлері:

  1. Эстетикалық безендірілуі

  2. Мазмұны

  3. Креативтілігі



М:

Енді алған білімді бекіту мақсатында бейнеролик арқылы №2 көрсетілім «Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі» тәжірибесін қарап, танысайық.



Ж. Тапсырмалар:

№1. Берілген металдарды белсенділігінің артуы бойынша орналастыр: Na, K, Cu, Fe, Ca,Mg, Zn, Hg, Al, Pb

Дескриптор: Білім алушы

-металдарды белсенділігі артуы бойынша орналастырады;

Б. Мұғалім ауызша мадақтайды. Ауызша кері байланыс жүзеге асырылады.



№2. Төрт пробирка алынып, оларға темір шеге салынған.

1-ші пробиркаға кұбыр суы құйылып, аузы ашық қалдырылды.

2-ші пробирка іші құрғақ, ауа бар, пробирка ауызы тығынмен бекітілді.

3-ші пробиркаға толтырылып қайнаған су құйылды және ауызы тығынмен бекітілді.

4-ші пробиркаға тұзды су құйылды және аузы ашық қалдырылды.



(а) Осы сурет негізінде металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды анықтаңыз.

(b) Металдар коррозиясына әсер ететін факторлар туралы қандай қорытынды жасар едіңіз?

(с) Коррозияның қандай зияны бар екенін атап жазыңыз.

(d) Коррозияны болдырмаудың екі әдісін ұсыныңыз.

Дескриптор:

− коррозияға әсер етуші факторларды ажыратады;

− металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды салыстырады;

− коррозияның зиянды әсерін атайды;

− коррозияны болдырмау әдісіне мысал келтіреді.


(көршілер бір-бірінікін тексеріп, жақсы жауапты дауыстап оқиды)

Б. «Смайлик» арқылы бағалау

Т. «Пазлдар» әдісі арқылы білімді бекіту (Әр топ пазлды дұрыс құрастырылған болса, парақшаның артқы бетінде жазылған санды сөйлетеді)

1 топқа тапсырма: Металдарды қасиеттеріне қарай топтастыр.

Коррозияға тез ұшырайтын заттар

Коррозияға төзімді

заттар

темір, шойын, болат

күміс, мыс, мырыш, алтын

2 топқа тапсырма: металдар мен олардың қасиеттерін сәйкестендір:

Натрий

Суық сумен белсенді әрекеттеседі

Алтын

Сумен мүлдем әрекеттеспейді

Мырыш

Ыстық сумен әрекеттеседі

3 топқа тапсырма: реакцияға қатысушы заттар мен түзілген өнімдердің формуласын қойып, тізбекті жүзеге асыр:

2Na + 2H2O → 2NaOH + H2O

Б. Мұғалім жақсы жұмыстанған топтарды ауызша марапаттайды.

Бағалау критерийлері:

  1. Пазлды дұрыс құрастыру

  2. Пазл соңындағы датаны дұрыс анықтайды

Оқулық,

қосымша ақпарат, суреттер



















Химия пәнінен орындалатын сарамандық және зертханалық жұмыстардың электрондық нұсқасы





























4 жауапқа –



3 жауапқа –


1,2 жауапқа –





Елімізде биыл тойланатын атаулы дата.

1 топ: 20 жыл (Астананың 20 жылдығы)


2 топ: 25 жыл

(Ұлттық валюта Теңгенің енгеніне 25 жыл)


3 топ: 100жыл

(Алаш қозғалысының қайраткері Халел Досмұхамедовтың туғанына 100 жыл)





Сабақтың соңы

3 мин

«Бес саусақ » әдісі арқылы кері байланыс


Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балан үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбөк – бүгін не үйрендім?


Сабақ соңында оқушылардың дәптерлерін жинап алып, жазбаша кері байланыс жүзеге асырылады.

Мүмкін болған тұста оқушылар өз жұмысын және сыныптастарының жұмыстарын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады.


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Сабақ басында «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісімен өткен сабаққа шолу жасауда диалог және қолдау көрсету арқылы саралаймын.

Әртүрлі түсте жазылған металдардың таңбалары арқылы сынып оқушыларын 3 топқа бөлгенде талаптары әртүрлі оқушыларға жіктеу арқылы саралаймын.

Ширатуда «Айырмашылығы неде?» әдісі арқылы көрсетілген металл суреттерінің айырмашылығын анықтап, Болжау стратегиясы арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашқанда диалог және қолдау көрсету арқылы саралаймын.

Сабақ ортасында «Галереяға саяхат» әдісі арқылы жаңа сабақты игеру кезінде топтар мен топ ішіндегі оқушылар дереккөздер мен қорытынды арқылы сараланады.

Тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар жеке жұмыстанып, білім деңгейіне қарай тапсырмалар арқылы және тапсырмаларды орындау жылдамдығына қарай қарқын арқылы сараланады.

Сабақ басында өткен сабаққа шолу жасау кезінде оқушылардың жауаптары мадақтау немесе қолдау көрсету арқылы ауызша бағаланады.

Сабақ ортасында оқушылар металдардың оттекпен, сумен әрекеттесуі және коррозиямен танысқан кезде топта жұмыстанып,әр топ өз жұмыстарын таныстырғанда бірін-бірі «Отшашу» әдісімен бағалайды.

ҚБ кезінде тапсырма дескрипторға сай «Смайлик» арқылы бағаланады.

Сабақ соңында «Бес саусақ » әдісі арқылы рефлексия жүзеге асырылған кезде әр оқушы сабақ барысында өзінің көңіл күйі мен қалай сезінгенін, сабақтың ұнаған тұстарын және не үйренгені туралы қорытынды жасайды.

Сабақ басталмас бұрын кабинетті желдетіп алу. Интербелсенді тақтаны 15 минуттан артық пайдаланбау. Топпен жұмыс істеу кезінде оқушылардың дұрыс отыруы. Демонстрациялық көрсетілім тәжірибелері кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі.

Автор: Кенжегалиева Жангул Садировна

Дата: 08.06.2019

Номер свидетельства: 513920

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі"
    ["seo_title"] => string(45) "metaldardyn_ottekpen_zh_ne_sumen_rekettesui_1"
    ["file_id"] => string(6) "514742"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1560494137"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(191) "Металдар ж?не оларды? ??ймаларыны? жемірілуі –?орша?ан ортаны? ластануыны? н?тижесі,жемірілуге ?арсы к?рес."
    ["seo_title"] => string(123) "mietaldar-zh-nie-olardyn-k-u-imalarynyn-zhiemirilui-k-orshag-an-ortanyn-lastanuynyn-n-tizhiesi-zhiemirilughie-k-arsy-kuries"
    ["file_id"] => string(6) "320756"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461142348"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Кальций . Периодты? ж?йедегі орны. Атомыны? ??рылысы."
    ["seo_title"] => string(49) "kaltsiipieriodtykzhuiiedieghiornyatomynynkurylysy"
    ["file_id"] => string(6) "260288"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448912411"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Алюминий 9-сынып "
    ["seo_title"] => string(17) "aliuminii-9-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "178608"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424860482"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства