kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Металдар ж?не оларды? ??ймаларыны? жемірілуі –?орша?ан ортаны? ластануыны? н?тижесі,жемірілуге ?арсы к?рес.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орыс ?алымы Н.Н. Бекетов  металдарды? сулы ерітіндідегі тоты?сыздандыр?ыш  ?абілетіні? ?рт?рлі екендігін  эксперимент ж?зінде аны?тай  отырып, 1865 ж. Металдарды? белсенділік  ?атарын ?сынды ж?не б?л ?атар?а  сутекті енгізді. ?азір оны металдарды? электрохимиялы? кернеу ?атары деп атайды:

Li  K  Ca  Na  Mg  Al  Zn  Cr  Fe  Ni  Sn  Pb  H  Cu  Hg  Ag  Pt  Au

Металдарды? тоты?сыздандыр?ыш  ?асиеті

     артады  ←                                                                   → кемиді 

Металдар мен ??ймалар ?р т?рлі заттармен жанас?анда, олармен ?рекеттесіп, химиялы? ?осылыстар т?зеді. ?сіресе жа?быр, топыра? ыл?алы, ауа ?серінен ?орша?ан ортада?ы металдар б?лініп желінеді. Б?л кезде металдан жасал?ан б?йымны? ?асиеті м?лдем ?згеріп, ол біртіндеп б?ліне бастайды. Б?л ?те зиянды ?рі ?ауіпті процесс жемірілу деп аталады (коррозия — лат. korrosio — желіну деген с?з). ?орша?ан орта факторларыны? ?серінен болатын металды? желіну ??былысы жемірілу (коррозия) деп аталады.Металдар мен ??ймалардан жасал?ан ?нерк?сіптік ?ондыр?ылар, ауылшаруашылы? техникасы, ?атынас келіктеріні? тетіктері, энергетика ж?не химия ?нерк?сібіні? ?ондыр?ылары жемірілуге ?шырайды. Жемірілуді? келтірген зиянынан металл б?йымдар пайдалану?а жарамсыз болып ?алады, б?л тіпті т?рлі апаттар?а со?тыруы м?мкін. Сонды?тан жемірілу процесіні? негізін біліп, оны? зардаптарын бол?ызбау жолдарын ?йрену керек.Металдарды? б?рі бірдей жемірілуге ?шырай бермейді. Кернеу ?атарында к?містен со? орналас?ан металдар "бекзат металдар" деп аталады, олар іс ж?зінде б?лінбейді. Сонды?тан б?л металдарды ж?не оларды? ??ймаларын жемірілуге тыйым салын?ан жерлерде ?олданады. Мысалы, электронды? ?нерк?сіпте, ?арышты? техникада контактілер жасау ?шін алтынды пайдаланады.Кернеу ?атарында магнийді? сол жа?ында орналас?ан сілтілік ж?не сілтілікжер металдар "бекзат металдар?а" ?арама-?арсы ?асиетке ие. Олар к?дімгі жа?дайды? ?зінде ?оршаган ортада?ы к?птеген заттармен (е? алдымен, оттекпен ж?не сумен) о?ай ?рекеттеседі, сонды?тан ?ондыр?ылар мен аппараттар жасау?а пайдаланылмайды.Кернеу ?атарыны? орта шенінде жемірілуге баяу ?шырайтын металдар орналас?ан. Оларды? біразы, мысалы, Mg, Zn, Al, Cr, Ni жемірілуге т?зімді, себебі металдарды? бетінде оксидтен т?ратын ?те ж??а ?абы?ша пайда болып, металдарды ?орша?ан ортамен жанасудан са?тап т?рады. Адамдар темірді? таттануын жиі кездестіреді, жемірілген темірді? бетін кеуек ?о?ыр?ай тат ?абаты басады. Жыл сайын д?ние ж?зінде алынатын темір массасыны? 1/4-і жемірілуге ?шырап, б?лініп отырады. Темірді? таттануы, ?детте, оттекті? ?серінен болады:

2Fe0 + 2Н2О + О2 = 2?е(ОН)2

Оттек молекуласы темірді алдымен ?е+2, содан кейін ?е+3 катионына айналдырады:

Тоты?сыздандыр?ыш 2?е0 — 2? —> 2?е+2

Тотыктыр?ыш О02 + 4? = 2О2-2

4?е(0Н)2 + 2Н2О + О2 -> 4?е(0Н)3

Тоты?сыздандыр?ыш Fe+2 — ? —> Fe+3

Тотыктыр?ыш О02+4? —> 2О-2

Жалпы ал?анда, металдарды? ж?не оларды? ??ймаларыны? ?орша?ан орта ?серінен жемірілуге ?шырауын химиялы? ж?не электрохимиялы? деп екіге б?леді.Б?кіл ?лемде адамны? белсенді іс-?рекетіні? н?тижесінде ?орша?ан ортаны? ластануы шекті де?гейге жетіп отыр. Осы?ан орай, металдар мен ??ймаларды? жемірілуі де к?шейіп келеді.?азір ?ылым мен практика жемірілу процесін шектеуді?, азайтуды?, тіпті м?лдем болдырмауды? к?птеген ?діс-т?сілдерін ?сынады. Жалпы ал?анда, жемірілумен к?ресуді? бірнеше ба?ыттары бар.Жемірілу электролит ерітінділерінде ?теді. Ол белсенділігі т?мен металдарды? ?атысуымен к?шейе туседі. Электрондардын ауысуымен, микротокты? пайда болуымен ж?реді.
Тоты?тыр?ыштар: электролиттерді? гидраттанган ионы.
Мысалдар: тасымал ??бырларды?, рельстердін, кеме корпусыны?, ?р т?рлі металдан жасал?ан конструкцияларды? желінуі.Жо?ары температурада бейэлектролит тотыктыр?ыштарды? ?серінен б?лінеді.
Тоты?тыр?ыштар: О2, Cl2, SO2, ж?не бас?а газдар, ?рт?рлі отын т?рлері, су буы.
Мысалы, іштен жанатын ?оз?алт?ыштарды?, химиялы? ??рыл?ыларды?, ?ондыр?ыларды?, электр станцияларында?ы ??быр тетіктеріні? желінуі.?орша?ан ортаны? ?серінен металдарды? б?лінуін жемірілу (коррозия) деп атайды. Жемірілу тоты?у-тоты?сыздану процесіне жатады, оны? ж?руі металдарды? белсенділігіне т?уелді. Белсенді металдар о?ай жеміріледі. "Бекзат металдар" жемірілмейді. Металдарды? жемірілуін болдырмау шараларын білу керек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Металдар ж?не оларды? ??ймаларыны? жемірілуі –?орша?ан ортаны? ластануыны? н?тижесі,жемірілуге ?арсы к?рес.»

Сынып 9.

Мерзімі:15.02.2016ж.

Сабақ№ 43.

Сабақтың тақырыбы:Металдар және олардың құймаларының жемірілуі –қоршаған ортаның ластануының нәтижесі,жемірілуге қарсы күрес.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларды металдармен және оның қасиеттерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пән аралық байланыс: математика, биология, экология.

Көрнекіліктері: оқулық, периодтық жүйе.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, түгендеу.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Металдардың периодтық жүйедегі орны?

2. Табиғатта таралуы?

3. Металдардың алынуы?

4. Физикалық қасиеттері?

5. Химиялық қасиеттері?

III. Өткен сабақты бекіту.


Металдардың

Алыну жолы

Қолданылуы

Физикалық қасиеті



Химиялық қасиеті




IV. Мақсат қою кезеңі: Металдардың қосылыстарына жалпы түсінік беру.Табиғатта таралуын және қолданылыуын жетік меңгеруге ой-өрістерін дамыту.Химиялық,физикалық қасиеттерін білуге,білімділікке тәрбиелеу.

V. Жаңа сабақты түсіндіру.

Орыс ғалымы Н.Н. Бекетов  металдардың сулы ерітіндідегі тотықсыздандырғыш  қабілетінің әртүрлі екендігін  эксперимент жүзінде анықтай  отырып, 1865 ж. Металдардың белсенділік  қатарын ұсынды және бұл қатарға  сутекті енгізді. Қазір оны металдардың электрохимиялық кернеу қатары деп атайды:

Li  K  Ca  Na  Mg  Al  Zn  Cr  Fe  Ni  Sn  Pb  H  Cu  Hg  Ag  Pt  Au

Металдардың тотықсыздандырғыш  қасиеті

     артады  ←                                                                   → кемиді 



Металдар мен құймалар әр түрлі заттармен жанасқанда, олармен әрекеттесіп, химиялық қосылыстар түзеді. Әсіресе жаңбыр, топырақ ылғалы, ауа әсерінен қоршаған ортадағы металдар бүлініп желінеді. Бұл кезде металдан жасалған бұйымның қасиеті мүлдем өзгеріп, ол біртіндеп бүліне бастайды. Бұл өте зиянды әрі қауіпті процесс жемірілу деп аталады (коррозия — лат. korrosio — желіну деген сөз). Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың желіну құбылысы жемірілу (коррозия) деп аталады.Металдар мен құймалардан жасалған өнеркәсіптік қондырғылар, ауылшаруашылық техникасы, қатынас келіктерінің тетіктері, энергетика және химия өнеркәсібінің қондырғылары жемірілуге ұшырайды. Жемірілудің келтірген зиянынан металл бұйымдар пайдалануға жарамсыз болып қалады, бұл тіпті түрлі апаттарға соқтыруы мүмкін. Сондықтан жемірілу процесінің негізін біліп, оның зардаптарын болғызбау жолдарын үйрену керек.Металдардың бәрі бірдей жемірілуге ұшырай бермейді. Кернеу қатарында күмістен соң орналасқан металдар "бекзат металдар" деп аталады, олар іс жүзінде бүлінбейді. Сондықтан бұл металдарды және олардың құймаларын жемірілуге тыйым салынған жерлерде қолданады. Мысалы, электрондық өнеркәсіпте, ғарыштық техникада контактілер жасау үшін алтынды пайдаланады.Кернеу қатарында магнийдің сол жағында орналасқан сілтілік және сілтілікжер металдар "бекзат металдарға" қарама-қарсы қасиетке ие. Олар көдімгі жағдайдың өзінде қоршаган ортадағы көптеген заттармен (ең алдымен, оттекпен және сумен) оңай әрекеттеседі, сондықтан қондырғылар мен аппараттар жасауға пайдаланылмайды.Кернеу қатарының орта шенінде жемірілуге баяу ұшырайтын металдар орналасқан. Олардың біразы, мысалы, Mg, Zn, Al, Cr, Ni жемірілуге тәзімді, себебі металдардың бетінде оксидтен тұратын өте жұқа қабықша пайда болып, металдарды қоршаған ортамен жанасудан сақтап тұрады. Адамдар темірдің таттануын жиі кездестіреді, жемірілген темірдің бетін кеуек қоңырқай тат қабаты басады. Жыл сайын дүние жүзінде алынатын темір массасының 1/4-і жемірілуге ұшырап, бүлініп отырады. Темірдің таттануы, әдетте, оттектің әсерінен болады:

2Fe0 + 2Н2О + О2 = 2Ғе(ОН)2

Оттек молекуласы темірді алдымен Ғе+2, содан кейін Ғе+3 катионына айналдырады:

Тотықсыздандырғыш 2Ғе0 — 2ē — 2Ғе+2

Тотыктырғыш О02 + 4ē = 2О2-2

4Ғе(0Н)2 + 2Н2О + О2 - 4Ғе(0Н)3

Тотықсыздандырғыш Fe+2 — ē — Fe+3

Тотыктырғыш О02+4ē — 2О-2

Жалпы алғанда, металдардың және олардың құймаларының қоршаған орта әсерінен жемірілуге ұшырауын химиялық және электрохимиялық деп екіге бөледі.Бүкіл әлемде адамның белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде қоршаған ортаның ластануы шекті деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, металдар мен құймалардың жемірілуі де күшейіп келеді.Қазір ғылым мен практика жемірілу процесін шектеудің, азайтудың, тіпті мүлдем болдырмаудың көптеген әдіс-тәсілдерін ұсынады. Жалпы алғанда, жемірілумен күресудің бірнеше бағыттары бар.Жемірілу электролит ерітінділерінде өтеді. Ол белсенділігі төмен металдардың қатысуымен күшейе туседі. Электрондардын ауысуымен, микротоктың пайда болуымен жүреді.
Тотықтырғыштар: электролиттердің гидраттанган ионы.
Мысалдар: тасымал құбырлардың, рельстердін, кеме корпусының, әр түрлі металдан жасалған конструкциялардың желінуі.Жоғары температурада бейэлектролит тотыктырғыштардың әсерінен бүлінеді.
Тотықтырғыштар: О2, Cl2, SO2, және басқа газдар, әртүрлі отын түрлері, су буы.
Мысалы, іштен жанатын қозғалтқыштардың, химиялық құрылғылардың, қондырғылардың, электр станцияларындағы құбыр тетіктерінің желінуі.Қоршаған ортаның әсерінен металдардың бүлінуін жемірілу (коррозия) деп атайды. Жемірілу тотығу-тотықсыздану процесіне жатады, оның жүруі металдардың белсенділігіне тәуелді. Белсенді металдар оңай жеміріледі. "Бекзат металдар" жемірілмейді. Металдардың жемірілуін болдырмау шараларын білу керек.

 VІ. Түсінігін тексеру:

Металдар химиялық реакцияда не себепті тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді?

Металдар қандай химиялық реакцияларға қатысады?

Айналуды жүзеге асырыңдар:

А) Ca → CaO → CaSO4

     2Ca +O2→2CaO

     CaO+H2 SO4 → CaSO4 +H2 O

В) Fe2 (SO4)3 → Fe(OH)3↓ → Fe2 O3

     Fe2(SO4)3+6KOH → 2Fe(OH)3↓+3K2 SO4

     2Fe(OH)3→ Fe2 O3+ 3H2 O

 С) Cu → CuO → CuCl2

     2Cu + O2 →2 CuO

     CuO + 2HCl → CuCl2+ H2 O

 

 VІІ. Бекіту:

3 моль мыс (II) хлориді бар ерітіндіден қанша грамм мыс бөліп алуға болады?

 

Берілгені :

ν(CuCl2)= 3 моль

Т/к: m(Cu) -?

Шешуі: m = ν · M

CuCl2+H2 → 2HCl+Cu

3 моль                      х моль

1 моль                     1 моль

              

M(Cu)=64 г/моль

m= 3 моль ·64 г/моль= 192 г. (Cu)

Жауабы: m(Cu)=192 г.

 VIІІ. Үйге тапсырма: § 42-43 оқу, сұрақтарына жауап беру. Бағалау.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Еркебалаева Нургуль Сатыбалдиевна

Дата: 20.04.2016

Номер свидетельства: 320756


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства