Мұғалімнің аты-жөні | Есембекова А.А. | Бірлік ОМ |
Күні | 1701.19ж. | Сынып 9 | Пәні: Химия |
Сабақ тақырыбы | Металдардың электрохимиялық кернеу қатары.. |
Сабақтың мақсаты | Реакциялардың жүру жағдайлары жөніндегі білімдерін нақтылап, металдардың электрохимиялық кернеу қатарын реакция теңдеулерін құру арқылы меңгерту. Жаттығулар орындау барысында өздігінен білім алу дағдысын қалыптастыру. |
Күтілетін нәтиже | Реакциялардың жүру жағдайлары жөніндегі білімдері нақтыланып, металдардың электрохимиялық кернеу қатарын реакция теңдеулерін құру арқылы меңгеретін болады.Жаттығулар орындау барысында өздігінен білім алу дағдылары қалыптасады. |
Негізгі идеялар | Металдар –тотықсыздандырғыштар. Металдар және олармен әрекеттесетін тотықтырғыш заттар.Металдар қосып алу және орынбасу реакцияларына кірісе алады, |
Негізгі дерек көздер | АКТ, постер , маркер, стикер, периодтық жүйе, таратпа материалдар. |
Әдіс-тәсілдер | Диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, бағалау, жеке, жұптық, топтық жұмыстар, «таудың ұшар басына шығу». |
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары |
Мұғалім іс әрекеті | Оқушы іс-әрекеті |
І.Ұйымдастыру . Сергіту сәті. Оқушыларды топқа бөлу, жағымды психологиялық ахуал орнату, топ ережесін айтқызу, топта рөльдерге бөлісу(топ жетекшісі, баяндаушы, уақыт сақшысы, хатшы, бақылаушы) (1-2 минут) | Оқушылар элементтер арқылы топтасады, топ ережесін құрады, топта рөльдерге бөлінеді. |
ІІ. Үй тапсырмасы. Зымыран сұрақтары. (10-минут) Әр топқа тарау бойынша өтілген тақырып бойынша сұрақтар беріледі. 1.Металдардың п.ж. орны? 2.І-топтың негізгі топша элементтерін ата? 3.І-топ оксидтерінің жалпы формуласы? 4.ІІ-топтың негізгі топша металдары? 5.ІІ-топ оксидтерінің жалпы формуласы? 6.Іжәне ІІ-топ гидрооксидтерінің жалпы формуласы? 7.Металдық байланыс дегеніміз не? 8.Металдардың маңызды физикалық қасиеттері қандай? 9.Металдардың электр және жылу өткізгіштігін сипатта? 11.Металға тән жылтырлықтың болу себебі неде? 12.Металдардың кристалдық торлары? 13.Ең қиын балқитын металл? 14.Ең ауыр металл? 15. Ең жеңіл металл? 16. Ең қатты металл? 17.Құймалар қалай түзіледі? | Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарына жауап береді. |
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру. Топтық жұмыс.(постер жасау) (15 минут) І-топ: Металдардың химиялық қасиеттері. ІІ-топ: металдардың электрохимиялық кернеу қатары.. | Оқушылар белсене қатысады. Оқушылар топқа бөлініп,сабақ құрылымымен танысады. Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды. Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы –топтық жұмысты бағалау. |
Жаңа сабақты бекіту. (15 минут) Ойтолғаныс-деңгейлік тапсырма (А,В,С деңгейлі баламен жұмыс. А-деңгейлі.20г натрйй гидроксидін 20 проценттік тұз қышқылымен араластырып,ерітіндіні әбден қыздырып, суалтып, қанша грамм натрий хлоридін алуға болады? В-деңгейлі. Сілтілік металдың 1 молі суда ерігенде сутегінің қандай көлемі (қ.ж) бөлініп шығады? С-деңгейлі. Оқулықтағы №4 жаттығу. Жүптық жұмыс. «Таудың ұшар басына шығу» .І-топ: 1. Ca --- CaO --- Ca(OH)2------CaCО3 2. Массасы 6,2 г натрий оксиді сумен әрекеттескенде сілтінің қандай массасы және қанша мөлшері түзілетінін есептеңдер. ІІ-топ: 1. AI ---Al2O3 --- Al2(SO4)3--- AI(OH)3 2. Егер 1л сутегі бөлініп шықса, литийдің қанша мөлшері сумен реакцияласады? | А,В,С-деңгейлі оқушылар жеке жұмыс жасайды. Топта оқушылар берілген есептерді жұптасып орындайды. Бір-біріне көмектеседі.топта ынтмақтаса жұмыс жасайды. Жұптасып жұмыс жасап таудың ұшар басына шығады. Берілген тапсырманы бірлесіп , жауап береді. |
Үйге тапсырма: Параграф30. №8. Есеп. Кейінгі тапсырма. Металдардың адам өміріндегі маңызы. |