kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Металдарды? периодты? ж?йедегі орны, атом ??рылысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы Металдарды? периодты? ж?йедегі орны, атом ??рылысы.Металдарды? электрохимиялы? кернеу ?атары. Физикалы?, химиялы? ?асиеттері. Саба?ты? ма?саты металдарды? периодты? ж?йедегі орналасуымен таныстыра отырып,оларды? физикалы? ?асиеттері, атомды? ??рылысына ж?не кристалды? торыны? ерекшелігіне байланысты екені жайлы м?лімет беру, металдарды? электрохимиялы? кернеу ?атары жайлы ма?л?мат бере отырып, физикалы?, химиялы? ?асиеттері жайлы о?ушыларды? білімдерін тере?детіп, химиялы? реакция те?деулерін жаза білуге ?йрету

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Металдарды? периодты? ж?йедегі орны, атом ??рылысы »

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Соркөл орта мектебі

Пән мұғалімі Қойайдарова Іңкәр Темірқызы

Пәні: химия

Класы: 9

Жалпы білім беретін орта мектептерде химия пәнін оқытуда технологияларды бір-бірімен үйлестіре отырып жүргізу және оқытудың негізі ретінде, «жобалап оқыту » технологиясын пайдалану оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуіне көп көмегін береді. Бұл технологияның ерекшеліктері мен мазмұнын дәстүрлі оқытумен салыстырып қарайтын болсақ ,көптеген артықшылықтарды байқауға болады. Дәстүрлі оқытуда мұғалім басты рөлде жұмыс істесе , технология жағдайында оқушылар өзі оқуға бағытталып, ізденіске ұмтылады.

Сабақ тақырыбы заман талаптарына сай жаңарып отырса оқушыларға да оның әсері ерекше болады. Осы орайда оқыту үрдісінің жаңа технологияларын өз тәжірибемде пайдаланудамын , ол өзінің тиімділігін көрсетуде. «Металдардың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары. Физикалық, химиялық қасиеттері.» тақырыбында құрылған сабағым аталған әдіс арқылы өтілді.

Биология, география, физика, тарих, әдебиет пәндерімен байланыстырыла жүргізілген сабақта интерактивті тақтадан периодтық кесте мен тапсырмаларды көп пайдаландық


Сабақтың тақырыбы: Металдардың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары. Физикалық, химиялық қасиеттері.

Сабақтың мақсаты: металдардың периодтық жүйедегі орналасуымен таныстыра отырып, олардың физикалық қасиеттері, атомдық құрылысына және кристалдық торының ерекшелігіне байланысты екені жайлы мәлімет беру, металдардың электрохимиялық кернеу қатары жайлы мағлұмат бере отырып,физикалық, химиялық қасиеттері жайлы оқушылардың білімдерін тереңдетіп, химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге үйрету.

Оқыту технологиясы : жобалап оқыту технлогиясы.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: проблемалық оқыту әдісі, оқулықпен ,кестемен жұмыс

Сабақтың жабдығы: Интарактивті тақта , тақта,

Пәнаралық байланыс: биология, география, физика, тарих, әдебиет

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Өткенді еске түсіру арқылы сабақтың тақырыбын анықтау. «Миға шабуыл» сөз жұмбағы.






М









Е







Т







А








Л











Д







А





Р







Атомдық массасы 12-ге тең элемент /көміртек /

Көміртектің сутекті қосылысы / метан /.

Ауаның 21 пайызын құрайтын газ / оттек /.

Реттік нөмері 7-тең элемент / азот /.

Суды залалсыздандыруға пайдаланылатын бейметалл / хлор /.

Көміртектің металмен қосылысында қандай зат түзіледі / карбид/.

Азот қышқылы тұздарының атауы / нитрат /

Құмның құрамындағы элемент / кремний /.

І кезең Технология бойынша синектикалық бөлім ( Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру, кіткаппен жұмыс).

1-тапсырма:

периодтық жүйеде орналасуы

тотығу дәрежесі

атомдарының радиустары

Металдар сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондар саны

металдық байланысы

металдардың бөлінуі (түсі, балқу -сы, тығыздығы )

периодтық жүйенің қанша пайызын алады.

2- тапсырма. Картамен жұмыс

Қазақстандағы металл кендері және металл өндірісі аймақтарын картадан тауып жазу.

Pb, Zn - Текелі, Малеевск, Ащысай.

Mg, Ti, Zn, In, Be, Ta, Nb -Өскемен ( қорғасын-мырыш, титан-магний комбинаты, Қаз мырыш АҚ)

Mn - Қаражал, Жезді.

Cr - Хромтау, Ақтөбе

Cu - Жезқазған ,Ақтоғай, Айдарлы.

Fe - Қарағанды, Орал, Рудный, Соколов-Сарыбай, Лисаковск.

W, Mo - Ағадыр, Катонқарағай.

Sn - Көкшетау, Қорғалжын,

Au - Бақыршақ, Майқайың, Жітіқара.

3-тапсырма . « Шатастыру » ойыны (металдарға тән физикалық қасиеттер айтылса ,оқушы қол көтереді,бейметалға тән қасиет айтылса, оқушы қол кеөтермейді.)


ІІ кезең 1 Проблемалық жағдай.

Кесте бойынша металдардың химиялық қасиеттері туралы жоба құруға оқушыларға тапсырма беріледі. Оқушылар өздері құрған жобаны төмендегі кестемен салыстырады.

( жоба толық жазылған болса ,бағалау парағына 5 ұпай қояды.)


Су Оттегі



химиялық

Металдар

қасиеттері Бейметалдар



Тұздар Қышқылдар


Оқулыққа көңіл аударыңыз. (7-кесте бойынша металдардың химиялық қасиеттері талданады.)

1. Қосылу реакциясы.

А) 2Са + О2 2СаО

Мыс, темір тәрізді металдар оттекпен қыздырған кезде әрекеттеседі.

(Электрондық оқулықтан темірдің оттекпен жану тәжірибесі көрсетіледі.)

Осы тәжірибеде не түзілді. Реакцияның сәйкес теңдеуін жазыңдар. Егер реакция теңдеуі дұрыс жазылса ,коэфициеттерінің қосындысы 6-ға тең болады.( дұрыс жазылған теңдеуге 1 ұпай қойылады). Д.ж.

3 Ғе+ 2 О2 Ғе3 О4

Ә) Металдар галогендермен және басқа бейметалдар мен тотығу -тотықсыздану раекцияларына түседі.

Альюминий броммен, натрий қыздырғанда хлормен әрекеттеседі.

2 АI0 + 3Br02 = 2 АI +3Br -12

2Nа +Cl2 = 2 NаCL натрий қыздырғанда хлормен әрекеттеседі.

(Электрондық оқулықтан магнийдің хлорда жану тәжірибесі көрсетіледі.

2- тапсырма.

Магнийдің хлормен әрекеттесу теңдеуінің тотығу -тотықсыздану раекциясын элоектрондық -баланыс әдісі бойынша теңестіріңіздер. Егер теңдеу дұрыс жазылса, коэффцициенттер қосындысы 3- ке тең болады.(1 ұпай)

2- тапсырма. Металдардың күрделі заттармен әрекеттесуі.

А. Металдардың сумен әрекеттесуі.

Сұрақ. Барлық металдар сумен әрекеттесе ме? Бұл сұраққа жауап беру үшін тәжірибе жасаңыздар.

3- тапсырма.( Оқушылар натрий, кальций, магний, мырыш, мыс металдарының сумен әрекеттесу тәжірибесін жасайды)

Барлығы бірдей раекцияға түсе ме? Оқушылар қорытынды жасау үшін металдардың электрохимиялық кернеу қатарына көңіл аударады.

-сілтілік, сілтілік жер металдары сумен әрекеттесіп, сутегін ығыстырып шығарады.

-белсенділігі орташа металдар қыздырған кезде әрекеттесіп, нәтижесінде оксид түзеді.

Егер дұрыс жазылса, коффициенттер қосындысы 7,5,4,4,0 -ге тең болады( 1 ұпай).

Б. Металдардың қышқылдармен әректтесуі.

4- тапсырма Тәжірибе арқылы дәлелдеңдер. Са,Аl,Сu металдарының сұйытылған Н2 SO4 ерітіндісімен әректтесу тәжірибесін жасайды.

(Интерактивті тақтадан төмендегі жазулар көрсетіледі).

Қышқылдармен жұмыс істегенде абай болыңыздар! Егер раектив денеге немесе киімге тиіп кетсе , бірден сумен жуып жіберген дұрыс

-теңдеу жазылады.Дұрыс жазылса, коэфициенттер 4,9,0-ге тең болады.( 1 ұпай).

В. Металдардың тұздармен әрекеттесуі.

1. Мырыш тұзының ерітіндісіне мыс тақташасын батырайық .не байқалды.

2. Мыс тұзының ерітіндісіне мырыш тақташасын батырайық.Не байқадыңдар?

Металдардың электрохимиялық кернеу қатарына қарап қорытынды жасайды.

ІІІ . Қорытынды бөлімі.

- металдар- негізінен тотықсыздандырғыштар.

-олар белсенділігіне қарай металдардың электрохимиялық кернеу қатарына орналастырылған.

- металдар белсенділігіне қарай: оттекпен, бейметалдармен, сумен, қышқылдармен, тұз ерітінділерімен раекцияға түседі.

ІV .Бекіту бөлімі.

1.Жаңа сабақ бойынша тест тапсырмалары беріледі.(Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.)

І.Тест

1. Металдарда болатын химиялық байланыс

а) металдық ; ә) иондық ; б) ковалетті.

2.Ауада қатты қыздырғанда да тотықпайтын металдар тобы.

а) Аg , Рt ,Аu ; ә) Аg , Hg ,Cu . б) Аu, Рt, Cu .

3. Төмендегі берілген заттардың қай жұптары арасында раекция жүреді.

а) күміс және тұз қышқылы;

ә) темір мен тұз қышқылы;

б) сынап және мыс (ІІ) хлориді.

4. Мырыш сумен әрекеттескенде түзілетін бейорганикалық қосылыс

а) оксид ; ә) негіз ; б) тұз.

5. Металдардың қасиеттері

а) тотықсыздандырғыш ; ә) тотықсыздырғыш ; б) тотығу .

2.Басқатырғы ойыны ( жүзеге асатын теңдеуді жазыңдар)


H2 SO4


HCl

O2


Zn




Cl2

H2O







AlCl3



HNO





( Коэффиценттер қосындысы -21 –ге тең болса, теңдеудің дұрыс жазылғаны, әр теңдеуге

1 ұпай қойылады. )

V. Егер мен болсам

Са Ca (OH)2 CaCl2 (ұпайды ең көпр жинаған оқушы тәжірибе жасап көрсетеді, қалған оқушылар реакция теңдеулерін жазады.)

1) Ca + H2O Ca (OH)2 + H2

2) Ca (OH)2 + HCl CaCl2 + H2 O

3. Металдар патшалығы ( ертегі)

VІ. Үйге тапсырма: §28,29,30 4-6 жаттығу, 8-9 есеп.


VIІ. Бағалау.

Бұл сабақта проблемалық, жобалап оқыту әдісін пайдаландым. Жаңа сбақты өткен сабақтармен байланыстырып жоба құрудан бастадым. Оқушылар жоба құруда 8- сыныпта « Бейорганикалық қосылыстар» тақырыбында алған білімдерін пайдаланып, тапсырманы дұрыс орындады және бүгінгі сабағымыздың тақырыбы, маңызы не екенін оқушылар өздігінен түсінді. Жаңа материалды оқушыға, әзір күйінде айтып түсіндірмей, оқулықтағы кестені қолдана отырып, тәжірибелер жасау, оқулықпен жұмыс , кестелерді пайдалану, реакция теңдеулерін жазу, ережеге қарап қорытынды жасау сияқты әдәіс-тәсілдер арқылы жаңа сабақты өздіктерінен оңай меңгеріп алады. Сабаққа оқушылар белсенді қатысты, лабораториялық тәжірибені қызыға орындады және бағалау парақтарына жинаған ұпайларын жаза отырып, өзін-өзі бағалады.Бұл сабақты өткізу кезінде 8,9 сыныптарға арналған ҚР Білім беруді ақпараттандырудың педагогикалық технологиялар орталығы шығарған электрондық оқулықтарды пайдаландым.





































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Металдарды? периодты? ж?йедегі орны, атом ??рылысы

Автор: ?ойайдарова І?к?р Темір?ызы

Дата: 06.04.2015

Номер свидетельства: 197921


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства