Ортасы | Сабақ жоспары түсіндірілгеннен кейін әр топтың алдына үлестірме тапсырмалар және бағалау парағы тапсырылады. Топтық жұмыс: Қайталау-оқу анасы Әр топқа өз металдары бойынша өлең шумақ тары беріледі. (3мин. дайындалуға беріледі) Кальций Кальций деген күміс түсті металмын, Өмір бойы керегіңе жете алдым. Менмін – ақ бор, әктас, мәрмәр, ғанышпын, Тіршілікке қажет металл аталдым. Қыртысында жердің мен де кездесем, Артық болмас “Жер металы мен десем” Ғарыштағы ракета да, ұшақтан, Қолтаңбамды табасың сен іздесең. Жануардың бақалшағы, қаңқасы, Жер бетінің минералды әр тасы. Сан құрылыстың сәулеті, негізі, Қаланады менен ғана ойланшы Алюминий Болмаса да айтарлықтай салмағым Көп металдан ардақтымын алдамын Ұшақ болып аспанға ұшып, қалықтап, Жердің жүзін, көк аспанды шарладым... Дюралюминий дейтін менің қоспамды Әспеттейді химияның достары Осыларға төсек, үстел, ыдыс пен Бағандардың бұйдаларын қ ос тағы Қағаз да мен қант-шәйді сәндеген Токқа балқып келіп тұрған ән де мен Темір Жер әлемге кең тараған темірмін, Өндірістің тұлғасы боп көріндім Қара металл патшасы боп танылдым, Иесімін өте үлкен сенімнің. Карапайым үйде де тұрмыстарда, Дамып жатқан ең алып құрылыстарда, Мені білмес адам баласы жоқ, Мен қатыспас техника саласы жоқ. Тарихымның тарихы терең жатыр, Египет пен Индиядан келе жатыр. Шойын, болат, прокат құймаларым, Замананың дамуын демеп жатыр Дискриптор 1 | Металдың физикалық қасиетін анықтайды | 2 | Металдың қолданылуын айтады | «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау Сергіту сәті: «2 шындық, 1 өтірік» әдісі Оқушылар ретімен 2 шындық, 1 өтірік айтады, бірін - бірі қайталамайды Жеке жұмыс және жұптық жұмыс: Ізденген жетер мұратқа . (үш топқа үш метал қосылыстары)Мына айналымдарды жүзеге асыратын химиялық теңдеулерін жазыңыздар және іс-тәжіибе жүргізіңіздер: Темір →темір(ІІІ) хлориді → темір(ІІІ) гидроксиді↓→ темір(ІІІ) сульфаты Алюминий → алюминий хлориді → алюминий гидроксиді → алюминий сульфаты Кальций оксиді→кальций гидроксиді→кальций карбонаты→кальций гидрокарбонаты Дискриптор 1 | Сөз түрінде берілген металл қосылыстарын формула түрінде жазады | 2 | Реакция теңдеулерін құрастырады | 3 | Реакция теңдеуін теңестіреді | 4 | Зертханалық тәжірибе жасайды | «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау Дұрыс жауабы:Темір Темір →темір(ІІІ) хлориді → темір(ІІІ) гидроксиді↓→ темір(ІІІ) сульфаты | 1.Fe→FeCl3→Fe(OH)3↓→Fe2(SO4)3 | | Алюминий Алюминий → алюминий хлориді → алюминий гидроксиді → алюминий сульфаты | 1.Al→AlCl3→Al(OH)3↓→Al2(SO4)3 | | Кальций Кальций оксиді→кальций гидроксиді→кальций карбонаты→кальций гидрокарбонаты | 1.CaO→Ca(OH)2→CaCO3→Ca(HCO3)2 | | Топтық жұмыс: Білгенге-маржан. Металдардың табиғатта таралуы бойынша постер қорғау Самғау-алюминий | Інжу маржан-кальций | Аспан тасы- темір | Адам организмі | Өсімдіктер | Қазақстандағы кен орындар | Қосымша тапсырма:берілген металдар туралы мақал- мәтелдердегі бос орындарды толтыр: «.........- тоттанып тозар» «Аз сөз,,,,,,,,,,, көп сөз көмір» «Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуын оңай, .........кессең қысқа кес, ұзартуың оңай» Ескі мата бөз болмас,ескі ........біз болмас Қойдың сүті- ............ От көмір жейді,тот .......... жейді Арпа бидай ас екен,.........-........ тас екен Сәйкес сөздер: Темір, алтын, темір ,қорғасын, алтын, күміс Тәттілермен бағалау | Интербелсенді тақта, таратпа қағаздар
Интербелсенді тақта, жұмыс дәптер,таратпа қағаздар, темір(ІІІ) хлориді, алюминий хлориді, кальций гидроксиді сынауықтар мен тұрғы
плакат, түрлі түсті маркерлер, суреттер, желім |
|