Сабақтың мақсаты: атомдарының құрылысына қарай металдардың әртүрлі тотығу дәрежесін көрсететініне тоқталып, р-элементтер мен d-элементтер тотығу дәрежелерінің сипатына сәйкес металдардың түрлі қосылыстар түзуіментанысу. Мыстың, темірдің және хромның қосылыстарындағы тотығу дәрежелерінің мәнін түсіндіру және соған сәйкес оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық қассиеттерін болжауға дағдыландыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Металдар тарауын қорытындылау»
Сабақтың тақырыбы: Металдар тарауын қорытындылау
Сабақтың мақсаты: атомдарының құрылысына қарай металдардың әртүрлі тотығу дәрежесін көрсететініне тоқталып, р-элементтер мен d-элементтер тотығу дәрежелерінің сипатына сәйкес металдардың түрлі қосылыстар түзуіментанысу. Мыстың, темірдің және хромның қосылыстарындағы тотығу дәрежелерінің мәнін түсіндіру және соған сәйкес оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық қассиеттерін болжауға дағдыландыру.
Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Мұғалім оқушылардың бұрын алған білімін пайдалана отырып, химиялық элементтердің периодтық жүйесінде орналасқан s-элементтердің сыртқы энергетикалық деңгейінде 1-2 электроны бар металдарға мысалдар келтіріп, +1, +2 тотығу дәрежесін көрсететін металдардың оксидтері ен гидроксидтерінің, тұздарының формуласын оқушылармен бірге отырып еске түсіреді. +1 +1 +1 +1
Мысалы, Na2O, Na2O, NaOH, NaCl.
Қосымша топша металдары d-элементтер, әртүрлі тотығу дәрежесі бар қосылыстар түзеді. Бұлай болу себебі, олардың валенттік электрондары сыртқы энергетикалық деңгеймен қоса одан ішкері орналасқан d-электронды да қамтиды. d-элемент атомдарының ең жоғары тотығу дәрежесі көбіне сол металл орналасқан топ нөміріне сәйкес келеді. Мұғалім оқушыларға бірнеше жаттығуды (ауызша) орындатады. Әлемнің жеті кереметіне саяхат жасаймыз.
1-керемет. Металдардың периодтық жүйедегі орны туралы –ой шакыру
Металдардан жасалған бұйымдардың қалай және қайда қолданылатыны сөз болады. Өте ерте кезден адам баласының металды қолдануынан бастап, бүгінгі техника дамыған заманда металлдарды пайдаланбайтын бірде-бір өндіріс саласы жоқ екені туралы мағлұматты оқушыларды белсенді қатыстыра отырып беруге болады. Периодтық жүйеде орналасуы түсіндіріледі.
I-III топта сутек пен бордан басқалары –металдар. Барлық қосымша топшада және басқа топтардың негізгі топшасында металдар орналасқан. Период бойынша қарастырсақ кіші периодтардың бас жағында, ал үлкен периодтардың жұп қатары түгелімен және тақ қатардың бас жағында металдар орналасқан.
Мұғалім оқушылармен сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып, сабақты түсіндіреді. Металдардың атом құрылысында бейметалдарға қарағанда қандай айырмашылығы бар екенін металдардың электрондық құрылысынан бастап түсіндіреді. Және олардың химиялық қасиеттеріне келгенде металл атомы электронын беріп, оң зарядталатыны айтылады:
Ме0 - пē→Ме+п
Металдар атомдардарының радиусы бейметалл атомымен салыстырғанда үлкендеу болады. Бұл тек металдарға тән қасиет. Тағы бір себебі металл атомдары электронын оңай беретіндіктен, тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді.
2-керемет: металдардың химиялық және физикалық қасиеттері- венн диаграммасы
Металдар ең сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электронын оңай беріп, тотықсыздандырғыш ретінде реакцияға түсетінін еске түсіреді:
Ме0 - пē→Ме+п
Металдар жай заттармен (бейметалл) қосылу, ал күрделі заттармен орынбасу реакциясынатүсетінін айта келіп, бірнеше тәжірибе көрсетуге болады. Мысалы, магнийдің оттекпен, натрий немесе кальцидің сумен әрекеттесетінін, мыс (II) купоросы ерітіндісінде батырылған темір шегенің қызғылт түсті мыспен қапталатынын, мыс қышқылымен әрекеттескенде сутек бөлінбейтінін оқушылармен бірге отырып талдаған жөн. Одан соң металдардың белсенділік қатарын түсіндіріп, металдардың электрохимиялық кернеу қатарындағы орнына сай шығатын заңдылықтарды оқып үйренеді. Кестені талдайды, оған сәйкес реакция теңдеулерін жазады. Ең белсенді және белсенділігі төмен металдар атомының сумен әрекеттесуін талдап, тиісті реакция теңдеулерін тотығу-тотықсыздану тұрғысынан жазғызған жөн.. Металдардың физикалық қасиеттерін, олардың кристалдық торының құрылысы және металдық байланысы жайлы алған білімді пайдалана отырып түсіндіру қажет.
Кристалдық тордағы «электронды газ» -металдардың физикалық қасиеттерін, металдық жылтырын, жылу-және электрөткізгіштігін, пластикалығын, созылғыштығын, тығыздығы мен балқу, қайнау температураларын анықтайтындығы сөз болады.
Металдардың қаттылығы әртүрлі және олардан алынатын құймалардан түрлі құралдар, конструкциялық материалдар жасалады. Сондықтан әсіресе металл құймалары кеңінен қолданылатыны айтылады.
Қорыта келгенде мұғалім типтік металдардың физикалық қасиеттеріндегі айырмашылығын түсіну үшін металдың атом құрылысын басшылыққа алады.
3-керемет: металдардың адам өміріндегі маңызы- постер
Металдық кристалдық тордың түйіндеріндегі металл атомының радиусы үлкендеу және сыртқы электрондар ядромен әлсіз байланысқандықтан тор-түйінінде атомдар және катиондар болады да, олардың аралығында бос электрондар немесе «электрон газы» пайда болады. Осы «электрон газы» металдың жалпы физикалық қасиеттерін анықтайды