kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бейметалдар, металдар ж?не оларды? ?осылыстарыны? генетикалы? байланысы, бейметалдар ж?не металдар туралы білімді ?орытындылау.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? жоспарында 9 сынып бойынша ?лкен екі тарау металдар мен бейметалдар тарауын ?айталау ?шін тест, ?рт?рлі де?гейлік тапсырмалар беру ар?ылы бекітіледі. Сонымен ?атар осы екі тарау бейметалдар мен металдар арасында?ы генетикалы? байланыс?а байланысты есептер беріледі. Саба? жоспары тест, массалы? ?лесті табу, с?йкестендіру, с?здік есеп, генетикалы? байланыс, ?зіндік ой, ?орытындылау тапсырмаларынан т?рады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бейметалдар, металдар ж?не оларды? ?осылыстарыны? генетикалы? байланысы, бейметалдар ж?не металдар туралы білімді ?орытындылау.»

Күні: 24.02.2016

Сынып: 9 К

Мұғалім: Жумагулова А.Б.

Тақырыбы: Бейметалдар, металдар және олардың қосылыстарының генетикалық байланысы, бейметалдар және металдар туралы білімді қорытындылау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға бейметалдар мен металдар тақырыбы бойынша алған теориялық білімдерін қорытындылау, іс-жүзінде қолдана білуді, жан-жақты білімдерін жинақтау.

Дамытушылық: оқушылардың ой-белсінділігін арттыра отырып,нақты және жүйелі шешім қабылдауға, бейметалдар мен металдар туралы алған білімдерін кеңейтіп, ой-өрісін, зейінін дамыту.

Тәрбиелік: шығармашылық ізденістерін, іскерлік дағдыларын, пәнге, білімге қызығушылықтарын арттыра отырып, өз бетімен білім ала білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың бейметалдар және металдар туралы біледі, өз бетімен ізденеді және ой-өрісі дамиды.

Сабақ түрі: Қайталау

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, жеке жұмыс, тест, деңгейлік тапсырма, «Ойлаудың 6 қалпағы», «Серпілген ой», есеп шығару.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, төсбелгі, сәйкестендіру тапсырмалары, тест, сөздік есеп, генетикалық байланыстағы есептер, доп, 6 қалпақ, химиялық элементтер.

Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі.(3 минут)

Топқа бөлу. Химиялық элементтердің атаулары бойынша:(Тақтада әріптердің орны ауысқан элементтер ілінеді) (2 минут)

Металдар: Бейметалдар:

рімте –Темір

циалькй-Кальций

минийюал-Алюминий

дамкий –Кадмий

нылта-Алтын


зато-Азот

рофосф-Фосфор

кіртүк-Күкірт

меркний – Кремний

ірмтегікө-Көміртегі

торф-Фтор


Топ ережесін құру:

1.Ұйымшылдық

2.Топ басшысына бағыну

3.Уақытты үнемдеу

4.Бір-бірінің пікірін тыңдау.

5.Тәртіп


1 тапсырма:

Тест жұмысы: Интернетте арнай бағдарламамен тест енгізіліп алдын ала құрастырылады. Оқушылар тестті ұялы телефон арқылы жауаптарын белгілейді. Тест сұрақтары интерактивті тақтадан көрсетіледі. «Kahoot» программасы бойынша. (4 минут)

  1. Бейметалдық қатарды көрсет:

А) С, Ge,Ca B) S, P,B C) Cr, Si, K D) Li,Na,K

2. Әктасты қатты қыздырғанда түзілетін газ

A) CO2

B) N2

C) NO2

D) CO

3. Фосфор атомының электрондық конфигурациясы

A) 1s22s22p63s1

B) 1s22s1

C) 1s22s22p63s23p3

Д) 1s22s22p63s23p64s1

4. Бекзат металдар.

А) Алтын, күміс

В) Натрий, кальций

С) Темір, хром

д) Алюминий, мырыш

5. Ca+H2O→ әрекеттесу нәтижесінде не түзіледі?

А)CaO+H2

В)Ca(OH)2+H2

С)Ca(OH)2

Д) Ca(OH)2+H2О

2 тапсырма:

«Менің салмағым қанша?»
«Металдар »
Берілген қосылыстағы Ca3(PO4)2 кальций мен фосфордың массалық үлестерін анықтаңдар .
«Бейметалдар»
Берілген қосылыстағы Al2 (SO4) 3 алюминий мен күкірттің массалық үлестерін анықтаңдар.
3 тапсырма:

«Сәйкестендіру» Берілген теңдеулердің сол жақтағысына оң жақтағысының сәйкестегін анықтау. (2 минут)

1

Сu+HNO3конц.

FeCl3+H2

2

Fe+HCl

Ca3(PO4)2

CaCO3+H2O+CO2

3

P2O5+CaO

Cu(NO3)2 +NO2↑+H2O

4

Cu+HNO3сұйық.

FeCl2+H2

5

Ca(HCO3)2

Cu(NO3)2 +NO↑+H2O

4 тапсырма:

Сөздік есеп. (6 минут)

Металдар: Алюмотермия әдісімен темір алғанда массасы 20 г Fe (III) оксидімен массасы 50 г алюминий әрекеттескенде қанша грамм темір шығады?

Бейметалдар: Массасы 13 г натрий карбонаты мен 28 г кальций гидроксиді әрекеттескенде, ақ түсті тұнба түзілді. Тұнбаның массасын анықта.

5тапсырма:

Металдар мен бейметалдар арасындағы генетикалық байланысқа байланысқа есеп.

Топқа кесілген формулалар таратылады. Қиындылардан генетикалық байланыс құрап, реакция теңдеулерін жазып, теңестір, реакция типін анықтау. (6 минут)

Генетикалық байланысты құрастыруға оқушыларға схема беріледі, сол схемаға сәйкес генетикалық байланысты құрастырады.


Металдар: қышқылдық оксид →қышқыл →орта тұз →қышқылдық тұз →орта тұз →негіздік оксид →негіз

CO2→H2CO3→CaCO3→Ca(HCO3) 2→CaCO3→CaO→Ca(OH) 2


Бейметалдар: бейметалл →қышқылдық(II)оксид → қышқылдық (IV)оксид →қышқыл →орта тұз →негіз →негіздік оксид

N2→NO→NO2→HNO3→Cu(NO3) 2→Cu(OH) 2→CuO


6 тапсырма: «Ойлаудың 6 қалпағы» 2топқа үш -үштен қалпақтар үлестіріледі. Қалпақтардың түстеріне байланысты металдар мен бейметалдар тарауын қорытындылайды. (6 минут)

«Ақ қалпақ» - металдар мен бейметалдардың периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттама береді

«Сары қалпақ» - Металдар мен бейметалдардың химиялық қасиеті

«Қызыл қалпақ» -металдар мен бейметалдардың адам организміндегі маңыздылығын

«Жасыл қалпақ» - металдар мен бейметалдардың өсімдіктердегі рөлі

«Қара қалпақ» - бейметалдар мен металдардың кері жақтары (жемірілу, радиациялық металдар)

«Көк қалпақ» - қорытындылайды.


Рефлексия. «Серпілген ой» Оқушылар бір шеңбер бойымен тұрып бір-біріне доп лақтырып, кезекпен тарауды бір сөйлеммен қорытындылайды. Бір-бірінің айтқандарын қайталамайды. (2 минут)

Шығу парағы: Көңілді күлегештер! Оқушылар сабақтың ұнағанын немесе ұнамағанын күлегештер жапсырылған суреттердің астына стикерге тілектерін жазып жапсырады.

Үйге тапсырма:

1) 202 бет №9, 14, 17 есеп шығару.

2) 195 бет «Химиялық диктант» орындау.

3) ОЖСБ тест шешу.


Бағалау. Топ басшысы берілген критерийлер бойынша бағалайды.


Топ басшыларының бағалау критерилері

Оқушылардың аты-жөні

Тест жұмысы

1-3 оқушы -«5»

4-6 оқушы -«4»

7-11 оқушы -«3»

Топпен жұмыс кезінде белсендігі «3»

Идеялар ұсына алды

«3»

Топқа және дербес идея қосты «4»

Белсенді түрде тыңдайды «4»

Сұрақтарға жауап берді

«5»

Жалпы балл

1









2









3









4









5









6
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Жумагулова Акмарал Бакытбековна

Дата: 03.03.2016

Номер свидетельства: 302052


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства