Жаңа сабақ. Мұғалім оқушыларға жаңа сабақ тақырыбы мен сабақтың мақсатын оқиды. Күкірт екі түрлі оксид түзеді. Олардың физикалық және химиялық қасиеттері төмендегі кестеде көрсетілген. Тапсырма 1. «Иә», «жоқ» әдісі. Жұптық жұмыс Дескриптор: - кальций гидроксидімен әрекеттесетін күкірт оксидін белгілейді; - тек тотықтырғыш қасиет көрсететін оксидті анықтайды; - сумен әрекеттескенде күкіртті қышқыл түзетін оксидті анықтайды; - негіздік оксидтермен әрекеттесіп сульфат түзетін оксидті анықтайды; - көміртекпен әрекеттесіп тотықсыздандырғыш болатын оксидті анықтайды; - оттекпен әрекеттесетін оксидті анықтайды. ҚБ: Әр жұп бірін-бірі бағалайды. Ол үшін жауап жазылған дәптерді келесі жұптың дәптерімен алмасады. Слайдта көрсетілген дұрыс жауаптармен сәйкестендіреді. Барлық жауап дұрыс болса – «өте жақсы» 4 жауап дұрыс болса – «жақсы» 3 дұрыс жауапқа дейін болса – «қанағаттанарлық» деп дәптерлеріне жазып береді. Тапсырма 2. Топтық жұмыс. Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары» Бірнеше қағаздарды топ құрамындағы оқушылар саны бойынша бес, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді. Оқушылар топтасып, яғни 3 топқа бөлінеді де «күкірт оксидтерінің адам ағзасына физиологиялық әсері мен қоршаған ортаға зиянды әсерлерін» А3 форматты қағазға диаграмма, кесте, суреттер сызу т.б. арқылы түсіреді. Сол арқылы басқа топтарға өз жұмыстарын түсіндіреді. Дескриптор: 1. Адам ағзасына қандай зиянды әсер әкелетінін нақты түрде көрсету қажет. 2. Қоршаған ортаға әсерін нақты көрсету керек. 3. Диаграмма информация беретіндей болуы қажет. ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағаланады. Тапсырма 3. PISA тапсырмасымен жұмыстану ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫНДАР Төмендегі берілген суретте Кариатидами деп аталатын, Афинадағы Акрополда 2500 жыл бұрын тұрғызылған мүсіндер келтірілген. Бұл мүсіндер мрамор деп аталатын тау жынысынан сымбатталған. Мрамор карбонат пен кальцийден тұрады 1890 жылы мүсіндердің түпнұсқасы Акропольдың музейіне ауыстырылып, ал оның орнына көшірмесі тұрғызылды. Мүсіндердің түпнұсқасын қышқыл жауындар жеп қойған. Қышқыл жауындардың мраморға әсерін үлгілеп білу үшін, мраморды бір түнге сірке суына салып қойса болады. Сірке суы мен қышқыл жауынның қышқылдық деңгейі шамамен бірдей. Бір кесек мраморды сірке суына салғанда газдың көпіршіктері пайда болғанын бақылауға болады. Құрғақ мрамордың массасын тәжірибенің басы және аяғында өлшейді. Сұрақ: ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫНДАР Осы тәжірибені өткізген оқушылар түнде бір кесек мраморды сірке суына, ал екіншісін жай (тазартылған) суға салды. Оқушылар бұл сынауды өздерінің тәжірибесіне неліктен қосқанын түсіндіріп жазыңыз ................................................................................................................ ................................................................................................................. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы PISA халықаралық зерттеуінің тест тапсырмаларының үлгілері Астана, 2014 ж |