kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?кірт ?осылыстары

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?кірт ж?не оны? ?осылыстары. 10-сынып?а арнал?ан ?ыс?а мерзімді саба? жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?кірт ?осылыстары»

Сабақтың тақырыбы: Күкірт және оның қосылыстары



Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті/ уақыт

Сабақтың тақырыбы

Күкірт және оның қосылыстары

 

Сабақтың мақсаты

1.Оқушыларды күкірт және оның қосылыстарымен,химиялық қасиеттерімен таныстыру

2.Жоспарды пайдалана отырып,өз бетінше жауап беру біліктілігін қалыптастыру,негізгі ойды бөліп қорытындылап,салыстыра білуге үйрету

3.Уақытты бағалауға,өз бетінше жұмыс істеп,қорытындылай білуге үйрету

 

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Миға шабуыл,  Кластер құру, СТО элементтері, топпен жұмыс, химиялық диктант

 

Сабақтың көрнекілігі

суреттер, перидтық жүйе, Қазақстанның географиялық картасы, түрлі түсті қағаздар, үлестірмелі қағаздар, бағалау парағы

 

Сабақ барысы

  1. Қызығушылығын ояту кезеңі

  2. Теориясы:«Білу»

  3. Теориясы: «Түсіну»

  4. Теориясы:«Қолдану »

  5. Теориясы: «Талдау»

  6. Теориясы:«Жинақтау»

 

Қызығушылығын ояту кезеңі

Оқушыларды түгендеу, сыныпта психологиялық ахуал тудыру, таңдап алған түрлі-түстегі фигуралар арқылы 2-топқа бөлу.1-топ Сульфидтер, 2-топ Сульфаттар.

Теория

Топ

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Жинақтау

1-топ






2-топ







Оқушылар екі топқа бөлініп отыра қалады.

 

3 мин

Теориясы:«Білу»

(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)

Күкірт және оның қосылыстарына байланысты мәлімет ұсынылады

(5 ұпай)

  1. СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ

(суреттердің мағынасын ашу)

2-ұпай  (топпен жұмыс)

 

 

 

 

   

 

Оқушылардың логикалық ойлау, жұптасып жұмыс жасау, ізденімпаздық қабілеттері артады.

 

7 мин

Теориясы:

«Түсіну»

 мағынаны таныту кезеңі

(Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?)

Миға шабуыл”

(4 ұпай)

Себебін анықтаңдар.

 1-тобына: “Сіріңке неліктен тұтанады?”

 Жауабы:Сіріңкенің басын тез тұтанатын жанғыш заттан жасалған. Яғни, сіріңкенің басында күкірт және  калий хлоратының қосылысы бар. Сіріңке қорабыны шетінде қызыл фосфор мен шынының қосылысы бар.

 

2-тобына: “Бүлдіргіш ерекшеліктері”

 Жауабы: Тас көмір мен мұнай жанған кезде             ауаға күкірт булары көтеріледі. Осы булар қышқыл          жаңбырларының құрамында жерге қайта оралады да, ағаштарды, демек, тұтас ормандарды бүлдіреді.

 Сергіту сәті

Бұл әдісте оқушылардың өз ойын жеткізу, ғылыми тілде сөйлеу қабілеттері дамиды.

 

7 мин

Теориясы:

«Қолдану »

( оқулық, картамен жұмыс жүргізу барысында берілетін бекіту тапсырмалар)

( 10 ұпай)

Екі топқа да ортақ тапсырма:

Қазақстанның географиялық картасын және периодтық жүйені пайдаланып, мәтіннен  күкіртке байланысты мағлұматты табыңдар.              

1- тапсырма:       Кескін картамен жұмыс.

Қала бар “Периодтық жүйе” деген

Тұрады халқы шексіз көп элементтер.

Қаланың бір көрікті көшесі бар,

Аталады бұл көше “Бейметалдар”

Сол көшеде тұрады бір ақсақал,

Оның аты – Күкірт – Ұзын сақал.

“Ұзын сақал” атаудың себебі бар

Ұзақ жолды жүріпті бұл ақсақал,

Сол қалаға көшпес бұрын жүріпті екен,

Аралап талай-талай елді мекен.

Оңтүстік пен шығысты,

Орталық  пен  Ақтөбені,

Барып келді Ақтауға,

Атырауды  соғып кетті біржола.

Бір күні ел-мекенді аралап,

Кез келді бір қалаға не ғажап!

Сол қаланың бір көркем көшесінде,

Ол жайғасты 16 пәтерде.

Танысты ақсақал бәрімен,

Табысты ақсақал бәрімен,

Көміртек, азотпенен, фосформен.

Сүреді күкірт ата өз өмірін

Сол қалада ең жақын достарымен.

Периодтық  жүйе

Қазақстанның географиялық  картасы

2-тапсырма:  “Ой толғау стратегиясы”

       Теңдеулерді  жалғастырып, теңестіру

І-топ:

1. S + O2 → ?

2. H+ S → ?

3. H2S + Pb(NO3)2 → ? + ?

ІІ-топ:

1. S + O2 → ?

2. H+ S → ?

3. H2S + Pb(NO3)2 → ? + ?   

Бұл әдісте оқушылардың іздену, ойлау, теңдеулерді теңестіру қабілеттері артады.

 

 

10 мин

Теориясы:

«Талдау»

(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. Тапсырма шартында болу керек) 

Кластер стратегиясы

(6 ұпай)

1-топ: Күкірт (ІҮ) оксидінің қолданылуы

2-топ: Күкірттің қолданылу

Мына реакция теңдеулерін құрастырыңдар:

Күкірт қышқылының мырыш оксидімен әрекетесуі:

Н2SО4 + ZnО==ZnSО4 + H2О

Күкірт қышқылының натриймен әрекетесуі:

Н2SО4 + 2 Na==Na2SО4 + H2

Күкірт қышқылының сілтімен әрекетесуі:

Н2SО4 + 2 NaОН==Na2SО4 + 2H2О

Күкірт қышқылының тұздармен .

Н2SО4 +2 КNO3 ==К2SО4 +2HNO3

Н2SО4 + 2 NaCl ==Na2SО4 + 2HCl

Н2SО4 + CaF2 ==CaSО4 + 2HF

Күкірт қышқылының металдармен әрекетесуі:

Н2SО4+Hg == Hg SО4+SO2 + 2H2O

Н2SО4 +Fe == FeSО4 + Н2 Н2SО4+S ==3SO2 + 2H2O

Күкірт қышқылының күкірпен әрекететсуі:

Н2SО4+S ==3SO2 + 2H2O

Г). Мұғалімнің толықтыруы:

1. Күкірт қышқылын сұйылтқанда суға құяды,керісінше болмайды.Не себебті?

2. Сапалық реакция:

Н2SО4 + Ba(NO3 )==BaSО4 +2HNO3

МАҢЫЗДЫ ҚОСЫЛЫСТАРЫ:

Глаубер тұзы , гипс, алебастр, мыс купоросы, темір купоросы, квасцы

 

Топтасып жұмыс жасауға ұмтылады.

 

 

 

10 мин

(Күкірттің химиялық қасиеттеріне орай слайд арқылы бірнеше тәжірибелер көрсетіледі. Сол тәжірибелерге және мұғалімнің айтқан мәліметтеріне сәйкес оқушылар өз беттерінше реакция теңдеулерін тақтаға және дәптерлеріне орындайды.)


1 - тәжірибе. Күкірт оксидін алу және түзілген затқа су қосу. Қандай зат түзілгенін индикатор қағазы арқылы анықтау.
2 - тәжірибе. Күкіртсутектің түзілуі.
3 - тәжірибе. Сынап (ІІ) сульфидінің түзілуі.
4 - тәжірибе. Күкірт қосылысының қоршаған ортаға әсері.
Күкірт химиялық реакция кезінде әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.
1. Күкірт оттекте көгілдір жалын түзе жанады. Мұнда күкірт тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді.
2. Күкірт металдармен жоғары температурада әрекеттесіп, сульфидтер түзеді. Алтынмен, иридиймен, палладиймен әрекеттеспейді. Шашылған сынапты күкірт ұнтағын себу арқылы жинап алады. Оны демеркуризация дейді.
3. Күкірт сутекпен әрекеттескенде тотықтырғыштық қасиет көрсетеді. Күкіртсутек пен оның тұздарын қорғасын (ІІ) нитраты арқылы анықтайды.

Теориясы:

«Жинақтау»

Sinkuein

( қорытынды шығар, оқушының негізгі идеяны толықтыруына мүмкіндік береді)

(4  ұпай)

“Күкірт және оның қосылыстары” тақырыбына Sinkuein немесе

Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай:

1. Зат есім:  Не?   (Күкірт)

2. Сын есім: Қандай? (сары)

4 . Етістік: 4 сөзден тұратын сөйлем,  яғни ойды түйіндеу, Не істейді?  (күйдіреді, бүлдіреді, улайды, емдейді)

5. 1 синоним сөз (бейметалл)

Бұл әдісте оқушылардың логикалық ойлау, ақындық қабілеттері танылады.

 

6 мин

Бағалау

 

   Теория

Топ

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Жинақтау

1-топ

 

 

 

 

 

2-топ

 

 

 

 

 


 

Үйге тапсырма

  1. “Күкірт және оның қосылыстары”;

  2. 1-топқа: “Күкірт және оның қосылыстарының пайдасы” ЭССЕ жазып келу

  3. 2-топқа: “Күкірт және оның қосылыстарының зияны” ЭССЕ жазып келу.

 

 






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
К?кірт ?осылыстары

Автор: Жексенбаева Айман Абдуллаевна

Дата: 27.04.2016

Номер свидетельства: 323203


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства