kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Химия ғажайыптары»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Химия пәнін оқытуда электронды білім ресурстарын қолдануХимия пәнін оқытуда электронды білім ресурстарын қолдануХимия пәнін оқытуда электронды білім ресурстарын қолдану
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Химия ғажайыптары»»


Сулейменов М.С.

АӘД пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы

ОҚО Түлкібас ауданы Шақпақ баба ауылы

С.Бреусов атындағы жалпы орта мектеп



Химиялық зақым ошағы мен күшті әсер ететін улы заттар ошақтарындағы санитарлық дружина жұмысы

1.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға химиялық қару, улағыш заттар,олардың жіктелуі туралы зақым ошағында қалған адамдарға көмек көрсету туралы жалпы мағлұмат беру.

2.Уақыты: 45 минут.

3.Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі

4.Өткізілетін күні:

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар,компютер,бейнефильм,жалпы әскерлік қорғаныш толымы,АЙ-2 аптечкасы,газтұмылдырық, аспалы экран,медициналық зембіл.


  1. Сабақтың барысы:


а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру,сыныпқа кіргізу, компютерде саяси хабарлама көрсету.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

Компютерде үй тапсырмасы бойынша тест қабылдау.Екі нұсқа 5 сұрақтан.

I - нұсқа

1. Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық реті не ?

А.Тізбек Б. Лек В. Қатар

2. Мотоатқыштар бөлімшесінің ұрыстық реті не ?

А.Тізбек Б. Лек В. Қатар

3. Мотоатқыштар бөлімшесінің ќұрамына кіретіндерді көрсет.

А. К,КО,ГА Б. М,К КО В. М,АА,А

4. Жаяуланғаннан кейін ЖҰМ қанша қашықтық аралығында бөлімше соңынан еріп отырады?

А. 400м Б. 500м В. 600м


5. ЖҰМ дағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамында қанша адам болады?

А. 8 Б. 9 В. 10

II - нұсқа

1. Атысты басқаруға нелер жатады ?

А.Нысананы барлау,оқ-дәрі жұмсалуын қадағалау Б. Бақылаушыны тағайындау В. Оқпананы атысқа даярлау

2. Басқаруға арналған жалаушалардың өлшемдері қанша ?

А.32-22см Б. 25-35см В. 15-25см

3. Қорғаныста мотоатқыштар бөлімшесі ........ м дейінгі бекініске ие болады?

А.200м Б. 100м В. 50м

4. Тізбектегі жауынгерлердің арасындағы қашықтық қанша метр?

А.6-8м Б. 8-10м В. 8-15м

5.Шабуылдағы бөлімшелер арасындағы аралық қанша метрге дейін болуы мүмкін ?

А.50м Б. 100м В. 150м

Тест нәтижелерінің дұрыстығын бөлімше командирлері сабақ соңына дейін тексеріп дайындап қоюы керек.

Тапсырмасын қорыту мақсатында қосыша қорғаныстағы мотоатқыштар бөлімшесінің орналасуын экранна көрсету.


б) Негізгі бөлім – 20 минут.

Жаңа сабақтың әрбір тақырыпшалары рет-ретімен Microsoft Power Point бағдарламасы бойынша аспалы экраннан көрсетіліп отырылады.

Химиялық зақым ошағы мен күшті әсер ететін улы заттар ошақтарындағы

санитарлық дружина жұмысы

Химиялық қару – Ұрыстық қолданылуы құралдармен бірліктегі улағыш заттар . УЗ – өздерінің физика – химиялық қасиеттері мен жоғары биологиялық белсенділігі арқасында қару ретінде , адамдарды,өсімдіктер мен жануарлар әлемін қырып – жоюға қолданылуы мүмкін уға арналған химиялық құрамалардың арнайы тобы.

Оларды жеткізу құралдары – снарядтар,бомбалар, ракеталар.1954 жылы химиялық қаруды қолдануға тыйым салынды.Бірақ АҚШ оны Вьетнамда қолдануды жалғастыра берді.Мысалы,қызғылт – сары газ құрамында диокайн бар, бұл – газ өсімдіктерді жою үшін,яғни дефолиант түрінде ойлап шығарылды.Бірақ оның кейін адам ағзасыда үлкен өзгерістер туғызатыны анықталды.Мысалы, Вьетнамдағы соғысқа қатысқан АҚШ – тың 200 мың солдатының 14%балалары неше түрлі кемтарлықпен дүниеге келсе , ал Вьетнамның жергілікті халқында шаш,тырнақ, тістің тым ерте түсуі, қартаю байқалады.

Қатерлі ісік, психоз, қан ауруымен ауыратын адамдар саны едәуір көбейді.Бұрын АҚШ химиялық қаруға тактикалық қару ретінде қараса, ал қазір стратегиялық қару ретінде қарайды.Химиялық қару барлық тіршілік йелеріне әсер етеді,ал материалдық құндылықтар сау қалады,оның көмегімен адамдарды қырып-жоюға немесе қатардан шығаруға болады.

Қарудың бұл түрі басқаларға қарағанда арзан дайындалады.Мысалы,улағыш заттар тактикалық қолданылуына байланысты өлім қатерін туғызатындар:зарин,зоман,В-газдар,иприт;қатардан уақытша шығаратын : ипкапостанттар (дене жағдайына әсер етеді),кереңдік, соқырлық , анафилактикалық шок; Тітіркендіргіш әрекеттік: аданет,хлориникрит болып бөлінеді.

Химиялық қаруды қолдану мақсаттары:

1.Уақытша қатардан шығару

2.Жою

3.Адамдарды тірі роботқа айналдыру

4.Өндірістік процестерді тоқтату үшін пайдалану.

Улағыш заттарды жіктеу

1. Жүйке жансыздандыратын: Зарин, зоман,В-газдары,ВХ

2. Тері іріңдікнемесе резорбтивтік әректті; Иприт ,күкіртті және азотты люиприт,

3.Тұншықтырғыш әрекетті: Фосген,дифосген.

4.Жалпы улағыш әрекетті. СО,хлорциан,синил қышқылы,лизерген қышқылы.

5.Уақытша қатардан шығару:психологиялық және инккапостанттар(кереңдік,соқырлық,шок):Маскалин

6.Тітіркендіргіш әрекетті: хлорпекрин,хлорацетофенон.

Химиялық ошақ дегеніміз – улағыш зөаттар әсеріне ұшыраған әр түрлі құрылыстар, азық – түлік және шикізат қорлары , су көздері , өсімдіктер мен жануарлар әлемі,тұрғын халқы бар аумақ,оның әсерінен адамдардың, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің зақымдануы туындауы мүмкін.

Химиялық ошақтағы шығын бірнеше пайыздан 90 пайызға дейін болады.Бұл улағыш заттың қолдану тәсілі мен түріне ,халықтың орналасу тығыздығына ,химиялық оқ-дәрі тығыздығы,ауа райы, географиялық жағдайларға,халықтың қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуімен және оны қолдану білігі ,шабуылдың кенеттен басталу факторына байланысты.УЗ таза түрде ,бейтарап заттармен қосылып және радиоактивті қалдық заттармен бірге қолданылуы мүмкін.УЗ – дың агрегаттық күйі – сұйық ,аэрозольды,бу түрінде,газ түрінде,сондай ақ құрғақ қалдық зат түрінде болуы мүмкін.

УЗ адам ағзасына :

1.тыныс алу органдары арқылы бу ,азрозоль, газ түрінде ;

2.тері мен шырышты қабық арқылы – тамшы – сұйық күйде;

3.асқазан – ішек жолдары арқылы- тамшы – сұйық күйде ;

4.жара беті арқылы – аэрозоль, тамшы – сұйық күйдеәсер етуі мүмкін.

Күшүті әсер ететін улы заттардан түзілген ошақтар сипаттамасы

Бірқатар шаруашылық обьектілерінде күшті әсер ететін улы заттарды өндіру, пайдалану, сақтау және тасу жүзеге асырылады.Бұл – химиялық мұнай өңдеу мекемелері және соларға еншілес басқа да салалар, сондай ақ тоңазытқыш қондырғылары, су құбырлары және тазарту құрылыстары бар , хлро, және т.б. пайдаланатын кәсіпорындар.

Қарсыластың осындай обьектіге жасаған ядролық немесе қарапайым соққылары нәтижесінде табиғат апаттары немесе өндірістегі апаттар кезінде күшті әсер ететін улы заттардың төгілуі және онымен жергілікті жердің улануы, зақымдану мүмкін.

КӘУЗ – бұл белгілі бір мөлшерде адамдарға , жануарлар мен өсімдіктер әлеміне зақымдағыштық әсер ете алатын химиялық құрамалар.6 млн-нан астам химиялық құрамалар белгілі,оның ішінен бірнеше жүздеген КӘУЗ бізді қоршап тұр.

КӘУЗ уыттығы жағынан төмендегіше жіктеледі:

1 класты – өте қауіпті ;

2 класты – жоғары қауіпті;

3 класты – орташа қауіпті;

4 класты – аз қауіпті.

КӘУЗ ошақтарын медико – тактикалық жіктеу

Жіктелу негізіне КӘУЗ тұрақтылығы мен зақымдаушы әсерінің басталуы жатады:

1. тез әсер ететін тұрақсыз;

2.жай әсер ететін тұрақсыз;

3.тез әсер ететін тұрақты;

4.жай әсер ететін тұрақты;

5. жартылай тұрақты.

КӘУЗ – дың ұзақ уақыттық ошағы топырақты,өсімдікті,суды,планктонды және т.б. тұтас апта мен айлап зақымдауға қабілетті.

Медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі негізгі іс-шаралар

1.Химиялық қаруға қарсы қорғаныс іс- шараларын жүргізу.

2. Мейлінше тығыз уақытта алғашқы жәрдем көрсету.

3.Ошақ сыртына көшіру.

4. Тұрақты КӘУЗ – бен зақымданғандарды санитарлық өңдеу.

5.Ошаққа алғашқы дәрігерлік көмекті жақындату және арнайы медициналық көмекті ұйымдастыру.

Алғашқы жәрдемді жеке құрам осы обьектінің құтқару құрылымымен өзара бірлесе қимылдай отырып көрсетеді. КӘУЗ ошағын медициналық барлауды жеке қорғаныш құралдарымен жабдықталған жедел медициналық жәрдем бригадалары жүзеге асырады.Көшіру көліктің барлық түрлерімен жасалады.Көлікті желге тік бағытта немесе қарама –қарсы бағытта шығу керек.Заттарға қол тигізуге , отыруға, жүгіруге,тамақ ішуге , темекі шегуге, қорғаныш құралдарын шешуге болмайды.Химиялық зақым аймағында қорғаныштың негізігі екі ережесі бар:

1.газтұмылдырық киіп,жұмысты тоқтатып,барлық паналарға тығылу керек;

2.өндірістік процесті бұзбай , газтұмылдырық кию керек.Бұл режимді обьектінің бастығы белгілейді.

Зақым ошағына санитарлық дружина енгізуді ұйымдастыу және зақымданушыны іздеу,оларды сұрыптау және алғашқы медициналық жәпрдем көрсету кезіндегі жұмыстардың еркекшеліктері

Жұмыс қолданылған УЗ типін ескере отырып ұйымдастырылады және жүргізіледі,бұл кезде төмендегі ережелер басшылыққа алынады:

-химиялық зақым ошағында жұмыс тыныс алу органдары мен терінің жамылғыш қабаттарын қорғаудың жеке құралдарымен жүргізілуі тиіс;

-барлық зақымдаушыларды УЗ – дың одан әрі әсер етуінен қорғау керек,нашар киілген газтұмылдырықты жөндеу немесе қосалқыларын кию;

-ең алдымен көмек балаларға, аяғы ауыр әйелдерге ,газтұмылдырығы жоқтарға және аралас зақымданғандарға көрсетіледі;

-УЗ- зақымданғандарда жарақат болған кезде алғашқы мед. Жәрдем,ең алдымен УЗ әсеріне қарсы жүргізілуі тиіс,тек содан кейін жарақат бойынша жәрдем көрсетіледі;

-химиялық зақым ошағындағы СД жұмысы оның командирі жетекшілігімен жүргізіледі;

-химиялық зақым аудандарында қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтау керек.

Санитарлық жасақ құрамында жасақ командирі,байланысшы,әрқайсысы төрт адамнан құралған жасақшы санитар қыздар звенолары болады.

Емдеу мекемелері зақымдалушылар мен науқастарды қабылдайды,тиісті ауруханаларға таратады,белгілі бағытта мед көмек көрсетіп,өте ауыр зақымданған адамдардыгоспитальға жатқызуды қамтамасыз етеді. Осы ауруханаларға жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік- техникалық білім беретін училиищелердің арнаулы программасы бойынша даярланған санитар қыздар кіші медицина қызметкерлері ретінде жұмысқа тартылады.Олардың негізгі міндеті - зақымдалушыларды күту және медбике мен дәрігердің басшылығымен қарапайым емдеу процедураларын орындау. УЗ зақымдалушының өмірін сақтап қалу үшін ерекше дәрі – дәрмек - антидот қолданылады.УЗ мен зақымданғаг адамға алғашқы дәрігерлік көмек шараларын өте қысқа метзім ішінде жүргізу керек.

Жасақшы санитар қыздар химиялық зақымдану аумағына кірер алдында УЗ сақтану үшін жеке адамға арналған аптечкадан антидоттың сақтандыру дозасын ішіп, қорғану киімін,резина етік,қолғап және газтұмылдырықты киіп алу керек. УЗ мен зақымданғанда көрсетілген алғашқы медициналық көмекке мынадай кезек күттірмейтін шаралар қамтылады.Қолданылған УЗ түріне қарамастан, ең алдымен дереу газтұмылдырық кигізу немесе газтұмылдырыққа УЗ тиген болса оны жаңасына алмастыру керек.Сонда УЗ организмге одан әрі тыныс аплу мүшесі арқылы өтпейді,сондай ақ лөз, бет және бас терісінің кейбір жерлерін УЗ дан қорғауға болады.Егер зақымданған адам тікелей УЗ қолданған аумақта болса,бетке түскен уландырғыш заттың тамшыларын алдымен жеке адамға арналған химиялық зақымдаудан сақтайтын пакеттегі сұйықтықпен тазарта сүртіп тек содан кейін ғана оған газтұмылдырық кигізу керек.

Алғашқы дәрігерлік көмектік келесі шаралары қолданылған УЗ түріне байланысты көрсетіледі. ФУЗ зақымданған кезде газтұмылдырық кигізе салысымен ауыр зақымданған адамның бұлшық етіне немесе тері астына шприц-тюбикпен ФУЗ сақтандыратын антидоттың екі дозасын, орта ауыртпалықтағы зақымданушыға 1 дозасын жібереді.Жеңіл зақымданушыға газтұмылдырықты кигізер алдында жеке адамға арналған аптечкадан 2 таблетка алып тіл астына салады немесе шприц-тюбикпен антидот дозасын жібереді.Бұдан соң терінің ашық бөліктерін жеке адамға арналған химиялық зақымдаудан сақтайтын пакеттегі сұйықтықпен аз-аздан санитарлық өңдеуден өткізеді.Егер газтұмылдырық кигізілген болса онда пакетті ашып тампонды сұйықтыққа шылқыта малып алып,жаға мен жең төңірегін , сондай ақ газтұмылдырықтың бетке кигізілген бөлігін сүртіп алады.

Егер газтұмылдырық кигізілмеген болса онда көзді қатты жұмып бетті және мойынды ыспалап тез сүртіп алады .Көздің айналасы құрғақ мақтамен сүртіледі,көзге тигізіп алмау керек.

Қажет болған жағдайда қолдан тыныс алдыру жұмыстары жүргізіледі.Әдетте химиялық зақымдау аймағында , уландырылған ауада қолдан тыныс алдыруға болмайды.Бұдан соң барлық зақымданған адамдарды химиялық зақымдау аумағынан емдеу мекемелеріне көшіреді.

Тұншықтырғыш әрекетті УЗ қолданған аумақтағылардың бәріне газтұмылдырық кигізіледі.Науқасты зақымдалу аумағынан алып шыққан соң тыныс алуына жеңілдік жасайды.Тұншықтырғыш әрекетті УЗ зақымданғандарға қолдан тыныс алдыруға болмайды.

Күшті әсер ететін улағыш заттар ошағында қалған адамға көрсетілетін алғашқы медициналық көмекті практика жүзінде орындап көрсету.


в) Қорытынды бөлім – 12 минут.

Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында жалпылама 3 сұрақ қою.

1.Химиялық қару дегеніміз не? ( Химиялық қару – Ұрыстық қолданылуы құралдармен бірліктегі улағыш заттар)

2.Қолдану мақсатына қарай химиялық қару нешеге бөлінеді? ( 1.Уақытша қатардан шығару,2.Жою,3.Адамдарды тірі роботқа айналдыру, 4.Өндірістік процестерді тоқтату үшін пайдалану.)

3.КӘУЗ дегеніміз не? (КӘУЗ – бұл белгілі бір мөлшерде адамдарға , жануарлар мен өсімдіктер әлеміне зақымдағыштық әсер ете алатын химиялық құрамалар)


Жаңа сабақты бағалау мақсатында аспалы экранда Mytest3 бағдарламасында құрылған тест алу, 3 оқушыдан , әр оқушыға 3 сұрақтан қойылады.Барлығы 9 сұрақ.Тест соңында жалпы оқушылардың жаңа сабақты меңгергендігінің бағасы шығады.(Тесті қорлдану жөнінде толығырақ материалдарды www.nvp-kz.narod.ru сайтынан таба аласыздар).

1. УЗ дегеніміз не? ( УЗ – өздерінің физика – химиялық қасиеттері мен жоғары биологиялық белсенділігі арқасында қару ретінде , адамдарды,өсімдіктер мен жануарлар әлемін қырып – жоюға қолданылуы мүмкін уға арналған химиялық құрамалардың арнайы тобы.)

2. Жүйке жансыздандырғыш УЗ ата? (Зарин, зоман,В-газдары,ВХ)

3. УЗ жеткізу құралдарына не жатады? ( снарядтар,бомбалар, ракеталар)

4. УЗ – ды токсикологиялық жағынан неше топқа жіктейміз? (6)

5.Уақытша қатардан шығаратын УЗ ата? ( Маскалин)

6. Химиялық ошақ дегеніміз не ? ( Химиялық ошақ дегеніміз – улағыш зөаттар әсеріне ұшыраған әр түрлі құрылыстар, азық – түлік және шикізат қорлары , су көздері , өсімдіктер мен жануарлар әлемі,тұрғын халқы бар аумақ)

7. УЗ – дың агрегаттық күйлерін ата? (УЗ – дың агрегаттық күйі – сұйық ,аэрозольды,бу түрінде,газ түрінде,сондай ақ құрғақ қалдық зат түрінде болуы мүмкін.)

8. КӘУЗ уыттығы жағынан неше класқа жіктеледі, оларды ата? (1 класты – өте қауіпті ;

2 класты – жоғары қауіпті;3 класты – орташа қауіпті;4 класты – аз қауіпті)

9. Тұрақтылығы мен зақымдаушы әсерінің басталуына байлансты КӘУЗ неше топқа бөлінеді? (1. тез әсер ететін тұрақсыз;2.жай әсер ететін тұрақсыз;3.тез әсер ететін тұрақты;4.жай әсер ететін тұрақты;5. жартылай тұрақты.)

1 сұраққа дұрыс жауап берсе 3, 2 сұраққа жауап берсе 4, 3 сұраққа жауап берсе 5 қойылады

Сабақты қорытындылау,үй тапсырмасы .

Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: __________________




«Генерал болғым келеді» атты әскери-патриоттық жарысы

С.Бреусов атындағы жалпы орта мектеп оқушылары







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Химия ғажайыптары»

Автор: Анесов Гани Абдихамитович

Дата: 12.10.2017

Номер свидетельства: 431989

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Химия ?ажайыптары ?лемінде "
    ["seo_title"] => string(31) "khimiia-g-azhaiyptary-liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "151022"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420623830"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Химия ?ажайыптары"
    ["seo_title"] => string(19) "khimiiagazhaiyptary"
    ["file_id"] => string(6) "318377"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1460564550"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) ""Химия ?ажайыптар ?лемі" "
    ["seo_title"] => string(26) "khimiia-g-azhaiyptar-liemi"
    ["file_id"] => string(6) "193553"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427648286"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Химия саба?ынан ашы? т?рбие са?аты "?ызы?ты кеш" "
    ["seo_title"] => string(56) "khimiia-sabag-ynan-ashyk-t-rbiie-sag-aty-k-yzyk-ty-kiesh"
    ["file_id"] => string(6) "177002"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424535981"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) ""?ызы?ты химия" сыныптан тыс сайыс саба?"
    ["seo_title"] => string(35) "kyzyktykhimiiasynyptantyssaiyssabak"
    ["file_id"] => string(6) "314088"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459608229"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства