Білімділік міндеттері: Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; - оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету; - оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау. 1.Мұғалімнің түсіндіруі: Бұл кластың атауынан молекулада екі қос байланысы бар екені белгілі.Сондықтан алкадиендердің гомологтық қатарының жалпы формуласы CnH2n-2.Диендерді қос байланыстың орналасуына қарай үш топқа бөледі: 1.Қос байланыс қатар орналасса кумулденген деп аталады. Бұл қосылыстар тұрақсыз, жылдам бірігіп алкиндерге айналады. CH2=C=CH-CH2-CH3 Пентадиен-1,2 2.Қос байланыстар бір дара байланыспен бөлініп орналасса қосарланған диендер деп аталады: CH2=CH-CH=CH2-CH3 Пентадиен-1,3 3.Диендер екі немесе одан да көп дара байланыстармен бөлінсе оқшауланған деп аталады. CH2=CH-CH2-CH=CH2 Пентадиен-1,4 Диендердің номенклатурасы Қос байланыс екеу болғандықтан ен жұрнағының орнына саны көрсетіліп, диен деп аталатындығын және бір қос байланыстан кейін үтірден соң екінші қос байланыс орны көрсетіледі.Екі немесе одан да көп қос байланыс болса -диен, -триен жұрнақтары,барлық қос байланыстар негізгі тізбекте болу керек.Мысалы: алкадиен, алкатриендер т.б. CH2=CH-CH=CH2-CH -CH3 гексадиен- 1, 3 1 2 3 4 5 6 CH2=CH-CH = C-CH= CH2 C3H7 C3H7 3, 4 -дипропилгексатриен - 1, 3, 5 Алкадиендердің алыну әдістері және химиялық қасиеттері. Алкадиендердің алыну әдістері. 1. Алкандарды сатылай дегидрирлеу : H3C-CH2-CH2-CH3 H3C-CH2-CH=CH2 H2C=CH-CH=CH2 2. Спирттерді дегидратациялау және дегидрлеу (С.В.Лебедев әдісі) 2H3C-CH2-OH H2C=CH-CH=CH2 + 2H20 + H2 Алкадиендердің химиялық қасиеттері 1. Алкадиендерге қосылу реакциялары тән (+галогены, сутек, галоген сутек) CH2=CH-CH=CH2+Br2CH2Br-CH=CH-CH2Br 2. Полимерлену реакциясы: n(CH2=CH-CH=CH2)( -CH2-CH=CH-CH2-)n Алкадиендердің қолдануы Алкадиендер синтетикалық каучук өндіру үшін қолданылады.
Алкадиендердің жеке өкілдері және олардың қолданылуы Дивинил (бутадиен-1,3) Н2С=СН—СН=СН2 өзіне тән өткір иісі бар түссіз газ.Мұнайды өңдегенде түзіледі және табиғи газ құрамындағы бутан мен бутиленді катализдік дегидрлеп алады.Синтездік каучуктар (бутадиен,бутадиен-стирол,бутадиен-нитрил)латекс,пластмасса,т.б.заттар өндірісінің маңызды мономерлерінің бірі. Изопрен(2-метилбутадиен-1,3)Н2С=С—СН=СН2 СН3 Түссіз сұйық зат.Изопрен синтездік каучуктің мономері.Одан алынатын изопрен каучугы табиғи каучуктың синтездік алмастырғышы болып табылады. Хлорпрен(2-хлорбутадиен-1,3)Н2С=С—СН=СН2 Сl Түссіз сұйық зат,оны винилацетиленнен НС≡С≡С—СН=СН2алуға болады.Хлорпренді полимерлеп,химиялық төзімді,жанбайтын хлорпрен каучугын алады. Қарастырылған диендердің маңызы өте зор,оларды полимерлеп синтездік каучук алады.Каучуктан резеңке жасайды.Ал каучук пен резеңке автокөліктердің камералары мен олардың шиналарын,аяқкиімдердің ұлтанын жасауға және техниканың әр түрлі салалары мен күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылады. |