Химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының адам ағзасы және тіршілік үшін маңызды екенімен қатар, химия өнеркәсібінің қазіргі таңда адам денсаулығына кері әсері жайлы айтылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Денсаулық және химия»
Денсаулық және химия
Жүргізуші: Бүгінгі интеллектуалдық ойын барысында химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының адам ағзасы және тіршілік үшін қаншалықты маңызды екенімен қатар, химия өнеркәсібінің қазіргі таңда адам денсаулығына кері әсері жайлы да әңгіме өрбітеміз. Ойыншыларымыздан химия, биология, физика, т.б. пәндерден терең де жан-жақты біліммен қатар тапқырлық пен шешендік өнер талап етіледі.
Сонымен, құрметті ойыншыларымызды ортаға шақырамыз!
Сайыс шарты: әр кезеңнен соң ұпайы аз сайыскер ойыннан шығып отырады.
Аһ ұрумен іздеп өтті қанша адам,
Ауруларға армен болған қашаннан.
Дәріханада алуан-алуан дәрі бар,
Химияның құдіретімен жасалған.
Қосжан Мүсірепов.
І кезең – «Бәйге»
«Шапшаң озар, жатқан қалар». Кім бірінші жауап береді, сол ойыншы 10 ұпай алады.
1.Бұл заттарды медицинада, атап айтсақ, пластикалық хирургияда сынған сүйектерді бекітуге қолданады. (Титан, тантал).
2.Адам ағзасында қай элементтің жетіспеуі тіс кариесіне әкеліп соғады? (Фтор).
3.Көз сұйығында қандай элемент кездеседі? (Натрий).
4.Ең қиын балқитын металл (Вольфрам)
5.Қанның құрамына кіретін металл (Темір)
6. «Бөлінбейтін» кішкентай бөлшек (Атом)
7.Бұл заттың 0,9%-тік ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады да, адам ағзасы көп қан жоғалтқан жағдайда қан тамырларына құйылады. Тұрмыста да пайдаланылады. (Натрий хлориді)
8.Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар? (Тұз қышқылы)
9.Ең жеңіл металл (Литий)
10.Қандай металды Чернышевский социализм металы деп атады? (Алюминий)
ІІ кезең – «Полиглот»
Сұрақтарға, жұмбақтарға, мақалдарға үш тілде жауап береді: қазақша, орысша, латынша. Толық жауап – 20 ұпай, жартылай – 10 ұпай.
1.Сұйық металл, адам ағзасына кері әсерін тигізеді. (сынап, ртуть, гидраргирум)
2. «Өлмеген адам ... ыдыстан ас ішеді. (алтын, золото, аурум)
3.Арпа бидай ас екен,
Алтын, ... тас екен. (күміс, серебро, аргентум)
4.Консерв қалбырын жасайтын металл (қалайы, олово, станум)
5.Қызыдырып соқсаң, иленеді,
Балға мен төстен именеді. (темір, железо, феррум)
ІІІ кезең – «Ғажайып ғылымдар»
«Білімнің басы – бейнет, түбі – зейнет»
Кесте
20
30
20
30
40
30
40
20
40
1.Оң жақтағы 20 – физика
Медицинада сүйек сынығын анықтау үшін диагностикалық мақсатта қолданылатын сәулелер. (Рентген сәулелері)
2.Сол жақтағы 20 – география
Бұл зат мөлшеріне ғаламшардың климаты тәуелді деуге де болады. Ол жылуды сіңіріп және бөліп, климат ауысуларын реттеп отырады. Оның газ түріндегі молекулалары жерді ғарыштық суықтан сақтайды. Бұл қандай зат? (Су)
3.Ортадағы 20 – химия
Аспен келеді, тамаққа дәм береді. (Тұз)
4.Сол жақта 30 – биология
Теңіз орамжапырағы – ламинарияның құрамына кіретін, адам өмірі үшін маңызды элемент (Йод)
5.Оң жақтағы 30 – қазақ тілі
«Лидер» сөзінің синонимдері (көшбасшы, жетекші, білгір)
6.Ортадағы 30 – тарих
Қазақстан жерінде өте ертеде тіршілік еткен «чудь» тайпасы Имантау кен орнында өндірген металл (қорғасын)
7.Сол жақтағы 40 – химия
«Спирттің сумен қосылысы» тақырыбында диссертация қорғаған атақты химик ғалым. (Д.И.Менделеев)
8.Оң жақтағы 40 – физика
Қандай элементтің сәулелері рентген кабинеттерінде қолданылады? (Криптон)
9.Ортадағы 40 – биология
Зат алмасу процесіне қатысады. Нәруыз, май, гормондар синтезделуге қатысады. Оның жетіспеушілігі эндемикалық зоб ауруына ұшыратады. Қандай гормон және қосылысында қандай элемент бар? (Тироксин, йод)
ІҮ кезең – «Тікелей сұрақтар»
Әр дұрыс жауапқа 40 ұпай қойылады. Тақтадағы торкөздерден ұпайы аз оқушы өзі қалаған нөмірді таңдап, жауап береді.
1
2
3
4
1.«Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген адам бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес». Қай ғалымның сөзі? (Қ.Сатпаев)
2.Өздеріңе белгілі табиғи газ түссіз, иіссіз. Ал тұрмыста қолданылатын газдың иісі бар. Неліктен? (Арнайы иісі бар зат қосады)
3.Александр Макендонскийдің Индияға сапары негізінде оның әскерлері іш ауруымен ауырған, ал офицерлер ауырмаған. Бәрінің сусыны, тамағы бірдей болған. Неліктен?
(Ыдыстары әр түрлі металдан жасалған. Офицерлердің ыдыстары күмістен жасалған, оның бактерицидтік қасиеті бар).
4.Француз ғалымы Куртуа 1811 жылы, ... ашты. Ол теңіз балдырында да кездеседі. Медицинада және поляризациялық шыны алуда, фотографияда, бояу алуда қолданылады. (Йод)
Ү кезең – «Шешендік өнер»
Ақын Құнанбай Көпішев:
Химия – ырыс бұлағы,
Шалқыған байлық, мол дәулет.
Құдіретті біздің ой
Аялап күтіп тұр алда.
Болашағымыз – нұр, сәулет.
Сенде байлық, сенде ырыс.
Сенімен өмір сәнді ғой, - деп жырлайды.
Екі сайыскер «Алкогольдің – спирттің дәрілік қасиеті бар дегені рас па?» және «Спирттің адам ағзасына пайдасы мен зияны» туралы қарама – қарсы пікірлерді дәлелдеп, шешендік өнерін ортаға салады.
ҮІ кезең – «Жорға»
Бірінші сайыскерге сұрақтар:
1.Ең қатты металл. (Хром)
2.Ломоносов «корпускула» деп нені атаған? (Молекула)
3.Қандай қышқылда алтын ериді? (Селен қышқылында)
4.Металды алтынға айналдыру. (Алхимия)
5.Қанның құрамына кіретін металл. (Темір)
6.Активтік қатарды ашқан кім? (Бекетов)
7.Құмырсқаның денесінде қандай химиялық зат болады? (Құмырсқа қышқылы)
8.Қатерлі ісіктерді емдеуге қолданылатын химиялық элемент. (Кобальт)