kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Статья по химиии

Нажмите, чтобы узнать подробности

Химияның қажеттілігі

Адамзат қоғамы бұдан мыңдаған жылдар бұрын кейбір табиғи шикізаттарды мұқтажына сай өңдеп, қажетіне пайдалана білген. Қазіргі заманда адамның өндіргіштік әрекеттері саласында химияның атқаратын рөлі зор. Химия араласпаған бірде-бір өндіріс, шаруашылық салалары жоқ. Табиғат бізге тек бастапқы шикізатты — ағашты, кенді, мұнайды және т.б. береді. Табиғи материалдарды химиялық өңдеу арқылы ауыл шаруашылығына, өндіріске, тұрмысқа қажетті тыңайтқыштарды, металдарды, пластмассаларды, бояуларды, дәрілік заттарды, сабынды, соданы және т.б. аса маңызды әр түрлі заттарды алады. Осы процестерді іске асыру үшін жалпы заңдылықтарды білу қажет. Бұл білімді де химия береді. Химияның және химия өнеркәсібінің өркендеуі шаруашылықтың барлық салаларының өркендеп дамуына, жалпы ғылыми-техникалық прогрестің қарқындауына әсер етеді. Химия және оның жетістіктері егеменді еліміздің экономикасы мен мәдениетінің өсуіне, халықтың әл-ауқатының артуына ықпал етеді. Химиясыз ғылыми-техникалық прогресс болуы да мүмкін емес. Машина және аспап жасау сияқты өндіріс салаларына химиялық конструкциялық материалдар қандай қажет болса, қара және түсті металдарды, құймаларды, ағашты, шыныны алмастыратын берік, ыстыққа төзімді, оптикалық мөлдір, электро оқшаулағыш, жемірілмейтін, т.б. қасиеттері бар полимерлер сондай қажет. Қазіргі кезде химияның қолданылу аясы одан әрі кеңейді. Химия ғылымы көптеген маңызды ғылыми жаңалықтар мен жетістіктердің қуатты өршіткісіне айналды. Физиктер химиялық әдістердің көмегімен радиоактивті элементтерді таза күйінде бөліп алып, өнеркәсіп қызметіне қосты. Каучуктар, резеңкелер, металдар сияқты материалдардың беріктілігін арттыру үшін радиациялық химия ядролық сәулелендірудің тиімді әдістерін тапты. Мұндай ірі жаңалықтарды шаруашылықтың әр саласынан кездестіруге болады. Сонымен химия қазіргі қоғамдағы неғұрлым көкейкесті және болашағы зор проблемаларды шешуге ат салысуда. Олардың қатарында мыналарды атауға болады: жасанды тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін молайту; ауыл шаруашылығы дақылдарынсыз тағам өнімдерін синтездеу проблемасын шешу; шикізаттардың мүмкін болатын түрлерін тауып өңдеу; энергияның жаңа көздерін табу; маңызды табиғи химиялық процестердің механизмін анықтап, оны жасанды жағдайда іске асыру; болашақта техникалық міндеттерді шешу үшін қажетті жаңа заттар мен композицияларды синтездеу; коршаған ортаны қорғау, қалдықсыз өндірісті дамыту. Қазіргі қоғамда әрбір адам өзінің химия ғасырында өмір сүріп отырғанын жақcы біледі. Өйткені химия адамды сырт киіммен, аяк киіммен қамтамасыз етіп қана коймай, тамақтандырып, әрі емдейді. Олардың баспаналы болып, өмірін көркейтуіне көмектеседі. Адамдар химияның қызметін әр сағат, әр секундта көреді десек, артық айтқандық емес. Үйде отырып телевизор қарау немесе қолды сабынмен жуу, тіпті автоқаламмен жазудан бастап, ғарышқа ұшқанға дейін адам химияның өнімін пайдаланады. Химиясыз жасанды жер серіктері, зымырандар, планета аралық станциялар болмас еді. Сондай-ақ адам жер тұңғиығына үңіліп, теңіз бен мұхит тереңдіктеріне бойлай алмаған болар еді.

Химия және адам денсаулығы

• Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен
тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген қасиеттер
адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы,
өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да
адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі.
Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы
саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына және тұлға ретінде
қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ықпалы зор. Басқа
ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге
бейімделген.
• Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады.
Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға
кабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа
ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның
даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-
бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай
саналы түрде өзгертті.

• Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта
жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның,
күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза
болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай
жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды.
Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта
жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына
кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше
байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы,
ядролық сынақтардың жүргізілуі және т.б. атауға
болады.
• Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да
әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс
тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы
бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы,
тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері
әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс
ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс.

 Ферменттер
• Тірі организмде жүретін барлық процестер ферменттердің қатысуымен
атқарылады. Олардың әсерімен қорек құрамындан күрделі заттар
қарапайым қосылыстарға ыдырап, соңынан олардан осы организмге
тән макромолекулалар түзіледі. Ферменттерге өте зор талғамдылық
қасиет тән. Әр фермент тек белгілі бір затқа, белгілі бір байланыс түріне
әсер етеді.
• Ас қорыту жолында қоректік заттар түрлі микроорганизмдер
ферменттерінің әсерімен биологиялык, өндеуден де өтеді. Ас қорыту
жүйесінің айтарлықтай көлемді алдынғы бөлімдерінде (қарывда) және
ішектің кеңіген соңғы бөлімдерінде (әсіресе бүйенде) алуан түрлі
микроорганизмдер өздеріне қолайлы жағдай тауып (түрақты
жылылық, кажетті ылғалдьгқ, сілтілік не байтарап орта, мол және
үздіксіз келіп тұратын қоректік заттар), тез көбейіп өседі де, қоректі
тездетіп ыдыратуға көмектеседі. Өсімдік тектес азық құрамында
организмде қиын қорытылатын және ас қорыту сөлдерінде ерімейтін
заттарға бай клетчатка көп мөлшерде болады. Ал ас қорытатын сөлдер
құрамында оны ыдырататын ферменттер болмайды. Сондықтан
клетчатка тек микроорганизмдер ферменттерінің әсерімен
қорытылады.

 Гормондар
• Гормондар - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін
биологиялык белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың
біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан
құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы
арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін
орталық - аралық мидағы гипоталамус. Оны көру төмпешікасты бөлімі деп те атайды.
Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен
гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогормондар
деп аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін
қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза қызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі
жүзеге асады. Қызметі - Зат алмасу қарқындылығын өзертеді; Ағзаның тіршілік ету
ортасына бейімделушілігі арттырады Өсу мен көбеюді реттейді Физиологиялық  үдерістерді күшейтеді немесе бәсеңдетеді Жасуша нысан – Гормон нысанада болатын нәруыз - рецептормен байланысады. Осы рецепторлар гормонның деңгейінің кішкене
ғана ауытқуын сезіп, ішкі секреция бездеріне сигналдар жібереді, нәтижесінде олар өздерінің белсенділіктерін арттырады немесе бәсеңдетеді. Нәтижесінде гормонның мөлшері қалыпты жағдайға түседі.

 Дәрумен
• Дәрумен — адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы
зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті
биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta –
тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин
салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған
тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді.
• Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып
табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы,
ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің
қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса,
адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D
дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына
(гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі.
Қазір барлық дәрумендерді суда еритін дәрумен, майда еритін дәрумен
және дәрумен тектес заттар деп бөледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Статья по химиии»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Статья по химиии

Автор: Елбасиева Гаухар Сериктаевна

Дата: 02.03.2020

Номер свидетельства: 541781

Похожие файлы

object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Статья "Химия и искусство" "
    ["seo_title"] => string(27) "stat-ia-khimiia-i-iskusstvo"
    ["file_id"] => string(6) "217763"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1433448481"
  }
}
object(ArrayObject)#905 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(144) "Научная статья на тему: "Применение информационных технологий на уроках химии""
    ["seo_title"] => string(80) "nauchnaia_stat_ia_na_tiemu_primienieniie_informatsionnykh_tiekhnologhii_na_uro_2"
    ["file_id"] => string(6) "449801"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1515911145"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(156) "Достижение планируемых результатов по химии: предметных, метапредметных, личностных"
    ["seo_title"] => string(80) "dostizhenie_planiruemykh_rezultatov_po_khimii_predmetnykh_metapredmetnykh_lichno"
    ["file_id"] => string(6) "477685"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1536828390"
  }
}
object(ArrayObject)#905 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Статья Реализация СДП на уроках химииДокумент Microsoft Word.doc "
    ["seo_title"] => string(71) "stat-ia-riealizatsiia-sdp-na-urokakh-khimiidokumient-microsoft-word-doc"
    ["file_id"] => string(6) "114108"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1411300185"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Внеклассное мероприятие  Устный журнал «Химия в профессиях» "
    ["seo_title"] => string(67) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-ustnyi-zhurnal-khimiia-v-profiessiiakh"
    ["file_id"] => string(6) "223748"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1438097445"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства