2. Топтық жұмыс. Жаңа тақырыпқа оқушыларды кіріктіру шін «Сәйкестікті іздеу» әдісін пайдаланамын. Сөздің және сөздіктердің сәйкестерін анықтау талап етіледі. Топпен жұмыс. Ғарыштық күн сәулесі Сарқылатын Пайдалы қазбалар Сарқылмайтын Су энергиясы Қалпына келетін Топырақ Қалпына келмейтін Жел энергиясы Жануарлар Өсімдік Су Жер Минералдық Биологиялық 1топ – Сарқылатын ресурстар 2топ – Сарқылмайтын ресурстар 3топ – Қалпына келетін ресурстар 4топ - Қалпына келмейтін ресурстар Аталған табиғат ресурстарының формалары бойынша осы ресурстардың жер бетінде таралуы және тиімді пайдалануын дәлелдеңіз. Әр топ постер қорғайды. Сергіту сәті: «Шаттық шеңбер» (оқушылар 1,2 реттік сан арқылы санап, шеңбер құрып, екі шеңбер бір –біріне пайдалы қазбалар атауы арқылы тілек айту. Мысалы: Алтындай жарқырап журе беріңіздер. Күмістей күлімдеңіздер.Темірдей мықты болыңыздар деген сияқты) 4. «Мағынаны таны әдісі ». Жұптық жұмыс: (Бұл тапсырмада жұптарды 1,2, сандар арқылы санап, бөлуге болады. Тапсырманың мақсаты-жоғарыдағы кестеде көрсетілген оқу мақсаты мен қолдану, талдау, сыни ойлау дағдыларын дамыту.) Оқушылар тақтада ілулі тұрған суреттерді таңдап алу арқылы төмендегі критерийлер бойынша жұмыс жасайды: Ресурстың аты; Жаратылысы бойынша қай топқа кіреді? Өндірілетін жері (ірі бассейндері); Қолданылуы (қай салада); Кескін картаға таралу аймақтарын түсіру; Неліктен дәл сол жерде кездеседі? Ол ресурс сіздің өлкеңізде кездеседі ме? Дәптерге осы ресурстың кретерийлеріне қатысты 7 сөйлемнен тұратын қорытынды жазу. (Жоғары-7, орташа-5 төмен-2 деңгей) Ұсынылатын суреттегі ресурстар: Мұнай; Көмір (тас көмір); Темір; Табиғи газ; Мыс; Алмаз; Р\с | Бағалау критерийі | 1. | Табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын талдайды (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде) | 2. | Табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсетеді | 3 | Табиғат ресурстарының өндірілетін орындарын анықтайды. | 4 | Табиғат ресурстарының тиімді пайдалануын анықттайды. | Бағалау: Әр жұп бір- бірін бағалау критерийі арқылы бағалайды. Қорытынды: Әр табиғат ресурсының таралуына географиялық орналасуы, сол жердің климаты, табиғат жағдайы, жерінің геологиялық құрылымы, жер бедері ж.т.б. факторлар әсер етеді. 5.Төмендегі кесте арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша ойларын жинақтайды. Табиғат ресурстары классификациясы | Су
| Жер | Биологиялық | Рекреациялық | Агроклиматтық | Минералды | Дүниежүзілік мұхит.Теңіздер.Көлдер.ӨзендерМұздықтарБатпақтар.Жер асты сулары | Топырақ.Егістік жерлер.Шабындық жерлер | Өсімдіктер дүниесі Жануарлар дүниесі | Жағажайда Тауда, Санаторийлерде демалу арқылы денсаулықты қалпына келтіру | Күн радиациясы, Температура, Ылғалдылық, Жел т.б. | Жердің қойнауынан алынатын пайдалы қазбалар. | Рефлексия. Бүгінгі сабақтағы алған ақпараттарды әр оқушы өз кестесіне енгізеді . ББҮ кестесі. Оқушы жаңа тақырып бойынша Білемін. Білгім келеді .Үйрендім әдісі арқылы ойын жинақтайды. Осы сабақтан алған білімін қорытындылайды. Бағалау. Үй тапсырмасы: 1.Табиғи ресуртардың жіктелуі.2.Сендердің тұратын жерлерің қандай пайдалы қазбаларға бай? Сендердің ойларыңша, қандай жергілікті табиғи ресурс аса тиімді және нәтижелі пайдаланылады? Неге? Саралап оқыту: 1. «Мағынаны таны» әдісі арқылы тапсырма барысында тапсырмаларды дұрыс, әрі нақты орындау деңгейлері арқылы анықтауға болады. Жұптық жұмыс барысында да деңгейі төмен оқушыларға қосымша көмек беріліп отырса, ал деңгейі жоғары оқушылар критерийлер бойынша өз бетінше жұмыс жасай береді. |