kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сарыар?а. Саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: ?аза?ты? ?са? шо?ысыны? географиялы? орнын

Білімділік:                геологиялы? ??рылысын, онда?ы пайдалы

                                  ?азбаларды? таралу за?дылы?тарына сипаттама беру.

Дамытушылы?: О?ушыларды? санасында  Сарыар?аны? жер бедері,

                                  климатыны? ерекшеліктері, ішкі сулары, жануарлары

                                  мен ?сімдіктері туралы т?сініктерін ?алыптастырып,

                                  дамыту.

Т?рбиелік: Саба?та ?лтты? ойындарды пайдалана отырып, о?ушыларды? саба??а ?ызы?ушылы?ын арттыру, ?з еліне, ?лтына деген с?йіспеншілігін ?ялату.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сарыар?а. Саба? жоспары »

Избасханова Жансауле Калдыбаевна

География пәнінің мұғалімі

Маңғыстау облысы

Мұнайлы ауданы

№1 орта мектеп

Сыныбы: 8 «А»


Сабақтың тақырыбы: Сарыарқа


Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұсақ шоқысының географиялық орнын

Білімділік: геологиялық құрылысын, ондағы пайдалы

қазбалардың таралу заңдылықтарына сипаттама беру.


Дамытушылық: Оқушылардың санасында Сарыарқаның жер бедері,

климатының ерекшеліктері, ішкі сулары, жануарлары

мен өсімдіктері туралы түсініктерін қалыптастырып,

дамыту.


Тәрбиелік: Сабақта ұлттық ойындарды пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, өз еліне, ұлтына деген сүйіспеншілігін ұялату.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

Сабақты ұлттық ойындар арқылы өткізу.

Сыныпты 2 топқа бөліп, топбасшы сайлау.

Солтүстік қазақ жазығының географиялық орнын картадан көрсету.

Аймақтарға бөлу

І. 2 топқа тапсырма беру:

«Ертіс» тобының тапсырмасы:

1.Есілдің жазық орманды даласы

2. Тобыл – Обаған жазық даласы

«Есіл» тобының тапсырмасы:

  1. Есіл – Ертіс даласы

  2. Ертіс – Құлынды жазығы

ІІ. «Кім жылдам?» ойыны.

2 топтан 1 оқушыдан шығып, 1-ші топ колдерін, 2-ші топ өзендерін жазып шығуы қажет.

Көлдері: Өзендері:


ІІІ. «Орамал тастау» ойыны.


Өмірдің өзі адамды тірестірген,

Бірі жаңа тіркестің, бірі ескірген.

“Орамал тастау” ойынын бастайық,

Сұрақтарға кім жауап береді екен?


Мен 1 оқушыға орамалды тастаймын, сол оқушы орамалдың сұрақтарына жауап беріп, келесі оқушыға береді, солай кезекпен жалғаса береді.

«орамал тастау ойынының сұрақтары:

1-орамал

Солтүстік Қазақ жазығының пайдалы қазбалары

Темір, никель, көмір, хромит, кобальт, боксит

2-орамал

Солтүстік Қазақ жазығының климаты

Қоңыржай континентті. Жылдық жауын-шашын 350 мм. Шілденің орташа температурасы +18º, +20ºС, қаңтарда -17º, -19ºС.

3-орамал

Жазық қандай табиғат зонасында орналасқан

Орманды дала және дала зонасында

4-орамал

Солтүстік Қазақ жазығының өсімдіктері

Бозды,бетегелі шөптесін өсімдік: қарабас,сәбізшөп, арпабас, қамыс, қайың, көктерек

5- орамал

Солтүстік Қазақ жазығының жануарлары

Бұлан, елік, қоян, қарсақ, дала күзені, қасқыр, түлкі, сұртышқан, аламан, саршұнақ, дала ала қоржыны.

Қосымша сұрақ: қандай құстардың түрлері кездеседі?

өгізшағала, тырна, аққу, қаз, үйрек, бүркіт, дуадақ, сарыторғай, шұбаршымшық, тоқылдақ, сұңқар, қарға, күйкентай

ІҮ. Ретімен орналастыр ойыны


Пайдалы қазбалар

Көлдер

Қорық

Ертіс

Есіл,Тобыл

Жануар



Басты өзені

Ертістің салалары

Темір,хромит,боксит

Құсмұрын,Сілетітеңіз

Ондатр

Наурызым











Ү. «Көкпар» ойыны. Әр топтың көшбасшылары шығып, сұрақтан бәйгеге түседі. Кім сұраққа көп жауап берсе, бәйгеге сол жетеді, яғни жеңімпаз атанады.

«Көкпар» ойынының сұрақтары:

1.Қазақстан неше физикалық-географиялық ауданға бөлінеді?

9 физикалық-географиялық аудан

Қосымша сұрақ: оларды ата, картадан көрсет

2. Қазақстан жеріндегі табиғат зоналарын ата

орманды дала, дала, шөлейт, шөл

Қосымша сұрақ: орманды дала 04,дала 29, шөлейт 14, шөл 44 пайыз

3. Қазақстанда өсімдіктердің қанша түрі кездеседі?

6 мыңдай түрі

Қосымша сұрақ: Қызыл кітапқа өсімдіктің неше түрі енген? 303 түрі

4. Каспий маңы ойпаты қандай жазықтың бөлігі?

Шығыс Еуропа жазығының

Қосымша сұрақ: Шығыс Еуропаның Қазақстанға қай бөлігі енеді?оңтүстік-шығыс

ҮІ. «Аударыспақ» ойыны.

Ұлылардың ұрпағымыз кешегі,

Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі.

Екі топ бір-біріне сұрақ беріп,

Жеңген топтың ұпай саны өседі


Екі топ бір-біріне сұрақ қояды.


ҮІІ. «Кім көп жазады?» ойыны

Өткен тақырыптар бойынша географиялық атаулар жазу. Оқушылардың ішінен кім ең көп атау жазды, сол оқушы сөздерін оқиды. Басқалары осы сөздер өздерінде кездессе сызып отырады. Соңында қай оқушыда қайталанбаған сөз қалады, сол оқушы жеңіп шығады.

Үйге берілген тапсырманы қорытындылап, жаңа сабақты түсіндіру.


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Географиялық орны. Бұл өлке Орталық Қазақстанның көпшілік жерін алып жатыр. Ол батыста Торғай үстіртімен, шығыста Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен, солтүстігінде Солтүстік Қазақстан жазығымен, оңтүстік-батысында Тұран ойпатымен шектеседі. Батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы 1200 км, ені шығыс бөлігінде 400 км, батыс бөлігінде 900 км шамасында.

Жер бедері және геологиялық құрылысы. Сарыарқа өлкесі негізінен мүжілген және тегістелген қыраттардан, ұсақ шоқылы аласа таулардан тұрады. Араларында үлкенді-кішілі ойыстар, қазаншұңқырлар кездеседі. Оның шығыс бөлігі батысына қарағанда биігірек. Ол палеозойдың магмалық және шөгінді жыныстарынан (гранит, порфирит, кварцит) құралған аласа таулы аймақ болып келеді. Бұл өлкенің жер бедерінің қалыптасуында жыныстардың жату бағыты мен үгілу процесі басты рөл атқарған. Сондықтан аласа таулар мүжілген.

Бұл бөліктегі ең биік тауы – Қызыларай. Оның биік нүктесі – Ақсораң (1565м). Одан солтүстікке қарай Қарқаралы (1403м), Кент (1460м) таулары, одан әрірек Баянауыл (950м), шығысында Шыңғыстау (1300м) таулары жатыр. Бұл таулар жүйесі негізінен граниттерден тұрады. Солтүстік беткейлерінде қарағайлы орман өседі, оңтүстік беткейлері жалаңаш, құзды келеді. Тау етектерінде үгінді қорым тастар кездеседі.

Сарыарқаның батыс бөлігінде тегіс және ойыс жерлер көп те, қалдық таулар мен шоқылар аз кездеседі. Онда ертедегі палеозойдың магмасы мен шөгінді жыныстары тек биік жерлерде ғана көрініп жатады. Бұл жақтың жер бедерінің қалыптасуына ұзақ созылған үгілу мен бірге бор және неоген дәуірдің шөгінділері әсер еткен. Мұндағы ірі ойыс – Теңіз-Қорғалжың қазаншұңқыры. Ол Сарыарқаның батыс бөлігін екіге бөліп жатады. Оның солтүстік-батысында – Көкшетау, оңтүстік-батысында – Ұлытау тау жүйелері орналасқан. Олар палеозойдың әктастары, кварциттерімен порфириттерінен түзілген. Олар ағын сулармен тілімделген. Таулар арасында табиғаты сұлу көлдер бар. Олардың жағалауы мен тау беткейлерінде қарағайлы орман өседі. Ұлытау (биіктігі 1134 м) – негізі граниттен тұратын меридиан бағытындағы ірі антиклинальдың қалдығы. Тау беткейлері кристалды тақтатастан, құмтастан, аралас жыныстардан тұрады.

Пайдалы қазбалары. Сарыарқа – пайдалы қазбаларға бай өлке. Қарағанды мен Екібастұз көмір өндірудің ірі ошақтары болып табылады. Жезқазған, Қарсақпай, Атасу, Саяқ, Қоңырат кен орындары мыс, темір, марганец кендеріне бай. Жәйремде сирек металл өндіріледі. Осыларды қорытып, байыту мақсатында Қарағанды, Жезқазған, Балқаш және Теміртау қалаларында ірі металлургиялық комбинаттар жұмыс істейді.

Климаты. Мұхиттан алыс жатқандықтан Сарыарқаның климаты құрғақ, континентті болып келеді. Қысы суық, қаңтардың орташа температурасы -14-18ºС. Суық күндері -40ºС дейін төмендейді. Жазы құрғақ, ыстық, шілденің орташа температурасы +20 +24ºС, кейде +35ºС дейін көтеріледі. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 300 мм. Ұсақ шоқылы тауларда ылғал молырақ түседі. (370 мм).

Өзендері мен көлдері. Басты өзендері – Есіл, Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідерті, Тоқырауын және т.б. олардың көбі көктемгі қар суымен қоректенеді, көктемде тасиды. Есілде ғана тұрақты су ағыны бар.

Орталық Қазақстанды тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс – Қарағанды каналы салынған. Сарыарқада көл көп. Біразының суы ащы. Тұщы көлдер Көкшетау аймағында Бурабай, Шортанды және Қорғалжың көлі. Қорғалжың да қорық бар.

Табиғат зоналары. өсімдік, жануарлары.

Сарыарқа жері дала, шөлейт және шөл зоналарына кіреді. Көкшетау, Атбасар, Есіл өзенінің бойында қара топыраққа тән өсімдік жамылғылары қалыптасқан. Ол жерлерде егіндік өсіріледі. Даланың аласа таулары мен ұсақ шоқыларында шоқ-шоқ қарағай, биші қайың ормандары өседі.

Дала зонасының оңтүстігінде Теңіз бен Сарысу жазықтары, Ұлытау, Қарқаралы, Шыңғыстау бойлары шөлейт зонасына енеді. Бұл зонаның климаты қуаң, қошқыл қара топырақ жамылғысында жусан, бетегелі көде, боз таралған. өзен бойларында шабындық шалғындар, терек, қайың, қарағай, арша, тал өседі. Шөлейт зон мал жайылымына қолайлы.

Шөл зорнасы Ұлытаудың оңтүстігі мен Жезқазған маңын, Солтүстік Балқаш жағалауын қамтиды. Мұндағы шөлдің қоңыр топырақ жамылғысында шөл өсімдіктері - тобылғы, қараған, боз, бетеге, ақселеу бұйырғын, қара жусан, көкпек өседі.

Жануарлар дүниесіде дала, шөлейт, шөл зоналарының ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан. Қарағайлы ормандарда бұғы, елік кездессе, дала мен шөлейт жерлерде ақбөкен, қасқыр, түлкі мекендейді. Көлдерінде құстар көп.

Сарыарқаның мыңдаған жылдар бойы жел, су әсерімен үгілген, мүжілген аласа таулары мен олардың баурайындағы көлдерде неше түрлі пішіндегі тас мүсіндер кездеседі.


Сабақты қорыту. Оқушыларды бағалап, үйге тапсырма беру. Сарыарқаны оқып, контур картаға шекарасын, табиғат байлықтарын түсіру


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Сарыар?а. Саба? жоспары

Автор: Избасханова Жансауле Калдыбаевна

Дата: 13.06.2015

Номер свидетельства: 219434

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""Орталы? ?аза?стан" саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(34) "ortalyk-k-azak-stan-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "176412"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424417967"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) ""Сарыарқа" тақырыбындағы 8- сынып география пәнінен ашық сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(77) "saryark_a_tak_yrybyndag_y_8_synyp_ghieoghrafiia_p_ninien_ashyk_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "416121"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494993664"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "саба? жоспары ?аза?стан тарихы"
    ["seo_title"] => string(29) "sabakzhosparykazakstantarikhy"
    ["file_id"] => string(6) "302302"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457112185"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Ашы?  саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(22) "ashyk-sabak-zhospary-1"
    ["file_id"] => string(6) "189994"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427086895"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "География п?нінен саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(32) "gieoghrafiiapniniensabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "334507"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1465911079"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства