Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар үйге берген тапсырмалары бойынша 3 топқа бөлініп отырады. Топ жетекшілері сайланады, топ жетекшісі- бағалаушы
1 топ- Ұлыбритания өнеркәсібі
2 топ- Ұлыбританияның ауыл шарушылығы
3 топ- Ұлыбританияның көлік және сыртқы экономикалық байланыстары
1. Үй тапсырмасына дайындық деңгейлерін байқау мақсатында сұрақ- жауап жүргізу
1. Ұлыбритания қандай экономикалық даму кезеңдерінен өтті?
2. Ұлыбритания шаруашылығының басты даму бағыттары?
3. Қазақстанда қандай Британдық компаниялар жұмыс істейді?
2. Әр топ үйге берілген тапсырмалары бойынша дайындап келген слайдтарын қорғайды. Топтар бір- біріне сұрақтар қояды
Қорытындылау.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Кіріспе сұрақтары
1.Әңгіме-дәріс. Слайд арқылы Франция мемлекетіне қысқаша таныстыру жүргізу
2. Топпен жұмыс. Оқушыларға флипчарттар, маркерлер, стикерлер таратылып беріледі. Олар оқулық көмегімен берілген тапсырмаға постер құрастырады. Тапсырмалар:
1 топ- Франция мемлекетінің ЭГЖ және құрамы
2 топ- Франция мемлекетінің табиғаты және табиғат ресурстары
3 топ- Франция мемлекетінің халқы
Қорғайды, қорытындылау.
3. Дәптермен жұмыс:
1. Тірек-сызба. Францияның ЭГЖ
Францияныңэкономикалық-географиялық жағдайы
Еуропалық Одаққа енетін дамыған елдермен көршілес орналасуы.
Елдің халықаралық теңіз және әуе жолдарының тоғысқан аймағында орналасуы.
2. Топтастыру. Францияның табиғат ресурстары
Пайдалы қазбалары
Құрылыс материалдары
Тас көмір
Боксит
Уран
Боксит
Минералды тұздар
3. Кестемен жұмыс. Францияның халқы
Халық саны
Халқы 60,2 млн адам. Тұрғындарының өмір жасының ұзақтығы ерлер-76 жас, әйелдерде-83,5 жас.
Ұлттық құрамы
90%-ы француздар, эльзастықтар, фламандықтар, басктер, каталондықтар т.б.
Тығыздығы
1 км2-ге 107 адамнан келеді. Діні христиан діні басым, басқаларынан ислам, иудейлер тараған.
Қала халқы
Халқының 74%-қалада тұрады.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
1. Францияның мемлекеттік құрамы?
2. Францияның астанасы?
3. Францияның ұлттық құрамы?
4. Францияның табиғатын қорғау?
5. Францияның экономикалық даму деңгейі?
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру. Үйге: Франция. Мемлекеттік құрамы, құрылымы.