Ма?саты: Орманды дала ж?не дала зонасыны? таби?ат ерекшеліктері туралы т?сінік ?алыптастыру.Таби?ат компоненттеріні? ?зара байланысы тпби?ат зоналарыны? дамуына ?алай ы?пал ететіні ж?нінде ма?л?мат беру.
Типі : аралас саба?
Т?рі:д?ст?рлі
?дісі: т?сіндіру, ой ?оз?ау,шы?армашылы? ізденіс, Ти кестесі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Орманды дала. дала зонасы »
Тақырыбы: «Орманды дала, дала зонасы.»
Мақсаты: : Орманды дала және дала зоналарының табиғат ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру.Табиғат компоненттерінің өзара байланысы табиғат зоналарының дамуына қалай ықпал ететіні жөнінде мағлұмат беру.Табиғатты қорғаудың қажеттілігін ұғынып, туған жеріне , оның табиғатына деген сүйіспеншілікке,оны аялап сақтауға деген ынтасын ашу.
Оқыту нәтижесі Қазақстанның орманды дала және дала зоналары ерекшеліктері туралы мәлімет алады,ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата біледі, өз беттерімен жұмыс істеуге үйренеді, экологиялық саналылығы,адамгершілік қасиеті қалыптасады.
Типі: Аралас сабақ
Түрі:дәстүрлі
Әдісі: Түсіндіру,ой қозғау, шығармашылық ізденіс,
ти кестесі.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,биология
Көрнекілігі:Қазақстанның физикалық картасы. Интерактивті тақта.
в/Оқушыларды топқа бөлу Кезекшілер сабақта жоқ оқушыларды айтады,оқушылардың сабаққа дайындығын мәлімдейді. Оқушылар көңілі сабаққа аударылады, топқа бөлінеді Ұжымдық әрекет. Ұжымдық әрекеттің ережесін алдарына тастау.
2-Әудем жер кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылар төрт топқа бөлініп отырған, әр топқа жекелеген тапсырмалар беріледі.
1-топ- Қазақстан бойынша өсімдіктер дүниесінің таралу тарихына тоқталады.,
2-топ-Өсімдіктердің қазіргі кездегі таралуын айтады.
3-топ-Жануарлардың қазақстанбойынша таралу тарихына тоқталады.
4-топ-Қазіргі кездегі жануарлар дүниесіне тоқталады.
Суреттерін көрсету.
Үй тапсырмасын бекіту. Интер белсенді тақтадан «Қорғалжын қорығын» көрсету.
3-Қозы көш кезеңі.
Ойлану тану кезеңі Жаңа сабақты бастамас бұрын тақырыпқа байланысты сұрақтар қою.
1.Табиғат зонасы дегеніміз не?
2.Қандай табиғат зоналарын білесіңдер?
3Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан?
Осы сұрақтарға жауап ала отырып жаңа сабақты бастау.
4-Бел асар. Жаңа сабақты меңгерту.
Төрт топқа жекелеп тапсырма беріледі.
1-топ- Табиғат зонасы кестесімен жұмыс жасайды.
2-топ-Ти кестесімен жұмыс жасайды.
3-топ-Кескін картамен жұмыс жасайды.
4-топ- Шығармашылық жұмыс.
1-топ кесте
Кластер құру.
2-топ Ти кестесі. Айырмашылығы Ұқсастығы
3-топ Кескін картамен жұмыс
Топ алдына кескін карта беріледі Қазақстанның физикалық картасын пайдалана отырып, табиғат зонасының шекарасын, өзендерін, басқа да табиғи объектілерін көрсетеді.
4-топ Шығармашылық жұмыс Орманды дала және дала зонасының дәрілік өсімдіктері туралы, «Қызыл Кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктері туралы мәлімет дайындау.
Осы зонадағы қорықтар мен қорықшалар,саы бақтар,ұлыттық парктерді атау.
Жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан соң, сабақты қорытып бекіту үшін интер белсенді тақтадан әр топқа жекелеп сұрақтар қою.
Сол бойынша жауап алу.
Балаларды бағалау.
Үйге тапсырма беру. Тақырыпта оқып келу. Қосымша осы өтілген табиғат зонасына байланысты деректер жинап келу. Кескін картаға табиғат зонасын түсіру
Өзіндік талдау.
№ 5 Абай Құнанбаев атындағы мектепте ақпан айындағы 8 «Б»
сыныбында «Қазақстанның орманды дала және дала зонасы»
ашық сабақ өткізілді.Сыныпта-23 бала бар.8-бала «өте жақсы»,12-бала «жақсы»,3-бала «қанағаттанарлық» деген бағамен оқиды.Ашық сабақта оқушылар түгел сабаққа қатысты. Сабақта сынып топқа бөлінді,жаңаша әдістер қолданылып оқушылар сабаққа жан-жақты дайындалғандығын көрсете білді.
Сабақтың мақсаты: : Орманды дала және дала зоналарының табиғат ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру.Табиғат компоненттерінің өзара байланысы табиғат зоналарының дамуына қалай ықпал ететіні жөнінде мағлұмат беру.Табиғатты қорғаудың қажеттілігін ұғынып, туған жеріне , оның табиғатына деген сүйіспеншілікке,оны аялап сақтауға деген ынтасын ашу. Оқыту нәтижесі Қазақстанның орманды дала және дала зоналары ерекшеліктері туралы мәлімет алады,ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата біледі, өз беттерімен жұмыс істеуге үйренеді, экологиялық саналылығы,адамгершілік қасиеті қалыптасады.
Сабақ барысында әр топқа жекелеп тапсырма беріліп,оқушылар топ болып мәтінмен, қосымша кітаптармен жұмыс жасады.Өздеріне берілген тапсырма бойынша постер қорғады. Сабақты әдебиет және биология пәндерімен байланыстырдым.Сабақтың өтілуі мынандай кезеңдерден тұрды.
1.Табалдырық - Ұйымдастыру кезеңі.
2.Әудем жер - Үй тапсырмасын сұрау.
3.Қозы көш - Ойлану, тану кезеңі.
4.Бел асар - Жаңа сабақты меңгерту.
5. Жолайрық – Сабақты бекіту.
6. Қоржын ілу –Үйге тапсырма беру.
Сабақ кезінде төрт топқа әр түрлі әдістермен сабақты талдау тапсырылды.
Бірінші топ кластер жасаса,екінші топ ти кестесі арқылы салыстыру,үшінші топ кескі картамен жұмыс,төртінші топ шығармашылық жұмыспен айналысты.Орманды дала және дала зонасының азайып бара жатқан өсімдік, жануарлары туралы қосымша дерек көздерінен қарастырып тапсырманы өз деңгейінде орындады.
Сабақ өзінің аталған мақсатына жетіп, топпен жұмыс жасау,балалардың өздерін-өздері бағалауы,өз ойларын еркін айтуы, бір-бірімен ой бөлісуі ұнағандығы кері рефлексия кезінде байқалды.
Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі
Абай Құнанбаев атындағы № 5 жалпы орта білім беретін мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Орманды дала және дала зонасы»
(8 «Б»сыныбында 14.02.15.жылы мектепішілік өткізілген ашық сабақ)