Просмотр содержимого документа
«Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері.»
Қызыл Қазақстан орталау мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері.
2016
Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері.
Сабақ мақсаты:
Оңтүстік Американың өзендері мен көлдерінің географиялық орны мен өзіндік ерекшеліктерімен оқушыларды таныстыру.
Оқшылардың шығармашылық, өзін-өзі басқару қабілеттерін дамыту.
Оқушының «Табиғат және адам», су-тіршілік кепілі ұғымдарын кең көлемде пайдалануға, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғат байлықтарын көз қарашығындай сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекітігі:
Оқулық, физикалық карта, тест сұрақтары, алгебра, әдебиет, биология
Сабақтың түрі:
Өзін-өзі басқару автономиялық аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:
Баяндау, сұрақ-жауап, ойын элементтерін пайдалану.
Сабақтың барысы:
І-Ұйымдастыру кезеңі:
а) сынып бөлмесінің тазалығын ескере отырып оқушыларды түгелдеп, жоқтама жасау.
ә) оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ-үй тапсырмасын сұрау: Сұраудан алдын 01.03.07 ж көктемнің бірінші күнінің ауа райына сипаттама беру. /оқушылар ойы/
а)фроитально сұрау – Оңтүстік Американың климатына сипаттама беру туралы
Тест сұрақтары
І-нұсқаОңтүстік Американың климаты
1. Климатты қалыптастырушы факторларды көрсет.
А. Географиялық ендік, ауа массалары, жер бедері, мұхиттардыңықпалы;*
В. Жер,күн, жауын-шашын;
С. Топырақ, өсімдік, жануар;
Д. Су, тас, күн,жануар.
2. Жер бедерінің сипатына қарай климаттық белдеулердің түрлері.
А.тропиктік климаттық белдеу
В.субарктикалық климаттық белдеу
С. Қоңыржай климаттық белдеу
Д. Биік таулық және жазықтык климаттық белдеу
3. Оңтүстік Американың климатына қандай мұхиттық ықпалы күшті?
А. Үнді мұхиты
В.Атлант мұхиты*
С. Тынық мұхиты
Д.Солтүстік мұзды мұхит
4. Оңтүстік Американың жауын-шашын өте аз жауатын бөлігі.
А. Тар шөлі
В. Атакама шөлі*
С. Гоби шөлі
Д. Сахара шөлі
5. Материктегі экваторлық климаттық белдеуді сипаттайтын белгілер.
А. Ауа температурасы жылы, жауын-шашын мол*
В. Қысы құрғақ, жазы ылғалды.
С. Жазы құрғақ, қысы жылы, ылғалды,
Д. Жазы құрғақ қоңыр салқын, ылғалды,
6. Материктегі субэкваторлық климаттық белдеуді сипаттайтын белгілер.
А. Ауа температурасы жылы, жауын-шашын мол
В. Қысы құрғақ, жазы ылғалды.*
С. Жазы құрғақ, қысы жылы, ылғалды,
Д. Жазы құрғақ қоңыр салқын, ылғалды,
7. Материктегі тропиктік климаттық белдеуді сипаттайтын белгілер.
А. Ауа температурасы жылы, жауын-шашын мол
В. Жыл маусымдары бойында өзгеріп тұрады.*
С. Жазы құрғақ, қысы жылы, ылғалды,
Д. Жазы құрғақ қоңыр салқын, ылғалды,
8. Материктегі субтропиктік климаттық белдеуді сипаттайтын белгілер.
А. Ауа температурасы жылы, жауын-шашын мол
В. Қысы құрғақ, жазы ылғалды
С. Жазы құрғақ, қысы жылы, ылғалды,*
Д. Жазы құрғақ қоңыр салқын, ылғалды,
9. Материктегі қоңыржай климаттық белдеуді сипаттайтын белгілер.
А. Ауа температурасы жылы, жауын-шашын мол
В. Қысы құрғақ, жазы ылғалды
С. Жазы құрғақ, қысы жылы, ылғалды,
Д. Жазы құрғақ қоңыр салқын, ылғалды,*
10. Рио-де-Жанейрода ең жорғарғы және ең төменгі температура.
А.қаңтар 30 градус, шілде 20 градус
В.қаңтар 38 градус, шілде 25 градус
С.қаңтар 20 градус, шілде 10 градус
Д.қаңтар 13 градус, шілде 2 градус
11. Биік таулы климат материктің қай бөлігіне тән.
А. Анд таулары
В. Гран-Чако
С. Атакама
Д. Амазонка ойпатында
12. Ауыспалы ылғалды климет материктің қай белдеуінде?
А. субтропиктік климаттық белдеу
В. экваторлық климаттық белдеу
С. тропиктік климаттық белдеу
Д. қоңыржай климаттық белдеу
ә) индивидуально- климаттық диаграммаларды пайдаланып, әрбір қаладағы климат сипатын анықтау. 5 оқушының сипаттамасын тыңдау.
ІІІ-жаңа сабақ:Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері.
Екі оқушы өзендер мен көлдерге сипаттама береді.
1-ші оқушы:
Өзендер. Материктің батысындағы Анд таулары Атлант және тынық мұхит арасындағы басты суайырық жота болғандықтан, өзендердің барлығы дерлік Атлант мұхитына және Кариб теңізіне материктің Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена сияқты ірі өзендері құяды (олар картадан табыңдар) Анд тауларынан басталатын Амазонка Жер шарындағы ең мол сулы өзен болып табылатын: төмендегі ағысында өзен арнасы арқылы бір секундта 220000м су ағып өтеді. Бұл көрсеткіш бүкіл дүние жүзі өзендері арқылы ағып өтетін су мөлшерінен бірнеше есе артық.Амазонканың арасының ені орта ағысында 5 км болса, төменгі ағысында 80км ге дейін жетеді. Өзен жаңбыр жыл бойы көп жауатын экватор маңын бойлай ағатындықтан жыл бойы мол сулы болады. Амазонканың су жинау алабының ауданы Аустралия материгінің жерімен парапар.
Өзеннің 500-ден астам салалары бар, олардың суының түсіне қарай «ақ өзен» (суында сазды жыныстар көп) және «қара өзен»(суында шіріген өсімдік қалдықтары көп) деп атайды.
Амазонканың деңгейі ірі және мол сулы оң жақ салаларының есебінен наурыз – сәуір айларында айрықша котеріледі. Атлант мұхиттындағы толысудың әсерінен өзен суы 1,5-5 м –ге дейін көтеріліп, сағасынан 1400км-ден астам қашықтыққа кері ағады. Жағалаудың бұзылып,өте жылдам қозғалатын бұл кері ағысты жергілікті Үндістер амазуну деп атайды. Өзен атауы осыдан шыққан.
Амазонка мен онің салалары тіршіліке бай. Өзеннің суы тынық. Бөліктерінде өте ірі ақ гүлі бар, жапырағының диаметрі 2 м-ге жететінвиктория-регия кездеседі. Амазонкада тұщы судағы ең ірі балық ұзындығы 4м., салмағы 200кг болатын алып арапаима және жыртқыш ұсақ пиранья балықтары,электорлі су жыланы, тұщы су дельфині-иния, кайман қолтырауындары тіршілік етеді. Амазонка өзенінің жойқын күші мен оның алабындағы қорыс батбақтар, қалың ну ормандардың құпиясы әлі толық ашылмағандықтан адамдарда үрей мен қорқыныш тудырады
Паранамен Оринокода сулы өзендер қатарына жатады, олардың Амазонкадан басты айырмашылығы –су деңгейі маусымға байланысты өзгереді. Парана өзенінің су жинау алабы Бразилия таулы үстірттің оңтүстік беткейі мен Анд таулары аралығындағы жазықтықтарды қамтиды, өзен басталар бөлігінде таулы үстірттен құлап ағатындықтан бірнеше сарқырамалар жүйесін қалыптас-тырады. Оның ең ірісі –Игуасу (биіктігі 72 м) 300 тармаққа бөлініп, биік жартас-тардан құлап ағатын, табығаты ең әсем сарқырмалардың бірі болып табылады. Парана орта және төменгі ағысында кең жайылып, баяу ағады, суының деңгейі мамыр айында көтеріледі.
Ориноко өзені Гвиана таулы үстіртінен басталып, Ориноко ойпаты арқылы ағып өтеді. Атлант мұхитына құяр жерінде өзен сағасы үлкен атырау жасайды. Ориноко өзенінің бір саласында дүние жүзіндегі ең биік Анхель сарқымасы орналас-қан (биіктігі 1054м). Бұл екі өзенде де су энергиясының мол қоры бар, сонымен қатар кеме жүзуіне қолайлы. Тынық мұхитына Анд тауларының батыс беткейінен баста-латын мол сулы қысқа өзендер ғана құяды. Ал Анд тауларының тауаралық үстіртті бөлігінің өзендері ішкі тұйық алапқа жатады.
2-ші оқушы:
Оңтүстік Америкада көлдер онша көп емес. Анд тауларында ірі техтоникалық Титикака көлі орналасқан. Көл атауы аймара үндістерінің тілінде «қалайы алаңы» дегенді білдіреді. Бұл атау судың ерекше түсіне байланысты қойылған. Мұнда су бетіндегі қамыстан жасалған қалқыма салдарда үндістердің үйлері орналасқан.
Титикака оңтүстігінде жазғы ыстыққа кеуіп қалатын Поопо тұзды көлі бар. Матерік жағалауларында мұхиттан бөлініп қалған лагуналық көлдер орналасқан, олардың ең ірісі Маракайбо. Оның түбінен мұнай өндіріледі.
IV.-сабақты пысықтау : Қазақстан Республикасына саяхат түрінде өтіледі:
Саяхатшылар Білгішбек жолдастарымен.
Астанаға жету үшін жол жүреді де мол жүреді.
А
Н
Х
Е
Л
Ь
М
А
Р
А
К
А
Й
Б
О
А
Қ
Ө
З
Е
Н
А
М
А
З
У
Н
У
О
Р
И
Н
О
К
О
Г
В
И
А
Н
А
Т
И
Т
И
К
А
К
А
И
Г
У
А
С
У
Алдыңда кездескен сөзжұмбақ деген картандан өтеді
Оңтүстік Америкадағы ең биік сарқырама
Лагуналық көл
Амазонка суында сазды жыныстар болса...
Амазонка үндіс тізінде не деп аталады?
Су деңгейі маусымға байланысты өзгеретін өзендер
Ориноко өзені қай таулы үстіртінен басталады?
Анд тауларындағы ең биіктікте орналасқан көл.
72 мер биіктіктен құлап ағатын сарқырама.
Тест сұақтары: І-топ
Өзеннің құяр жері не деп аталады?
А) бастауы
В) аңғары
С) сағасы*
Д) жайылма
Өзен жүйесі дегеніміз не?
А) өзен алабын
В) су басатын бөлігі
С) өзен барлық салаларымен бірге*
Д) өзендердегі суайрық
Суайрық деген не?
А) өзен алаптарын бөлетін қыраттар*
В) өзен бастауы
С) өзеннің көлге құятын жері
Д) өзеннің ағысы
Амазонка өзендерінде тіршілік ететін ең ірі балық
А) Пиранья
В) Арапаима*
С) Су жылан
Д) Иния
Амазонка өзендерінде тіршілік ететін тұщы су дельфиндері
А) Пиранья
В) Арапаима
С) Су жылан
Д) Иния*
ІІ-топ
Өзен сулары қалай толығады?
А) жауын-шашын, жер асты суларымен*
В) тұман, шық
С) қар суымен
Д) толыспайды
Атлант мұхитына құятын өзендердің бірін ата
А) Сырдарья
В) Парана*
С) Поопо
Д) Миссури
Амазонка суының құрамында өсімдіктердің шіріндісі болса.....
А) Ақ өзен
В) Долы өзен
С)Қара өзен*
Д) Сара өзен
Тобырмен жүретін жыртқыш балықтар
А) кайман колтырауындары
В) арапаима
С) электр су жыланы
Д) пиранья*
Поопо көлінің тұздылығы қанша промильді құрайды?
А) 32 %
В)25 %
С)41 %
Д)47 %*
Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру:
Амазонка өзендері қайдай алапқа бөлінеді?
Материктің мол сулы, ірі өзендері атаңдар, олар қайда құяды?
Амазоканың жыл бойы мол сулы болуын немен түсіндіруге болады?
Амазонка өзенінде қандай тіршілік өкілдері кездеседі?
Сөздік жұмыс:
Техтоникалық көлдер дегеніміз-Тау жасалу кезінде пайда болған көлдер
Лагуналық көлдердегеніміз-мұхиттан бөлініп қалған су көзі
Жұмбақтар:
Жылт-жылт етеді,
Жырғадан өтеді (су)
...Шөлдеген жерді шолғандай
Тамшылар бір сән бөгелді.
Енесін көріп қалғандай
Жамырап жерге жөнелді. (бұлт пен жаңбыр)
Мақал-мәтелдер:
1.Сусыз өмір жоқ. Сулы жер, нулы жер.
2.Өзен жағалағанның өзегі талмас.
3.Сөз атасы кұлақ,
Су атасы бұлақ.
Өлең жолдар:
Қазақстандағы Терек өзенінің ағысы Амазонка ағысына ұқсайды.